Қазақстан Республикасының
Заңы
2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2007 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 1 958 638 496 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 1 456 156 251 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 40 849 672 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 8 418 025 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 453 214 548 мың теңге;
2) шығындар - 1 955 958 982 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 2 679 514 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 22 360 857 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 28 521 406 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 50 882 263 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -
170 176 371 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 172 176 371 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 000 000 мың теңге;
6) тапшылық - 145 136 000 мың теңге немесе елдің жалпы ішкi
өнімінің 1,2 проценті;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 145 136 000 мың теңге.
2-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте мынадай түсімдер көзделсін:
«Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясының пайдаланғаны үшін 13 455 000 мың теңге сомасында жалдау ақысы;
әскери полигондарды Ресей Федерациясының пайдаланғаны үшін республикалық бюджеттің кірістерінде көрсетілетін 3 217 500 мың теңге сомасында жалдау ақысы, оның:
374 400 мың теңгесі ақшалай нысанда түседі;
2 843 100 мың теңгесі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сынақ полигондарын жалға беру туралы шарттарда ескертілген жағдайларда жүзеге асырылады және оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 007 «Сынақ полигондарын жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес қару-жарақ пен әскери техника беру және жөндеу» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша жұмсалуын көрсете отырып, пайдаланады.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2007 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тікелей салықтары (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептелетін шикі мұнай мен газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын мұнай секторы кәсіпорындарының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:
бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Роялти» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикізат базасын ұдайы молықтыру қоры алдындағы берешегі, сондай-ақ келісімшарттық аумақтарды геологиялық зерттеуден мемлекет шеккен, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың негізінде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар өтейтін тарихи шығындар сомасы;
бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары;
«Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген, бензиннен алынатын алым бойынша берешек;
«Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген, дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.
6-бап. Жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 проценті шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.
7-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың көлемдері 151 498 867 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Ақтөбе облысының бюджетінен - 1 079 129 мың теңге;
Атырау облысының бюджетінен - 43 061 767 мың теңге;
Маңғыстау облысының бюджетінен - 24 436 744 мың теңге;
Алматы қаласының бюджетінен - 72 310 353 мың теңге;
Астана қаласының бюджетінен - 10 610 874 мың теңге.
8-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан кепілдік берілген трансферттің мөлшері 301 715 681 мың теңге сомасында көзделсін.
9-бап. 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 9 752 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 3 000 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 7 236 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 1 092 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 8 861 теңге болып белгіленсін.
10-бап. 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы
органдарының жедел-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер көрсету шығыстарын төлеу үшін ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 430 теңге сомасында белгіленсін.
11-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте әскери қызметшілерге 1997-1998 жылдардың сыйлықақы төлемдерін төлеуге 78 885 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне - 65 106 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне - 10 030 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына - 3 114 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына - 635 мың теңге.
Әскери қызметшілерге сыйлықақы төлемдерін төлеу олардың көрсетілген кезеңде әскери қызметтен өткен жері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі деп белгіленсін.
12-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге сәйкес Қарағанды облысы Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 100 000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
13-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенциялар көлемдері 192 790 980 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Ақмола облысының бюджетіне - 19 616 640 мың теңге;
Алматы облысының бюджетіне - 22 186 299 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне - 22 189 261 мың теңге;
Жамбыл облысының бюджетіне - 21 326 306 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысының бюджетіне - 11 173 159 мың теңге;
Қарағанды облысының бюджетіне - 7 677 669 мың теңге;
Қостанай облысының бюджетіне - 13 414 504 мың теңге;
Қызылорда облысының бюджетіне - 14 811 753 мың теңге;
Павлодар облысының бюджетіне - 3 810 519 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне - 16 545 651 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне - 40 039 219 мың теңге.
14-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай мөлшерлерде ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін:
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқитын студенттерге стипендиялар төлеуге - 1 644 982 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқитындар үшін жол жүруге өтемақылар төлеуге - 253 586 мың теңге;
жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға - 713 722 мың теңге;
дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық
препараттарды сатып алуға - 7 491 011 мың теңге;
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға - 250 600 мың теңге;
табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларды 4-қосымшаға сәйкес төлеуге - 3 816 000 мың теңге;
мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне - 600 852 мың теңге;
қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуін өтеуге - 122 476 мың теңге;
ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға - 1 122 233 мың теңге;
көші-қон полициясының 2006 жылы бөлінген қосымша штат санын ұстауға - 277 506 мың теңге.
Жергілікті бюджеттерде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге көзделіп келген қаражат есебінен табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 4-қосымшаға сәйкес кемінде 2 916 400 мың теңге сомасында шығыстар көзделуге тиіс екендігі ескерілсін.
Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
15-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, радиациялық қауіпті аймақтарда және жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрып жатқан және 1949-1990 жылдар аралығында тұрған зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушыларға, сондай-ақ жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халыққа біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуге 5 182 512 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
Аталған қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөлінеді деп белгіленсін.
16-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидияларға 20 130 429 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға - 996 253 мың теңге;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға - 2 004 648 мың теңге;
өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдар мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басымдықты дақылдар бойынша - 12 805 000 мың теңге;
ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге су жеткізу бойынша
көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға - 731 166 мың теңге;
жеміс дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге - 800 002 мың теңге;
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға - 2 539 656 мың теңге;
қазақстандық талшықты мақтаның сапасын сараптауға - 253 704 мың теңге.
Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
17-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақы төлеуге 89 469 724 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін, оның ішінде:
Ақмола облысының бюджетіне - 4 553 881 мың теңге;
Ақтөбе облысының бюджетіне - 4 490 992 мың теңге;
Алматы облысының бюджетіне - 6 215 893 мың теңге;
Атырау облысының бюджетіне - 3 420 551 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне - 7 338 533 мың теңге;
Жамбыл облысының бюджетіне - 5 735 978 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысының бюджетіне - 4 178 255 мың теңге;
Қарағанды облысының облысының бюджетіне - 7 975 494 мың теңге;
Қостанай облысының бюджетіне - 5 204 640 мың теңге;
Қызылорда облысының бюджетіне - 6 922 919 мың теңге;
Маңғыстау облысының бюджетіне - 2 831 552 мың теңге;
Павлодар облысының бюджетіне - 4 476 595 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне - 4 363 444 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне - 13 090 070 мың теңге;
Алматы қаласының бюджетіне - 5 566 789 мың теңге;
Астана қаласының бюджетіне - 3 104 138 мың теңге.
18-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының 10 процент тіркелген ставкасын енгізуге және салық салу кезінде айлық есептік көрсеткіштің орнына жалақының ең төменгі мөлшерін табыстан алып тастауға байланысты бюджетке түсетін түсімдердің шығасыларын өтеуге 29 205 219 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
Аталған соманы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
19-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық
бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 21 988 470 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға - 2 457 650 мың теңге;
арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етуге - 124 031 мың теңге;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің үлгілік штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге - 9 870 715 мың теңге;
жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға - 5 209 021 мың теңге;
балаларды тестілеу пункттеріне жеткізуді, онда тамақтандыруды және онда тұруын ұйымдастыруға - 108 228 мың теңге;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді Интернетке қосуға және трафиктің ақысын төлеуге - 500 012 мың теңге;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге - 895 513 мың теңге;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға - 1 958 760 мың теңге;
кәсіптік бастауыш білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 286 100 мың теңге;
облыстық (қалалық) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру институттарында педагогика қызметкерлерін қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға - 503 440 мың теңге;
облыстық (қалалық) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 75 000 мың теңге.
Аталған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлуді және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
20-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 31 675 031 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кәсіптік орта білім беру ұйымдарында оқыту және қосымша оқуға қабылдау құнының ұлғаюы жөніндегі шығыстарды өтеуге - 114 369 мың теңге;
медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға - 247 114 мың теңге;
созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге - 1 037 904 мың теңге;
азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейінде жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 1 580 657 мың теңге;
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 1 805 710 мың теңге;
бастапқы медициналық-санитарлық көмектің медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес медицина кадрларымен жасақтауға және жалпы практика дәрігерлері жүйесін дамытуға - 5 166 079 мың теңге;
құрылатын ақпарат-талдау орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге - 41 447 мың теңге;
шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу үшін тест-жүйелерді сатып алуға - 11 489 мың теңге;
5 жасқа дейінгі балаларды амбулаторлық емдеу деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 596 614 мың теңге;
жүкті әйелдерді құрамында темір және йоды бар препараттармен қамтамасыз етуге - 665 733 мың теңге;
азаматтардың жекелеген санаттарын профилактикалық медициналық тексеруді жүзеге асыруға - 3 888 528 мың теңге;
жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 16 519 387 мың теңге.
Аталған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлуді және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
21-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет және қала құрылысы қызметі, ауыл шаруашылығы және жер ресурстарын басқару мәселелерін мемлекеттік реттеу саласындағы жекелеген функциялар мен өкілеттіктерді жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беруді ескере отырып, 749 225 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінен 195 808 мың теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінен 108 101 мың теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінен 445 316 мың теңге сомасында.
Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
22-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 2006-2007 жылдардың жылыту маусымында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылатын энергия өндіруші ұйым үшін отын беру жөніндегі шығындарды өтеуге 2 000 000 мың теңге сомасында шығыстар көзделгені ескерілсін.
23-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы облысының бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру және денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық жағынан күшейту үшін 2 000 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
2007 жылы Алматы облысы мен Алматы қаласының республикалық бюджет қаражаты есебінен сейсмикалық жағынан күшейтілуге тиіс білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкімeті айқындайды.
24-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық меншіктегі сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желілерінің жұмыс істеуіне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік қолдау көрсетуге 300 000 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
25-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға 21 971 092 мың теңге сомасында шығындар, оның ішінде:
ауылдық (селолық) жерлердің денсаулық сақтау ісінде ұтқыр және телемедицинаны дамытуға - 528 356 мың теңге;
мыналарға нысаналы даму трансферттері:
ауылдық (селолық) елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау объектілерін салуға және реконструкциялауға - 6 380 000 мың теңге;
ауылдық (селолық) жерлердің білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға - 8 613 810 мың теңге;
ауылдық (селолық) жерлердің денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға - 6 448 926 мың теңге көзделсін.
Аталған нысаналы даму трансферттері қаражатының есебінен 2007 жылы салынуға және реконструкциялануға тиіс ауылдық (селолық) жерлердің білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен жабдықтау объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
26-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетіне қалаларда білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектілерін салуға 11 019 674 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
2007 жылғы республикалық бюджет қаражаты есебінен салынуға және реконструкциялануға тиіс қалалардағы білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
27-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға арналған шығыстарының құрамында 1 569 080 мың теңге, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын тәртіппен мыналарға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға:
ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 158 194 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына арналған жабдықтардың қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 10 886 мың теңге;
өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруды қолдауға - 300 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға - 1 000 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялауға - 100 000 мың теңге көзделсін.
28-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Шығыс Қазақстан облысының облыстық бюджетіне «Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Ертіс өзені арқылы көпір салу» жобасы бойынша қосылған құн салығының орнын толтыру үшін 752 201 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
Қосылған құн салығының орнын толтыру қосылған құн салығының төленуі жөніндегі растайтын құжаттар ұсыну фактісі бойынша жүргізіледі.
29-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылға арналған резерві 16 837 035 мың теңге сомасында бекітілсін.
30-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 30 000 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
Аталған нысаналы даму трансферттерін бөлуді және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
31-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша тұрғын үй салуға кредит беруге 22 000 000 мың теңге көзделсін.
32-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшаларына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын төлеуге 346 700 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.