Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 және
2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 618 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері» деген 2-бөлімдегі «Болжам 2007 ж.» деген бағандағы «0,80» деген сандар «0,98» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2007 жылға арналған квота белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 520-құжат):
1-тармақтағы «0,80», «0,30», «0,37» деген сандар тиісінше «0,98», «0,35», «0,50» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |