Экологиялық мазмұндағы мерзiмдi басылымдарды қолдау бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) экологиялық проблемаларды экологиялық жағдайлардың жай-күйін, табиғат қорғау іс-шаралары мен жетістiктерін неғұрлым кең суреттеу қажеттілігiмен байланысты.
5.1.4. Қоршаған орта мониторинг жүйесiн дамыту
Қазақстан Республикасының қоршаған орта мониторинг жүйесін дамыту үшiн мынадай негiзгi бағыттар бойынша жұмыстар жүргiзу қажет:
қоршаған орта мониторингінің нормативтiк-құқықтық базасын және ғылыми-әдiстемелiк базасын жетілдiру;
аналитикалық зертханаларды қоса, қоршаған орта жай-күйін бақылаудың мемлекеттік желілерiн дамыту және техникалық қайта жарақтандыру;
қоршаған орта мониторингiнің ақпараттық-технологиялық және телекоммуникациялық жүйелерiн дамыту.
Нормативтiк-құқықтық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету ұйымдастырушылық, құқықтық, нормативтік қамтамасыз етудi қарастырады.
Қоршаған орта мониторингiн ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мониторинг мiндеттерін толық және тиiмдi орындаған жағдайда шығынды азайтуды қамтамасыз ететiн басқару құрылымдарын оңтайландыруға бағытталған және нормативтік және нұсқаулық құжаттарды шығару және енгізу жолымен iске асырылады.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының экологиялық мониторингi орталығын, сондай-ақ Каспий теңiзi мен Арал өңiрлерiнде экологияның өңiрлiк орталықтарын құрумен әртүрлi мемлекеттік органдар арасындағы ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етуi тиiс. Бiрыңғай мемлекеттік табиғи ресурстар және қоршаған орта мониторинг жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және бұдан әрi дамуын қамтамасыз ету қажет.
Құқықтық қамтамасыз ету қоршаған орта мониторингінiң мәртебесін реттейтiн, белгіленген тәртiппен құқықтық және заңнамалық актілер мен құжаттарды әзiрлеу және қабылдауды қарастырады.
Нормативтік қамтамасыз ету қоршаған орта жай-күйiн бағалау және болжау бойынша жұмыстарды орындауға, табиғат қорғау қызметінде басқарушылық шешiмдердi жасау және қабылдауға негiз болатын қоршаған орта жай-күйін, оған антропогендiк әсерлердiң нормасын анықтайтын нормативтердi әзiрлеу және тағайындауды қарастырады.
Қазақстан Республикасы аумағындағы қоршаған орта жай-күйi өзгерiстерiн үзiлiссiз бақылау метеорологиялық, климаттық, аэрологиялық, гидрологиялық, агрометеорологиялық жағдайлармен бiрге, көбiнесе бақылау желілерiнiң қазiргі өлшеу құралдарымен жабдықталуына тәуелдi.
Жоспарланатын iс-шаралар мыналарды қарастырады:
метеорологиялық және аэрологиялық бақылаулардың мемлекеттік желілерiн спутниктiк өнiмдер және т.б. сияқты берілiмдердi алу мүмкiндiк ескере отырып оңтайландыруды;
әсiресе ерекше қорғалатын аумақтарда орналасқан трансшекаралас өзендер мен су нысандарын бақылауды ұйымдастыру жағынан, қазiргі талаптарды ескере отырып, мемлекеттік гидрологиялық желiлердi дамытуды және заман талабына сәйкестендiрудi;
қоршаған ортаның негiзгi құрамдас бөлiктерiнiң (атмосфералық ауа және атмосфералық жауын-шашын, жер үсті сулары мен топырақ, радиациялық жағдайы) жай-күйiне және ластануына бақылаулардың жаңа бөлiмшелерiн құруды және жұмыс iстеп тұрғандарын жаңартуды;
гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттер желілеріне автоматтандырылған және ұтқыр бақылау құралдарын енгізу;
атмосфера, жер үстi суы, теңiз ортасы, топырақ, ауылшаруашылығы дақылдары, жайылым өсiмдiктерi, ластаушы заттардың трансшекаралық тасымалдануы жағдайын бақылаудың жаңа әдiстерi мен технологиясын жасауды; тозуы 80%-дан жоғары бөлiмшелерде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргізу - қызмет үйлерiн, метеорологиялық алаңдарды, гидрогеологиялық бекеттердi, қосалқы құрылыстарды, байланыс және күш жабдықтарын жаңарту және қалпына келтiру;
қоршаған орта мониторингін бақылау және тексерудiң экологиялық желiлерiн дамыту және кеңейту, аумақтық дәрежедегі аналитикалық зертханаларды стационарлық және ұтқыр (жылжымалы) бақылау және өлшеу құралдарымен жарақтандыру;
Солтүстiк Каспий, зымыран-ғарыштық полигондардың әсерiне ұшыраған аумақтарында мониторинг жүргiзуді қамтамасыз ету.
Ақпараттық-технологиялық және телекоммуникациялық жүйесiн дамыту қоршаған орта мониторингінiң аумақтық ақпараттық-талдау орталықтарының техникалық дамуы және қоршаған орта мониторингiнiң ақпараттық жүйесiн дамыту негiзiнде, сондай-ақ қоршаған орта мониторингiнiң мемлекеттік бақылау бақылау желісіне байланысты ұйымдастыру жолымен ақпаратты жинау мен өңдеудiң республикалық орталығы шеңберiнде өткізу жоспарлануда.
5.1.5. Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми
қамтамасыз ету
Биоалуандылық, жерлердiң шөлейттенуi мен оңалуы, шайынды суларды тазарту, атмосфералық ауаны қорғау, қалдықтарды басқару, гидроэкология, экологиялық заңнама проблемалары бойынша жоғары оқу орындарының базасында жетi арнайы ғылыми-аналитикалық орталықтарын құру және қамтамасыз ету қоршаған орта мен табиғат пайдалану саласындағы ғылыми-талдау жұмысын жақсарту мен ретке келтiруге, стратегиялық және жедел шешiмдер қабылдау үшiн кәсiби-дайындалған нұсқамалармен қоршаған ортаның сапасын басқаруды жетілдірудi қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанның шаруашылық игеру аумақтарының экологиялық қатерлерiн бағалау оларды бағалау және басқару жөніндегі теориялық және әдiстемелік тәсілдердi әзiрлеудi болжайды. Жұмыс экологиялық қауіптіліктің деңгейін айқындаумен экологиялық жағдайдың туындау мүмкіндiгiн бағалауды, экологиялық қатердiң сандық және сапалық өлшемдерiн анықтай отырып, қоршаған ортаға болжанатын әсер етудi бағалауды, экологиялық қатердің әртүрлi аспектiлерiн көрсететiн арнайы карталарды жасауды қамтитын болады.
Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының жай-күйi туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау басқарудың мемлекеттік органдарын, ғылыми, қоғамдық ұйымдарды және халықты қоршаған орта сапасының жай-күйi мен қорғау туралы объективтi ақпаратпен қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының Экологиялық атласын жасау және баспаға дайындау жөніндегі жұмыстар 2004 жылы басталды және 2007 жылға қарай анықталуы тиiс.
Табиғи ресурстардың урбандалған аумағын пайдалану деңгейiн және қоршаған ортаға оның әсер ету дәрежесiн көрсететiн көрсеткiштер жүйесi арқылы көрiнiс берген деректер кешенiн алуға мүмкiндiк беретiн экологиялық паспорттарды құру мақсатымен Қазақстан қалаларының экологиялық жай-күйiн кешендi зерттеу.
Қазақстан Республикасының Тұрақты даму жөніндегi кеңесiнің жұмысына ақпараттық, ғылыми және әдiстемелiк қолдау көрсету үшiн Щучье-Бурабай курорт аймағында орналастырумен экологиялық тұрақты даму орталығын ашу қажет.
Щучье-Бурабай табиғи аумағының проблемаларын кешендi шешу мақсатында ластанудан қоршаған ортаны қорғау мақсатымен шаруашылық жүргiзуші субъектілердiң шаруашылық-тұрмыстық шайынды суларын тазартуы жөнiндегі тұрақты жұмыс iстейтiн экологиялық моделдi және ғылыми-негiзделген нұсқамаларды әзiрлеу қажет.
Басқарудың ерекшелiктерiн, өлшемдерi мен деңгейiн қамтитын Қазақстан Республикасының урбандалған аумақтарының экологиялық қауіпсiздігiн басқарудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау қажет.
Қоршаған орта мониторингi жүйесiнiң алдында тұрған мiндеттердi орындаудың толықтығы мен дұрыстығына кепiлдiк беретiн ғылыми базаны құру қоршаған орта жай-күйiн бақылау, бағалау, болжау және басқару шешiмдерiнiң нұсқаларын әзiрлеу үшiн пайдаланылатын жұмыстар кешенiнің проблемасын, әдiстердi, құралдарды, алгоритмдер және бағдарламаларды пайдалану мүмкiншілiктерi мен шектерiн айқындауы тиiс. Ол нақты жұмыстарды орындау қағидаттары мен ережелерiн құрайтын ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру және жүргiзу жолымен iске асырылады.
5.1.6. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
БҰҰ-ның толыққанды мүшесi ретiнде Қазақстан жаһандық әрiптестiк негізінде тиiмдi экологиялық саясат жүргiзу үшiн халықаралық ынтымақтастықты пайдалануға тырысады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрi кеңейту мыналарды көздейдi:
халықаралық шарттар мен келісім-шарттар бойынша мiндеттемелер шеңберiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық құқық нормаларына талдау жүргiзу, Еуропа Одағының елдерiмен заңнаманың барынша жақындасуын қамтамасыз ету;
Қазақстандағы табиғат қорғау халықаралық конвенцияларын iске асырудың құқықтық тетiктерiн әзiрлеудi жалғастыру;
"21 ғасырға арналған Жергiлiктi Күн Тәртібін" қалыптастырудың ғылыми-әдiстемелiк негіздерiн әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық конвенцияларды iске асыру жөніндегі ұлттық есептердi дайындау және жай-күйiн бағалау;
қоршаған ортаның мониторингі бөлiгіндегі Дүниежүзілік банк Метеорологиялық Ұйымның бағдарламаларына және Каспий экологиялық бағдарламаларының iс-шараларына қатысу.
5.2. Қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiн
азайту, экожүйелердi қалпына келтіру және оңалту
5.2.1. Климаттың өзгеруiнiң алдын алу
Қазақстан климатының қазiргi заманғы және болашақ жай-күйiн әрi экологиялық даму және экологиялық қауiпсiздiк үшін оның салдарларын бағалау жылынудың жаһандық процестерiмен байланысты. Климаттың қазiргі заманғы эволюция моделдерiне сәйкес Қазақстанда ауа температурасының бұдан әрi өзгеруiн күтуге болады, ол табиғи аумақтардың ауысуын тудыруы және жерлердiң шөлейттенуi мен жұтау процестерiн анықтауы мүмкiн. Климаттың өзгеруiнiң мұндай сипаты кезiнде терiс салдарлар оң салдарларға қарағанда неғұрлым маңызды болуы мүмкiн. Климаттың алдағы өзгеруiне қазiргi заманғы бейiмделу iс-шараларын әзiрлеу және жүргiзу Киото хаттамасына қол қоюмен де айқындалған өте көкейкесті мiндет болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы парник газдарының шығарындыларының/ағындарының жыл сайынғы түгендеуiн жүргiзу олардың көлемдерi мен ауа райы-климаттық құбылыстардың өзгеруi арасындағы байланысты зерттеуге мүмкiндік бередi.
Осы жұмыстарды үйлестiру мақсатымен "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" РМК-сы базасында Климаттың өзгеруi және озон орталығын құру қажет.
5.2.2. Озон қабатының бұзылуын зерттеу
және оның алдын алу
Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйінің серпінін зерттеу жөніндегі зерттеу жүргiзулер және оған әсер етудiң терiс салдарларының алдын алу жөніндегі шараларды әзiрлеу тiрi материяның экологиялық қауіпсiздiгіне қатер төндiретiн процестердiң алдын алу қажеттілігіне байланысты туындаған. Iс-әрекет Монреаль хаттамасының Тарабы ретiнде озон қабатын қорғау жөніндегі Қазақстанның мiндеттемелерiн орындау ретінде ұсынылған.
Озон бүлдiретiн заттарға жыл сайынғы түгендеу жүргiзу оларды тұтынудан бiртіндеп қысқартумен және пайдаланудан алумен мiндеттемелердi орындаумен байланысты.
Қазақстанның ауа райы мен климатына озон қабатының өзгеруiнiң әсер етуiн бағалау озон қабатының эволюциясынан ауа райы - климаттық жағдайлардың тәуелділігін анықтау жолымен экологиялық қауіпсіздікті ғылыми қамтамасыз етудi жетілдіру қажеттілiгімен айқындалады. Озон экранының жай-күйiнен климаттың күтілетін өзгеруiнiң болжамын, сондай-ақ ауа райы мен климатқа озонның негiзгi көрсеткіштерi бойынша Қазақстан аумағына аудандастыруды әзiрлеудi көздейдi.
5.2.3. Биоәртүрлілікті сақтау
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра тізіміне елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын енгізу жөніндегi жұмысты жүргiзу осындай объектілерге халықаралық талаптардың сәйкестiгi көзқарасы жағынан оларды зерттеудi, қатаң қорғау жүйесiн жетiлдiрудi қамтиды.
Топырақ-өсімдiк қабатына және жануарлар әлемiне Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орны объектілерінің әсерiн анықтау - жедел дамып келе жатқан мұнайгаз өндiру саласымен байланысты жұтау процестерiнде нақты көрiнiс беретiн Батыс Қазақстан үшін өте көкейкестi. Алынған нәтижелер осындай табиғи және экологиялық жағдайдағы өңiрлерде пайдаланылатын болады.
Батыс Қазақстанның жағалау-сулы және су экожүйелерiне бағалау жүргiзу үшін флора мен фаунаға түгендеу жүргiзу, су қоймаларының гомеостатистикалық өлшемдерiн анықтау, осы аумақтарды мақсатты пайдалану жөнiндегі ғылыми-практикалық нұсқамаларды беру қажет.
Биоалуандылықты сақтау мақсатымен шөлейттену процестерiне Қазақстан аумағының ұшырауын бағалау, Қазақстанның шөлдi аудандарында шұратты жүйелердi құрудың мүмкiндiктерiне ғылыми бағалау жүргізу, атмосфералық және топырақ құрғақшылығын бақылаудың жүйесiн әзiрлеу қажет.
5.2.4. Каспий теңiзiнiң қоршаған ортасын қорғау
Каспий теңізiнiң биоресурстарын қорғау жөніндегі нормативтiкқұқықтық кесiмдердi, оның iшiнде, мұнай операцияларын жүргізу кезiнде және мұнайдың апатты төгілуi нәтижесiнде балық қорларына келтiрiлген залалды айқындау жөніндегі, сондай-ақ су бетiне жайылған мұнай өнiмдерiнiң көлемiн айқындау жөніндегі әдiстемелiк нұсқамаларды әзiрлеу аймақтың бiрiншi кезектегі табиғат қорғау iс-шарасы ретінде қаралады.
Теңiз деңгейiнiң көтерiлуiмен байланысты Солтүстiк-Батыс Каспий маңы аумағының экологиялық жай-күйiн бағалау және болжау гидродинамикалық және субалансы моделдерiнiң негізiнде көмiрсутегі шикiзатының кен орындарын жедел барлауды ескере отырып, Атырау облысының шегіндегi Каспий теңiзi жағалауының қазiргі заманғы экологиялық жағдайын зерттеудi қамтиды.
5.2.5. Cу ресурстарының жетiспеушілiгі,
жұтауы және ластануы
Қазақстан Республикасы жер үстi су ресурстарының жай-күйiне талдау жүргізу, қорғау және пайдалану "Жер үсті сулары" мемлекеттік су кадастрын жүргізудi қамтиды және жекелеген су шаруашылық бассейндерi үшін, сондай-ақ тұтастай алғанда, ел үшiн су ағысының жыл сайынғы бағалау әдiстемесiн әзiрлеудi, негiзгi өзендердiң бассейндерiнде су тұтыну туралы деректердi жинауды. Қазақстанның өзен ағысының жыл сайынғы су ресурстарының бюллетенiн шығарудың технологиясын әзiрлеудi көздейдi.
Жердiң мұздық қабатының бағытталған еру процесi бөлігінде тау аумақтарының табиғи ресурстарын экологиялық тұрақты пайдалану негізi ретіндегi гляциосфераның жай-күйiне талдау жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу қажеттiгі өте көкейкесті.
Ертіс бассейні өзен ағысының және Балқаш көлiнiң ресурстарына антропогендiк әсер етулердi бағалау жақын аумақтардың экономикасын дамытуды ескере отырып, су тұтынуды ұтымды реттеу қажеттілігімен байланысты.
ГИС-технологиялары, мақсатты функциялар әдiстемесi мен кешендi моделдер негiзiнде Iле-Балқаш аймағының жер асты суларының ресурстық әлеуетiне кешендi экологиялық мониторингiн әзiрлеу қаралатын аумақтың жер асты суларының ресурстарын басқарудың ғылыми-дәлелдi жүйесін құруға мүмкiндiк бередi.
Қоршаған ортаның жай-күйіне олардың әсерiн бағалаумен ағынды сулар жинақтаушыларының жай-күйін зерттеу жинақтаушылардың мүмкін болатын толуымен байланысты қоршаған ортаның ластануы мен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегi күрделi проблеманы шешуге бағытталған.
Су ресурстары сапасының қазiргi заманғы талаптарын ескере отырып, судың жай-күйінің мақсатты көрсеткіштерін және зиянды әсер етулердің рұқсат етілген нормативтерiн әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу қажет. Ағынды суларды тазарту және су ресурстарын ластаудың алдын алу мақсатында алты валенттi хроммен және бормен Ақтөбе облысының Елек өзенін қорғау жөніндегi жобаны iске асыру бойынша ұсыныстарды енгізу қажет.
5.2.6. Тарихи ластанулар
Қоршаған ортаға тарихи ластанулардың әсерiне бағалау жүргiзу қазiр жұмыс iстемейтiн көп жылғы қызметтің нәтижесiнде пайда болған қоршаған ортаны ластау көздерiн есепке алу қажеттілiгiмен туындаған.
Жаңа ластанулардың туындауын болдырмау мақсатында шаруашылық жүргiзуші субъектілер үшін құқықтық, экономикалық және өзге де тетiктердi енгізу қажет.
Бұдан басқа, қоршаған ортаны қалпына келтiру және оңалту мақсатында Семей қаласындағы авиакеросинмен жер асты суларының ластануын жою жөнiндегі жобаны iске асыру қажет.
5.2.7. Зымыран-ғарыш және әскери-сынақ
кешендерінің әсерi
Әскери-сынақ полигондарының аумақтарын кешендi зерттеу жөніндегi ғылыми зерттеулер халықтың денсаулығына техногендiк және табиғи факторлардың кауіптілік деңгейiн бағалау проблемасын шешуге, сондай-ақ осы жерлердi мүмкін болатын шаруашылық пайдалану жөніндегi ғылыми негiздi нұсқамаларды әзiрлеуге арналған.
5.2.8. Әуе бассейнiнiң ластануы
Соңғы жылдары байқалатын атмосфераға шығарындылар елдегi атмосфералық ауа сапасының бiраз өзгеруiне iс жүзінде алып келген жоқ және әсiресе, оны сауықтыру жөніндегi, мыналарды қоса, дамыған өнеркәсіптік-көлiк инфрақұрылымымен урбандалған аумақтарға қатысты iс-шараларды жүргiзудi талап етеді:
Қазақстан Республикасы әуе бассейнiнiң техногендiк ластану деңгейiн бағалау және оны сауықтыру жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу;
Қазақстан Республикасы урбандалған аумақтарының атмосфералық ауа сапасын басқарудың электрондық моделiн құру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу және оны Астана мен Алматы қалаларында енгізу;
Қазақстан Республикасының неғұрлым ластанған өнеркәсiп орталықтары Өскемен, Қарағанды, Атырау, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Риддер, Қостанай қалаларында кешендi бағалау негiзiнде экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру.
5.2.9. Радиоактивтiк ластану
Қазақстан Республикасындағы радиоактивтi қалдықтардың жай-күйiн зерттеу, сақтау және консервациялау халықтың экологиялық қауiпсiздігін қамтамасыз етудiң мiндетті шарты.
Қоршаған орта жай-күйi мен халықтың денсаулығына радиациялық ластанудың әсерiне бағалау жүргiзу ел аумағының радиациялық техногендiк ластануының кең таралуымен және үлкен қауіптілігімен байланысты.
Халықтың денсаулығына табиғи радиоактивтіліктің (радонның) терiс әсер етуiне зерттеу жүргізу ел аумағында гранитоидтердiң кең дамуымен және адам денсаулығына қатер төндiретiн радонның жоғары эманациясымен неғұрлым қауiптi селитебтік аймақтарды анықтау қажеттiлiгiмен байланысты. Солтүстiк Қазақстанның уран өндiретiн аймақтарында радиациялық және санитарлық-гигиеналық жағдайды зерттеуде уран өндiретін аймақтардың экологиялық жағдайы және әртүрлi деңгейдегi халық денсаулығының жай-күйi арасындағы себептi-салдарлы байланысты анықтау мақсаты бар.
Бейбiт жер асты ядролық жарылыстарын өткізу жерлерiне жақын шекаралар мен аумақтарда су мониторингінiң технологиясы әзiрленетiн және енгiзiлетін болады.
5.2.10. Химиялық ластану
Химиялық ластануға ұшыраған аумақтарды экологиялық бағалау жөнiндегі, сондай-ақ тұрақты органикалық ластаушыларды бақылау, мониторинг және басқару жөніндегі ұсыныстарды дайындаудың қажеттілігі бар.
Химиялық ластанудың алдын алу мақсатында аумақтардың сынапты ластануының мониторингі технологиясы әзiрленетін және енгізілетін әрi күкірттi шығару, алу, сақтау және кәдеге жаратудың қоршаған ортаға әсер етуi мониторингі жүргізiлетін болады.
5.2.11. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Қазақстан Республикасындағы техногендiк қалдықтарға ғылыми-техникалық бағалау жүргiзу және оларды кәдеге жаратудың жолдары өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингін, сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттік жүйесінің жоқтығымен белгіленедi.
Өндiрiс қалдықтарымен экологиялық қауіпсiз жұмыс iстеудiң Ғылыми-ақпараттық орталығын өндiрiс және тұтыну қалдықтары бойынша дерекқор құру шаруашылық жүргiзуші субъектілерге өндiрiс пен тұтынудың қалдықтарын сақтау, зарарсыздандыру, ұқсату және кәдеге жаратудың қауіпсiз технологияларын таңдау мүмкiндігін берудi көздейдi.
Өнеркәсіптік улы қалдықтарды қауіпсiз жинақтау, ұқсату және пайдалану процестерiн ретке келтiру мақсатында Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай облыстарында өнеркәсiптік улы қалдықтарды қоймалау және қоймалау жөніндегі полигондарды жобалау бойынша ұсыныстарды дайындау қажет.
Сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегі және құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдарды жинау, сақтау және кәдеге жаратуды бақылау жөнiндегі ұсыныстарды дайындау қажет.
5.2.12. Табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайлар
Гляциалдық және жаңбыр генезисi селдерінiң сипатындағы белсендi әсер ету әдiстерін әзiрлеу теңiз-мұзды кешендердегi өзендердi қалыптастырудың алдын алудың әдiстемесiн, сел қауiптi су қоймаларын бастапқы құрғату әдiстемесiн, жаңбырлы генезистегi бастапқы сел аймақтарының мелиорациясын ғылыми негiздеудi қамтиды.
Экологиялық төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу үшін Алматы қаласының тау алдындағы аудандарының қауiптi геологиялық процестерін зерттеу және бағалау.
5.2.13. Адамдардың аурулары мен қоршаған ортаның
сапасы арасындағы байланысты белгілеу
Халықтың ауруының және қоршаған ортаның жай-күйiнiң себептiсалдарлы байланыстарын белгілеу үшін бiрқатар неғұрлым маңызды зерттеулердi орындау қажет:
қатер факторын анықтау және қоршаған орта мен халықтың денсаулығына олардың әсерiн азайту;
тұрақты өсу үрдiсi бар онкопатологиялардың туындауының аномальды жоғары деңгейiнiң себебiн белгiлеу үшiн Солтүстiк Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағы мен халқының денсаулығына кешендi экологиялық зерттеулер жүргізу.
6. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
Қаржыландыру республикалық бюджетте және халықаралық гранттармен көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.
Республикалық бюджеттен 6407,3 млн. теңге, оның ішінде:
2005 жыл - 3703,3 млн. теңге;
2006 жыл - 1341,8* млн. теңге;
2007 жыл - 1362,2* млн. теңге қаражат бөлу көзделуде.
Ескерту: * - қаржыландыру көлемдерi тиiстi жылға бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
Бағдарламаны iске асыру өндiрiстің болжамды өсуi кезiнде қоршаған ортаның сапасын басқарудың тетiктерiн пысықтау мен сынақтан өткізуге, оның жұтауының қарқынын бәсеңдетуге, жекелеген неғұрлым қауiптi процестер мен үрдiстердi тұрақтандыруға мүмкіндік бередi.
Қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесiн оңтайландыру саласында мыналар:
2005 жылы:
табиғат қорғау іс-шараларын жоспарлауды әртүрлі деңгейдегi және салааралық үйлестiру қамтамасыз етілетiн;
қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиістi институционалдық базасы қалыптастырылатын;
2006 жылы:
заңнама базасы ретке келтiрілетiн;
экологиялық талаптар мен стандарттарды қайта қарау және әзiрлеумен мемлекеттік бақылау жүйесі жаңғыртылатын;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қамтамасыз етiлетін;
2007 жылы:
нормативтік әдістемелік құжаттама әзiрленетiн;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстардың ғылыми-техникалық негіздемесі қамтамасыз етілетін;
табиғат қорғау қызметiн ынталандырудың тиімдi экономикалық тетiктері пысықталатын және сынақтан өтетін;
қоршаған орта мониторингінiң жүйесін дамыту қамтамасыз етілетiн;
үздiксiз экологиялық білім беру, тәрбиелеу және ағартушылық жүйесi жетiлдiрiлетiн болады.
Қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де қызметтің әсер етуiн азайту, экожүйелердi қалпына келтiру және оңалту саласында 2007 жылы мыналар қамтамасыз етілетін болады:
оны неғұрлым ластанған ірі қалалар мен өнеркәсiп орталықтарында азайту кезiнде 3,6 - 3,7 деңгейiнде атмосфераны ластаудың орташа көрсеткiшін сақтау;
өндiрiс қарқынын ұлғайту кезiнде жылына 155-156 млн. куб. м деңгейiнде ластанған ағындардың төгінділер көлемдерiн сақтау;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын ұқсату көлемдерiн олардың жыл сайынғы жинақталуының 10% деңгейiне дейiн жеткізу.
Осы Бағдарламамен ұсынылған іс-шаралар кешенiн iске асыру нәтижесiнде қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру жөніндегі мiндеттердi шешу үшін жағдай жасалатын болады және сәйкесінше, Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайының және халықтың денсаулығының одан әрі нашарлауына нақты және әлеуетті қатерлер алынуы мүмкiн.