Құқықтық статистика саласы бойынша әдiснаманы жетілдiру құқықтық статистикалық мәлiметтердiң шынайылығы проблемасын шешуге мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк және нормативтiк сипаттағы iс-шараларды бiлдiредi.
Кәсiпкерлік субъектілерiнiң қызметін тексерудi қоспағанда, мемлекеттік бақылаушы органдар жүргiзетiн барлық тексерулердi есепке алуды ұйымдастыру қажет.
Осы мiндеттердi шешу үшiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары мен субъектiлерi тиiсті нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын бiрлесiп әзiрлеуi көзделуде.
3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында, соның iшiнде Қазақстанда электронды үкiмет құру жүйесiнiң шеңберінде жаңа ақпараттық технологиялар енгізу
Ақпаратты қағазсыз өңдеу технологиясына көшу үшін мыналар қажет:
- бастапқы статистикалық есептіліктiң электронды нысандарын енгізу және оны телекоммуникациялар арналары бойынша жинау;
- арнайы есепке алуды электронды режимде жүргізу;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруды жүзеге асыру;
- қылмыстар және құқық бұзушылық туралы мәлiмдемелер мен хабарламаларды есепке алу мен тiркеу жөніндегі функцияларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына берудi ұйымдастыру.
Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесiнде құқықтық статистикалық ақпаратты электронды өңдеудi қамтамасыз ететiн жаңа ақпараттық технологиялар енгізу, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы бiрыңғай ақпараттық ресурстар құруға мүмкiндiк беру.
Жаңа ақпараттық технологияларға көшудi қамтамасыз ету мақсатында мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
Интернеттi және Интернет технологияларын қолданып құқықтық статистикалық ақпарат субъектiлерiнiң және пайдаланушыларының қашықтан пайдалану жүйесiн құру және олардың "Қазақстандағы электронды үкiмет" жүйесiне кiрiгуi;
- деректердi зияткерлік талдау технологияларын игеру;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алуға кiрген деректердiң шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу процестерiн толық қағазсыз негiзiне кезең-кезеңiмен көшу.
Сөйтіп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы жаңа технологияларды енгізу аудандық буынға дейiнгi құқықтық статистиканың әрбiр субъектiсiне бiрiктiрiлген деректер базасында қамтылған мәлiметтердi жедел жiберудi, сұратулардың орындалу уақытын едәуiр үнемдеуге, мұрағаттық және басқа да қағаз картотекасын ұстау жөнiндегі ресурстарды босатуға мүмкiндік бередi.
Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мен бiрыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды құру құқықтық статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға телекоммуникациялық қызмет көрсетудiң дамуына мүмкiндiк бередi.
4. Қоғамдағы құқықтық құбылыстарға кешендi мониторинг жүйесiн құру
Қоғамдағы құқықтық құбылыстарға кешендi мониторинг жүйесiн құру өзiне мақсаты - қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мен заңдылықты сақтау жөнiндегі құқық қорғау органдарының қызметiмен байланысты проблемалық мәселелердi анықтау, ахуалдың даму үрдiстерiн болжау және қабылданатын шаралардың пәрмендiлiгi мен тиiмдiлiгiн бағалау болып табылатын, елдегі және өңiрлердегі криминогендiк жағдайды егжей-тегжейлi зерттеудi қамтиды.
Елдегі заңдылық пен құқықтық тәртiптiк жай-күйiн кешендi талдау мен болжау жүйесiн жетiлдiру талап етедi:
- қылмыстылықтың мониторингі мен болжау ғылыми-талдау орталығын құру;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының, оның iшiнде өңiрлердегі қызметінiң түйiндi бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу зертханаларын құру;
- азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуiн бiрыңғай есепке алуды ұйымдастыру;
- құқықтық статистикалық ақпарат субъектілерi мен пайдаланушыларды тарту арқылы заңдылық және құқықтық тәртiптiң жай-күйi мәселелерi бойынша статистикалық байқаулар жүргiзу.
5. Қазақстанның мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесiн әлемдiк ақпараттық ортаға кiрiктiру, құқықтық статистикалық ақпаратты жариялау мен тарату жүйесiн жетiлдiру
Қазақстанның мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесiн әлемдiк ақпараттық ортаға кiрiктiру үшін мыналар қажет:
- дамыған елдерде жалпы қабылданған қылмыстылықтың жай-күйi мен заңдылықтың сақталуын бағалаудың статистикалық көрсеткiштерiн енгізу;
- статистикалық және талдамалық ақпаратты халықаралық тiлдерде жариялау;
- Интернет жүйесiндегі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "веб-сайтын" жетілдiру;
- барлық деңгейдегi пайдаланушыларды сапалы әрi қажетті құқықтық статистикалық ақпаратпен толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының полиграфиялық базасын құру және баспа қызметін жетілдiру;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы жарияланымдардың кеңейтiлген жүйесiн (сериясын) бекіту;
- құқықтық статистикалық көрсеткiштер мен нормативтік-анықтамалық ақпараттың бiрыңғай жүйесінің каталогын басып шығару;
- құқықтық статистикалық ақпаратты пайдаланушылар каталогын басып шығару.
Құқықтық статистикалық ақпараттың жалпыға бiрдей қол жетімдi деректерiн пайдаланушылардың құрамына мемлекеттік органдар, ғылыми және ғылыми-зерттеу ұйымдарынан басқа, мүдделi шетелдік ұйымдар, үкiметтiк емес және қоғамдық бiрлестіктер, жеке компаниялардың кiруi көзделуде.
6. Yздiксіз кәсiби білiм беру мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында кадрларды даярлау жүйесiн құру
Үздiксiз кәсiби білім беру мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында кадрларды даярлау жүйесi өзiне теориялық дайындықты, компьютерлiк сауаттылыққа үйретудi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу салалары бойынша сабақтас мамандықтарға зерделеудi, жоғары оқу орнынан кейiнгі дайындықты, мамандандыру мен біліктілік көтерудi қамтиды.
Көрсеткiштер, оларды есептеу әдiснамасы, статистикалық деректердi жинау, өңдеу, тарату және талдау әдiстерi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу процестерiн автоматтандыру жүйесi бөлiгiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алуды тиiсті реформалау бұл салада кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi жүйесiн әзiрлеу қажеттілігінен туындатады.
Бұл жүйенi дамыту тек құқықтық жоғары оқу орындарында олардың тиiсті бөлiмшелерiн (кафедраларын) ашуды, кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау орталықтарын құруды, тиiстi семинарлар өткізудi ғана қамтуы тиiс емес, сонымен қатар халықаралық тәжiрибенi, ең алдымен, ТМД елдерінің, Еуропалық Одақтың, АҚШ және басқа мемлекеттердiң қолда бар тәжiрибесiн зерттеудi талап етедi.
Бұл мiндеттi шешудегі аса маңызды iс-шара "Құқықтық статистика" мамандығы бойынша жоғары және орта арнаулы білім берудiң Мемлекеттік білім беру стандартын әзiрлеу, оның негізiнде үлгi оқу жоспарлары мен бағдарламалары әзiрленуi әрi енгiзiлуi, оқу-әдiстемелік әдебиет дайындалуы және басып шығарылуы тиiс.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кадрларды, сондай-ақ барлық деңгейдегі оқу орындарының оқытушыларын даярлау әрi қайта даярлау қамтамасыз етілуi тиiс.
Бұдан басқа құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметкерлерiн оқыту әрi олардың біліктілігін арттырудың маңызы зор. Бұл үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы С.Есқараев атындағы Заңдылық, құқықтық тәртiп проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары кадрларының бiліктілiгін арттыру институтымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті базасында Ғылыми-әдiстемелiк әзiрлемелер мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары кадрларының біліктiлігін арттыру орталығын құру көзделуде.
Осы мақсатта мынадай бiрқатар iс-шараларды орындау қажет:
- елдiң мемлекеттік жоғары заң оқу орындарында (ЖОО) құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша бөлiмшелер (кафедралар) ашу;
"Құқықтық статистика" мамандығы бойынша жоғары және орта арнаулы білім берудiң Мемлекеттік білім беру стандартын әзiрлеу;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша үлгi оқу жоспарлары мен бағдарламалар әзiрлеу, оқу-әдiстемелiк әдебиеттi басып шығару;
- Ғылыми-әдiстемелiк әзiрлемелер мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары кадрларының біліктілігін арттыру орталығын құру;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы С.Есқараев атындағы Заңдылық, құқықтық тәртiп проблемаларын зерттеу
және прокуратура органдары кадрларының біліктiлігін арттыру институтының базасы негізiнде "Құқықтық статистика" кафедрасын ашу.
7. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы халықаралық тәжірибенi зерттеу
Республикадағы құқықтық статистика және арнайы есепке алуды реформалау, статистикалық көрсеткiштер жүйесiн халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру жөнiнде қадамдар жасау, сондай-ақ қылмыстылыққа қарсы күрес және заңдылықты нығайтуға жәрдемдесетiн жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ұйымдармен және ТМД, Қытай, Оңтүстік-Батыс Азия мемлекеттерiнiң ұлттық құқықтық статистика қызметтерiмен тұрақты өзара iс-қимылды және жан-жақты ынтымақтастықты ұйымдастыру зор маңызға ие болады.
Қазiргі уақытта, өңiрде трансшекаралық терроризмге, қылмыстың ұйымдасқан нысандарына, нашақорлық қылмыстарына, қару мен оқ-дәрi саудасына, адамдар трафигіне қарсы iс-әрекет жасау түйiндi мәселесi өткiр қойылуда.
Осыған байланысты, құқық қорғау органдарының арасында тек арнайы есепте тұрған адамдарға қатысты ғана емес, сонымен қатар талдау және әдістемелiк сипаттағы жедел ақпарат алмасу мәселелерiн шешу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі аспектісi болып табылады.
Бұл үшiн автоматтандыру, бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және сатып алу, талдамалық ақпаратты алмасу мәселелерi бойынша Ресей Федерациясының IIM БАО-мен ынтымақтастықты кеңейту көзделуде. Ғылыми және әдiснамалық ынтымақтастық саласында Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының жанындағы Заңдылық пен құқықтық тәртiптi нығайту ҒЗИ-мен, статистикалық деректер алмасу жөнiнде - Армения Республикасы Бас прокуратурасымен байланыс орнатылды.
Алайда, қылмыстылыққа қарсы күрес, қылмыскерлердің ұрланған мүліктi, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды iздестіру және мәйiтті тану мәселелерi бойынша iс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі кең ауқымды жобаларды iске асыру үшiн, тек тиiсті ведомстволар басшыларының саяси шешiмi ғана емес, сонымен қатар осындай ақпарат алмасу жөніндегi мемлекетаралық орталық құру, статистикалық есептiктiң мемлекетаралық нысандарын келiсу мәселелерiн шешу, мемлекетаралық конференциялар өткізуге, практиканы зерделеу мен тәжiрибе алмасуға тиiсті бюджет қаражатын бөлу қажет. Ынтымақтастықтың осындай түрлерiн ТМД шеңберiндегі (ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестiру Кеңесi арқылы) құқық қорғау органдарының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының бiрлескен күш-жiгерiмен жолға қою жоспарлануда.
Бұдан басқа, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы дамыған мемлекеттердiң тәжiрибесiн зерделеу мақсатында АҚШ Әдiлет министрлігі Сот статистикасы бюросымен және Федералдық тергеу бюросының статистикалық қызметiмен, Еуроодақ, Азия-Тынық мұхит өңiрi елдерiнің құқық қорғау және құқықтық статистика органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен байланыс орнату көзделуде.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында дамыған елдердiң тәжiрибесiн зерттеу мақсатында мыналар көзделедi:
- автоматтандыру, бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және
сатып алу, талдамалық ақпаратты алмасу мәселелерi бойынша Ресей Федерациясы IIМ БАО-мен ынтымақтастықты кеңейту;
- ТМД, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен статистикалық және құқықтық талдау ақпаратын және арнайы есепке алу мәлiметтерiмен алмасуды ұйымдастыру;
- ТМД елдерiнің құқықтық статистикалық ақпаратпен алмасу жөнiндегі мемлекетаралық орталығын құру;
- құқық қорғау органдарының ақпараттық қызметтерi басшыларының мемлекетаралық конференциясын өткізу;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша таяу және алыс шет елдердiң практикасын зерттеу және тәжірибе алмасу;
- AҚШ Әдiлет министрлігі Сот статистикасы бюросымен және Федералдық тергеу бюросының статистикалық қызметiмен, Еуроодақ, Азия-Тынық мұхит өңiрi елдерiнiң құқық қорғау және құқықтық статистика органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен байланыс орнату.
5. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның iс-шараларын қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты, статистиканың жетiлдiру жөніндегі жекелеген жобаларды iске асыру бөлігінде халықаралық ұйымдар тарабынан техникалық көмек қаражаты, сондай-ақ өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен жүргізiледi.
Бағдарламаны орындау үшiн 2005-2007 жылдары шамамен 4,5-6 млрд. теңге сомасына баламалы қаражатты игеру қажет. Шығындардың 35% ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргiзуге, консультациялық қызметтер мен мамандарды оқытуға, 45% - техникалық және телекоммуникациялық құралдарын, бағдарламалық-технологиялық қамтамасыз етуге, ақпараттық ресурстарды қорғауды дамытуға байланысты, өзге де ағымдағы шығыстар мен халықаралық ынтымақтастыққа арналатын шығындар 20% құрайды. Талап етілетiн қаражат республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiне қарай әр жыл бойынша жеке қаралуы тиiс.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі комитетiнiң қазiргi бюджеттік бағдарламаларының шеңберiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының штат санын ұлғайту қажет.
Бағдарламаны iске асыруға 2005 жылы республикалық бюджеттiң қаражатынан қажеттi қаржыландыру көлемi талап етілмейдi, 2006 жылы - 2,582 млрд. теңге, 2007 жылы - 2,5 млрд. теңге. 2006-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша шығыстар көлемi тиiсті қаржы жылына анықталады (нақтыланады).
6. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру:
- қылмыстылыққа қарсы күрес пен заңдылықты қадағалаудың негізгi бағыттары бойынша салыстырмалы және сапалы статистикалық деректердi және талдамалық ақпаратты тиiмдi қалыптастыруды қамтамасыз етуге;
- сәйкестендiру белгiлерi бойынша мәйiттердi тануға қатысты көрсеткіштердi арттыруға;
- бiрыңғай қағидаттар мен стандарттар негiзiнде заңдылықты сақтауды және құқықтық тәртiптi қолдауды қамтамасыз ету жөнiндегі шешiмдердi дайындау мен қабылдаудың пәрмендi жүйесiн құруға;
- қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың құқықтық және әлеуметтік жүйесiн құруға арналған негіздi қалауға;
- заңдылықты сақтауды және құқықтық тәртiптi қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi iске асыру кезiнде құқық қорғау мен өзге де мемлекеттік органдар қызметiнiң нәтижелілiгiн арттыруға;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына ұсынылатын бұрмалау бар бастапқы мәлiметтердiң санын төмендетуге;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын техникалық қайта жарақтандыру үшiн ұйымдастырушылық-әдiстемелiк негіз жасауға мүмкiндiк бередi.
7. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 2005.02.11. № 1091 қаулысымен 7 бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
____________________________________________________________________
Рет| Iс-шаралар | Аяқтау |Орын- |Орындау| Болжамды |Қар-
сa-| | нысаны |дауға |(iске | шығындар |жы-
ны | | |(iске |асыру) |(млн. теңге) |лан-
| | |асы- |мерзiмi|______________|дыру
| | |руға) | |2005|2006|2007|көз-
| | |жауап- | | | | |дері
| | |тылар | | | | |
___|__________________|_________|_______|_______|____|____|____|____
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9
____________________________________________________________________
1. Бiртұтас мемлекеттік құқықтық ақпараттық
статистикалық жүйенi құру
____________________________________________________________________
1. Қазақстанның Қазақстан БП 2008
бүкіл аумағын- Республи- (келi- жылғы - 880,1 190,7 РБ
да ББСЖ касының сiм 1
енгізу ?кіметіне бой- тоқсан
есеп ынша)
2. Арнайы есепке Пайдалану- БП 2007
алуды электрондық ға беру (келi- жылғы - - 50,0 РБ
жүргiзуге арнал- актiсi сiм 3
ған бағдарламалық бой- тоқсан
қамтамасыз етудi ынша)
әзiрлеу және
орнату
3. Статистикалық Пайдалану- БП 2007
есептіліктi авто- ға беру (келi- жылғы - 168,9 50,0 РБ
матты түрде қалып- актiсi сiм 4
тастырудың, арнайы бой- тоқсан
есепке алу мәлi- ынша)
меттерiн жүргiзу
мен салыстырудың
және арнайы есепке
алу мәлiметтерiнiң
қолда бар ақпарат-
тық жиынтығы
бойынша құқығын
статистика мен
арнайы есепке алу
субъектілерiнiң
сауалдарын орын-
даудың бiрыңғай
жүйесiн құру
____________________________________________________________________
2. Құқықтық статистика салаларының
бiртұтас кешенін дамыту
____________________________________________________________________
4. Мемлекеттік құқық- Пайда- БП 2006 - 68,4 - РБ
тық статистика лануға (келі- жылғы
және арнайы есепке беру сiм 4-тоқ-
алу саласындағы актiсi бойын- сан
салалық статисти- ша),
калық сыныптауышты ИСМ
және мемлекеттік
стандарттар
жүйесiн әзiрлеу
және практикаға
енгізу
5. ҚР Үкіметінің 2005.02.11. № 1091 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Құқықтық статис- Қазақстан БП 2007
тика және арнайы Республи- (келi- жылғы - 140 - РБ
есепке алу аясында касының сiм 1
ақпараттық қызмет ?кіметіне бой- тоқсан
көрсетудiң бiрың- есеп ынша),
ғай мемлекеттік ААЖ
электрондық жүйесiн
құру
7. Мемлекеттік құқық- ҚР БП 2005
тық статистика Премьер- (келi- жылғы Талап етілмейді -
және арнайы есепке Министрi сiм 4
алу саласында өкiмінiң бой- тоқсан
Еуропалық стан- жобасы ынша),
дарттарға қол жет- ИСМ
кiзу стратегиясы
мiндеттерiн iске
асыру жөніндегі
ведомствоаралық
жұмыс комиссиясын
құру
8. Статистикалық Статисти- БП 2007
есептілiктiң қол- калық (келi- жылғы - 31,7 33,4 РБ
даныстағы нысанда- есептiлiк сiм 4
рын жетiлдiру, нысанда- бой- тоқсан
оларды оңтайланды- рын ынша)
руды жүргізу, бекіту
халықаралық стан-
дарттарға сәйкес-
тендiру, құқықтық
статистикалық
есептілікті мемле-
кеттiк тiлде жүр-
гізудi ұйымдастыру
9. Құқықтық статисти- Қазақстан БП 2007
ка және арнайы Республи- (келi- жылғы - 133,8 79,6 РБ
есепке алу орган- касы сiм 4
дарында қылмыстар Президенті бой- тоқсан
мен құқық бұзушы- Әкімшілі- ынша)
лықтар туралы гіне есеп
арыздар мен
өтiнiштердi балама
есепке алу мен
тіркеудiң экспери-
менттік жүйесiн
құру
10. Кәсiпкерлiк Қазақстан БП 2008
субъектілерiнiң Республи- (келi- жылғы - 138,7 187,5 РБ
қызметiн тексерудi касының сiм 1
қоспағанда, мемле- ?кіметіне бой- тоқсан
кеттiк бақылаушы есеп ынша)
органдар жүргiзе-
тiн барлық тексе-
рулердi есепке
алуды ұйымдастыру