«Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 24 Қаулысы
(2007.16.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 10 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1673 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне жыл сайын, 15 маусымнан және 15 желтоқсаннан кешіктірмей Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі жыл сайын, 25 маусымнан және 25 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 24 қаулысымен
бекітілген
Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар, мың теңге 2005 2006 2007 | Қаржы- ландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Шетелде тұратын отандастарды қолдау мәселелерi
жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
1 | Тәуелсіз Мемлекет- тер Достасты- ғына мүше мемлекет- термен азаматтық алудың оңайлатыл- ған тәрті- бі туралы халықара- лық шарт- тардың жобаларын әзірлеу | Халық- аралық шарт- тардың жобала- ры | Еңбекмині (жинақтау), СІМ | Конта- гентпен келісім бойын- ша, 2006 жылдың екінші жартысы | Талап етілмейді | - |
2 | Көші-қон проблема- лары бойынша халықара- лық шарттардың жобаларын әзірлеу | Халық- аралық шарттың жобасы, ҚР Yкімет ҚХР Yкіметi арасында- ғы қоныс аудару процесін реттеу және қоныс аударушы- лардың құқықта- рын қорғау туралы келісім- нің жобасы | Еңбекминi (жинақтау), СІМ | Конта- гентпен (келі- сім бойынша | Талап етілмейдi | - |
3 | ҚР Үкіметінің 2007.16.02 № 117 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) |
4 | "Шетелде тұратын отандас- тардың жағдайы және олар- ды қолдау жөніндегі шараларды іске асы- ру" атты талдамалық баяндаманы дайындау | ҚР Үкіметіне ақпарат | МАСМ (жинақтау), Еңбекмині, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | Жыл сайын, 25 желтоқ- сан | 2005 ж.- 1350 2006 ж.- 1423 2007 ж.- 1423 | Респуб- ликалық бюджет |
2. Шетелде тұратын отандастармен тығыз экономикалық
қарым-қатынастар орнату үшін жағдай жасау
1 | Шетелде тұратын отандас- тардың әлеумет- тік эконо- микалық жағдайы жөнінде әлеуметтік зерттеулер (терең сұхбат) жүргізу: Ресей, Қытай, Орталық Азия, Еуропа елдері | ҚР Үкіметіне ақпарат | МАСМ (жинақтау), СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 25 желтоқ- сан 2006 жылғы 25 желтоқ- сан 2007 жылғы 25 желтоқ- сан | 2005 ж.- 1050 2006 ж.- 1260 2007 ж. - 2520 | Респуб- ликалық бюджет |
2 | Қазақ диаспора- сының бизнес өкілдері- мен сауда- экономика- лық байла- ныстарды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру | МАСМ-ға ақпарат | ИСМ (жинақтау), СІМ, Еңбекмині "Казинвест" ЖАҚ (келісім) бойынша | Жыл сайын 15 желтоқ- сан | Талап етілмейді | |
3 | Шетелде тұратын отандас- тардың экономика- лық әлеу- еті мен инвести- циялық мyдделерін ескере отырып, олардың капитал- дарын қатыстыра отырып, бірлескен кәсіпорын- дар құруға жәрдемдесу | Келісім- нің жобасы | ИСМ (жинақтау), СІМ | Жыл сайын, 4 тоқсан | Талап етілмейдi | |
3. Шетелде тұратын отандастармен тұрақты негізде
мәдени-гуманитарлық байланыстарды ұстау үшін жағдай жасау
1 | "Шетелдегі диаспора- ладың қалыптасу кезеңдері" атты әлеу- меттік зеттеулер жүргізу | ҚР Үкіметіне ақпарат | МАСМ (жинақтау), СІМ | 2005 жылғы 25 маусым 2007 жылғы 25 маусым | 2005 ж.- 1350 - 2007 ж. - 1350 | Респуб- ликалық бюджет |
2 | "Шетелдегі қазақ диаспора- сының жұмыспен қамтылу проблема- лары" атты әлеуметтік зерттеу жүргізу | ҚР Үкіметіне ақпарат | МАСМ (жинақтау), СІМ | 2006 жылғы 25 маусым | - 2006 ж.- 1260 - | Респуб- ликалық бюджет |
3 | ҚР Үкіметінің жанынан Шетелде тұратын отандас- тардың істері жөніндегі комиссияны құру | ҚР Үкіметі қаулысы- ның жобасы | МАСМ (жинақтау), СІМ, Еңбекмині, БҒМ, ҚР Парламенті- нің Көші-қон және отан- дастармен байланыс жөніндегі бірлескен комиссия (келісім бойынша), ДҚҚ (келісім бойынша) | 2005 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмейді | - |
4 | Шетелде тұратын отандас- тардың істері жөніндегі комиссия- ның жұмы- сын қамта- масыз ету | Бұйрық | МАСМ (жинақтау), СІМ | Жыл сайын 25 желтоқ- сан | 2005 ж.- 1094 2006 ж.- 1000 2007 ж. - 1000 | Респуб- ликалық бюджет |
5 | Қазақ диаспорасы тығыз орналасқан елдерде Қазақстан Республи- касының елшіліктер жанынан ұлттық мәдени орталық- тарды құру жөнінде ұсыныс енгізу | МАСМ-ға ұсыныстар | СІМ (жинақтау), ДҚҚ (келісім бойынша) | 2007 жылғы ақпан- тамыз | Талап етілмейді | - |
6 | "Туған тіл" мамандан- дырылған альманахын шығаруды ұйымдас- тыру | Бұйрық | МАСМ (жинақтау), СІМ, БҒМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | Жыл сайын, 2, 4 тоқ- сан | 2005 ж.- 3000 2006 ж.- 3150 2007 ж. - 3150 | Респуб- ликалық бюджет |
7 | Қазақ диаспорасы өкілдері- нің қатысуымен халықара- лық ақын- дар мүшәй- расын өткізу | Бұйрық | МАСМ (жинақтау), СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | Жыл сайын, 3 тоқ- сан | 2005 ж.- 1884 2006 ж.- 1878 2007 ж. - 1878 | Респуб- ликалық бюджет |
4. Шетелде тұратын отандастарды ақпараттық қамтамасыз ету
1 | "Мемлекет- тік сатып алу туралы" Қазақстан Республи- касы Заңының талаптары- на сәйкес "Caspio- net" спутниктік арнасының хабар таратуын қамтамасыз ету (жақын шетел аумағында, отандастар тығыз орналасқан жерлерде отандық түрлі жанрлы телерадио бағдарла- маларын, фильмдердi және өзге де өнімдi трансля- циялау | Бұйрық | МАСМ | Жыл сайын, 1 тоқ- сан | 2005 ж.- 440439 2006 ж.- 454428 2007 ж. - 454428 | Респуб- ликалық бюджет |
2 | Ресей Федерация- сының, Өзбекстан Республи- касының, Қырғызстан Республи- касының, Қытай Халық Республи- касының (Шыңжан- Ұйғыр автономия- лық ауданы) Қазақстан- мен шека- ралас облыстары- на теледидар және радио бағдарла- маларының таратылу аймағын кеңейту мәселеле- рін шешу жөніндегi жұмыс тобын құру | ҚР Премьер- Министрі- нің өкімі | МАСМ (жинақтау), СІМ | 2007 жылғы 2 тоқсан | Талап етілмейді | - |
3 | ТМД-ға мүше елдер аумағында баспа өнімдерін тарату үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақса- тында почта тарифтерін өзара төмендету- ге және мерзімдi басылымдар мен кітап өнімдерін жеткізу жөнінде жеңілдік- тер беруге бағыттал- ған келі- сімнің жобасын әзірлеу | Келісім- нің жобосы | МАСМ (жинақтау), ККМ, БҒМ, СІМ | 2006 жылғы 2 тоқсан | Талап етілмейді | - |
4 | Қазақ диаспора- сының өзекті мәселелерi жөніндегi әдебиет- терді әзірлеу және шығару | Бұйрық | МАСМ (жинақтау), СІМ | жыл сайын | 2005 ж.- 2860 2006 ж.- 3003 2007 ж. - 3000 | Респуб- ликалық бюджет |
5. Шетелде тұратын отандастарды Қазақстан Республикасының
оқу орындарында білім алуға дайындау үшін жағдай жасау
1 | Қазақ диаспорасы өкілдеріне жоғары оқу орындарына және олар- дың даяр- лық бөлім- деріне түсу үшін квота бөлу | МАСМ-ға ақпарат | БҒМ (жинақтау), СІМ | Жыл сайын, 15 маусым, 15 желтоқ- сан | 2005 ж.- 100082 2006 ж.- 101681 2007 ж.- 109777 | Респуб- ликалық бюджет |
2 | Алыс және жақын шет елдердегi қазақ мектепте- рін оқу- лықтармен, оқу-әдіс- темелік құралдар- мен қамта- масыз ету | МАСМ-ға ақпарат | БҒМ (жинақтау), СІМ | Жыл сайын, 15 маусым, 15 желтоқ- сан | 2005 ж.- 23228 2006 ж.- 17969 2007 ж.- 17969 | Респуб- ликалық бюджет |
3 | Қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін жеделдетіп үйрету жөніндегi сөздіктер- ді, оқу- лықтарды, оқу-әдіс- темелік құралдарды әзірлеу және шығару | Бұйрық | МАСМ (жинақтау), БҒМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | Жыл сайын, желтоқ- сан | 2005 ж.- 4260 2006 ж.- 3473 2007 ж. - 3473 | Респуб- ликалық бюджет |
6. Шетелдік қазақ диаспорасының бірігуіне жәрдемдесу
1 | Қазақтар- дың кішi құрылтай- ларын өткізу | ҚР Үкіметіне ақпарат | МАСМ (жинақтау), СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | Жыл сайын, 25 маусым | 2005 ж.- 1000 2006 ж.- 3000 | Респуб- ликалық бюджет |
2 | Қазақ диаспора- сының проблема- лары бойынша республи- калық (өңірлік) конферен- циялар, семинар- лар, кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізу | Бұйрық | МАСМ (жинақтау), СІМ, Еңбекмині, БҒМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | Жыл бойы | 2005 ж.- 7250 2006 ж.- 6000 2007 ж. - 5740 | Респуб- ликалық бюджет |
3 | Еуропа елдерінде тұратын қазақ жастарының өнер және спорт фестиваль- дерін өткізу | ҚР Үкіметіне ақпарат | МАСМ (жинақтау), СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2005 жыл, 2007 жыл 25 желтоқ- сан | 2005 ж.- 2742 - 2007 ж.- 2742 | Респуб- ликалық бюджет |
4 | Шетелде тұратын отандас- тардың халықтық шығармашы- лығы фестивалін өткізу | ҚР Үкіметіне ақпарат | МАСМ (жинақтау), СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша) | 2006 жылғы 25 желтоқ- сан | - 2006 ж.- 2385 | Респуб- ликалық бюджет |
| Жиыны: | | | | 2005- 591589 2006- 601910 2007- 608450 | |
*Ескертпе: 2007 жылға арналған республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес анықталатын болады.
МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі;
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
ЭБЖМ Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;
ДҚҚ - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.