Сөйтіп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметі статистикалық мәлiметтердi қалыптастыру мен криминалдық есепке алуды жүргiзудiң шеңберiнен әлдеқайда кең әрi ел Президентінің құқықтық мемлекет құру жөнiндегі жүргiзiп жатқан реформаларының аясында маңызды орын алады.
Алайда, осы уақытқа дейiн Қазақстандағы құқықтық статистика және арнайы есепке алуды дамытудың көптеген шешiлмеген проблемалары бар, олар ең алдымен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын материалдық-техникалық, ұйымдастыру-кадрлық нығайтуға және құқықтық статистикалық мәліметтердi қалыптастыру мен арнайы есепке алуды жүргізу процестерiн автоматтандыруға байланысты.
Бiрыңғай бiрдейлендiрiлген статистикалық жүйеге (ББСЖ) бiрiктiрiлген, қылмыстылық, алдын ала тергеу мен анықтау органдарының қызметі, прокуратура органдарының жұмысы, сот төрелігін жүргiзу мен сот қаулыларының орындалуы жөніндегі соттардың қызметі туралы, шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң қызметін тексеру мәлiметтерi туралы статистикалық есептіліктi қалыптастыру жүйесi құрылды әрi жұмыс iстеуде. 2003 жылы республикалық бюджеттің қаражатына сатып алынған БҚБЖ-ның компоненттерi мен оны бағдарламалық қамтамасыз ету бастапқы есепке алу құжаттарын аудандық (қалалық) деңгейде жасау және статистикалық есептiліктi облыс - республика деңгейiнде қалыптастыруды электронды формат түрiнде автоматтандыру процестерiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Алайда, Комитеттің аумақтық органдарының аудандық (қалалық), кей жерлерде облыстық деңгейде, тиiстi материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң болмауы, қолда бар бағдарламалық қамтамасыз етудi толық пайдалануға мүмкіндiк бермейдi. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын аудандық буынына дейiн толық автоматтандыру мен компьютерлендiрудi қамтамасыз ету мәселесiн шешу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасында көзделгенiмен, компьютерлiк және ұйымдастыру оргтехникамен жабдықтау және модемге қол жеткізудi ұйымдастырудың жеткiлiксiз деңгейi, жергілiктi жерлердегi бiлікті кадрлардың болмауы республика шеңберiнде ББТЖ-ның қолда бар қорын толық пайдалануға мүмкiндiк бермеуде. Осыған байланысты, Бағдарламада осы проблеманы шешуге тиiсті қаржы қаражатын бөлу көзделедi.
Бұдан басқа, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын жеке салааралық пән (заңтану, статистика, криминология
және т.б.) ретiнде кадрлық қамтамасыз ету проблемасы бүгiнгi күнi неғұрлым өткiр қойылуда. Мысалы, Комитеттің кейбір аумақтық басқармаларында құқықтық статистиканы қалыптастырумен немесе арнайы есепті жүргiзумен арнайы білімi жоқ, біліктiлiгiн арттырудан, тағылымдамадан көбiнесе өтпеген қызметкерлер айналысуда. ТМД аумағында осы саланы қайта құру және дамыту мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы алдыңғы қатардағы орынға ие болғанына қарамастан, Қазақстанда құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласына арналған кадрларды дайындау және қайта дайындау орталығы жоқ. Соған байланысты, Бағдарламада С.Есқараев атындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Заңдылықтың, құқықтық тәртiптiң проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары кадрларының біліктiлiгiн арттыру институтымен бiрлесiп, Комитет базасында Ғылыми-әдiстемелiк әзiрлемелер және құқықтық статистика мен арнайы есепке алу органдары кадрларының бiліктілігiн арттыру орталығын құру көзделген.
Сондай-ақ, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкiн жүргiзу жөнiндегі жаңа мiндеттердi жүзеге асыруы, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаруашылық жүргізушi субъектілердiң қызметiн тексерудi тағайындау туралы заңсыз актiлердi тiркеуден бас тарту құқығын және дамудың өзге де перспективалы бағыттарын қолдану мақсатында оларды кадрлық нығайту, ең алдымен, Комитеттiң орталық аппараты, жергілiктi жерлерiнде де штаттық оперативтiк қызметкерлердiң санын ұлғайту және оны 1500 адамға дейiн жеткізу қажет.
Қазiрдiң өзiнде бекітілген Республикада нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы шеңберiнде тиiстi жедел талдау жасау үшiн құқық қорғау және өзге де органдардан заңсыз есiрткілер және есiрткiмен байланысты қылмыстар туралы мәліметтердi жинау жөнiндегі қызметті жүзеге асыратын Комитеттiң Нашақорлықтың жай-күйiн зерттеу және бағалау жөнiндегі ұлттық ақпараттық-талдау орталығын материалдық-техникалық жағынан нығайту жұмыстары жүргiзiлуде.
Алайда, Қазақстан Республикасының аумағында нашақорлықтың таралуына және есiрткi бизнесіне қарсы күрестi кешендi түрде ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын ұйымдастыру-кадрлық және техникалық жағынан одан әрi нығайту ғана емес, сонымен қатар нашақорлық қылмыстардың жасалуы туралы ақпарат алмасу жөнiндегі трансшекаралық ақпараттық желi құру мақсатында осы салада кең ауқымды халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру қажет. Осыған байланысты, есiрткi және оның айналымына байланысты қылмыстар туралы Қазақстандағы қазiргi ақпараттық дерекқорлар, ұлттық заңнама жүйесi мен әдiснама Орталық Азия өңiріндегі елдер үшін модель болуы, ал болашақта, мемлекетаралық ақпараттық деректер банкінің негізiн салуы мүмкiн. Бұл үшiн, Батыстың жетекшi елдерiмен және Ресей Федерациясымен наркотрафикке қарсы iс-әрекет бойынша тәжiрибе алмасуды жүргізу қажет.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында арнайы есепке алуды дамыту үшін неғұрлым маңызды проблемалық мәселелер мыналар болып табылады:
- арнайы есепке алуды жетілдiру әрi жаңалау;
- арнайы есепке алу субъектілерiмен үздiксiз жұмысты қамтамасыз ету;
- арнайы ақпарат алмасу саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
- арнайы есепке алу мәлiметтерiн алмасу мәселелерi бойынша құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы мәселелерiн реттейтiн халықаралық құқықтық кесiмдердi дайындау;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының бiрiктірілген деректер банкiн құру.
Практика көрсеткенiндей, арнайы есепке алуды дамыту саласындағы негізгі перспективалы мiндеттердiң бiрi - қазiргі заман талаптарына жауап беретiн арнайы есепке алу процестерiн автоматтандыратын бағдарламалық қамтамасыз етудiң неғұрлым жоғары деңгейiн енгізу, сондай-ақ геоақпараттық құқықтық статистикалық жүйенiң негiзi ретінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының бiрiктірiлген деректер банкiн құру болып табылады.
Арнайы есепке алуды енгізу бойынша неғұрлым жетiлдiрiлген бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу қажеттілігі көрер көзге айқын болып отыр. Мысалы, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды iздестіру туралы құжаттарды есепке алу үшiн қазiргі уақытта белгiленген бағдарламада ("Қазақстанда iздеу салу"), бiрiншiден, iздеу салынған адамдарды тануды жүргізу функциясына енгiзiлмеген, екiншiден, оны пайдалану көрсеткенiндей тиiмдiлігi шамалы болып табылады, үшiншiден, оны пайдалану кезiнде адами фактор ескерiледi, яғни, сұранысты қалыптастыру хабар-ошарсыз жоғалған адамды сипаттау бойынша сәйкес келетін танылмаған мәйiттердi iрiктеп алу арқылы бағдарламалық қамтамасыз ету жолымен емес, алты мың бiрлiктен астам массивтен iрiктеп алу кезiнде барлық ықтимал нұсқаларды түгел ескеруге шамасы жетпейтін оператордың өзiмен жасалады, ал мұндай сұранысты әрбiр хабар-ошарсыз жоғалған адамға немесе танылмаған мәйiтке қалыптастыру қажет.
Тануды жүргізу тиiмділігінің шамалылығын мынадай көрсеткiштерден көруге болады. Осы бағдарламаның орын алған кезiнен берi 5000-ға жуық танылмаған мәйiттердiң жалпы санынан 63-i ғана танылған. Бұл - iздестiру туралы құжаттарды есепке алу бойынша күнделiктi жұмыстың нәтижесiнде iздеу салудың бастамашыларына әрдайым сәйкестендiру белгiлерінің сай келуi туралы жорамалдар жолданып отырған кездегi жетістік.
Қазiргі уақытта Ресей Федерациясы ІІМ Бас ақпарат орталығында "Oracle" деректер базасын басқару жүйесiнiң (ДББЖ) базасында құрылған және жұмыс iстейтiн бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылуда, ол нышандарын көзбен шолу арқылы салыстыра қарау жолымен ғана емес, сондай-ақ бет әлпетін суреттеу, адам қаңқасының сүйектерінің қалдықтарын, атап айтқанда, бас сүйегi, адам көзiнiң торқабығын салыстыру бойынша адамның биометриялық ұқсастығы жолымен iздеу салынған және анықталған адамдардың әртүрлі санаттарын тануды жүргiзуге мүмкіндік беретiн әртүрлi ақпараттық-iздеу жүйелерiн құрудың кең мүмкiндiгін қамтамасыз ететiн қазiргi замандағы қуатты ДББЖ болып табылады.
Қазақстанда осындай бағдарламаны енгізу хабар-ошарсыз жоғалған адамдарға, танылмаған мәйiттерге, өздерi туралы мәлiметтердi хабарлауға мүмкiндiгі жоқ балалар мен ауру адамдарға ғана емес, танылмаған мәйiттердiң сәйкестендiрушілiк белгiлерiмен қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған тұлғалардың ұқсас белгiлерiн салыстыру арқылы да тануды жүргiзуге мүмкiндiк туғызады, анықталынатын адамдардың дактилоскопиялық карталары жоқ кезде оның ерекше өзектілігі бар.
Көрсетiлген ДББЖ мүмкiндiктерi болашақта арнайы есепке алудың автоматтандырылған жүйесiнiң толыққанды жұмыс iстеуiне мүмкiндiк бередi, сондай-ақ арнайы ақпаратты халықаралық ақпарат алмасу бөлігінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының одан арғы жұмысына жаңа перспективалар ашады.
Соңғы жылдардың практикасы көрсеткенiндей, арнайы есепке алуды дамытудың осы кезеңiнде құқық қорғау органдарын ақпараттық қамтамасыз ету саласында бірiктiрiлген деректер банкiн құру қажеттілігі пісiп жетiлдi. Бұл құқық қорғау органдарының сұратуларын әзiрлеуге көп уақыт жұмсалатынынан туындады: орындалу мерзiмiмен қоса және почталық жөнелтiмдерiне де уақыт кетедi.
Мұндай банктi құру арқылы сұратуларды орындау және құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ ТМД елдерінің құқық қорғау органдарына ақпаратты ұсыну (Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Минск конвенциясы келісімiнiң шеңберiнде) уақыты мейлiнше азайтылады.
Бұдан басқа, Комитеттің ақпараттық қорларына мүдделi мемлекеттік органдарға қашықтан қол жеткізудi ұсыну арқылы "Папилон" автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйе базасында адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды одан әрi автоматтандыру қажет.
Тұрақты ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, арнайы есепке алудың техникалық жарақталуын арттыру, арнайы білім беру бағдарламаларын енгізу, оларды жүргізуге қойылатын қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн арнайы есепке алу мәлiметтерiн қалыптастыруға жәрдемдесуi тиiс. Сонымен бiр мезгiлде, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары заңнамалық негiздерiнің жақындасуы, құқық қорғау саласындағы өзара iс-қимыл, әріптестік көмек болуы қажет.
Қазіргі уақытта, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының өзi қалыптасқан мемлекеттік тетiк болып табылады. Бiрiншi кезекте, қылмыстылық жай-күйi, құқық қорғау органдарының, соттардың қызметi туралы статистиканы қалыптастырудың тиянақты режимi және осы жұмысты ақпараттық қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Арнайы есепке алуды жүргiзу, анықтамалық және мұрағаттық жұмыс тиiстi деңгейде жүзеге асырылуда. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметiнiң саласы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлермен заң жүзiнде бекітілген әрi толық регламенттелген.
Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенi жетiлдiру мен дамытудың келесi кезеңдерi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiн жинау, өңдеу, түсiндiру және сипаттау процестерiн автоматтандыруға көшiру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын қоғамдағы құқықтық құбылыстарға мониторинг пен оларды болжауды жүзеге асыратын басты талдау институты етiп өзгерту, осылардың негiзiнде қылмысқа және қоғамдағы өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бағдарламалары мен ұсынымдарын дайындау болып табылады.
3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесiн құру және одан әрi реформалау болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары мен субъектілерінің қызметін ақпараттандырудың міндеттерi кешенiн шешудi әрi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiн жинау, өңдеу, сақтау, жiктеу, түсiндiру, талдау, модельдеу және болжау процестерiн автоматтандыруды көздейдi:
1) бiрыңғай мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенi құру;
2) құқықтық статистиканың салаларын кешендi дамыту;
3) жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
4) елдегi және өңiрлердегі заңдылық пен құқықтық тәртiптің жай-күйiн кешендi талдауды және болжауды жетілдiру, қоғамдағы құқықтық құбылыстардың кешендi мониторингi жүйесiн құру;
5) Қазақстанның мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесiн әлемдiк ақпараттық ортаға кiрiктiру, құқықтық статистикалық мәлiметтердi жариялау және тарату жүйесiн жетiлдiру;
6) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында үздiксiз кәсiби білім беру және кадрларды даярлау жүйесiн құру және жетiлдiру;
7) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы халықаралық ынтымақтастық, қолда бар халықаралық тәжiрибенi зерделеу.
4. Бағдарламаны іске асырудың негізгi бағыттары мен тетігi
1. Бiрыңғай мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенi құру
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын автоматтандыру шеңберiнде сотқа дейiнгi, соттық және атқарушылық iс жүргiзу процесiн шынайы статистикалық қадағалау мақсатында Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ББСЖ-ны енгізу, ол өзiне мемлекеттік құқықтық статистикалық есептiліктi қалыптастыру, модемдiк байланысты қоса алғанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдарын аудандық деңгейге дейiн компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін лицензияны алуды әрi ББСЖ бағдарламалық қамтамасыз етудi орнатуды; ББСЖ бағдарламалық компоненттерiмен жұмыс iстеу үшiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметкерлерiн оқытуды қамтиды.
Арнайы есепке алуды электронды түрде жүргізу үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және орнату қажет. Бұл Комитеттiң, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерiнiң тектерi бойынша және дактилоскопиялық картотекаларының мәлiметтерiн бiрыңғай электронды бiрiктiрiлген деректер банкiне бiрiктiру және құқықтық статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға қашықтан қол жеткізудi ұсыну болып табылады.
Бұл үшін:
1) анықтаудан, сот тергеуiнен және жазасын өтеуден жасырынған адамдар, хабар-ошарсыз кеткен адамдар және танылмаған мәйiттер туралы;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, белгілi бiр лауазымды иелену құқығынан айырылған, сот iс-әрекет жасауға қабiлетсiз деп таныған адамдар туралы;
3) мемлекеттік органдардың тексеруiне ұшыраған және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар шаруашылық жүргізушi субъектiлер туралы;
4) құқық бұзушылықтар жасаған және құқық бұзушылықтар жасап әрi сол үшiн әкiмшiлiк немесе өзге де жауаптылыққа тартылған, сондай-ақ сот ic-әрекет жасауға қабiлетсiз деп таныған адамдар туралы мәлiметтерiмен бiрге iздеу салынған адамдар мен танылмаған мәйiттердiң басқа да санаттары туралы мәлiметтердi бiріктіру және салыстыру арқылы бiрiктiрiлген деректер банкiн құру қажет.
Бастапқы есепке алудың электронды құжаттарын аудандық деңгейде енгізуден бастап және республикалық деңгейде ақпаратты жинақтау әрi алғашқы талдау жасаумен аяқтау арқылы арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң қолда бар ақпараттық массивi бойынша статистикалық есептiлiктi автоматты түрде қалыптастырудың, арнайы есепке алу мәлiметтерiн жүргізу мен салыстырудың және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң сұратуларын орындаудың бiрыңғай жүйесiн құру.
Бұл, бiрiншi кезекте, құқықтық статистикалық ақпараттың сапалығынан, уақытылы орындалуынан және шынайылығынан көрiнiс табады, оны қорытындылауға, түсiндiруге және "он-лайн" режимiнде орналастыруға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ геоақпараттық құқықтық статистикалық жүйенi құру үшін негiз қалайды.
Геоақпараттық құқықтық статистикалық жүйенi құру құқықтық статистиканы қалыптастыру, арнайы есепке алу мәлiметтерiн жүргізу, алынған ақпаратты талдау, ахуалды модельдеу және статистикалық көрсеткiштердi болжау процестерiн бастапқы автоматтандыруға негiзделедi.
Мұндай жүйенi қалыптастырудың бiрiншi (базалық) элементi бастапқы статистикалық есепке алудың электрондық құжаттарына негiзделген ББСЖ болуы тиiс. Жүйенiң келесi элементтерi құқықтық статистика және арнайы есепке алу салалары бойынша бiрiктірiлген деректер банкi болады. Геоақпараттық жүйенiң негізгi компонентi алынған ақпаратпен алғашқы талдау iс-қимылын, оны модельдеу мен болжауды автоматты режимде жүзеге асыруға мүмкiндiк туғызатын бағдарламалық қамтамасыз ету топтамасы болуы тиiс.
2. Құқықтық статистика бірыңғай кешендi салаларының дамуы
Құқықтық статистика салаларының бiрыңғай кешенiн бағыттар бойынша дамыту өзiне заң жүзiнде маңызы бар барлық оқиғаларды есепке алудың толассыз жүйесiн, кейiннен тиiсті шараларды iске асыру үшiн мәліметтердi құқық қолдану органдарына беру арқылы олардың түсiндiрулерiн, салыстыруларын, талдауларын және модельдеулерiн құру жөнiндегі iс-шараларды қамтиды. Бұл елдегi қылмыстар мен құқық бұзушылықтар субъектілерi туралы бастапқы ақпараттың үлкен көлемiнiң болуынан туындайды. Бұл ретте, мәліметтердiң әр түрлi санаттарына жататын ақпаратты салыстыру заңдылықтың жүйелi деңгейде сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі проблемалардың тұтас кешенiн шешуге мүмкiндiк туғызады.
Құқықтық статистика салаларының бiрыңғай кешенiн дамыту мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу процестерiн стандарттау және бiрдейлендiру проблемаларын шешумен тiкелей байланысты және өзiне, сондай-ақ осы мiндеттердi шешу үшін қажетті ғылыми-әдiснамалық көзқарасты әзiрлеудi қамтиды.
Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу деректерiн қалыптастыру, өңдеу, сақтау және пайдалану процестерiн регламенттейтiн мемлекеттік стандарттар жүйесiн әзiрлеу әрi практикаға енгізу, Комитет жанынан құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі мемлекеттік стандарттардың электронды банкiн, сондай-ақ ақпаратты ұсыну кезеңiнде, "бip көзден жинау" кезеңiнде "бiр терезе" қағидаттары бойынша жұмыс iстейтiн ақпарат сервисінің бiрыңғай мемлекеттік электронды жүйесiн құру, мемлекеттік құқықтық деңгейдегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу дамытудың басым бағыты болып табылады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары жүргізетін құқықтық статистикалық бақылауға кодировка жасау мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында салалық статистикалық жiктеменi әзiрлеу және енгізу.
Бұл ретте, жiктеме негіздерi мен кодировка әдiстерi Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарына қайшы келмеуi тиiс.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында бiрыңғай мемлекеттік электрондық ақпараттық сервис жүйесiн құру.
Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында еуропалық стандарттарға қол жеткізу стратегиясының мiндеттерiн iске асыру жөнiндегі ведомствоаралық жұмыс комиссиясын құру, өйткенi осы жұмыс алғашқы рет жүргізiлуде және мемлекеттік статистика, стандарттау мен метрология саласындағы арнаулы білімдi, жалпы мемлекеттік мақсаттағы ақпараттық статистикалық жүйелердiң қызметін стандарттау кезiнде әлемдiк сахнада және мемлекет iшiнде қойылатын технологиялық және техникалық талаптардың толық топтамасын белгiлеу, сондай-ақ мәселенi зерделеу және одан әрi пысықтау үшін эталондық үлгі (стандарттар, әдiстемелiк ұсынымдар, халықаралық құқықтық актiлердiң көшiрмелерi және т.с.с.) болып қызмет ететін құжаттармен қоса стандарттаудың әлемдiк практикасын талдауды ұсынуды талап етедi.
Көрсетiлген стандарттар ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауы мен ұзақ мерзiмдi "Қазақстан - 2030" Стратегиясыныңорындалуының мемлекетте жүйелi кiрiктiрiлген тиiмдi және сапалы құқықтық режимiнiң қалыптасуына құқықтық негiз қалауына арналған.
Құқықтық статистика мiндеттерiнiң күрделiлігі мен көп қырлылығы құқықтық статистикалық көрсеткiштер жүйесiн құрудың әдiснамалық қағидаттарын, әдiстемелiк тәсілдерiн әзiрлеуде, құқықтық статистикалық байқауды ұйымдастыру мен алынған ақпаратты өңдеуде көп қырлы (көп аспектiлі) көзқарасты талап етедi.
Жалпылама есепке алу мен есептілiкке негізделген, құқықтық статистикалық бақылауды ұйымдастырудың қолданыстағы жүйесi дәстүрлi түрде қолданылатын статистикалық әдiстердiң көмегімен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерiнен елдегі заңдылық пен құқық тәртібін объективтi сипаттайтын толық әрi сапалы ақпаратты жинауды қамтамасыз ете алмайды. Қылмыстылық пен құқық бұзушылық статистикасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерiнiң мәлiметтерi негiзiнде қалыптастырылатын бастапқы есепке алу құжаттамасы негiзiнде қалыптастырылатыны мәлiм. Алайда, құқықтық статистикалық байқауларының дәстүрлi әдiстерi тiркелген қылмыстар мен құқық бұзушылық туралы ақпаратты осындай қоғамдық құбылыстардың жасырын сипаттағы деңгейiн бағаламай алуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, "оң" көрсеткiштердi көрсету және терiс көрсеткiштердi жасыру мақсатында статистикалық есептердi әдейi және әдейi емес объективтi себептерден туындайтын бұрмалау, статистикалық есептiлiктің түрлерi мен деректердi ұсыну әдiстерiнiң жетiлдiрiлмеуi статистикалық есептiлiктiң бұрмалануы алынған ақпараттың шынайылығына әсер ететiн маңызды фактор болып табылады.
Осы жағдаят елдегі заңдылық пен құқықтық тәртiптiң жай-күйiн құқықтық статистикалық байқаулардың әдiстерiн жетілдiру қажеттілiгiн туындатады.
Байқаудың жаңа әдiстерiн енгізуге және алынған ақпаратты түсiндiруге жүйелi көзқарас iрiктемелi зерттеулердi, сауалнамаларды, сауал салуды жүргізуді, сарапшылық бағалауды, халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың деректерiн кеңiнен пайдалану негізiнде құрылуы тиiс.
Осы мiндетті iске асыру үшiн қазiргі статистикалық байқауларды және оларды құқықтық статистика саласында қолдану дәрежесiн зерттеу жөнiнде кең ауқымды жұмыстар жүргiзу қажет.
Статистикалық есептіліктiң қолданыстағы нысандарын жетiлдiру, оларды оңтайландыруды жүргізу, халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру, мемлекеттік тiлге аудару қажет.
Осы мiндетті iске асыру шеңберiнде жасалған қылмыстар, құқық бұзушылықтар және оларды тергеу нәтижелерi туралы ұлттық есептер жүйесiн құру мүмкiндiгiн зерттеу орынды, мұндай тәжiрибе АҚШ Әдiлет министрлiгінің Сот статистикасы бюросында енгізiлген.