Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 581 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16 және 209-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жерді бағалаудың экологиялық критерийлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 шілдедегі
№ 581 қаулысымен
бекітілген
Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері
Қоныстану аумақтары жерінің экологиялық жай-күйінің
критерийлері
Көрсеткіш- тер | Параметрлер | Салыстыр- малы қанағат- танарлық ахуал |
Эколо- гиялық апат | Төтенше эколо- гиялық жағдай |
Негізгі көрсеткіштер |
Экспозиция- лық дозасының топырақтың үстіңгі қабатынан 1 метр деңгейдегі қуаты, мкР/сағ | 400-ден астам | 200-400 | кемінде 200 |
Радиоактивті ластану, Кu/кв. км цезий-137 | 40-тан астам | 15-40 | 20-ға дейін |
стронций-90 | 3-тен астам | 1-3 | кемінде 1 |
плутоний | 1-ден астам | 1-0,1 | кемінде 0,1 |
Химиялық ластанудың жиынтық көрсеткіші (Zс) | 128-ден астам | 32-128 | 0,3-ке дейін |
Қосымша көрсеткіштер |
1 кг топырақта гельминттер жұмыртқала- рының болуы | 100-ден астам | 10-100 | кемінде 10 |
1 г топырақ- тағы патогенді микроорга- низмдердің саны | 10-6 -дан астам | 105-10-6 | жоқтығы |
Коли-титр | 0,01 -0,001 | кемінде 0,001 | кемінде 10-4 |
Ескертпе - топырақ үшін коли-титр - грамында топырақтың 1 ішек таяқшасы болатын ең аз массасы.
Тозған топырақ пен жерді анықтауға арналған
диагностикалық және қосымша критерийлер
Техногендік (пайдаланудан болған) азып-тозу
1. Жердің бұзылуы
Бұзылған жердің диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
жер бедерінің морфометрикалық сипаттамасы:
салыстырмалы түрде табиғи жер бетінің тереңдігі немесе биіктігі (м);
жер кертпешінің еңістік бұрышы (градус);
жердің литологиялық құрылысының бұзылуы:
0-100 см қабатта органогендік қабат пен қабаттағы қарашірінді қорының қуаты бойынша құнарлы қабат пен ықтимал құнарлы жыныстың болуы;
жер бетінің бөтен үйінділермен жабылуы;
жер беті және жер асты суларының сипаттамасы:
жер асты суының деңгейі (м);
сулардың минералдануы (г/л);
су жайылуының ұзақтығы (ай).
2. Физикалық (егіншілік) азып-тозу
Физикалық азып-тозу мынадай негізгі критерийлер бойынша бағаланады: гранулометриялық құрамы;
жыртылатын (қарашірінді) топырақ қабатының біркелкі тығыздығы, г/см3
текстуралық (агрегатішілік) кеуектілік, см3/г;
тұрақты құрылымдық (жарылып кеткенін есептемегенде, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г;
топырақтың жыртылатын (қарашірінді) қабатының құрылымы:
агрономиялық тұрғыдан бағалы және суға төзімді агрегаттардың болуы;
құрылымдық бөліктердің жай-күйі мен қасиеттері;
топырақтың су-физикалық параметрлері:
су өткізгіштігі және топырақтың сүзу коэффициенті (м/тәулік);
негізгі гидрологиялық константтары (ВЗ, НВ) және аэрацияның кеуектілігі;
бөртуі.
3. Аграрлық тозу
Топырақтың мынадай теңгерімділік сипаттамалары (органикалық заттар, қоректік элементтер, катионды-анионды құрамы) аграрлық тозудың диагностикалық критерийлері болып табылады:
топырақ профиліндегі қарашірінді қорының кемуі (А+В) бастапқы мөлшерден %;
рН;
физикалық батпақтың кемуі(%);
қарашіріндінің сапалық құрамы;
негізгі қоректендіру элементтерінің жалпы қорының азаюы;
қоректендіру элементтерінің қозғалмалы нысандарымен өсімдіктердің қамтамасыз етілуі;
катиондық алмасу сыйымдылығы, топырақтың негіздермен толығу дәрежесі, сіңірілген негіздердің құрамы.
Аграрлық құнарсызданудың қосымша критерийлері мыналар болып табылады:
лайлы фракцияның минералогиялық құрамы;
белсенді микробтық биомасса деңгейінің төмендеуі (есе саны);
фитоуыттылығы;
топырақ ферментациялық белсенділігінің төмендеуі;
топырақ мезофаунасының биомассасы;
биологиялық әртүрліліктің азаюы (Симпсон индексі, нормадан %);
шымтезектің түзілуі (мм/жыл).
4. Эрозия
Эрозияны бағалау үшін статикалық немесе динамикалық критерийлер пайдаланылады, мұның соңғысы топырақ бетінің де ландшафтың да жай-күйін көрсетуі мүмкін.
4.1. Су эрозиясы
1) Жазықтық эрозиясы
Жазықтық су эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
топырақ профилі қуатының азаюы, (А+В) %;
топырақ профилінде қарашірінді қорының азаюы (А+В), сол ортадағының %;
топырақтың үстіңгі көкжиегінің гранулометриялық құрамының өзгеруі;
топырақ массасының жоғалуы, т/га/жыл;
ашық қалған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төселіп жатқан жыныстың (D) көлемі, жалпы көлемнің %-ы;
эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына %;
Қосымша қритерийлер мыналар болып табылады:
қарашірінді (жыртылатын жер) көкжиек (см) қуаттың кемуі;
құнарлы заттар қорының кемуі;
шаю жылдамдығы;
жер бетінің еңістігі және эрозиялық үдерістер дамуының қауіптілігі.
2) Сызықтық эрозия
Сызықтық эрозияның диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
аумақтың жыралармен бөлінуі (км/км2);
жер бетіне қатысты алғанда су шайып кеткен орлардың тереңдігі, см.;
топырақ массасының жоғалуы (т/га/жыл);
жаңа жыралардың пайда болуы және барларының өсуі.
Қосымша критерийлер мыналар болып табылады:
жыраның тереңдігі;
алаңының бірлігіне келетін жыра саны;
алаңының бірлігіне келетін жыралардың жалпы алаңы;
жыралардың су жинау алаңының кейбір сипаттамалары.
4.2. Жел эрозиясы
Санамаланғаннан басқа жел эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см.;
жер пайдаланудан шығып қалған алқаптардың алаңы (табиғи алқаптарда өсімдіктер өспей қалған), жалпы алаңының %;
жайылымдық өсімдіктердің проективті жауып қалуы, аймақтық алаңының %;
азып-тозған жайылымдар алаңының өсу жылдамдығы, жылына %;
қозғалмалы құм алаңы, жалпы алаңының %;
қозғалмалы құм алаңының артуы, жылына %;
Қосымша параметрлердің арасында мынадай критерийлер пайдаланылады:
дефляцияның үдемелілігі немесе дефляцияның жылдамдығы;
топырақ профилінде қарашірінді қорының кемуі (А+В);
гранулометриялық құрамның жеңілдеуі;
шөп қалыңдығы мен егістің сиреу дәрежесі.
5. Тұздану
5.1. Тұздану
Тұздану дәрежесінің негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
үстіңгі құнарлы қабаттағы уытты тұздардың құрамы (%);
уытты сілтіліктің ұлғаюы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г. топыраққа;
тұздалған жер алаңының артуы, жылына %;
ортаның реакциясы (тұз және су сығындысындағы рН).
Қосымша критерийлер ретінде жер асты суларының деңгейі мен минералдануы туралы деректер пайдаланылады.
5.2. Сортаңдану
Сортаңданудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
алмасатын натрий құрамының артуы (катионды алмасу сыйымдылығынан (КАС) %-бен);
алмасатын магний құрамының артуы (КАС) %-бен);
ортаның реакциясы (рН).
Топырақтың физикалық қасиеттері және әсіресе топырақ құрылымының сортаңдануының қосымша критерийлері болып табылады.
6. Батпақтану
Диагностикалық критерийлер мыналар болып табылады:
топырақ-жер астындағы сулар деңгейін көтеру, м;
су жайылуының ұзақтығы (ай);
жер астындағы сулардың минералдануы (г/л);
Қосымша профильдің (гидроморфизм белгілері) морфологиялық құрылысының сипаттамалары пайдаланылуы мүмкін.
Топырақ және жердің тозу дәрежесін белгілеу
критерийлері
Көрсеткіштер | Тозу деңгейі |
(өте әл- сіз) | (әл- сіз) | (орта- ша) | (кө- те- ріл- ген) | (жо- ғары) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Абиотикалық үйіндінің қуаты, см | <2 | 2-10 | 11-20 | 21-40 | >40 |
Беткі қабатына қатысты (тұтастығы бұзылмаған) ойылу тереңдігі (см) | <20 | 20-40 | 41-100 | 101- 200 | >200 |
Физикалық саз мөлшерінің шамаға азаюы, бастапқыдан % | <5 | 5-15 | 16-25 | 26-32 | >32 |
Топырақтың жыртылатын қабаты тұтастығының тең салмақты тығыздығының артуы, бастапқы мөлшерден % | <10 | 10-20 | 21-30 | 31-40 | >40 |
Тұрақты құрылымдық (жарылуды есепке алмағанда, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г | >0,2 | 0,11 -0,2 | 0,06- 0,1 | 0,02 -0,05 | <0,02 |
Текстуралық кеуектілік (агрегатішілік), см3/г | >0,3 | 0,26 -0,3 | 0,2- 0,25 | 0,17 -0,19 | <0,17 |
Сүзу коэффиценті, м/тәулік | >1,0 | 0,3- 1,0 | 0,1- 0,3 | 0,01 -0,1 | <0,01 |
Тастақтылығы, жамылғының %-ы | <5 | 5-15 | 16-35 | 36-70 | >70 |
Топырақтық профилі қуатының төмендеуі (А+В), бастапқыдан % | <3 | 3-25 | 26-50 | 51-75 | >75 |
Топырақ профилінде қарашірінді қорының азаюы (А+В), бастапқыдан % | <10 | 10-20 | 21-40 | 41-80 | >80 |
Микроэлементтер (Мn, Со, Мо, В, Сu, Ғе) құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % | <10 | 10-20 | 21-40 | 41-80 | >80 |
Жылжымалы фосфор құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % | <10 | 10-20 | 21-40 | 41-80 | >80 |
Алмасатын калий құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % | <10 | 10-20 | 21-40 | 41-80 | >80 |
Топырақ ортасындағы РН-тың өзгеруі, орташа көрсеткіштен % | <10 | 10-15 | 16-20 | 21-25 | >25 |
Топырақ массасының шығыны т/га/жыл | <5 | 5-25 | 26-100 | 101- 200 | >200 |
Ашылған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төсеме жыныстың (D) алаңы, жалпы алаңнан % | 0-2 | 3-5 | 6-10 | 11-25 | >25 |
Эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына % | <0,5 | 0,5- 1,0 | 1,1- 2,0 | 2,1 -5,0 | >5,0 |
Беткі қабатқа қатысты шайылу және су қазуының тереңдігі, см | <20 | 20-40 | 41-100 | 101- 200 | >200 |
Аумақтың жыралармен бөлінуі, км/км2 | <0,1 | 0,1- 0,3 | 0,4- 0,7 | 0,8- 2,5 | >2,5 |
Құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см | <2 | 2-10 | 11-20 | 21-40 | >40 |
Жерді пайдаланудан шығарылған табиғи алқаптардың алаңы (өсімдік өспеген), жалпы алаңнан % | <10 | 10-30 | 31-50 | 51-70 | >70 |
Жайылымдық өсімдіктің жобалық жамылғысы, аймақтықтан % | >90 | 71-90 | 51-70 | 11-50 | <10 |
Тозған жайылымдар алаңының ұлғаю жылдамдығы, жылына % | <0,25 | 0,25 -1,0 | 1,1- 3,0 | 3,1- 5,0 | >5 |
Жылжымалы құмдар алаңы, жалпы алаңнан % | 0-2 | 3-5 | 6-15 | 16-25 | >25 |
Жылжымалы құмдар алаңының ұлғаюы, жылына % | <0,25 | 0,25 -1,0 | 1,1- 2,0 | 2,1- 4,0 | >4 |
Жоғарғы құнарлы қабаттағы уытты тұздар сомасының құрамы (%): -соданың қатысуымен | <01 | 0,1- 0,2 | 0,21- 0,3 | 0,31 -0,5 | >0,5 |
-тұзданудың басқа түрлері үшін | <0,1 | 0,25 | 0,26- 0,5 | 0,51 -0,8 | >0,8 |
Уытты сілтіліктің артуы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г топыраққа | <0,7 | 0,7 -1,0 | 1,1 -1,6 | 1,7 -2,0 | 1,7- 2,0 |
Тұзданған топырақ алаңының артуы, жылына % | 0-0,5 | 0,5- 1,0 | 1,1- 2,0 | 2,1- 5,0 | >5,0 |
Алмасу натрий құрамының артуы (КАС-тан %-бен): - құрамында < 1% натрийі бар топырақ үшін - басқа топырақ үшін | <1 <5 | 1-3 5-10 | 3-7 10-15 | 7-10 15-20 | >10 >20 |
Алмасатын магний құрамының артуы (КАС-тан %) | <40 | 40-50 | 51-60 | 61-70 | >70 |
Тұщы (<1-3 г/л) жер асты сулары деңгейінің жиналу тереңдігі, м - гумидті аймақта | >1,0 | 0,81 -1,0 | 0,61- 0,80 | 0,31 -0,60 | <0,3 |
- далалық аймақта | >4 | 3,1- 4,0 | 2,1- 3,0 | 1,0- 2,0 | <1,0 |
Минералданған (>3 г/л) жер астындағы сулар деңгейінің жату тереңдігі, м | >7 | 5-7 | 5-3 | 3-2 | <2 |
Су басу ұзақтығы (беткі ылғалдану), ай | <3 | 3-6 | 6-12 | 12-18 | >18 |
Ескертпе - бастапқы ретінде жұтаңданбаған ұқсас жердің жай-күйі (нөлдік жұтаңдану дәрежесі) қабылданады.