мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ауыл шаруашылығының егіс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде жер учаскесін нақтылы бөліп шығаруға, мұндай бөліп шығару ауыл шаруашылығы ұйымының немесе ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың келісімімен жүргізілетін жағдайды қоспағанда, жол берілмейді.»;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «(фермер) қожалығын» деген сөздер «немесе фермер қожалығын не тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 107-баптың 3-тармағының 9) тармақшасындағы «үй (қосалқы) шаруашылығын» деген сөздер «қосалқы шаруашылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 109-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Елді мекендердің ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін жеке меншік құқығымен беруге болмайды.»;
48) 110-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудандық маңызы бар қалалардың қала маңындағы аймақтарының шекарасын облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстың жергілікті өкілді органы белгілейді және өзгертеді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың қала маңындағы аймақтарының шекарасын Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыстардың тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен ұсынысы бойынша белгілейді және өзгертеді. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қала маңындағы аймақтарының шекарасы аумағы қала маңындағы аймағына енгізілген облыстардың тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен де келісіледі.»;
5-тармақтың екінші бөлігінде:
«облыстық» деген сөзден кейін «өкілді және» деген сөздермен толықтырылсын;
«атқарушы органдарының» деген сөздер «өкілді және атқарушы органдарының бірлескен» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 123-баптың 3-тармағындағы «алып қойылуы (сатып алынуы)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 125-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «алып қойылады (сатып алынады)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылады, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 138-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«138-бап. Босалқы жерді беру
Босалқы жер ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің мұқтажы және өзге де мақсаттар үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда меншікке немесе жер пайдалануға беріледі. Босалқы жерді басқа санаттарға ауыстыру оны меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі.»;
52) 143-баптың 5-тармағындағы «алып қою» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығару» деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 145-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары жыл сайын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органдарына ағымдағы жылы жер учаскелері берілген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізбесін және мұндай жер учаскелерінің орналасқан жерін көрсете отырып жер-кадастр картасын табыс етеді, сондай-ақ ай сайын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізбесінде болған өзгерістер туралы мәліметтерді табыс етеді.»;
54) 148-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы істер бойынша, жер учаскелерін беруге, мемлекет мүқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою мәселелері бойынша, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы істер бойынша және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа жүгінуге;»;
4-тармақтағы «заңдарында белгіленген» деген сөздер «заңдарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
55) 164-баптың тақырыбындағы «Жеке меншік» деген сөздер «Меншік» деген сөзбен ауыстырылсын;
56) мынадай мазмұндағы 164-1-баппен толықтырылсын:
«164-1-бап. Жер учаскесін бөгденің заңсыз
иеленуінен қайтаруды талап ету
1. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Заңсыз иеленуші өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік жазалар қолданылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде босатуға және өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі немесе өз есебінен бұзуды жүзеге асыруға міндетті.
Заңсыз иеленушінің өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату және мұндай учаскеде салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу жөніндегі міндеттерді орындамауына байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.
Өз бетінше салынған құрылыс коммуналдық меншікке берілген жағдайда құрылысты жүзеге асырған тұлғаға сот айқындаған мөлшерде құрылысқа жұмсалған шығыстар өтеледі.
Жер учаскесін заңсыз иеленушінің жеке басын (деректерін) анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу фактісі анықталған күннен бастап бір ай өтісімен жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқтығы туралы мәліметтер расталғаннан кейін және сот шешімі бойынша мұндай учаскеде салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзуды жүзеге асырады.»;
57) 165-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін меншік немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соғатындай етіп мәжбүрлеп иеліктен шығарылған, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;»;
5) тармақшадағы «90» деген цифрлар «91» деген цифрлармен ауыстырылсын;
58) 166-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы «алып қоюмен байланысты келтірілген» деген сөзден кейін «, меншік немесе жер пайдалану құқығын тоқтату кезіндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
59) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«168-бап. Қазақстан Республикасының жер
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.»;
60) 170-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өздеріне тиесілі құқықтарды шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген шартты жер үлесінің иелері шаруа немесе фермер қожалығын құру үшін қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде, үлесті немесе пайды, жер учаскесін қоса, нақтылы бөліп алуға (бөлісуге) құқығы бар. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы ұйымының кепілде жатқан жерлерінің құрамынан жер учаскесін бөліп шығаруға кепіл ұстаушының келісіміне немесе бөліп шығару кезінде жер учаскесіне қатысты кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерге сәйкес жол беріледі.
Ауыл шаруашылығының егіс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде жер учаскесін нақтылы бөліп шығаруға, мұндай бөліп шығару ауыл шаруашылығы ұйымының немесе ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың келісімімен жүргізілетін жағдайды қоспағанда, жол берілмейді.
Бұл ретте нақтылы бөлінетін жер учаскесінің орналасқан жері шаруашылық серіктестіктерінің, өндірістік кооперативтердің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен немесе тараптардың келісімімен айқындалады. Құрылтай құжаттарында жер учаскелерін бөліп алу (бөлісу) тәртібі болмаған жағдайда, осы Кодекстің 101-бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген ережелер қолданылуы мүмкін.»;
9-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 6-сы.
№ 279-ІІІ ҚРЗ