Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері
жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 14 наурыздағы
№ 193 қаулысына
қосымша
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Балиева Зағипа Яхияқызы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төрайым |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрайымның орынбасары |
Лукин Андрей Иванович | - Қазақстан РеспубликасыЭкономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігi төрағасының орынбасары (қаржы полициясы), төрайымның орынбасары |
Скрябин Сергей Васильевич | - "Қазақстан Республикасы 3аңнама институты" жауапкершілігі шектеулi серіктестіктің директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, хатшы |
Ыбырайым - Нұрлан Мұхтарбекұлы | Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты Басшысының орынбасары |
Баймағамбетова Бағила Бірмағамбетқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы |
Ахметов Қабдығали | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Мемлекеттік құрылыс және құқықтық реформа комитетінің хатшысы |
Ақылбай Серік Байсейітұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесi |
Иманқұлов Еділбай Исламұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Өңірлік даму және салалық даму комитетінің мүшесi |
Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономика, қаржы және бюджет комитетінің мүшесi |
Рахманбердиев Орынбай | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесi |
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрi |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрi |
Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрi |
Айтбай Қайрат Орынбайұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аппарат басшысы |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi |
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрi |
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi |
Кәрбозов Қозы-Көрпеш Жапарханұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары |
Көмекбаев - Әли Амантайұлы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары |
Cәрсенбаев Зейнолла Сәкенұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi |
Қоғамов Марат Шекішұлы | - Қаржы полициясы академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор |
Жанасаев Болат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Супрун Виктор Васильевич | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi |
Бишеғаев Асқар Дарұшұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Орымбаев Ардақ Сиязбекұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары |
Жұмағұлов Ерлан Әскерұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің Директоры |
Мәуленов Ғазиз Сырбайұлы | - Қазақ гуманитарлық заң университеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор |
Бекбаев Ерзат Зейноллаұлы | - Қазақ гуманитарлық заң университеті құқықтық қамтамасыз ету және сараптама орталығы директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 14 наурыздағы
№ 193 қаулысымен
бекітілген
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жағдай туғызатын нормалардың болу мәніне қолданыстағы заңнаманы талдауды қарау қорытындылары бойынша;
2) қолданыстағы заңнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссияның:
1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдарының өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.
6. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі болып табылады.
7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссияның отырысынан кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия отырыстарының материалдары Комиссия отырысын өткізуге дейін кемінде 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне жібереді.
8. Комиссия отырысы күнтізбелік жылғы айдың үшінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндерде өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
9. Отырыстардың күн тәртібі, сондай-ақ олардың өтетін орны мен уақытын Комиссия мүшелерінің келісімі бойынша Комиссия төрағасы белгілейді және нақтылайды.
10. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі, Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс.
11. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.