Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 23 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 817 қаулысымен
Бекітілген
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг
жүргізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген өз құзыретіне сәйкес қабылдауға құқығы бар және (немесе) олар әзірлеушілері болып табылатын мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - уәкілетті органдар) заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдеріне мониторинг жүргізу тәртібін белгілейді.
3. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің (бұдан әрі - заңға тәуелді кесімдер) мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау әрі оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау үшін жүргізіледі.
4. Заңға тәуелді кесімдердің мониторингін өздері әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді кесімдерге қатысты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) ведомстволары (бұдан әрі - бөлімшелер) тұрақты негізде жүргізеді.
5. Уәкілетті органдарда заңға тәуелді кесімдердің мониторингі бойынша бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері (бұдан әрі - заң қызметтері) жүзеге асырады.
6. Заңға тәуелді кесімдердің мониторингі бойынша уәкілетті органдардың қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады.
2. Мониторинг жүргізу
7. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген мақсаттарда мониторинг жүргізу кезінде бөлімшелер мыналарды қарайды:
1) олар әзірлеген және (немесе) қолданып жүрген заңға тәуелді кесімдерді;
2) қаралатын заңға тәуелді кесімдерді реттеу мәніне байланысты нормативтік құқықтық кесімдерді;
3) заңға тәуелді кесімдерді қолдану практикасына қатысты уәкілетті органға келіп түскен азаматтардың өтініштерін талдау мен қорыту және прокурорлық ден қою актілерін қарау нәтижелерін;
4) заңға тәуелді кесімдерді қолдану туралы мәліметтер (статистикалық деректерді қоса алғанда) және басқа бөлімшелер, сондай-ақ уәкілетті органның сұрау салуы бойынша оның аумақтық органдары және (немесе) мүдделі мемлекеттік органдар беретін оларды жетілдіру туралы ұсыныстарды;
5) заңға тәуелді кесімдердің қабылдануына және қолданылуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы және көпшіліктің қолы жетімді телекоммуникациялық жүйелердегі WEB-сайттардағы жарияланымдарды.
8. Әр тоқсанның соңғы айының бірінші күніне дейін бөлімшелер өзінің уәкілетті органының заң қызметтеріне жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда анықталған заңға тәуелді кесімдерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныс береді.
9. Заң қызметтері алынған ақпарат пен ұсыныстарды талдайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бөлімшелермен бірлесіп, отырып тиісті заңға тәуелді кесімдердің жобаларын әзірлеу бойынша шаралар қабылдайды.
10. Осы Ереженің 21-тармағына сәйкес әділет органдарына беру үшін уәкілетті органның жүргізген жұмыс қорытындылары бойынша заң қызметтері жылына екі рет қорытылған ақпаратты дайындайды.
11. Мониторинг жүргізу кезінде бөлімшелердің өзара іс-қимыл тәртібін уәкілетті органның басшысы анықтайды.
3. Тіркелімдерді жүргізу
12. Мониторинг үшін пайдаланылатын заңға тәуелді кесімдер туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында заң қызметтері уәкілетті органның заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер тіркелімдерін (бұдан әрі - тіркелімдер) мынадай заңға тәуелді кесімдердің түрлері бойынша жүргізеді:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
3) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
4) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
5) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Тіркелімдер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
13. Уәкілетті органның басшысы тіркелімдерді жүргізуге, олардың дұрыс толтырылуына жауапты адамды заң қызметі қызметкерлерінің ішінен белгілейді.
14. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелімді министрлік басшысы анықтаған бөлімше маманы жүргізеді.
15. Тіркелімдер тігілетін, нөмірленетін, жауапты адамның қолы қойылатын, тиісті мемлекеттік органның мөрімен бекітілетін және оларға бөгде адамдардың қол жеткізуін болдырмайтын, арнайы бөлінген жерде сақталатын журналды білдіреді.
16. Тіркелімдердің бір бетіне тек бір нормативтік құқықтық кесім туралы мәліметтер енгізіледі. Бір бетке екі және одан артық нормативтік құқықтық кесімдер туралы мәліметтерді енгізуге жол берілмейді.
17. Тіркелімдер беттерінің нөмірленуі ретті болып табылады.
18. Тіркелімдерді қарындашпен жазуға, шимайлауға, қосып жазуға, өшіруге, түзетуге, парақтардың болмауына жол берілмейді.
19. Тіркелімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Іс-қағаздары тек мемлекеттік тілде ғана жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктерде тіркелім мемлекеттік тілде ғана жүргізілуі мүмкін.
20. Тіркелімдер қосымша электронды тәсілмен жүргізілуі мүмкін.
4. Қорытынды ережелер
21. Уәкілетті органдар жарты жылдың қорытындылары бойынша мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты заңға тәуелді кесімдердің түрлері бойынша бөлек 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әділет органдарына мынадай тәртіппен:
орталық мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне;
жергілікті мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне одан әрі беру үшін аумақтық әділет органдарына ұсынады.
22. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытады әрі осы ақпаратты 10 ақпанға және 10 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдайды.
23. Осы Ереженің 21 және 22-тармақтарын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
24. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі өзінің WEB-сайтында жарты жылдың қорытындылары бойынша заңға тәуелді кесімдердің мониторингі туралы уәкілетті органдардың ақпаратын талдау және қорыту нәтижелерін орналастырады.
25. Уәкілетті орган және Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдардың сұраулары және азаматтардың өтініштері бойынша заңға тәуелді кесімдердің жүргізілген мониторингі туралы ақпаратты ұсынады.
Заңға тәуелді нормативтік
құқықтық кесімдерге мониторинг
жүргізу ережесіне
1-қосымша
Нормативтік құқықтық кесімдердің
тізілімі
(200__жылғы________________)
Р/с № | Нормативтік құқықтық кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы | Нормативтік құқықтық кесімді қабылдау негізі (органның құзыреті) нормативтік құқықтық кесімнің тиісті нормасына сілтемесімен | Нормативтік құқықтық кесімнің мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі | Нормативтік құқықтық кесімнің қолданысқа енгізілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Нормативтік құқықтық кесімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәлімет | Күшін жоғалтқан нормативтік құқықтық кесімді (немесе олардың жекелеген бөліктерін) тану туралы мәлімет | Нормативтік құқықтық кесімнің қолданылуын тоқтата тұру туралы мәлімет | Бұрын шығарылған нормативтік құқықтық кесімнің ережесі, оның бөліктері (бөлігі) қайшы келетін немесе бұрын шығарылған кесім немесе оның бөлігі (бөліктері) игеретін жаңа нормативтік құқықтық кесімді қолдану немесе қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты нормативтік құқықтық кесім (немесе олардың жекелеген бөліктері) әрекетінің тоқтатылуы туралы мәлімет | Нормативтік құқықтық кесімнің жойылғаны туралы мәлімет |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ескертпе:
тіркелім мөлшері мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
көлденеңі 42 см, ұзындығы 25 см.
Заңға тәуелді нормативтік
құқықтық кесімдерге мониторинг
жүргізу ережесіне
2-қосымша
№ 1-нысан
20__ жылғы «___»________ _________ жай-күй бойынша ____ жылға
заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер мониторингінің нәтижелері
___________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
(сандық ақпарат көрсетіледі)
Р/с № | Мониторинг нәтижелері | Нормативтік құқықтық кесімдердің саны |
1. | Қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдер | |
2. | Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін нормативтік құқықтық кесімдер: 1) мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді | |
2) мониторинг нәтижелері бойынша күші жойылды деп танылды | |
3) қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдер (немесе қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдердің жекелеген нормалары) | |
4) жойылды | |
3. | Құқық қолдану практикасында іске асырылмайтын нормативтік құқықтық кесімдер: 1) мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді | |
2) мониторинг нәтижелері бойынша күші жойылды деп танылды; | |
3) қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдер (немесе қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдердің жекелеген нормалары) | |
4) жойылды | |
4. | Қайталанатын нормалары бар нормативтік құқықтық кесімдер: 1) мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді | |
2) мониторинг нәтижелері бойынша күші жойылды деп танылды | |
3) қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдер (немесе қолданылуы тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық кесімдердің жекелеген нормалары) | |
4) жойылды | |
Ескертпе:
1-жолда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап қолданысқа енген, негізгі кесімдердің (өзгерістерді не/немесе толықтыруларды есепке алмастан) саны көрсетіледі
Уәкілетті органның басшысы ___________________
(Т.А.Ә.)
200___ жылғы «____» _____________ ______________ қолы
№ 2-нысан
Заңнамаға қайшы келетін анықталған кесімдер бойынша ақпарат
20__ жылғы «___»________ _________ жай-күй бойынша ____ жылға
заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер мониторингінің нәтижелері
___________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
(сипаттама ақпарат көрсетіледі)
Р/с № | Нормативтік құқықтық кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы | Нормативтік құқықтық кесімдердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі | Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесім сәйкес келмейтін кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы | Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесім сәйкес келмейтін кесімнің бөлігіне, тармағына, бабына сілтеме |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Қабылданған шаралар |
нормативтік құқықтық кесімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу | күшін жоғалтқан нормативтік құқықтық кесімді (немесе олардың жекелеген бөліктерін) тану | нормативтік құқықтық кесімнің қолданылуын тоқтата тұру | жойылды |
6 | 7 | 8 | 9 |
Уәкілетті органның басшысы ___________________
(Т.А.Ә.)
200___ жылғы «____» _____________ ______________ қолы
№ 3 нысан
Құқық нормаларын іске асыру тиімділігін бағалау
бойынша ақпарат
20__ жылғы «___»________ _________ жай-күй бойынша ____ жылға
заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер мониторингінің нәтижелері
___________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
(сипаттама ақпарат көрсетіледі)
Р/с № | Нормативтік құқықтық кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы | Нормативтік құқықтық кесімдердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі | Нормативтік құқықтық кесімнің құқық қолдану практикасында іске асырылуын бағалау (іске асырылады немесе жоқ) | Анықталған кесімді (қайталама нормалары болған жағдайда) қайталайтын нормативтік құқықтық кесімнің түрі, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Қабылданған шаралар |
нормативтік құқықтық кесімге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу | күші жойылған нормативтік құқықтық кесімді (немесе олардың жекелеген бөліктерін) тану | нормативтік құқықтық кесімнің қолданылуын тоқтата тұру | құқық қолдану практикасында іске асырылмайтын нормативтік құқықтық кесімді қабылдауға арналған құзыретті жоғары тұрған нормативтік құқықтық кесімдерден алып тастау | жойылды |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ескертпе:
осы нысанды толтырған кезде тек қана тиімсіз деп танылған, анықталған нормативтік құқықтық кесім бойынша ақпарат енгізіледі
Уәкілетті органның басшысы ___________________
(Т.А.Ә.)
200___ жылғы «____» _____________ ______________ қолы