Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемінде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын жеткізуге мiндеттi.
5. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекіту:
1) жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына);
2) осы Заңның 4-бабы 2-тармағына сәйкес енгiзiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерiне;
3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлiп қойған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) жаңа түрлерiне;
4) егер табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қолданылып жүрген тарифтер объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекітілген болса, жаңа объектілерге және (немесе) учаскелерге жүргізіледі.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiм жасауға мiндеттi.
Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекіту тәртібін осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган айқындайды.
Оңайлатылған тәртiппен бекітілген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізумен бiр мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер - табиғи монополия субъектiсiнiң конкурстық массасын сатудың нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе конкурстық өндiрiс процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекітуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.
6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекіту осы Заңда белгiленген жалпы тәртiппен жүзеге асырылады.
7. Уәкiлеттi орган тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекiткен кезде тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) белгiлi бiр шамасының қолданылу мерзiмi белгiленедi.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-1-бап өзгертілді
18-1-бап. Табиғи монополия аясындағы мемлекеттік бақылау
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында уәкiлеттi орган:
1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иелiгiнен айыратын мүлiктiң немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 процентiнен асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өсуiне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыруға және (немесе) оның мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалдайтын немесе өзiне берiлетiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына;
2-1) мүлiктi жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 процент астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;
3) табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңда рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (үлестер) сатып алуына, сондай-ақ оның осы Заңмен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына;
4-1) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) оннан астам процентiн сатып алуына;
5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына бақылауды жүзеге асырады.
1-1. Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-4), 5) тармақшаларында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға осындай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келісім беру туралы өтiнiмдi ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Өтiнiм беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2) - 4), 5) тармақшаларында аталған іс-әрекеттерді жасау үшін уәкілетті органға алдын ала ақпарат жолдауға міндетті.
Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн жеке немесе заңды тұлға ақпаратты уәкiлеттi органға алдын ала жолдауға мiндеттi.
3. Табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға келісім алу үшiн мынадай шарттардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге мiндеттi:
1) осы қызметтен табиғи монополия субъектiсi алатын табыстар оның жүзеге асырылуына қажеттi шығындарды жабуға тиiс;
2) қызметтi жүзеге асыру тиiстi қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногында бәсекелестiктi шектеуге әкеп соқпайды.
Табиғи монополия субъектiсi осы тармақта көзделген шарттардың орындалуы туралы есептi уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша тоқсан сайын ұсынуға мiндеттi.
4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамауға құқылы.
5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.
6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртібімен шағымдана алады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-3-баппен толықтырылды; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 18-3-бап өзгертілді
18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру және тарату
1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.
2. Табиғи монополия субъектiсiн - заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеудi және қайта тiркеудi, сондай-ақ оның қызметiн тоқтатуды тiркеушi орган уәкiлеттi органмен алдын ала келiсу арқылы ғана жүзеге асырады.
3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-4-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-4-бап өзгертілді
18-4-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң сатып алуды жүзеге асыруы кезіндегі мемлекеттік бақылау
1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
1) тендер рәсiмдерiн өткізудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестiк принциптерiн сақтай отырып өткiзедi.
2-1. Табиғи монополия субъектісі:
электр энергиясы мен қуаттылықтың орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткізу жағдайы болмаған кезде тиісті тауар нарығында электр энергиясы тапшы болған;
газ тапшы болған кезде оның импортын жүзеге асырушы ұйымнан газ сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды тікелей стратегиялық тауарларды өндірушілерден сатып алуды жүзеге асырады.
3. Сатып алуды жүргiзу тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
Осы талап Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың сатып алуды жүргiзу жағдайларына қолданылмайды.
3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.
4. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiсiнiң жабық конкурс өткізу жолымен сатып алуды жүзеге асыруына, бiр көзден сатып алуына келісім беруге құқылы.
5. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi уәкілетті орган белгiлеген шектi мөлшерден асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбiрек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкіметі белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңдарын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткізуге мiндеттеуге құқылы.
8. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берген өтiнiмiн, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, қабылдамай тастауға құқылы.
9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықтардағы, спот рыногындағы электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-5-баппен толықтырылды
18-5-бап. Табиғи монополиялар субъектілерін тексеру
1. Уәкілетті орган жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкін.
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлы тексеруді уәкілетті мемлекеттік орган жылына бір реттен жиі жүргізбейді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлы тексеруді уәкілетті орган үш жылда бір реттен жиі жүргізбейді.
3. Жыл сайын уәкілетті органның басшысы бекітетін уәкілетті органның жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргізуге негіз болып табылады. Жоспарда тексерулер жүргізілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесі және оларды жүргізу кезеңі қамтылуға тиіс.
4. Уәкілетті органның табиғи монополия субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізуге мыналар негіз болады:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымдарында жазылған расталған фактілер;
2) мемлекеттік органдардың ақпараты;
3) құқық қорғау органдарының хабарламалары;
4) басқа мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулер;
5) уәкілетті органның өз бастамасы;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген негіздер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылық фактілеріне тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды;
2) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылық фактілеріне тексеру жүргізуден бас тартады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-6-баппен толықтырылды
18-6-бап. Табиғи монополиялар субъектілеріне тексеру
жүргізудің тәртібi
1. Табиғи монополиялар субъектілерін тексеру уәкілетті орган тексеру жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін жүргізіледі. Уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешімінде:
1) уәкілетті органның атауы, тексеру тағайындау жөнінде өкілеттігі бар адамның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы мен оның қолы;
2) тексерулер тағайындау туралы актінің шығарылған күні мен уәкілетті органның журналы бойынша тіркеу нөмірі;
3) тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның тегі мен аты-жөні;
4) салық төлеуші - табиғи монополия субъектісінің атауы, тұрған жері және тіркеу нөмірі;
5) тексеру түрі;
6) тексеру мәселесі;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру тағайындаудың негіздемесі;
9) табиғи монополия субъектісінің құжаттарын белгілі бір уақыт мерзімінде зерделеу қажет болған жағдайда тексерілетін кезеңі;
10) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін өткен жылғы (өткен жыл деп тексеру жүргізу кезіндегі күнтізбелік жыл түсініледі) жүргізілген тексерулері туралы ақпарат;
11) табиғи монополия субъектісіне тексеру жүргізудің негізгі міндеттері мен мақсаттары көрсетілген тексеру бағдарламасы, табиғи монополия субъектісін тексеру барысында анықталуға тиісті мәселелер тізбесі мен жағдаяттар аясы қамтылуға тиіс.
2. Уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешіміне басшы қол қояды және ол уәкілетті органның мөрімен расталады.
3. Табиғи монополиялар субъектілеріне тексеру жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы табиғи монополиялар субъектісінің басшысына немесе оны ауыстырушыға уәкілетті органның тексеру жүргізу туралы шешімін және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.
4. Тексеру жүргізу туралы шешімді және қызметтік куәлікті көрсеткен кезде табиғи монополиялар субъектісі уәкілетті органның лауазымды адамын өздеріне тиесілі аумаққа немесе үй-жайға жіберуге және тексерілетін табиғи монополиялар субъектісінің лауазымды адамдарынан, басшылары мен басқа да қызметкерлерінен тексеру жүргізу үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды сұрату және оларды алу мен тексеру барысында пайда болатын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсіндірмелер алу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
5. Табиғи монополиялар субъектілеріне тексеру жүргізетін уәкілетті органның лауазымды тұлғасының тиісті аумаққа немесе үй-жайға енуіне кедергі жасалған және ақпараттарды, құжаттар мен түсініктемелерді бермеген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік іс қозғалады.
6. Табиғи монополия субъектісіне тексеру жүргізу мерзімі алда тұрған жұмыстардың және қойылған міндеттердің көлемін ескере отырып белгіленеді, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Мән-жайларды қосымша тексеру қажет болған жағдайда, тексеру мерзімі уәкілетті органның шешімімен күнтізбелік отыз күнге ұзартылуы мүмкін.
Табиғи монополия субъектісін тексеру мерзімін ұзартуды тексеру жүргізетін уәкілетті органның басшысы жүргізеді.
7. Тексеру табиғи монополия субъектісін тексеру қорытындылары туралы анықтаманы жасаумен аяқталады.
Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға табиғи монополия субъектісін тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам және тексерілетін табиғи монополия субъектісінің басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қояды.
8. Тексерілетін табиғи монополия субъектісінің басшы немесе оны ауыстыратын адам ерекше пікірлерін жазбаша түрде білдіруге құқылы, ол тексеру қорытындысы туралы анықтамаға қоса беріледі.
9. Тексерілетін табиғи монополия субъектісінің басшысы немесе оны ауыстыратын адам тексеру қорытындылары туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, табиғи монополия субъектісін тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға тексеру қорытындысы туралы анықтамаға тиісті жазба енгізеді.
10. Тексеру қорытындылары туралы анықтаманың екінші данасы табиғи монополия субъектісін тексеру аяқталған соң қол қойғызып алу арқылы табиғи монополия субъектісінің басшысына немесе оны ауыстыратын адамға, ал олар болмаған жағдайда - тексерілетін табиғи монополия субъектісінің кеңсесіне, анықтаманы қабылдап алған табиғи монополия субъектісі қызметкерінің тегін және лауазымын көрсете отырып, қол қойғызу арқылы тапсырылады. Тексеру қорытындылары туралы анықтаманы беру не кеңсеге тапсыру мүмкін болмаған жағдайда тексеру қорытындылары туралы анықтама табиғи монополия субъектісіне почта арқылы тапсырылғандығы хабарланатын тапсырыс хатпен жіберіледі.
11. Табиғи монополия субъектісін тексерудің нәтижелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-7-баппен толықтырылды
18-7-бап. Табиғи монополия субъектісін тексеру нәтижелерi бойынша уәкілетті органның шешімi
Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін тексеру қорытындылары туралы анықтаманы қарау нәтижелері бойынша:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздердің жоқтығы туралы қорытынды жасайды;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;
3) табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактілерін жою туралы нұсқама шығарады;
4) материалдарды қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарау үшін құқық қорғау органдарына береді;
5) материалдарды қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін өзге де мемлекеттік органдарға береді.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары
1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополия субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары:
1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;
2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;
3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға;
4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi.
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешiм қабылданған күнгi қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiне өзi жүргiзген тексеру материалдары негiзіндегі , сондай-ақ табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау қорытындысы бойынша уақытша өтемдiк тарифтi белгiлейдi. Уақытша өтемдiк тарифтi енгізу тексеру жүргiзiлген айдан кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге айырылады.
ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1 бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары
1. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарын табиғи монополиялар субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары шешiмдерде (ұйғарымдарда) көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды.
2. Мемлекеттік органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру жөніндегі ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайдағы қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
3. Табиғи монополия субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалды өтеуi
Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтеру, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 22-баппен толықтырылды
22-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу
Егер табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.
2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 23-баппен толықтырылды
23-бап. Өтпелі ережелер
Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері жасалған шарттарға сәйкес есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларды реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарымен (жылу энергиясын, суды есептейтін үйге ортақ аспаптармен және суды есептейтін жеке аспаптармен) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының