ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 21-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 21-бап толықтырылды
21-бап. Санкция
1. Прокурор жазбаша түрде:
1) қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген немесе айып тағылған адамды қамауға алуға;
2) қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайларда тiнтуге;
3) айып тағылған адамды қызметтен шеттетуге, сезiк келтiрiлген немесе айып тағылған адамды сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге орналастыруға;
4) Конституциямен және заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтiмдерi құпиясына, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұғылмау құқығына қатысты жедел-iздестiру шаралары мен тергеу әрекетiн жүргiзуге;
5) шетелдiктердi әкiмшiлiк тәртiппен аластау үшiн ұстауға;
5-1) бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау мен жазып алуға, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулерді тыңдау мен жазып алуға;
5-2) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын қоспағанда) банктiк құпиясы бар құжаттарға қол жеткізуге;
5-3) жеке және заңды тұлғалардың банктердегi ақшасы мен басқа да мүлкiне тыйым салу мен жеке және заңды тұлғалардың банк (корреспонденттiктен басқа) шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
5-4) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға;
6) тiкелей заңмен көзделген өзге жағдайларда санкция (келісім) бередi.
2. Көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға санкция берудi немесе оны беруден бас тартуды прокурор санкция сұрауға негiз болған материалдарды зерделегеннен кейiн лауазымды адамның қаулысына қарар түрiнде немесе өзге жазбаша нысанда жиырма төрт сағаттың iшiнде ресiмдейдi.
3. Адамның және азаматтың бостандық құқықтарын шектеуi мүмкiн жедел-iздестiру және өзге қызмет мәселелерi жөніндегі ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына келісім бередi.
22-бап. Нұсқау
1. Прокурор:
1) қылмыстық iстердi қозғау мен тергеу жүргiзуге байланысты анықтама және тергеу органдарына;
2) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға;
3) заңмен белгiленген өзге де жағдайларда нұсқау бередi.
2. Республика Бас Прокурорының жедел-iздестiру қызметi, анықтама және тергеу мәселелерi жөніндегі нормативтiк сипаттағы нұсқауын барлық тергеу және анықтама органдары, жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар орындауға мiндеттi.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Өтiнiш
1. Прокурор заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптық өтiнiш жасауға хақылы.
2. Прокурорлық қадағалау актілері қабылданбаған немесе олар заңда белгiленген мерзiмде қаралмаған жағдайларда прокурор органдар мен лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi мен актілерін жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ заңды бұзушылықты болдырмау туралы сотқа өтiнiш беруге құқылы. Прокурор наразылық келтiрiлген актiнiң күшiн арызды сот қарағанға дейiн өз қаулысымен тоқтата тұруға құқылы.
3. Сотқа берiлген прокурорлық қадағалау актілерінiң қабылданбауына немесе қараусыз қалдырылуына байланысты өтiнiштi сот заңда белгiленген тәртiппен қарайды.
4. Прокурордың өтiнiшiне мемлекеттік баж бен өзге де алымдар салынбайды.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Ұйғарым
1. Заңды бұзушылықты жою туралы жазбаша ұйғарымды прокурор енгiзедi және оны заңды бұзуға жол берген органға немесе лауазымды адамға, не жiберiлген заң бұзушылықты жоюға өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға жiбередi. Егер заңды бұзу ашық сипатта болып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн болған және ол дереу жойылмайтын болған жағдайда, ұйғарым енгiзiледi. Ұйғарымды нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзуге болмайды.
2. Ұйғарымда Конституцияның, заңдар мен Республика Президентi актілерінiң бұзылған нормалары көрсетiлiп, құқық бұзушылықтың сипаты мен заң бұзушылықты жою жөніндегі шаралар туралы нақты ұсыныстар болуға тиiс.
3. Ұйғарым прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындалуға тиiс. Ұйғарымның орындалуы туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың ұйғарымын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Ұйғарымға жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Ұйғарымға шағымның берiлуi оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
5. Жоғары тұрған прокурор немесе сот шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн ұйғарымның орындалуын тоқтата тұра алады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Ұсыныс
1. Прокурор өз құзыретi шегiнде:
1) заңдылықты бұзуды болдырмау туралы;
2) қылмыс жасауға және басқа тәртiп бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қол сұғылмау құқығы бар адамдарды одан айыру мәселелерi бойынша;
4) заңда белгiленген өзге жағдайларда ұсыныс енгiзедi.
2. Ұсынысты лауазымды адам немесе орган заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы шараларды мiндеттi түрде қабылдай отырып, бiр ай мерзiмде қарауға тиiс. Прокурор ұсынысты қарауға қатысуға хақылы. Ұсынысты қараудың нәтижелерi және қолданылған шаралар туралы прокуратураға хабарланады.
26-бап. Заңды түсiндiру
1. Органның немесе лауазымды адамның не азаматтың заңдарды бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi салдарынан оларды дұрыс қолданбауға әкелiп соғатын жеткiлiктi негiздер бар деп санаған ретте, прокурор заңның мазмұнын, ал қажет болған жағдайда заңды бұзғаны үшiн көзделетiн жауапкершiлiктi түсiндiредi.
2. Құқықтық актiнiң жобасы заңға сәйкес келмеген жағдайда прокурор актiнi қабылдайтын органға немесе лауазымды адамға заңның талабын түсiндiредi.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 26-1-баппен толықтырылды
26-1-бап. Прокурордың құқықтық актілерін мәжбүрлеп орындату шаралары
1. Прокурордың қаулылары мен ұйғарымдарын өз еркiмен орындамаған жағдайда, ол мүлкiнен мәжбүрлеп айыруды көздейтiндерiн қоспағанда, прокурордың талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығаруға және оны орындау үшiн уәкiлеттi мемлекеттік органдарға жiберуге құқылы.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар прокурордың тиiстi қаулысын алған бойда оны орындауға дереу шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Лауазымды адамдар, азаматтар айғақтар беру үшiн прокуратура органдарына келуден бас тартқан жағдайда, прокурор ондай адамды прокуратура органдарына жеткізу (күштеп әкелу) туралы қаулы шығаруға құқылы, оны жиырма төрт сағат iшiнде iшкi iстер органдары орындайды.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 27-бап өзгертілді
27-бап. Прокурорлық қадағалау актілерін жариялау
Өз қызметiнiң жариялылығын қамтамасыз ету үшiн прокуратура органдары адамның және азаматтың конституциялық және заңмен қорғалатын өзге де құқықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн бұзған органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне прокурорлық қадағалау актілерін мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай алады.
4 тарау
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының,
заңды тұлғалардың және мемлекеттiң мүдделерiнiң сақталуын
қадағалау
28-бап. Қадағалаудың мiндеттерi
1. Қадағалаудың мiндеттерi:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актілері мен iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкес келуiн қамтамасыз ету;
2) заңдылықтың кез келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру шараларын қолдану болып табылады.
2. Прокуратура басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайды және ұйымдардың қызметi мен азаматтардың жеке өмiрiне араласпайды.
09.08.02 ж. № 346-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 29-бап өзгертілді
29-бап. Прокурордың өкiлеттiгi
1. Қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:
1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыруға және олардан айғақтар алуға;
2) қызметтiк куәлiгiн көрсетiп, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың аумағы мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
2-1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi жөнiнде банктерден жеке және заңды тұлғалардың операциялары мен шоттары бойынша коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып саналатын мәлiметтердiң жариялануға болмайтын талаптарын сақтай отырып, мәлiметтер алуға;
2-2) жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында құзыреттi органдардан жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырып, олардың нәтижелерi туралы хабар берiп отыруды талап етуге;
3) басшылардан және басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жай-күйi және оны қамтамасыз ету жөніндегі қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық деректердi алуға;
4) тексерiске қатысу және қорытынды беруi үшiн мамандарды тартуға;
5) прокуратураға түскен материалдарға, арыздарға өзiнiң құзыретiне сәйкес тексерiс жүргiзудi талап етуге және бұлардың нәтижелерi туралы хабарлауды мiндеттеуге;
6) қауiпсiздiктi және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн тексерiстi жүзеге асыруға басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн тартуға;
6-1) сараптамалар тағайындауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да тексерiс әрекеттерiн жасауға құқылы.
2. Тексерiс нәтижелерi бойынша прокурор:
1) наразылық енгiзедi;
2) заң бұзушылықты болдырмау жөнiнде ұйғарым бередi;
3) қылмысты iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындау, жеткізу (күштеп әкелу) жөнiнде қаулы шығарады, материалдық залалдың өтелу шараларын қолданады;
4) адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда заңдардан басқа заңсыз актiнiң күшiн тоқтата тұрады;
5) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары енгiзген тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе алып тастайды;
6) мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен олардың заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауды соттан өтiнедi;
7) органға немесе лауазымды адамға заңдылықты бұзуды болдырмау туралы ұсыныс енгiзедi.
5 тарау
Сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Прокурордың сотта iс қараудағы құзыретi
1. Қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот iсiн жүргiзу барысында сотта мемлекет мүддесiн бiлдiре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық iстер жүргiзу, азаматтық iстер жүргiзу және өзге де заңдарына сәйкес шағым (кассациялық) және қадағалау тәртібімен өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
2. Соттың (судьяның) iс бойынша шешiмiмен, үкімімен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессiздiгi немесе негiзсiздiгi себептi келiспеген жағдайда, прокурор iстi қайта қарау немесе құқықтық актiнiң күшiн жою не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы.
31-бап. Соттың заңды күшiне енбеген қаулыларына наразылық жасау
Прокурор өзiнiң iстiң сотта қаралуына қатысу-қатыспауына қарамастан, соттың (судьяның) заңды күшiне енбеген заңға сәйкес келмейтiн немесе негiзсiз шешiмiне, үкімі мен өзге де қаулысына жоғары тұрған сотқа наразылық беруге хақылы.
32-бап. Соттың заңды күшiне енген қаулыларына наразылық жасау
1. Прокурор соттың заңды күшiне енген шешiмдерi, үкiмдерi және өзге қаулылары бойынша iстердi өз құзыретiнiң шегiнде соттан талап етiп алдыруға хақылы.
2. Соттың заңды күшiне енген шешiмi, үкімі мен өзге қаулысы заңға сәйкес келмейтiн немесе негiзсiз болған жағдайда, прокурор қадағалау тәртібімен наразылық жасайды. Егер наразылық жасау оның құзыретiнiң шегiнен асып кететiн болса, онда тиiстi прокурор наразылық жасау жөнiнде жоғары тұрған прокурорға ұсыныс айтып, өтiнiш жасайды.
3. Прокурордың соттың заңды күшiне енген шешiмiне, үкімі мен өзге де қаулыларына наразылық жасау және орындалуын тоқтата тұру жөніндегі өкiлеттiгi заңмен айқындалады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 33-бап өзгертілді
33-бап. Республика Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулысына наразылық жасау
Республиканың Бас Прокуроры Республика Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулысының Конституцияға және заңдарға сәйкес келмеу негiздерi бойынша Республика Жоғарғы Сотының жалпы отырысына наразылық енгiзедi.
6 тарау
Жедел-iздестiру қызметiне қадағалау
34-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру, жедел-iздестiру шараларын жүргiзу барысында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға өкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен iс-әрекеттерiнiң заңдылығы қадағалаудың мәнi болып табылады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Прокурордың жедел-iздестiру қызметiнде заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiгi
Жедел-iздестiру қызметiне қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) жедел-iздестiру қызметiнiң тоқтатылған немесе жүргiзiлiп жатқан iстерiн, жедел-iздестiру қызметiнiң барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажеттi мәлiметтердi алады, бұған жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарда жасырын негiзде қызмет ететiн немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәлiметтер қосылмайды;
2) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың арнайы жедел-iздестiру шараларын өткізу заңдылығын тексередi;
3) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне жасалған шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;
4) жедел-iздестiру қызмет жүзеге асыратын органдар шығарған жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен өткізу тактикасын реттейтiн, Конституцияға, заңдарға және Республика Президентінің актілеріне қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
5) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырған кезде заңның, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда өзiнiң қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;
6) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырған кезде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер жөнiнде қылмыстық және тәртiптiк iс қозғау туралы қаулы шығарады;
7) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырған кезде заңды бұзудың анықталған фактілері бойынша прокурорлық қадағалаудың осы Заңда көзделген өзге де актілерін шығарады;
8) заңсыз ұсталған адамдарды босатады;
9) қажет болған кезде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар басшыларынан заң бұзушылықты жою мақсатында өздерiне бағынысты органдарда тексерiс жүргiзудi талап етедi;
10) заңдарда белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.
36-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлар
Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры және өзге прокурорлар заңдарда белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
7 тарау
Тергеу мен анықтама заңдылығына қадағалау
37-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi
Прокурор анықтама мен тергеу органдарының актілері мен қызметiнiң заңға сәйкестiгiне, жасалған қылмыстар және тергеу жүргiзу туралы өтiнiштер мен хабарларды шешудiң заңдарда белгiленген тәртібінiң сақталуына қадағалауды жүзеге асырады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 38-бап толықтырылды
38-бап. Прокурордың анықтама мен тергеу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiгi
1. Анықтама мен тергеудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) анықтама мен тергеу органдарынан тексерiс үшiн қылмыстық iстердi, жасалған қылмыстар, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаманың, тергеудiң барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәлiметтердi алады;
2) жасалған немесе әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы өтiнiштер мен хабарларды қабылдағанда, тiркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын тексередi;
3) қамауда ұстауға және қамауға алуға санкция бередi;
4) қажет болған жағдайларда қылмыстық iс қозғайды, қылмысты iстерге тергеу жүргiзу жөнiнде жазбаша нұсқаулар бередi;
5) тергеушiлер мен анықтама жүргiзушi адамдардың заңсыз қаулыларының күшiн жояды;
6) егер анықтама мен тергеу барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудiң заңсыз әдiстерiне жол берiлсе, кiнәлi адамдардың жауапкершiлiгi туралы мәселе қояды;
7) тергеу мен анықтама толық болмаған, сондай-ақ тергеу мен анықтама барысында заңдылықтың бұзылуына жол берiлгенi белгiлi болған жағдайларда, қылмыстық iстердi қосымша тергеуге қайтарады немесе оны толық көлемiнде не нақтылы адамдарға қатысты тоқтатады;
8) анықтама мен тергеу органдарынан келiп түскен қылмыстық iстердi түптеп қарау үшiн сотқа жiбередi;
9) қажет болған жағдайларда тергеу бөлiмшелерi мен анықтама органдары басшыларынан оларға бағынысты органдарда заңды бұзушылықты жою, қылмыстардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тексерiс жүргiзудi талап етедi;
10) анықтама жүргiзушi адамның, тергеушiнiң анықтама мен тергеу органдары басшыларының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне жасалған шағымдарды қарайды;
11) бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуға шешiм жасалған адамдарды қамауда ұстаудың заңдарда белгiленген тәртібі мен шартының сақталуын тексередi;
11-1) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға санкция бередi;
12) заңмен белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Прокурордың өз құзыретi шегіндегі нұсқаулары жазбаша нысанда берiледi және ол анықтама мен тергеу жүргiзетiн адам үшiн мiндеттi.
39-бап. Қамауға санкция беру
1. Қылмыс жасады деп сездiк туғызған немесе айып тағылған адамды қамауға алуға санкция беру құқығы Республиканың Бас Прокурорына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарларына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген басқа прокурорларға берiледi.
2. Прокурор анықтама мен тергеу органдары берген материалдарды зерделегеннен кейiн адамды қамауға алуға санкция бередi. Қажет болған жағдайларда прокурор iстiң мән-жайы бойынша санкция беру туралы мәселенi шешу үшiн санкция сұратылған адамнан жауап алуға хақылы.
3. Қамауға алуға санкция беруден бас тарту оның себептерi көрсетiле отырып, жазбаша баяндалады және оған шағым беруге болады.
8 тарау
Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалау
40-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi
Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды прокуратура:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде, сондай-ақ iстердi қарау мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жазалау шараларын белгiлеген кезде заңдардың дәл әрi бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз ету;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде адамның және азаматтың, лауазымды адамдар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру;
3) азаматтардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде жүргiзiлген iстерге байланысты кез келген актiге шағымдану құқығын қамтамасыз ету;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде заңдарды бұзуға кiнәлi адамдарға шара қолдану мақсатында жүзеге асырады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 41-бап өзгертілді
41-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiгi
Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдардан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәлiметтердi, құжаттар мен iстердi талап етуге;
2) құзыретiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мен жаза қолдану кiретiн лауазымды адамдар мен органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарауға;
3) азаматтарды әкiмшiлiк ұстау мен қамаудың заңдылығын, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа ықпал етудiң өзге де шараларының негiздiлiгiн тексеруге;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға қатысуға, өтiнiштер жасауға, iстi қарау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
5) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге;
6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдануға;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiнде iс жүргiзудi қозғауға;
8) заңда көзделген басқа да iс-әрекеттердi жасауға хақылы.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Прокурордың әкiмшiлiк iс жүргiзуде заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі актілері
Тексерiс нәтижелерi бойынша прокурор:
1) сотқа, өзге өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулыға немесе шешiмге наразылық енгiзуге;
2) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) iске қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;
3) уәкiлдi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе қарауындағы ұйымдарға тексеру жүргiзудi талап етуге;
4) заңмен белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тоқтатуға;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулының немесе шешiмнiң орындалуын тоқтата тұруға;
6) әкiмшiлiк жолмен заңсыз ұсталған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
7) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда өз мiндеттерiн орындауға байланысты өкiлеттi мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шараларды алып тастау туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға хақылы.
9 тарау
Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалау
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 43-бап өзгертілді
43-бап. Қадағалаудың мазмұны мен мәнi
Прокурор:
1) сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезiнде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығын;
2) аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгiленген тәртiбі мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын;
3) бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығын;
4) азаматтық , шаруашылық және өзге iстер жөніндегі сот шешiмдерiн атқару заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 44-бап жаңа 8-1) тармақшамен толықтырылды
44-бап. Прокурордың атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкiлеттiктерi
Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзыретi шегiнде:
1) адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейiрбандық тұрғыдан қарау жөнiнде Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бiрыңғай қолданылуын талап етуге;
2) азаматтың, мемлекеттiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы мен өтiнiштерi бойынша атқарушылық iстер жүргiзiлуiн талап етуге және тексеруге;
3) сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерiнде тексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға;