Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 11 тамыздағы № 842 қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 3-жолдың 3-бағаны:
"байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;
"теңiз кемелерiне" деген сөздер "кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi" деген I бөлiмде:
25-1-тармақта:
"байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;
"Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi" деген II бөлiмде:
21-1-тармақта:
"байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;
"Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
"Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тарауда:
4-тармақтың 39-1) тармақшасында:
"байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;
"теңiз кемелерiне" деген сөздер "кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) "Қазақстан Республикасында көлiктегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi № 794 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 243-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасында:
"байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;
"теңiз кемелерiне" деген сөздер "кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптарында:
тақырыбында:
"байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;
"Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi абзацта:
"байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;
"Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
"теңiз портының" деген сөздер "теңiз және өзен порттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"теңiз кемелерi" деген сөздер "кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "теңiз портында" деген сөздер "теңiз және өзен порттарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы