Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 607 Қаулысы
(2011.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 982 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.17.11. № 1352 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2011.17.11. № 1352 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2011.17.11. № 1352 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы № 1196 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 46, 598-құжат);
2) «Теледидар және (немесе) радио хабарларды таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1012 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 432-құжат).
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Ереже. ҚР Үкіметінің 2011.17.11. № 1352 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 шілдедегі
№ 607 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.17.11. № 1352 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия алуға үміткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне байланыстырылған даму кезеңдері бойынша қызметті жүзеге асыру аумағының карталарының;
2) бұқаралық ақпарат құралдарының есепке алынғандығы туралы куәліктің;
3) телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі бейіндік жоғары немесе орта арнаулы білімі және осы салада кемінде бір жыл тиісті жұмыс өтілі бар шығармашылық және инженерлік-техникалық қызметкерлер штатының;
4) телевизиялық және радио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес телевизиялық және (немесе) радио бағдарламаларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеменің;
5) телевизия немесе радио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасының;
6) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасының және оларды сақтау жөніндегі міндеттеменің;
7) объектіге немесе оны жалға алуға меншік иесінің мүліктік құқықтарын растаған құқық белгілейтін құжаттармен, өз алдына жеке кіретін есігі бар үй-жайлар мен орындардың, оның ішінде:
телевизиялық және радио хабарларды таратудың жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдарды орналастыратын және пайдаланатын арнайы үй-жайлардың (студиялық, беруші, антенналық-фидерлік, қосымша);
әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайлардың;
халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлардың (көпбағдарламалы және спутниктік телевизиялық хабарларды таратушы операторлар үшін);
8) хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі көрсетілген телевизиялық және (немесе) радио бағдарламаларының тұжырымдамасы және хабар тарату кестесінің;
9) телевизиялық және (немесе) радиобағдарламаларды тиісінше қабылдау мен таратуды қамтамасыз ететін меншік құқындағы сертификатталған бағдарламалық-аппараттық кешеннің;
10) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының есепке алынғандығы туралы белгіленген нысандағы анықтамасының (көпбағдарламалы және спутниктік телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратушы операторлар үшін);
11) ретрансляция жасалатын бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен ретрансляция жасауға арналған алдын ала шарттарының, шарттарының немесе өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелері көшірмесінің, (көпбағдарламалы және спутниктік телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратушы операторлар үшін);
12) біліктілік талаптарының 11) тармақшасында көзделген шарттардың орындалуын алты айға дейінгі мерзімге қамтамасыз ететін қысқа мерзімді активтердің;
13) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын техникалық қамтамасыз ету схемасының, (көпбағдарламалы телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарататын операторлар үшін).