3) 38-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «жеке» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтағы «жеке» деген сөз алып тасталсын.
54. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат):
16-баптағы «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
55. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат):
20-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
56. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат):
13-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
57. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және еңбек туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-баптың 2-тармағындағы «өтемақы» деген сөз «өтемақы төлемдері» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2007 жылғы мамырдың 15-сі.
№ 253-III ҚРЗ