6-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің,
ішкі істер органдарының қару айналымы
саласындағы өкілеттігі
28-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қару айналымы саласындағы өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Үкіметі қару айналымы саласында:
1) қару мен оның патрондарының айналым тәртібін белгілейді;
2) қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, иемденіп алуға, коллекциялауға, экспонаттауға лицензия беретін уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау тәртібін белгілейді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред . қара)
4) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының Мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін белгілейді;
5) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру тәртібін белгілейді;
6) қаруды иеленушілер мен пайдаланушыларды бастапқы даярлау ісін ұйымдастыру тәртібін белгілейді;
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкаларын бекiтедi;
8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін бекітеді.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен 29-бап өзгертілді
29-бап. Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы өкілеттігі
1. Қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасаудың бірыңғай ережелерін әзірлейді, қаруды абайлап ұстау ережелерін білетіндігіне тексеру жүргізетін ұйымдар үшін бағдарламалар дайындайды;
2) азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
3) мыналарға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау құқығына;
шетелдіктердің азаматтық қару иемденіп алу құқығына;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтік қару иемденіп алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Бас Прокуратура қызметкерлерінің, қызметтік қару иемденіп алу (алу) құқығына, сондай-ақ аталған адамдардың қаруды сақтау құқығына, сақтау мен алып жүруіне рұқсат береді;
4) ұйымдарға - азаматтық және қызметтік қаруды, ал шетелдіктерге азаматтық қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат береді;
5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред . қара)
6) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының Мемлекеттік кадастрын әзірлейді және бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін әзірлейді.";
2. Азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылау жасауды жүзеге асыратын аумақтық ішкі істер органдарының өкілеттігі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының қару айналымын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
7-тарау. Қорытынды ережелер
30-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау
Қазақстан Республикасы аумағында азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, арнаулы органдардың қару-жарағындағы қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды аталған органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырады.
Азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының:
1) қаруды ол өндірілген, олармен сауда жасалған, оны сақтаған және жойған жерде тексеру жүргізуге;
2) осы Заң күшіне енгізілгенге дейін иемденіп алынған және заңды негіздерде иеленушілердің қолындағы қаруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынған қаруды белгіленген тәртіппен тегін алып қоюға және жоюға;
3) заңды және жеке тұлғалардан құжаттар табыс етуді талап етуге;
4) белгіленген ережелердің бұзылуы анықталған жағдайда осы тәртіп бұзушылықты жою туралы заңды және жеке тұлғалар орындау үшін міндетті нұсқамалар беруге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқығы бар.
31-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын қадағалау
Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі осы Заңның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын жоғары деңгейде қадағалауды Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары жүзеге асырады.
32-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдардың бұзылғаны үшін жауапкершілік
Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңдардың бұзылғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
33-бап. Нормативтік құқықтық актілерді осы Заңға сәйкес келтіру
Осы Заң күшіне енгізілген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және ол күшіне енгізілген күннен бастап үш ай ішінде соған сәйкес келтірілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының