Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 Қаулысы (2009.29.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
Корреспонденты на фрагмент
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) қызметін қамтамасыз ету органы болып белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Показать изменения
4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамы Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі оператор болып белгіленсін және мемлекеттік комиссияға ол туралы ережені бекіту ұсынылсын.
5. Іс-шаралар жоспарын іске асыруға тартылған мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар:
1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) апта сайын аптаның 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін;
3) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі ведомстволық іс-шаралар жоспарларын әзірлесін.
ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Показать изменения
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Мәсімов
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
ҚР Үкіметінің 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі№№ 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының
құрамы
Показать изменения
Шөкеев
Өмірзақ Естайұлы
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші
Показать изменения
Құсайынов
Марат Әпсеметұлы
- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Показать изменения
Әбенов
Арман Дәулетұлы
- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті инвестициялық саясат басқармасының бастығы, хатшы
Показать изменения
Қуанғанов
Фархад Шаймұратұлы
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы
Бектұров
Азат Ғаббасұлы
- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
Показать изменения
Евниев
Арман Қайратұлы
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Есқалиев
Ерхат Серікұлы
- Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі
Показать изменения
Құсдәулетов
Дулат Рашидұлы
- Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Показать изменения
Мағауов
Әсет Маратұлы
- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі
Показать изменения
Майлыбаев
Бағлан Асаубайұлы
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі
Показать изменения
Нүсіпова
Әсел Бекқызы
- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Показать изменения
Петров
Валерий Викторович
- Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Показать изменения
Сәдуақасова
Елдана Мәкінқызы
- Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі
Показать изменения
Смайылов
Әлихан Асханұлы
- Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы
- Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі
Әріпханов
Айдар Әбдіразақұлы
- Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары
Показать изменения
Байсынов
Мұрат Байсынұлы
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Показать изменения
Құдайбергенов
Ескендір Көпбосынұлы
- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары
Показать изменения
Мақажанов
Нығмеджан Қойшыбайұлы
- Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары
Показать изменения
Нұрпейісов
Дархан Қадырбайұлы
- Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Показать изменения
Омаров
Жаслан Ысқақұлы
- Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары
Показать изменения
Тәжіияқов
Бисенғали Шамғалиұлы
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Показать изменения
Ерғожин
Дәулет Еділұлы
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы
Показать изменения
Корбозов Қозы-Көрпеш
Жапарханұлы
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
Қуанышев
Дулат Оразбекұлы
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
Показать изменения
Бектұрғанов
Нұралы Сұлтанұлы
- «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Показать изменения
Камалиев
Берік Сайлауұлы
- «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Показать изменения
Перуашев
Азат Тұрлыбекұлы
- «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Показать изменения
Бисенғалиев
Берік Тұрсынбекұлы
- «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Құлыбаев
Тимур Асқарұлы
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Показать изменения
Мұратәлиев
Біржан Раушанұлы
- «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
2. Жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
2. Жұмыс тобының міндеттері мен функциялары
3. Жұмыс тобының міндеті «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
4. Жүктелген міндеттерге сәйкес жұмыс тобының функциялары:
1) мемлекеттік органдардың Іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - мемлекеттік бағдарлама) әзірлеу;
2) мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер;
3) Іс-шаралар жоспарының орындалу барысына тиісті түзетулер енгізу;
4) Іс-шаралар жоспарын іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың нақты нәтижелерге қол жеткізуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
5. Жұмыс тобы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:
1) орталық мемлекеттік және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан және өзге де ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) өз отырыстарында мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғаларының Іс-шаралар жоспарын орындау қорытындылары мен Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі есептерін тыңдауға;
3) серпінді жобалардың экономикалық және қаржылық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздік талаптары мен өлшемдеріне сәйкестігін бағалау үшін қосымша сараптау топтарын құруға құқылы.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
3. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру
6. Жұмыс тобын төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, жұмыс тобының отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс тобы жүзеге асыратын қызметке және жұмыс тобы әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын жұмыс тобы төрағасының орынбасары орындайды.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жұмыс тобының жұмыс органы болып табылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
8. Жұмыс тобының жұмыс органы жұмыс тобының жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
9. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет өткізіледі.
Жұмыс тобының төрағасы және оның орынбасары жұмыс тобының қарауына ұсынылған материалдардың негізінде жұмыс тобының жоспардан тыс отырыстарын шақырады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
10. Егер жұмыс тобының отырысында жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.
Жұмыс тобының мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
11. Жұмыс тобы мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға табыстауға құқығы жоқ.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
12. Жұмыс тобының отырыстары ашық болып табылады.
Төрағаның шешімі бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
13. Жұмыс тобының шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады және жұмыс тобының төрағасы немесе оның отырысты өткізген орынбасары қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
14. Жұмыс тобының төрағасы не оның орынбасары жұмыс тобы мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын белгілейді және нақтылайды.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
15. Жұмыс тобының отырыстарына жұмыс тобының мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар және өзге де тұлғалар шақырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с
№
Іс-шараның атауы
Іске асыру шаралары мен кезеңдері,
жауапты орындаушы, мерзімі
1
2
3
1. Мемлекеттік жоспарлау
1.
Экономиканы дамытудың параметрлерін болжамды-
нысаналы сүйемелдеуді қамтамасыз ету
Жауапты орындаушылар -
ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ,
АШМ, ККМ, ҰБ, Қоршаған-
ортамині, «Қазына» ОДҚ»
АҚ, «Самұрық» холдингі»
АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ
Аяқтау нысаны -
Қазақстан Республикасы-
ның экономикасын жаң-
ғырту жөніндегі мемле-
кеттік комиссияның хат-
тамалық шешімі (бұдан
әрі - Мемлекеттік
комиссия)
Орындау мерзімі - 2007
жылғы мамыр
1.1. Негізгі макроэкономикалық көрсет-
кіштердің, оның ішінде әлемдегі бәсе-
кеге барынша қабілетті елдердің ЖІӨ
мен жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің
даму серпініне талдау жүргізу және
олардың 2007-2015 жылдар кезеңіне
арналған болжамын әзірлеу
ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ,
Қоршағанортамині, 2007 жылғы сәуір -
мамыр
1.2. Қазақстанның ЖІӨ, жан басына
шаққандағы ЖІӨ бойынша, оның ішінде
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына кіруі
жөніндегі стратегиялық міндетке қол
жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі
құрауыштар мен жылдар бойынша бөлуде
2007 - 2015 жылдар кезеңіне арналған
нысаналы индикаторлар болжамын әзірлеу
ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ,
Қоршағанортамині, 2007 жылғы сәуір
- мамыр
1.3. Бәсекеге қабілеттіліктің өсу мін-
деттері аясында экономиканың дәйекті
жаңғыртылуын қамтамасыз ететін оның
нақты секторы салаларының жыл сайынғы
инвестициялық қажеттілігін болжамдау
ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, «Қазына»
ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ,
«ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы мамыр
1.4. Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық»
холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ-ның
негізгі инвестициялық параметрлері
мен олардың қызметінің нәтижелері
бойынша 2007 - 2015 жылдар кезеңіне
арналған аралық және соңғы көрсеткіш-
терінің нысаналы индикаторларының тіз-
бесін анықтау және болжамдау
ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ,
«Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК»
АҚ, 2007 жылғы мамыр
1.5. Әрбір мемлекеттік орган мен
ұйымның 2007 - 2015 жылдар кезеңіне
арналған макроэкономикалық көрсеткіш-
терге қол жеткізу мақсатында өсу қар-
қынының тиісті салалық индикаторларын
анықтауы
ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршаған-
ортамині, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық»
холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007
жылғы мамыр
1.6. Болжамды деректерді Мемлекеттік
комиссияның қарауына енгізу
ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ,
Қоршағанортамині, «Қазына» ОДҚ» АҚ,
«Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК»
АҚ, 2007 жылғы мамыр
2. Қазақстанның инвестициялық әлеуетін дамыту
2.
Қазақстанның инвести-
циялық әлеуетін сапалы
дамытуды сүйемелдеу
Жауапты орындаушылар -
ЭБЖМ, ИСМ, Әділетмині,
АШМ, ККМ, ЭМРМ, Еңбек-
мині, Қаржымині, ҰБ,
ҚНРА, СА, «Қазына»
ОДҚ» АҚ, «Самұрық»
холдингі» АҚ,»ҚазАгро»
ҰК» АҚ
Аяқтау нысаны -
Мемлекеттік комиссия-
ның хаттамалық шешім-
дерін іске асыру
Орындау мерзімі - 2007
жылғы желтоқсан
2.1. Қазақстандық даму институттары
мен ұлттық компаниялардың инвестиция-
лық бастамаларын шектейтін жүйелі
проблемаларды анықтау жөніндегі нор-
мативтік құқықтық база мен жарғылық
құжаттарға нысаналы талдау жүргізу
және осы институттардың инвестициялық
қызметін жандандыру үшін тиісті ұсын-
ыстар әзірлеу
ЭБЖМ, Әділетмині, ИСМ, АШМ, Қаржымині,
«Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі»
АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы
мамыр - шілде
2.2. Экономиканың шикізаттық емес
секторындағы жеткіліксіз инвестиция-
лық белсенділікке терең талдау жүргі-
зу және проблеманы шешуге арналған
шаралар кешені бойынша ұсыныстар
әзірлеу
ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, ДСМ, БҒМ,
ТСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық»
холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007
жылғы сәуір - маусым
2.3. Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі
жөніндегі міндеттерді шешу аясында
даму институттары мен өзге де ұйымдар-
дың инвестициялық мүмкіндіктерін баға-
лауды жүргізу
ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ,
«Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро»
ҰК» АҚ, 2007 жылғы мамыр
2.4. Қазақстандық даму институттары
мен ұлттық компаниялардың Ұлттық қор,
республикалық бюджет, зейнетақы жинақ-
тары, халықтың жинақтары бөлінісінде
капиталдануының өсу көздері мен әлеуе-
тіне талдау жүргізу
ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ, Еңбекмині,
ҚНРА, СА, 2007 жылғы сәуір - маусым
2.5. Керсетілген зерттеулердің нәтиже-
лерін және тиісті ұсыныстарды Мемле-
кеттік комиссияның қарауына енгізу
ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, Қаржымині,
Еңбекмині, Әділетмині, ҰБ, ҚНРА, СА,
«Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі»
АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы шілде
2.6. Жоғарыда көрсетілген мәселелер
бойынша экономиканы жаңғырту жөніндегі
мемлекеттік комиссияның хаттамалық
шешімдерін практикалық іске асыру
жөнінде шаралар қабылдау
ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, Қаржымині,
Еңбекмині, Әділетмині, ҰБ, ҚНРА, СА,
«Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі»
АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы
желтоқсан
3. Серпінді макрожобаларды іске асыру және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы»