Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сотқа құрметтемеушілік білдіру мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; 2007 жылғы 22 мамырда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 30 мамырда “Егемен Қазақстан” және 2007 жылғы 29 мамырда “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2007 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 327-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
“1. Сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеуді анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасаған кезде төрағалық етуші сот отырысы залынан адамды шығарып жіберуге немесе сотты құрметтемеу фактісінің анықталғаны туралы жариялауға және кінәлі адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға құқылы. Шығарып жіберу айыптаушы мен қорғаушыдан басқа, процестің кез келген қатысушысына немесе өзге адамға қатысты жүргізілуі мүмкін. Әкімшілік жаза сотталушыға қолданылмайды.”;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
2) 351-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
“2. Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысушы басқа адамдарға деген қарым-қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді. Куәға, сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден, ал діни қызметшілерге - тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға да қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екені түсіндіріледі. Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған, бірақ айғақ беруге тілек білдірген адамдарға көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Куәға осы Кодекстің 82-бабында көзделген оның басқа құқықтары мен міндеттері де түсіндіріледі. Куә мынадай мазмұнда ант береді: “Сотқа іс бойынша өзіме белгілі болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты, барлық шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін.”. Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығының түсіндірілгені туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына тіркеледі.”;
3) 403-баптың екінші бөлігіндегі “ақшалай айып салу” деген сөздер “әкімшілік жаза қолдану” деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; 2007 жылғы 22 мамырда «Егемен Қазақстан» және “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 30 мамырда “Егемен Қазақстан” және 2007 жылғы 29 мамырда “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2007 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 179-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
“4. Сот тікелей сотта істі қарау барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған кезде кінәлі адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға құқылы.”;
2) 196-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
“1. Куәдан жауап алынғанға дейін төрағалық етуші куәнің жеке басын анықтайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған айғақтар беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Куәға, сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден, ал діни қызметшілерге тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға да қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екені түсіндіріледі. Куә мынадай мазмұнда ант береді: “Сотқа іс бойынша өзіме белгілі болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты, барлық шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін.”. Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығының түсіндірілгені туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына тіркеледі.”.
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; 2007 жылғы 22 мамырда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 30 мамырда “Егемен Қазақстан” және 2007 жылғы 29 мамырда “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2007 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 55-баптың бірінші бөлігі “жекелеген түрлері” деген сөздерден кейін “және осы Кодекстің ерекше бөлігінде көзделген басқа да құқық бұзушылықтар” деген сөздермен толықтырылсын;
2) 513-бап мынадай редакцияда жазылсын:
“513-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіру
1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтаруынан, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбауынан, сот үй-жайында тәртіп бұзуынан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ сотты және сотта белгіленген ережелерді құрметтемеушілікті анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздік) , —
ескерту жасауға не айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үштен бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бестен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.”;
3) 541-бапта:
бірінші бөлік “судьялары” деген сөзден кейін “, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда,” деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
“3. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан осы Кодекстің 513-бабында көзделген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерді қарайды.”;
4) 634-баптың үшінші бөлігі “кезден бастап” деген сөздерден кейін “, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісінің анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап” деген сөздермен толықтырылсын;
5) 639-баптың екінші бөлігі “жағдайларда да” деген сөзден кейін “және судья (сот) тікелей сот талқылауы барысында осы Кодекстің 541-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтаған кезде” деген сөздермен толықтырылсын;
6) 643-бапта:
бірінші абзац “Судья” деген сөздің алдынан “1.” деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
“2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстің 541-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерге қолданылмайды.”;
7) 647-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
“1-1. Сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы істі судья (сот) соттың бірінші, апелляциялық немесе қадағалау инстанциясындағы тікелей осы отырысында қарайды.”;
8) 648-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
“1-1. Төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтап, факті туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 8) және 10) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 513-бабында көзделген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.
Процеске қатысушы адамның тарапынан тікелей сот талқылауы барысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтау осы сот отырысының хаттамасында тіркеледі.”;
9) 655-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
“2-1. Судья (сот) сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша осы Кодекстің 648-бабы 1-1-бөлігінің тәртібімен шығарған қаулыға жоғары тұрған инстанциядағы сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша сот отырысында шығарған қаулысы қайта қаралуға жатпайды.”;
10) 656-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
“1-1. Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға осы Кодекстің 655-бабының 2-1-бөлігіне сәйкес шағым берілген, наразылық келтірілген жағдайда, сот отырысы хаттамасынан фактінің анықталуы бөлігіндегі көшірмені сот қаулыға қоса тіркейді.”;
11) 661-бап мынадай редакцияда жазылсын:
“661-бап. Судьяның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты судьяның жеке-дара қарауы
Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот судьясының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.
Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша соттың қаулысына судья (сот) осы Кодекстің 648-бабының 1-1-бөлігінде көзделген тәртіппен шығарған шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал осындай қаулыны апелляциялық немесе қадағалаушы сот инстанциялары шығарған жағдайда, жоғары тұрған инстанциядағы сот алқасы қарайды.”;
12) 663-баптың төртінші бөлігі “іс бойынша сот” деген сөздер “іс бойынша судья” деген сөздермен ауыстырылып, “іс бойынша судья” “жоғары тұрған соттың судьясы” деген сөздерден кейін тиісінше “(судья)”, “(жоғары тұрған инстанциядағы сот)” деген сөздермен толықтырылсын;
13) 672-бап мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
“Сондай-ақ судья (сот) осы Кодекстің 648-бабының 1-1-бөлігінде көзделген тәртіппен шығарған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар, Жоғарғы Сот алқасының қаулыларын қоспағанда, сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.”;
14) 673-бап “облыстық және оларға теңестірілген соттардың алқалары” деген сөздерден кейін “, ал осы Кодекстің 672-бабында көрсетілген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істер бойынша қаулыларды жоғары тұрған инстанциядағы сот алқасы” деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н.НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы маусымның 29-ы,
№ 270-ІІІ ҚРЗ