мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешімі комиссияның тиісті қорытындысы келіп түскен кезден бастап жеті күнге дейінгі мерзімде қабылданады.»;
7-тармақта:
екінші бөліктегі «бекітуге» деген сөз «түпкілікті шешім қабылдау үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті уәкілетті органы бекіткен жерге орналастыру жобасы келіп түскен кезден бастап бір айға дейінгі мерзімде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесіне құқық беру кезінде жеті күнге дейінгі мерзімде қабылданады.
Жеке тұрғын үй құрылысына бөліп берілетін алаңда жер учаскелерін жайластырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда әрбір жер учаскесі үшін жерге орналастыру жобасын жасау талап етілмейді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері және сол жер учаскелерін жалдау құқығы осы Кодекстің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектілері болуы мүмкін.»;
11-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесін беру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін және жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар берілгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді.»;
20) 44-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін таңдау алдын ала жүргізіледі, оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жер учаскелерін беру жөніндегі өз құзыреттері шегінде құратын арнаулы комиссиялар жүзеге асырады.
Объект салу үшін, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгілеу үшін де жер учаскесін таңдау нәтижелерін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жер учаскесін таңдау туралы актімен ресімдейді. Осы актіге әрбір жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса тіркеледі.»;
3-тармақтың үшінші бөлігіндегі «алып қою, соның ішінде сатып алу арқылы алып қою» деген сөздер «, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығару» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бірінші абзац «органы» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«учаскелердің өлшемдері көрсетіле отырып, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық табыстаған жер учаскесінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы азаматта мұндай жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметті жергілікті атқарушы органның жер учаскесін беру туралы қорытынды әзірлеуі және тиісті шешім қабылдауы үшін жергілікті атқарушы органның жанындағы комиссияға табыс етеді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы ақпарат пен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімінің қолжетімділігін оларды кемінде тоқсанына бір рет мемлекеттік тілде және орыс тілінде арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етеді.»;
21) 45-баптың 2-тармағы «органы» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 46-баптың 1-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
23) 47-бапта:
2-тармақ «органына» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі «органына» деген сөзден кейін «, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 48-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тізбесін жергілікті атқарушы орган айқындаған және жергілікті өкілді орган тиісті шешімімен бекіткен, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелері немесе жер учаскесін жалдау құқығы кемінде жылына бір рет өткізілетін сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектісі болып табылады.
Уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталып келе жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері уақытша жер пайдаланушы жаңа мерзімге уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда ғана сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Босалқы жерлер құрамындағы ауылшаруашылық алқаптары шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауылшаруашылық өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) беріледі.
Сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) жеңімпаздарына-шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға тауарлы ауылшаруашылық өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері он жылға дейін жалдау шартымен уақытша жер пайдалануға беріледі.»;
25) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
«49-1-бап. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері өздерінің осы Кодексте белгіленген жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтініш береді.
3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен кезден бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде қаралады.
4. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссия қорытындысының негізінде қабылданады.
5. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге келісім беру не одан бас тарту туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі шешімінің көшірмесі ол қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде өтініш берушіге тапсырылады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту дәлелді болуға тиіс.
6. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты және (немесе) жер учаскесінің меншік иесі, жер пайдаланушы өзгертілген кезде құқықты куәландыратын құжаттарды қайта ресімдеу мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспайды.»;
26) 50-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:»;
27) 52-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «(аяқталмаған құрылысты қоса алғанда)» деген сөздер алып тасталсын;
28) 64-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «алып қойылған (сатып алынған)» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылған, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 69-бапта:
7-тармақта:
бірінші бөліктегі «мемлекеттік билік органынан» деген сөздер «мемлекеттік органнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауымдық сервитут белгілеу жер учаскесін пайдалану мүмкін болмай қалатын жағдайға әкеп соқса, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі шығынды қауымдық сервитутты белгілеген мемлекеттік органнан толық көлемде өтеткізе отырып, өзінен осы жер учаскесін алып қоюды, соның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды не онымен құны тең жер учаскесін беруді немесе ол мүмкін болмаған жағдайда - басқа жер учаскесін оның құнын немесе оған құқықтарды жердің бағасына есептеп және шеккен шығындарды өтей отырып, беруді талап етуге құқылы.»;
30) 77-баптың 2-тармағының бесінші бөлігіндегі «36» деген цифрлар «51» деген цифрлармен ауыстырылсын;
31) 79-бапта:
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
үшінші абзац алып тасталсын;
төртінші абзац «қатысушылардың» деген сөзден кейін «нотариаттық тәртіппен куәландырылған» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жер учаскесіне тіркелген құқықтар (құқық ауыртпалықтары) туралы құқықтық кадастрдың мәліметтері.»;
тоғызыншы абзац алып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші бөліктегі «міндеттеменің белгіленіп отырған сомасын» деген сөздер «міндеттемені» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
9-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Кепіл туралы шарт жер учаскесі орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәмілелерді тіркейтін органдарда мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап жер учаскесін кепілге салу құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындайды.»;
12-тармақта:
«жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» деген сөздер алып тасталсын;
«заңдарына» деген сөз «азаматтық заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 81-баптың 2-тармағында:
бірінші абзац «пайдалану құқығын» деген сөздерден кейін «олардың келісімісіз» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскесі оның меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан, құны тең жер учаскесі беріле отырып, мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;»;
33) 82-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «жер кадастрын жүргізетін органдар» деген сөздер «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 84-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«84-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы
үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару
1. Жер учаскесін ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін, бұл мұқтажды басқа тәсілмен қанағаттандыру мүмкін болмаған және мүлікті тең құнымен өтеген жағдайда сот шешімі бойынша мәжбүрлеп иеліктен шығаруға болады.
2. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі ерекше жағдайлар:
1) халықаралық міндеттемелер;
2) қорғаныс қажетіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатқа арнап жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі;
3) пайдалы қазба кен орындарының (кең таралғандарынан басқасы) табылуы және оларды қазу;
4) жол, электр тарату желілерін, байланыс желілерін, магистральды құбырлар, елді мекендердің ортақ пайдаланудағы инженерлік-коммуникациялық желілерін салу, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар басқа да объектілерді салу;
5) құлау (қирау) қаупі бар авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзу;
6) осы бапта белгіленген ерекше жағдайлардың тізбесіне жататын құрылыс объектілерінің бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау, сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізу болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың осы баптың 2-тармағында аталғаннан басқа да ерекше жағдайлары көзделуі мүмкін.
4. Уақытша жер пайдалануға берілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару, егер жер пайдаланушы берілген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады. Жер пайдаланушыларға шығындар толық көлемінде өтеледі, сондай-ақ олардың қалауы бойынша басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.»;
35) 85-бапта:
мәтіндегі «заң актілеріне», «заң актілерінде» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «мемлекеттік қажеттіктер үшін олардан алып қою» деген сөздер «олардан мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлік «жөнінде» деген сөзден кейін «осындай» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «меншік иесінің немесе жер пайдаланушының» деген сөздер «меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы» деген сөздермен, «жер пайдаланушының» деген сөздер «мемлекеттік емес жер пайдаланушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 86-бапта:
тақырыпта және мәтінде:
«жер пайдаланушының», «жер пайдаланушы» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік емес жер пайдаланушының», «мемлекеттік емес жер пайдаланушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алынуға тиісті» деген сөздер «Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші сөйлемде:
«қабылданған» деген сөз «қабылданғаны туралы хабарлама алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«учаскенің» деген сөздің алдынан «осындай» деген сөзбен толықтырылсын;
«немесе учаскені» деген сөздер «немесе оны» деген сөздермен ауыстырылсын;
«құқықтарды» деген сөз «құқықты» деген сөзбен ауыстырылсын;
«учаскені оның» деген сөздер «осы учаскені оның нысаналы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемде:
«ретте» деген сөзден кейін «жер учаскесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«кезеңде» деген сөзден кейін «осындай» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«алып қойылғаннан» деген сөздер «мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылғаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұрынғы» деген сөзден кейін «нысаналы» деген сөзбен толықтырылсын;
37) 87-бапта:
мәтін «Мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алынатын», «мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алынатын» деген сөздер тиісінше «Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде сатып алынатын», «мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде сатып алынатын» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «меншік иесінің немесе жер пайдаланушының» деген сөздер «жер учаскесінің меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «сәйкес» деген сөзден кейін «жер учаскесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алу кезінде,» деген сөздер «мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде сатып алған кезде, сатып алынатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«Сатып алынатын» деген сөздер «Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде сатып алынатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мүліктің» деген сөзден кейін «меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі» деген сөздермен толықтырылсын;
«өздері» деген сөздер «өзі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«жер учаскесінен айырылуына байланысты меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген барлық шығын» деген сөздер «жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесінің меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға келтірілген барлық шығын толық көлемде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер учаскесінің нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер учаскесінің меншік иесімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушымен келісім бойынша оған мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде сатып алынатын жер учаскесінің орнына берілетін жер учаскесінің немесе оған құқықтардың құнын сатып алынатын жер учаскесінің немесе оған құқықтардың меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі нарықтық құнына есептей отырып, басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскесі немесе оған құқық мемлекеттен сатып алынуға тиіс болып, бірақ сатып алу жүргізілмеген жағдайларда, жер учаскесінің нарықтық құны бағаға қосылмайды, оның орнына мемлекеттік емес жер пайдаланушыға онымен келісім бойынша құны тең басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.»;
38) 88-бапта:
бірінші бөлікте:
«жер пайдаланушы» деген сөздер «мемлекеттік емес жер пайдаланушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қабылдаған» деген сөзден кейін «жергілікті» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «жер пайдаланушысына» деген сөздер «мемлекеттік емес жер пайдаланушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы сотта өзінен жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) сатып алу туралы жергілікті атқарушы органның шешімін даулауға құқылы.»;
39) 90-бапта:
«қорының» деген сөз «қорларының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттік маңызы зор объектілерді салып, оларды орналастырудың басқа да мүмкін нұсқалары болмауына» деген сөздер «, елді мекендердің ортақ пайдаланудағы инженерлік-коммуникациялық желілерін салуға, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар объектілерді ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде оларды салуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 92-бапта:
тақырыптағы «алып қою» деген сөздер «мәжбүрлеп алып қою» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысына немесе өзге де құрылысқа арналған жер учаскесі екі жыл ішінде (егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда, ондай жер учаскесі осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылуға жатады.»;
екінші сөйлем:
«кезеңге» деген сөзден кейін «мұндай» деген сөзбен толықтырылсын;
«байланысты» деген сөзден кейін «аталған» деген сөзбен толықтырылсын;
41) 93-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«93-бап. Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер
учаскесін меншік иесінен және жер
пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
Егер жер учаскесін пайдалану осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер жер учаскесі нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлылығының едәуір төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, ондай жер учаскесі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін, осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылуға жатады.
Төтенше және ырық бермейтін ахуал кезінде (еңсерілмейтін күш әрекеті) туындаған жағдайларды қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мемлекетке келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.»;
42) 94-бапта:
тақырыптағы «алып қою» деген сөздер «мәжбүрлеп алып қою» деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтіндегі «алып қою», «алып қойған» деген сөздер тиісінше «мәжбүрлеп алып қою», «мәжбүрлеп алып қойған» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ «талап-арызы» деген сөздердің алдынан «жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органының» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«учаскені мақсаты» деген сөздер «жер учаскесін нысаналы мақсаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жер пайдаланушы» деген сөздерден кейін «осындай» деген сөзбен толықтырылсын;
«мақсаты» деген сөздің алдынан «нысаналы» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «меншік иесіне», «меншік иесі» деген сөздер тиісінше «жер учаскесінің меншік иесіне», «жер учаскесінің меншік иесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«меншік иесінің» деген сөздер «жер учаскесінің меншік иесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жер ресурстарын басқару» деген сөздердің алдынан «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздермен толықтырылсын;
«орган учаскенің» деген сөздер «органы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«учаске» деген сөз «осындай учаске» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздерден кейін «ауданның (облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы органына» деген сөздерден кейін «аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне)» деген сөздермен толықтырылсын;
«учаскенің» деген сөз «осындай учаскенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
«учаскені» деген сөз «жер учаскесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ашық сауда-саттықта» деген сөздер «сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда)» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«учаскені» деген сөз «жер учаскесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шегеріле отырып,» деген сөздерден кейін «жер учаскесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«сауда-саттыққа шығарудан» деген сөздерден кейін «сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) жүргізілгеннен» деген сөздермен толықтырылсын;
43) 97-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Аталған мақсаттар үшін жер учаскесін жер пайдалану құқығымен беру мерзімі кемінде бес жыл болады, оны бес жылдан аз мерзімге беруге жер учаскесін алуға мүдделі өтініш берушінің келісімімен ғана жол беріледі;»;
44) 99-баптың 5-тармағындағы «алып қоюға» деген сөздер «мәжбүрлеп алып қоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 101-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «(фермер) қожалығын» деген сөздер «немесе фермер қожалығын не тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, ауыл шаруашылығы ұйымының кепілде жатқан жерлерінің құрамынан жер учаскесін бөліп шығаруға кепіл ұстаушының келісіміне немесе бөліп шығару кезінде жер учаскесіне қатысты кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерге сәйкес жол беріледі.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаруа немесе фермер қожалығын не тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру үшін үлес немесе пай есебіне нақтылы бөліп шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктеріне, өндірістік кооперативтерге олардан шыққан қатысушының (мүшенің) бөліп берілетін жерге жүргізілген шығындарды өтеуі шаруашылық серіктестіктерінің, өндірістік кооперативтердің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен немесе тараптардың келісімімен айқындалады.»;