Қазақстан Республикасының
Заңы
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 5-баптың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«электрлі қару — зақымдағыш әсері электр энергиясын пайдалануға негізделген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген қару және өзге де заттар;»;
2) 6-баптың бірінші бөлігі «сондай-ақ» деген сөзден кейін «жеке күзетшілердің, дара кәсіпкерлердің күзет бөлімшелері қызметкерлерінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «электр қуатын,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ойық ұңғылы спорттық атыс қаруын не үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан жоғары және калибрі 4,5 миллиметрден астам спорттық пневматикалық қаруды, сондай-ақ спорттық сұқпа суық қаруды спорт объектілерінен басқа жерде сақтауға немесе пайдалануға; жануарлар дүниесі объектілерін жинап, дәрі егуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргізуге арналған садақтар мен арбалеттерді сақтауды және пайдалануды қоспағанда, садақ кермесінің тартылу күші 14 килограмнан астам лақтырылатын қаруды сақтау және пайдалану рұқсатынсыз спорт объектілерінен басқа жерде сақтауға немесе пайдалануға;»;
4) 12-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының;»;
10) тармақшадағы «шетелдіктердің құқығы бар.» деген сөздер «шетелдіктердің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) қаруды, оның ішінде жарақат салатын және газбен әсер ететін патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғалардың құқығы бар.»;
5) 14-бапта:
тақырыбы «заңды тұлғалардың» деген сөздерден кейін «, жеке күзетшілердің, күзет бөлімшелерін құрған дара кәсіпкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың бірінші сөйлемі «заңды тұлғалардың» деген сөздерден кейін «, жеке күзетшілердің, күзет бөлімшелерін құрған дара кәсіпкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын, «заңды тұлғалардан» деген сөздерден кейін «азаматтық немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «үш жыл» деген сөздер «бес жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Күзет бөлімшесін құрған дара кәсіпкер, ұйымның (ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғаның) басшысы қаруды штаттағы қызметкерлерге олардың өз міндеттерін атқаруы кезеңіне береді.»;
6) 15-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтарының лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) спорттық мақсатта иемденіп алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға құқығы бар.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Белгі беру қаруы, электрлі қару, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, пневматикалық қару тіркеуге жатпайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының рұқсат алмай-ақ оларды қару жеткізіп берушілерден — заңды тұлғалардан иемденіп алуға құқығы бар.»;
үшінші бөліктегі «аңшылық билеті» деген сөздер «аңшы куәлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «аңшылық билеті» деген сөздер «аңшы куәлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тегіс те ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруын меншігінде кемінде үш жыл ұстаған, белгіленген тәртіппен аң аулау құқығы берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын иемденіп алуға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматтарының газ пистолеттері мен револьверлерін, ұңғысыз атыс қаруын ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сақтау және алып жүру құқығымен өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.»;
2-тармақта:
бірінші бөлік:
«ұзын ұңғылы» деген сөздерден кейін «және ұңғысыз» деген сөздермен толықтырылсын;
«пневматикалық қару,» деген сөздерден кейін «лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді),» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«үш жыл» деген сөздер «бес жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
«револьверлерін» деген сөзден кейін «, ұңғысыз атыс қаруын, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «немесе нашақорлыққа» деген сөздер «, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ «револьверлерді» деген сөзден кейін «, ұңғысыз атыс қаруын, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшілері, арнаулы органдардың арнаулы атақтары бар қызметкерлері азаматтық қару иемденіп алуға рұқсатты көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, маскүнемдікке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.»;
7) 19-баптың 5) тармақшасының екінші абзацындағы «немесе нашақорлыққа» деген сөздер «, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 22-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «аңшылық билетте» деген сөздер «аңшы куәлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатумен айналысатын заңды тұлғаның осы қару түрлерін әзірлеу, өндіру, жөндеу, иемденіп алу, экспонаттау, әкелу және әкету, оның қосалқы бөлшектерін, спорт тауарларын, аң және балық аулау құрал-жабдықтарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарды иемденіп алу, әкелу, әкету және сату жөніндегі, сондай-ақ атыс тирлерін, стендтер мен атыс орындарын ашу және олардың жұмыс істеуі жөніндегі қызметті қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға лицензиялары бар заңды тұлғалардың спорттық, аң және балық аулау құрал-жабдықтары мен осы қарудың қосалқы бөлшектерін қоспағанда, бір сауда залында қаруды және өзге де тауар түрлерін қатар сатуына тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға лицензиялары бар заңды тұлғалардың оларды осы Заңның 12-бабында көрсетілген субъектілерден иемденіп алуға құқығы бар.»;
9) 23-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Заңның 12-бабының 2) - 8) тармақшаларында көрсетілген субъектілер қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы кезінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын соларды иемденуге лицензиялары бар субъектілерге бере алады.»;
10) 26-бапта:
тақырыбындағы «қаруды» деген сөз «қару мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен кемінде бір жыл мерзімге тіркелген шетелдіктердің Қазақстан Республикасында газ пистолеттері мен револьверлерін, ұңғысыз атыс қаруын өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде иемденіп алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдіктер қару жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық тозаңдатқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды рұқсат алмай-ақ иемденеді.»;
4-тармақтағы «қаруды» деген сөз «қару мен оның патрондарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 және 7-тармақтардағы «қаруын», «қаруды» деген сөздер тиісінше «қаруы мен оның патрондарын», «қару мен оның патрондарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
11) 28-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру тәртібін белгілейді.»;
12) 29-баптың 2-тармағы «аумақтық» деген сөзден кейін «және көліктегі» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 30-бапта:
бірінші бөлік «қару» деген сөзден кейін «мен оның патрондарының» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаруды ол әзірленген, өндірілген, жөнделген, сатылған, коллекцияланған, экспонатталған, сақталған, пайдаланылған және жойылған жерде тексеруді жүргізуге;»;
3) тармақша «тұлғалардан» деген сөзден кейін «азаматтық және қызметтік қарудың және оның патрондарының айналымымен байланысты» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 11) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-cі.
№ 318-ІІІ ҚРЗ