Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 Қаулысы
(2011.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1641 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.29.11. № 1385 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.29.11. № 1385 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2011.29.11. № 1385 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе)ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Археология және тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі 662 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., 28, 273-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 14 маусымдағы
№ 495 қаулысымен
бекітілген
Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру
жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі
ҚР Үкіметінің 2011.29.11. № 1385 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 14 маусымдағы
№ 495 қаулысымен
Бекітілген
Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі лицензияны алуға өтініш берушілер үшін:
жоғары білімі (археология, тарих) және археология саласында кемінде үш жыл тиісті жұмыс өтілі бар ғылыми жетекшілердің;
тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың;
тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстар жөніндегі жобалардың;
өтініш берушінің тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымдық хатының;
2) тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензияны алуға өтініш берушілер үшін: жоғары немесе арнайы орта білімі (сәулет, қалпына келтіру) және тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар ғылыми жетекшілердің;
тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын мамандандырылған жабдықтардың;
тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-келтіру жұмыстары жобаларының болуын қамтиды.