Астық туралы 2001 ж. 19 қаңтардағы № 143-II
Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 2 баптар)
2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу (3 - 9 баптар)
3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау (10 бап)
4-тарау. Мемлекеттік астық ресурстары (11 - 12 баптар)
5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары (13 - 16 баптар)
6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу (17 - 33 баптар)
7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату (34 - 38 баптар)
8-тарау. Астық қолхаттары (39 - 41 баптар)
9-тарау. Қорытынды ережелер (42 бап)
Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агент - мемлекет жүз процент қатысатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылатын және өз құзыреті шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын ұйым;
2) азық-түліктік астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық;
3) азық-түліктік қауіпсіздік - сыртқы және ішкі жағдайларға қарамастан, тамақтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес халықтың тамақ өнімдеріне деген қажеттерін қанағаттандыратын тиісті ресурстармен, әлеуетпен және кепілдіктермен қамтамасыз етілген экономиканың, соның ішінде оның агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі;
4) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың өнімдері;
5) астық иесі - астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға;
6) астық қабылдау кәсіпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;
7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) - астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық ғимарат;
8) астық қолхаты - астық иесінен астықты сақтауға қабылдағанын растап, астық қабылдау кәсіпорны беретін қоймалық қосарлы куәлік;
9) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесі - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;
10) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры - астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;
11) астық қолхатын ұстаушы - астық иесі, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат;
12) астық өндіру - астық өсіруге бағытталған агротехникалық іс-шаралар кешені;
13) астық рыногына қатысушылар - астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және онымен сауда жасауға қатысушы жеке және заңды тұлғалар;
14) астықтың өмірлік циклі - астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;
15) астық рыногының мониторингі - астықты өндіруді, сақтауды, қайта өңдеуді және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы;
16) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені;
17) астықтың сапасы - астықтың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келуін айқындайтын тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;
18) астықтың сапасына сараптама жасау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені;
19) астық сапасының паспорты - астық сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына және (немесе) келісім-шарт талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
20) жемдік астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық;
21) жұмылдыру дайындығы - мемлекеттік органдардың алуан түрлі дағдарысты жағдайларда ел халқын астық ресурстарымен қамтамасыз ету қабілеті;
22) кепіл куәлігін ұстаушы - кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде астықты кепілге ұстаушы болып табылатын тұлға;
23) қойма куәлігін ұстаушы - кепілмен ауыртпалық жасалған астық иесі, қойма куәлігімен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
24) мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту - оның бір бөлігін сату және жаңа егіннің астығы есебінен мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің белгіленген көлемін және қажетті сапасын ұстап тұру мақсатында жаңа егіннің астығын сатып алу;
25) мемлекеттік астық ресурстары - азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік міндеттемелерді орындау мақсатында, сондай-ақ астық рыногын қорғау мен реттеу үшін жасалған мемлекеттік астық запастары;
26) мемлекеттік астық ресурстарын ауыстыру - мемлекеттік астық ресурстарын бір астық қабылдау кәсіпорнынан басқасына тасу;
27) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаны (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;
28) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрі сорттылық және себу сапаларына қарай бөлінетін астық;
29) уәкілетті орган - астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іскe асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Астық туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару
мен реттеу
3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттік басқарудың мақсаттары
Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеудiң мақсаттары:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара)
1) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауіпсіздігін, техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
2) астық бағасының демпингіне жол бермеу;
3) астық өткізу рыногын кеңейту;
4) астық сапасын қамтамасыз ету;
5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау;
6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетілдiру;
7) жемдiк астықтың мемлекеттік ресурстары көлемiнiң шегiнде мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында азықтың ықтимал тапшылығын жою;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара)
8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру ;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) астықтың қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу болып табылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгерді
4-бап. Астық рыногын мемлекеттік реттеу нысандары
Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттік реттеу:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн біліктілік талаптары негiзiнде астық сақтау жөніндегі қызметтi лицензиялау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред .қара)
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу;
2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау;
3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу;
4) астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі ережелерді сақтауын бақылау;
5) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және олардың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау арқылы;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегі iс-шараларды мемлекеттік қаржыландыру;
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
9) алып тасталды
10) заң актілерінде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгерді
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының астық рыногы мен астық индустриясын дамыту стратегиясы - астық бағдарламасын әзiрлеп, iске асырады;
2) астық өндiрудi мемлекеттік қолдау бағдарламасын бекiтедi, инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдай қалыптастырады және астық рыногын дамыту мен оның тұрақтылығын қолдау жөнiнде өзге де шаралар қолданады;
3) мемлекеттік астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, қалыптастырылу, сақталу және пайдаланылу ережелерiн бекiтедi;
4) астықпен жасалатын операцияларға байланысты үкiметаралық келісімдер жасасады;
5) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгi нысанын бекiтедi;
6) астықты сақтау жөніндегі қызметтi лицензиялау кезiнде біліктілік талаптарын бекiтедi;
7) астықтың мемлекеттік ресурстарымен және агенттiң жеке қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды жеке есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң ережелерi мен стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi;
7-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртібін, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттiң осындай қорларға қатысу нысаны мен тәртібін белгiлейдi;
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерді бекітеді.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгерді; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді:
1) астық нарығы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру және реттеу;
2) астық сақтау жөніндегі лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
3) астық қабылдау кәсіпорындарының:
мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақтауын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда);
өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) негізінде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астық сақтау, астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерін сақтауын бақылау;
4) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
5) астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара)
6) астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара)
7) жыл сайын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен кестелер негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) болған кезде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда), астық сапасының сараптамасы жөнінде аккредиттелген зертханалардың астық сапасын сараптау мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, уәкілетті орган белгілеген астық сапасы паспортын беру тәртібін және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі талаптарын сақтауы тұрғысынан олардың қызметін бақылау;
8) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу;
9) ауыл шаруашылығы техникасының және жабдықтарының лизингін ұйымдастыру, селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясы, топырақ құнарлылығын сақтау, өсімдіктер қорғау және 1 карантині жөнінде бағдарламалар әзірлеу;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара)
10) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібіне талаптар әзірлеу;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред .қара)
11) астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты техникалық регламенттерді әзірлеу;
12) астықтың сандық-сапалық есепке алынуы, сақталуы; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі; астық нарығының мониторингін жүргізу; астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу; астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгі нысандары жөнінде нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік астық инспекторлары туралы ереже әзірлеу және бекіту;
13) астық қабылдау кәсіпорындарында астық сақтау жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін әзірлеу және бекіту;
14) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
15) астық қолхаты жазылатын бланкілерге, оларды шығару, алу, сақтау, айналдыру, өтеу және жою тәртібіне талаптар, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне талаптар белгілеу;
16) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
17) осы Заңның 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдау;
18) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды бақылау;
19) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуге және тасымалдауға (орнын ауыстыруға) бақылау.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті
Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне мыналар кіреді:
1) селекция және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдарды өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
2) астық сақтау жөніндегі қызметті лицензиялау;
3) астық нарығы мониторингін уәкілетті орган бекітетін ережелерге сәйкес жүзеге асыру;
4) астықтың (тұқымның) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық шарттарды, басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндіру, сақтау және өткізу технологиясын жетілдіру;
6) астық өндіру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгізу;
7) астық қолхаттарының тиімді айналымы үшін жағдайлар жасау;
8) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар мен гербицидтер құнын арзандатуды жүзеге асыру;
9) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолдану;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді ( бұр. ред .қара)
10) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау жөніндегі қызметтер көрсету бойынша бәсекелестік орта құру жөнінде шаралар қолдану;
11) астық қабылдау кәсіпорындарын бақылау, ол мыналарды қамтиды:
бекітілген кестелерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын лицензиядан кейінгі жыл сайынғы тексеру;
астық қабылдау кәсіпорындарын тексеру актілерін ресімдеу;
12) осы Заңның 26-бабында белгіленген негіздемелер бойынша астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы лицензиясының қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
6-2-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі
агенттің функциялары
Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент:
1) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен мемлекеттік астық ресурстарына астықты нарықтық бағамен сатып алу;
2) мемлекеттік астық ресурстарын сақтау үшін белгіленген тәртіппен астық қабылдау кәсіпорындарын таңдау;
3) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік тұқым ресурстарынан және жемдік астықтың мемлекеттік ресурстарынан тұқымдық және жемдік астық несиелерін беру функцияларын жүзеге асырады.
ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ( бұр. ред .қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред . қара)
1. Қазақстан Республикасы аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келуге тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара)
2. Астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Астық сапасының мемлекеттік бақылауы мыналарды қамтиды:
1) астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеп жіберу кезінде астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) негізінде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) астық сапасының көрсеткіштерін айқындауды бақылау;
2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау, соның ішінде:
мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақталуын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) болған кезде;
өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) негізінде.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 8-бап жаңа редакцияда
8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара)
1. Астықтың сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара)
2. Астық сапасының паспортынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Астық тасу
1. Қазақстан Республикасының аумағында астық тасу тура және аралас қатынас жүйесi болып табылатын темір жол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен жүзеге асырылады.
2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға (, ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік ресурстардың астығын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындары мен аталған астық қабылдау кәсiпорындарынан астық әкетудi жүзеге асыратын көлiк ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен кез келген мөлшерде астық тиеп жөнелтудi уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред . қара)
3. Көліктің осы түрімен жүк тасу ережелеріне сәйкес келетін көліктің кез келген түрімен тасымалдануға тиіс астық партиясына олардың техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ілесіп жүреді.
4. Астықты тасу және тиеп жөнелту жөніндегі көлiк қызметiне жеңiлдiктi тарифтер беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1- тараумен толықтырылды
2-1-тарау. Астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне
қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
9-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi
Астық және оның өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
9-2-бап. Сәйкестікті растау
Астықтың техникалық регламенттерде айқындалған талаптарға сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9-3-бап. Астықтың қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа
қойылатын талаптар
Тұтынушылардың астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты жаңылысуына әкеп соқтыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға астықтың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге міндетті.
9-4-бап. Астыққа қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Пайдалану мақсатына қарай астық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптардың кешеніне сәйкес келуге тиіс.
2. Астық құрамындағы ықтимал қауіпті химиялық қосылыстар мен биологиялық объектілер, пестицидтердің және агрохимикаттардың қалдық мөлшері, оның ішінде фумиганттар, зиянды заттар мен қоспалар, сондай-ақ ылғал техникалық регламенттерде белгіленген мәндерге жол берілген ең жоғары деңгейден аспауға тиіс.