5710 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)», мұнда есепті кезең ішіндегі ұйымның қорытынды пайдасы (қорытынды залалы) көрсетіледі, сондай-ақ есепті кезеңдегі түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытылады.
9-тарау. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары
49. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған.
6 «Кірістер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
6000 - «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс»;
6100 - «Қаржыландырудан алынатын кірістер»;
6200 - «Өзге де кірістер»;
6300 - «Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер»;
6400 - «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі».
Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына жабылады.
50. 6000 «Өнімді сатудан және қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс» кіші бөлімі өнімді сатудан және қызметтерді көрсетуден түсетін кірістерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6010 - «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс», мұнда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6020 - «Сатылған өнімді қайтару», онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6030 - «Бағадан және сатудан жеңілдіктер», мұнда бағадан немесе сатудан жеңілдік ұсынумен байланысты операциялар көрсетіледі.
51. 6100 - «Қаржыландырудан түсетін кіріс» кіші бөлімі қаржыландырудан түсетін кірісті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6110 - «Сыйақылар бойынша кірістер», мұнда қаржылық активтер, мысалы депозиттер, берілген қарыздар бойынша кірістер алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6120 - «Дивидендтер бойынша кірістер», мұнда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6130 - «Қаржылық жалдау бойынша кірістер», мұнда қаржылық жалдауға берілген активтер бойынша кірістер алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6140 - «Жылжымайтын мүлікке инвестициялармен операциялардан алынатын кірістер», мұнда жалдау төлемдерін немесе капитал құнының өсуінен кірістерді немесе екеуін де алу мақсатында иелігіндегі (жалдау шарты бойынша иесінің немесе жалға алушының) жылжымайтын мүліктен (жер, ғимарат, немесе олардың бөлігі) кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6150 - «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», мұнда қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден кірістерді алумен байланысты операциялар немесе оның өзгеруін кіріс ретінде тани отырып пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер көрсетіледі;
6160 - «Қаржыландырудан түсетін -зге де кірістер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.
52. 6200 - «Өзге де кірістер» кіші бөлімі басқа да кірістерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6210 - «Активтердің шығарылуынан түсетін кірістер», мұнда мынадай активтерді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6220 - «Өтеусіз алынған активтерден түсетін кірістер», мұнда өтеусіз алынған активтерге байланысты операциялар көрсетіледі;
6230 - «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер», мұнда мемлекеттік субсидиялардан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6240 - «Қаржылық емес активтер бойынша құнсызданудан залалды қалпына келтіруден түсетін кірістер», мұнда қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болатын залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер көрсетіледі;
6250 - «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», мұнда есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсету нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6260 - «Операциялық жалдаудан түсетін кірістер», мұнда операциялық жалдауға берілген активтер бойынша кірістер алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6270 - «Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», мұнда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6280 - «Қаржылық активтер бойынша құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер», мұнда қаржылық активтің құнсыздануынан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер есепке алынады;
6290 - «Өзге кірістер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге де кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.
53. 6300 - «Тоқтатылатын қызметпен байланысты кірістер» кіші бөлімі тоқтатылатын қызметке байланысты кірістерді есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
6310 - «Тоқтатылатын қызметпен байланысты кірістер», мұнда өткізілген активтерден кірістер алумен байланысты операциялар немесе тоқтатылатын қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша есептер көрсетіледі.
54. 6400 - «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6410 - «Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі», мұнда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың пайдасының үлесі есепке алынады;
6420 - «Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі», мұнда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың пайда үлесі есепке алынады.
10-тарау. 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары
55. 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары шығыстарды есепке алуға арналған.
7 «Шығыстар» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
7000 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»;
7100 - «Өнімді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар»;
7200 - «Әкімшілік шығыстар»;
7300 - «Қаржыландыруға арналған шығыстар»;
7400 - «Өзге де шығыстар»;
7500 - «Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар»;
7600 - «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалдағы үлесі»;
7700 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар».
Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына жабылады.
56. 7000 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» кіші бөлімі сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
7010 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны», мұнда сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны есепке алынады.
57. 7100 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» кіші бөлімі өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстарды есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
7110 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» онда өнімдерді сатумен және қызметтер көрсетумен байланысты шығыстар есепке алынады.
58. 7200 - «Әкімшілік шығыстар» кіші бөлімі әкімшілік шығыстарды есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
7210 - «Әкімшілік шығыстар», мұнда өндірістік процеспен байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстар есепке алынады.
59. 7300 - «Қаржыландыруға арналған шығыстар» кіші бөлімі қаржыландыруға арналған шығыстарды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7310 - «Сыйақылар бойынша шығыстар», мұнда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;
7320 - «Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар», мұнда қаржылық жалға алынған активтер, мысалы негізгі құралдар бойынша шығыстар көрсетіледі;
7330 - «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден болатын шығыстар», мұнда қаржылық активтің әділ құнының немесе әділ құн бойынша бағаланатын міндеттеменің өзгеруінен болатын шығыстар көрсетіледі;
7340 - «Қаржыландыруға арналған өзге де шығыстар», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген қаржыландыруға арналған өзге де шығыстар көрсетіледі.
60. 7400 - «Өзге де шығыстар» кіші бөлімі әдеттегі қызмет процесіне қарамастан туындайтын өзге де өндірістік емес шығыстарды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7410 - «Активтерді шығару бойынша шығыстар», мұнда активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару бойынша шығыстар, мысалы негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару бойынша шығыстар, демонтаж бойынша шығыстар есепке алынады;
7420 - «Қаржылық емес активтердің құнсыздануынан шығыстар», мұнда қаржылық емес активтердің құнсыздануынан шығыстар есепке алынады;
7430 - «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», мұнда шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда, ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылғандардан немесе алдыңғы қаржылық есептерде ұсынылғандардан ерекше бағамдар бойынша ұйымның монетарлық баптарын өтеу кезінде немесе есептілікте монетарлық баптарды ұсыну кезінде туындайтын бағамдық айырма бойынша шығыстар есепке алынады;
7440 - «Дебиторлық берешектің құнсыздануы бойынша шығыстар», мұнда дебиторлық берешектің құнсыздануы бойынша шығыстар есепке алынады;
7450 - «Операциялық жалдау бойынша шығыстар», онда операциялық жалдау бойынша шығыстар есепке алынады;
7460 - «Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар», мұнда биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар есепке алынады;
7470 - «Қаржы құралдарының құнсыздануынан болатын шығыстар» қаржы құралдарының құнсыздануынан болатын шығыстар есепке алынады;
7480 - «Өзге шығыстар», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге де шығыстар есепке алынады.
61. 7500 - «Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар» кіші бөлімі тоқтатылатын қызметпен байланысты шығыстарды есепке алуға арналған мынадай шотты қамтиды:
7510 - «Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар», мұнда тоқтатылатын қызметпен байланысты өткізілген активтер немесе міндеттемелер бойынша есеп айырысулар бойынша шығыстар есепке алынады.
62. 7600 - «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлесті көрсетуге арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7610 - «Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес», мұнда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес есепке алынады;
7620 - «Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес» мұнда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес есепке алынады.
63. 7700 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар» кіші бөлімі корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстарды есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
7710 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар», мұнда корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар есепке алынады.
11-тарау. 8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары
64. 8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары ұйымдардың өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады.
8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
8100 - «Негізгі өндіріс»;
8200 - «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары»;
8300 - «Қосалқы өндірістер»;
8400 - «Жүкқұжат шығыстары».
65. 8100 «Негізгі өндіріс» кіші бөлімі негізгі өндіріс шығындарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
8110 - «Негізгі өндіріс», мұнда негізгі өндіріске арналған шығындар, оның ішінде шикізат пен материалдардың шығысы, тікелей негізгі өндірістегі қызметкерлердің еңбекақысы және еңбекақысының сомасынан аударымдар, негізгі өндіріске жатқызылған жүкқұжат шығыстар есепке алынады.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.03.06. № 531 бұйрығымен 66-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
66. 8200 «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары» кіші бөлімі өз өндірісінің жартылай фабрикаттарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
8210 - «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары», мұнда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығындар есепке алынады.
67. 8300 - «Қосалқы өндірістер» қосалқы өндіріс шығындарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
8310 - «Қосалқы өндірістер», мұнда ұйымның негізгі өндірісіне қатысты қосалқы болып табылатын өндірістердің шығындары есепке алынады.
68. 8400 - «Жүкқұжат шығыстары» кіші бөлімі жүкқұжат шығыстарын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
8410 - «Жүкқұжат шығыстары», мұнда негізгі және қосалқы өндірістер, сондай-ақ өз өндірісінің жартылай фабрикаттары бойынша жүкқұжаттар шығыстары көрсетіледі.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.03.06. № 531 бұйрығымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бухгалтерлік есеп шоттарының
үлгілік жоспарына
қосымша
| 1-бөлім. Қысқа мерзімді активтер |
1000 | Ақшалай қаражат |
1010 | Кассадағы ақшалай қаражат |
1020 | Жолдағы ақша қаражаты |
1030 | Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаражат |
1040 | Корреспонденттік шоттардағы ақшалай қаражат |
1050 | Жинақ шоттарындағы ақшалай қаражат |
1060 | Пайдаланылуы шектелген ақшалай қаражат |
1070 | Электрондық ақша қаражатын есепке алу |
1080 1090 | Өзге де ақшалай қаражат Ақшалай қаражаттың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
1100 | Қысқа мерзімді қаржылық активтер |
1110 | Қысқа мерзімді амортизациялық құн бойынша бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық активтер |
1120 | Қысқа мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер |
1130 | Қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қысқа мерзімді қаржылық активтер |
1140 | Туынды қаржы құралдар |
1150 | Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар |
1160 | Өзге қысқа мерзімді қаржылық активтер |
1170 | Қысқа мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері |
1200 | Қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
1210 | Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1220 | Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1230 1240 | Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1250 | Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1260 | Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
1270 | Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
1280 | Қысқа мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері |
1300 | Қорлар |
1310 | Шикізат және материалдар |
1320 | Дайын өнім |
1330 | Тауарлар |
1340 | Аяқталмаған өндіріс |
1350 | Өзге қорлар |
1360 1370 | Қорлардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері Қорларды қайтару құқығы бар актив |
1400 | Ағымдағы салықтық активтер |
1410 | Корпоративтік табыс салығы |
1420 | Қосылған құн салығы |
1430 | Өзге салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер |
1500 | Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
1510 | Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
1520 1530 1600 1610 1620 1630 | Сатуға арналған істен шығатын топтар Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің (немесе істен шығатын топтардың) құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері Биологиялық активтер Өсімдіктер Жануарлар Биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
1700 | Өзге қысқа мерзімді активтер |
1710 | Берілген қысқа мерзімді аванстар |
1720 | Алдағы кезеңдердің шығыстары |
1730 | Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтер |
1740 | Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
1750 | Өзге қысқа мерзімді активтер. |
| 2-бөлім. «Ұзақ мерзімді активтер» |
2000 | Ұзақ мерзімді қаржылық активтер |
2010 | Ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер |
2020 | Ұзақ мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер |
2030 | Ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер |
2040 | Туынды қаржы құралдар |
2050 | Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар |
2060 | Үлескерлік құралдар |
2070 | Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер |
2080 | Ұзақ мерзімді қаржылық активтің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
2100 | Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек |
2110 | Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі |
2120 | Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі |
2130 2140 | Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі |
2150 | Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі |
2160 | Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек |
2170 2180 | Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
2200 | Инвестициялар |
2210 | Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар |
2220 2230 | Бастапқы құны бойынша есепке алынатын инвестициялар Инвестициялардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
2300 | Инвестициялық жылжымайтын мүлік |
2310 | Инвестициялық жылжымайтын мүлік |
2320 | Инвестициялық жылжымайтын мүліктың амортизациясы |
2330 | Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
2400 | Негізгі құралдар |
2410 | Негізгі құралдар |
2420 | Негізгі құралдардың амортизациясы |
2430 | Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
2440 | Активті пайдалану құқығы |
2450 | Активті пайдалану құқығының амортизациясы |
2460 | Активті пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залал |
2500 | Биологиялық активтер |
2510 | Өсімдіктер |
2520 2530 2540 | Жануарлар Биологиялық активтердің амортизациясы Биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
2600 | Барлау және бағалау активтері |
2610 | Барлау және бағалау активтері |
2620 | Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы |
2630 | Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резерві |
2700 | Материалдық емес активтер |
2710 | Гудвилл |
2720 | Гудвиллдің құнсыздануы |
2730 | Өзге материалдық емес активтер |
2740 | Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы |
2750 | Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
2760 | Активті пайдалану құқығы |
2770 | Активті пайдалану құқығының амортизациясы |
2780 | Активті пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
2800 | Кейінге қалдырылған салықтық активтер |
2810 | Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер |
2900 | Өзге ұзақ мерзімді активтер |
2910 | Берілген ұзақ мерзімді аванстар |
2920 | Алдағы кезеңдердің шығыстары |
2930 | Аяқталмаған құрылыс |
2940 | Шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтер |
2950 | Шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтерің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
2960 | Шарттар бойынша шығындар |
2970 | Шарттар бойынша шығындар амортизациясы |
2980 | Шарттар бойынша шығындардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві |
2990 | Алдағы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді активтердің басқа топтары ескерілген өзге ұзақ мерзімді активтер. |
3-бөлім. «Қысқа мерзімді міндеттемелер» |
3000 | Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер |
3010 | Қысқа мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық міндеттемелер |
3020 | Қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық міндеттемелер |
3030 | Туынды қаржы құралдар |
3040 | Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек |
3050 | Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар |
3060 | Ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі |
3070 | Ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі |
3080 | Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер |
3100 | Салықтар бойынша міндеттемелер |
3110 | Төлеуге тиісті корпоративтік табыс салығы |
3120 | Жеке табыс салығы |
3130 | Қосылған құн салығы |
3140 | Акциздер |
3150 | Әлеуметтік салық |
3160 | Жер салығы |
3170 | Көлік құралдары салығы |
3180 | Мүлік салығы |
3190 | Өзге салықтар |
3200 | Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер |
3210 | Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер |
3220 | Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер |
3230 | Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер |
3240 | Басқа да еркін төлемдер бойынша өзге міндеттемелер |
3300 | Қысқа мерзімді кредиторлық берешек |
3310 | Өнім берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек |
3320 | Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек |
3330 3340 | Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек |
3350 | Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек |
3360 | Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек |
3370 | Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі |
3380 | Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек |
3400 | Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері |
3410 | Қысқа мерзімді кепілгерлік міндеттемелер |
3420 | Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер |
3430 | Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері |
3440 | Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері |
3500 | Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер |
3510 | Алынған қысқа мерзімді аванстар |
3520 | Алдағы кезеңдердің кірістері |
3530 | Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері |
3540 3550 | Шарттар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер Аралас қысқа мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы |
3560 | Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер. |
4-бөлім. «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» |
4000 | Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер |
4010 | Ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық міндеттемелер |
4020 | Ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық міндеттемелер |
4030 | Туынды қаржы құралдар |
4040 | Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек |
4050 | Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар |
4060 | Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер |
4100 | Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек |
4110 | Өнім берушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек |
4120 | Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек |
4130 4140 | Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек |
4150 | Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек |
4160 | Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек |
4200 | Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері |
4210 | Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер |
4220 | Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері |
4230 | Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері |
4240 | Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері |
4300 | Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер |
4310 | Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салық міндеттемелері |
4400 | Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер |
4410 | Алынған ұзақ мерзімді аванстар |
4420 | Алдағы кезеңдердің кірістері |
4430 4440 | Шарттар бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер Аралас ұзақ мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы |
4450 | Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер. |
5-бөлім. «Капитал мен резервтер» |
5000 | Жарғылық капитал |
5010 | Артықшылықты акциялар |
5020 | Қарапайым акциялар |
5030 | Салымдар мен пай |
5100 | Төленбеген капитал |
5110 | Төленбеген капитал |
5200 | Сатып алынған меншікті үлес құралдары |
5210 | Сатып алынған меншікті үлес құралдары |
5300 | Эмиссиялық кіріс |
5310 | Эмиссиялық кіріс |
5400 | Қосымша төленген капитал |
5410 | Негізгі ұйыммен өтеусіз операциялар бойынша қосымша төленген капитал |
5420 | Өзге операциялар бойынша қосымша төленген капитал |
5500 | Резервтер |
5510 | Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал |
5520 | Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв |
5530 | Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв |
5540 | Басқа жиынтық табыс арқылы әділ құн бойынша ескерілген қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв |
5550 | Қаржылық активтер бойынша залалға арналған резерв |
5560 | Шетел қызметі бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв |
5570 | Өзге резервтер |
5600 | Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) |
5610 | Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) |
5620 | Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) |
5700 | Қорытынды пайда (қорытынды залал) |
5710 | Қорытынды пайда (қорытынды залал). |
6-бөлім. «Кірістер» |
6000 | Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс |
6010 | Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс |
6020 | Сатылған өнімді қайтару |
6030 | Бағадан және сатудан жеңілдіктер |
6100 | Қаржыландырудан түскен кірістер |
6110 | Сыйақылар бойынша кірістер |
6120 | Дивидендтер бойынша кірістер |
6130 | Қаржылық жалдаудан түскен кірістер |
6140 | Жылжымайтын мүлікке инвестициялармен болатын операциялардан түскен кірістер |
6150 | Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер |
6160 | Қаржыландырудан түскен өзге кірістер |
6200 | Өзге кірістер |
6210 | Активтерді істен шығарудан түскен кірістер |
6220 | Өтеусіз алынған активтерден алынған кірістер |
6230 | Мемлекеттік субсидиялардан түскен кірістер |
6240 | Қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болатын залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер |
6250 | Бағам айырмасынан түскен кірістер |
6260 | Операциялық жалдаудан түскен кірістер |
6270 | Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер |
6280 | Қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер |
6290 | Өзге кірістер |
6300 | Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер |
6310 | Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер |
6400 | Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын ұйымның пайда үлесі |
6410 | Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі |
6420 | Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі. |
7-бөлім. «Шығыстар» |
7000 | Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны |
7010 | Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны |
7100 | Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар |
7110 | Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар |
7200 | Әкімшілік шығыстар |
7210 | Әкімшілік шығыстар |
7300 | Қаржыландыруға арналған шығыстар |
7310 | Сыйақылар бойынша шығыстар |
7320 | Қаржылық жалдау бойынша пайыз төлеуге шығатын шығыстар |
7330 | Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар |
7340 | Қаржыландыруға өзге шығыстар |
7400 | Өзге шығыстар |
7410 | Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар |
7420 | Қаржылық емес активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар |
7430 | Бағам айырмасы бойынша шығыстар |
7440 | Дебиторлық берешектің құнсыздануы бойынша шығыстар |
7450 | Операциялық жалдау бойынша шығыстар |
7460 | Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар |
7470 | Қаржы құралдардың құнсыздануынан болатын шығыстар |
7480 | Өзге шығыстар |
7500 | Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар |
7510 | Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар |
7600 | Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұйым залалының үлесі |
7610 | Қауымдастырылған ұйымдар залалының үлесі |
7620 | Бірлескен ұйымдар залалының үлесі |
7700 | Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар |
7710 | Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар. |
8-бөлім. «Өндірістік есептің шоттары» |
8100 | Негізгі өндіріс |
8110 | Негізгі өндіріс |
8200 | Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар |
8210 | Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар |
8300 | Көмекші өндірістер |
8310 | Көмекші өндірістер |
8400 | Жүкқұжат шығыстары |
8410 | Жүкқұжат шығыстары |