Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға
2007 жылға арналған квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 23 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2007 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 0,80 пайыз мөлшерінде, оның ішінде:
бірінші және екінші санатқа (ұйымның басшы құрамы, жоғары және арнаулы орта кәсіптік білімі бар мамандар) - 0,30 пайыз;
үшінші санатқа (білікті жұмысшылар) - 0,37 пайыз;
төртінші санатқа (маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар) - 0,13 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |