Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 460 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 117 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 5 маусымдағы
№ 460 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін
жеке тұлғалардың дербес деректерінің
тізбесі
| Р/с № | Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің атауы |
| 1. | Тегі |
| 2. | Аты |
| 3. | Әкесінің аты |
| 4. | Тегі мен атының транскрипциясы |
| 5. | Туу туралы мәліметтер: туған күні; туған жері |
| 6. | Ұлты |
| 7. | Жынысы |
| 8. | Отбасылық жағдайы |
| 9. | Азаматтығы туралы мәліметтер: азаматтығы (бұрынғы азаматтығы); Қазақстан Республикасы азаматтығын алған күні; Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан күні |
| 10. | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |
| 11. | Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті) |
| 12. | Қолы |
| 13. | Заңды мекен-жайы, заңды мекен-жайын тіркеген (тіркеуден шығарған) күні |
| 14. | Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы; құжаттың нөмірі; құжатты берген күні; құжаттың қолданылу мерзімі; құжатты берген орган |