50-бап. Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң анты
1. Жоғары медициналық оқу орындарының медициналық мамандықтар бойынша оқып бiтiрген түлектерi Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң антын қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы дәрiгерi антының мәтiнiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
10-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің
құқықтары мен міндеттері
51-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң:
кәсiби қызметiн жүзеге асыруға арналған жағдаймен қамтамасыз етiлуiне;
бес жылда кемiнде бір рет өзiнiң біліктiлiк деңгейiн мемлекеттік бюджеттiң немесе денсаулық сақтау саласының мемлекеттік емес секторы ұйымының қызметкерлерi болса, жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен көтеруге;
штат санының қысқаруына немесе денсаулық сақтау ұйымдарының тарауына байланысты қызметкерлер босап қалған жағдайда, бюджет немесе жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қайта даярлықтан өтуiне;
еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде өздерiнiң денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен өтетуге;
азаматтың өмiрiне қауiп төнген жағдайда ұйымдардың немесе азаматтардың меншiгіндегі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көлiктiң кез келген түрін азаматты таяу жердегi медициналық ұйымға жеткізу үшiн кедергiсiз және тегiн пайдалануға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүріп-тұру сипатындағы қызметiне байланысты көлiк шығындарын өтетуге;
кәсіби міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермелеуге;
өзiнiң кәсiби ар-намысы мен абыройын қорғауға құқығы бар.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бюджет қаражаты, жұмыс берушiнiң қаражаты, өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала типіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:
коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен өтеу;
жеке меншiгiнде малы барлар жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмi бойынша жем-шөппен, мал жайылатын және шөп шабылатын жер учаскелерiмен қамтамасыз етiледi.
4. Медицина және фармацевтика қызметкерлерi:
ауруларды профилактикалауға және азаматтардың денсаулығын тыңайтуға ықпал етуге, медициналық көмек көрсетуге;
аса шұғыл жағдайларда халыққа кешеуiлдетуге болмайтын медициналық көмек көрсетуге;
халық арасында медициналық білімдi және салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегі жұмысты жүргiзуге;
кәсiби этика талаптарын сақтауға, дәрiгерлiк құпияны сақтауға, азаматтың аурулары, интимдiк және отбасылық өмiрi туралы мәлiметтердi жария етпеуге;
кәсiби деңгейiн үнемi арттырып отыруға мiндеттi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
52-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек
қатынастары
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындайды.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
11-тарау. Қорытынды ережелер
53-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ынтымақтастықты және сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын шет елге емделуге жiберу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
54-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заңның бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының