Бұл ретте соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегі атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасына мүдделі жергілікті атқарушы органдар осы Ереженің 376-тармағын сақтауды растайтын материалдардың көшірмелерін қоса береді.
378. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерві ағымдағы қаржы жылында республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне кредит беру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделеді.
379. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатты береді.
380. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған қолдаухаттың негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің осыған ұқсас мәселелері бойынша бұрын қабылданған шешімдеріне және облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:
1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана қаласының бюджеттеріне түсетін түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің тапшылығын қамтамасыз етілмеген шығыстарды қаржыландыруға жіберілуі;
3) республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдар берешегінің болмауы;
4) бөлінетін кредиттің сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы орган борышының лимитін арттыруға әкеп соқтырмауы тиіс.
381. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және республикалық бюджетті нақтылауды талап етпейді.
382. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган енгізеді.
383. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв ағымдағы қаржы жылында олардың бюджетінің қолма-қол ақша тапшылығын болжамдаған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар) қала бюджетіне кредит беру үшін облыстық бюджетте көзделеді.
384. Ағымдағы қаржы жылында болжамдаған жағдайда аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстың деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен облыстық деңгейдегі атқарушы органның резервінен ақша бөлу туралы қолдаухат береді.
385. Бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган ұсынылған қолдаухаттың негізінде, сондай-ақ облыс әкімдігінің осыған ұқсас мәселелері бойынша бұрын қабылданған шешімдеріне және төмен тұрған бюджеттерге бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Ағымдағы қаржы жылы болжамдалған жағдайда облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарының резервінен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:
1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне түсетін түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;
3) облыстық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдар берешегінің болмауы.
386. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді.
387. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу туралы шешімнің жобасын бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган облыс әкімдігінің қарауына енгізеді.
388. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген ақшаны алушы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде беруі тиіс.
389. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Yкіметі резервінің ақшасын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
390. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға алушы елдің Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми гуманитарлық көмекті алғаны туралы тиісті ақпаратты береді.
391. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға жергілікті атқарушы орган резервінің ақшасын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
392. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен бөлінетін ақшаны мақсатсыз және тиімсіз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша алған бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жауап береді.
393. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдары резервтерінің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
45-тарау. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібi
394. Осы тарау бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражатын бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) және оларды қаржыландыру рәсімдерін әзірлеуді қаржыландыруға бөлу тәртібін анықтайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда ТЭН әзірлеу шеңберінде TЭH тиісті сараптамаларын жүргізу қаржыландырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобаны республикалық не жергілікті ретінде анықтау Бюджет кодексінің 147-бабының 3-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Егер жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру бекітілген мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалардың шеңберінде республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін нысаналы даму трансферттері қаражатының есебінен көзделген жағдайда, ТЭН әзірлеуді қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бөлінетін бағдарламаларының есебінен жүзеге асырылады.
ТЭН-ді қаржыландыру, егер жоба бекітілген мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалармен көзделген жағдайда жүзеге асырылады.
395. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың ТЭН әзірлеуді қаржыландыру үдерісі мынадай негізгі сатыларды:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH әзірлеуді қаржыландыруға арналған өтінімдер (бұдан әрі - Өтінім) беруді;
2) олардың TЭH әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыруды, қарауды және бекітуді;
3) ТЭН әзірлеуді қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
396. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінімдерді ТЭН әзірлеу жоспарланатын жылдың 15 қаңтарына дейін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға береді.
397. Өтінім осы ережеге 56-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес келуі және мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:
жобаның атауы;
құрамында жобаны іске асыру көзделген мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаның атауы;
жобаны іске асырудың жалпы құны;
іске асыру кезеңі;
іске асыру орны;
Бюджет кодексінің 147-бабының 3-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес келуі;
жобаның құрауыштары;
қаржыландыру нысаны;
жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі;
TЭH әзірлеу үшін қажетті мәлімделетін сома;
инвестициялық ұсынысты салалық бағалауды жүргізген мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ инвестициялық ұсынысты салалық бағалау қорытындысының нөмірі;
инвестициялық ұсынысты экономикалық бағалау оң қорытындысының күні мен нөмірі.
398. TЭH әзірлеуді қаржыландыруға сондай-ақ мыналар қоса беріледі:
салалық бағалаудың қорытындысы;
экономикалық бағалаудың қорытындысы;
TЭH әзірлеуге техникалық тапсырма;
TЭH әзірлеудің мәлімделетін құнын негіздейтін ақпарат.
399. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті жылдың 1 сәуірінен кешіктірмейтін мерзімде қаржыландыруға арналған өтініштердің негізінде TЭH әзірлеу мен сараптамасын қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесінің жобасын қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
400. Бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын TЭH әзірлеу мен сараптамасын қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесі мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:
жобаның атауы;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мәлімдеген сома;
экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қаржыландыруға ұсынылатын сома;
жобаның мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларға сәйкестігі;
ТЭН әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бағалау;
өзге мәліметтер.
Қажет болған жағдайда экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган олардың TЭH-ін әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін болатын бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру барысында туындайтын жекелеген мәселелерді қарау үшін қосымша ақпаратты сұратады.
401. Бюджет комиссиясы олардың TЭH-ін әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін болатын бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қарау нәтижелері бойынша Тізбені, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
402. Әрбір жоба бойынша қаржыландыру атауы мен сомасын қамтитын тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
403. Егер бюджет комиссиясының олардың TЭH-ін әзірлеу және сараптауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен мүмкін болатын бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қарау нәтижелері бойынша бөлінетін бағдарламаның қаражаты толық мөлшерде бөлінбеген жағдайда, экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейінгі келесі айдың 1-і күніне дейін бюджет комиссиясының қарауына бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатының қалған сомасына бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне қосымша жобасын енгізеді.
Бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатының қалған сомасына бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне қосымшаны қалыптастыру, бюджет комиссиясының қарауына енгізу және бекіту осы ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
404. Бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH әзірлеуді қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесінің негізінде түрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлуге жатады.
Қаржы жылы ішінде бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH әзірлеуді қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бюджетке қайтарылады.
405. Сараптамаларды әзірлеу мен жүргізуді қаржыландыру бюджет заңнамасында және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
406. ТЭН әзірлеу жөніндегі қызметтерді беруге арналған шарт бойынша берушінің міндеттемелерінде шарттың жалпы құнының шегінде жүргізілетін ескертулер мен ұсыныстар бойынша өнім берушінің TЭH міндетті пысықтауы туралы талап қамтылуы тиіс.
407. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:
есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне дейін жобаның ТЭН белгіленген тәртіппен бекіткенге дейін ТЭН әзірлеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпаратты береді.
46-тарау. Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыруға арналған қаражатты бөлу тәртібi
408. Осымен концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражатын бөлу тәртібі анықталады.
Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Yкіметі бекіткен орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде көзделген.
409. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру үдерісі мынадай негізгі кезеңдерден тұратын іс-шаралар кешенін білдіреді:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды өткізуді концессияға беруге ұсынылатын объектілер бойынша қаржыландыруға арналған өтінімдерді (бұдан әрі - Өтінім) табыс етуі;
2) бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру, жобалардың тізбесін қалыптастыру, қарау және бекіту;
3) концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру.
410. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен күннен бастап он күн ішінде Өтінімдерді экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
Өтінім осы Ереженің 57-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес болуы және мынадай негізгі мәліметтерден тұруы тиіс:
1) жоба концессиясының атауы;
2) жоба концессиясының іске асырылуына жауапты бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі;
3) жоба концессиясын іске асырудың жалпы құны;
4) концессиялық жобаларды бағалау мен сараптаудың мәлімделген құны;
5) концессия объектісін іске асыру кезеңі.
Сондай-ақ өтінімге:
1) мынадай негізгі мәліметтері бар концессиялық жобаларды бағалаудың және оларға сараптама жүргізудің техникалық міндеттері:
концессиялық жобаларды бағалау және оларға сараптама жүргізудің міндеті, тапсырмасы және өзектілігі;
концессиялық жобаларды бағалау және оларға сараптама жүргізудің ортақ талаптары;
концессиялық жобаларды бағалау және сараптама жүргізудің мерзімдері;
2) концессиялық жобаларды бағалаудың және сараптаудың өтінілген құнын негіздейтін ақпарат;
3) басқа да мәліметтер қоса беріледі.
411. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Өтінімдер негізінде концессиялық жобаларды (бұдан әрі - Бөлу) бағалауға және сараптауға арналған қаражатты бөлу қаржыландыру жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
412. Республикалық бюджет комиссиясы Бөлу жобасын қарау нәтижелері бойынша концессияның әрбір объектісі бойынша концессиялық жобаларды бағалау мен сараптауды қаржыландыру сомасын айқындайды.
413. Бөлу мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:
концессия объектісінің атауы;
бюджеттік бағдарламаның әкімшісі;
концессия объектісі бойынша концессиялық жобаларды бағалау мен сараптауды қаржыландыру құны.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган егер қажет болған жағдайда Бөлу жобасын қалыптастыру барысында туындаған жекелеген мәселелерді қарау үшін қосымша ақпарат сұратады.
414. Концессияның әрбір объектісі бойынша концессиялық жобаларды бағалаудың және сараптаудың атауы мен қаржыландыру сомасынан тұратын Бөлу жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.
415. Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген Бөлу негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында қаржылық жылдың ішінде бөлінуі тиіс.
416. Концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыру бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
417. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға:
концессиялық жобаларды бағалау және оларға сараптама жүргізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы ақпаратты концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды аяқтағаннан кейінгі 10 күн ішінде;
жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға қаржыландыруы бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылған концессиялық жобаларды бағалау және сараптау туралы өткен жылғы есепті береді.
9-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен есептілігi
47-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібi
418. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады.
419. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен тиісті шот ашады.
420. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айдың басына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын түсімдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2008.02.04. № 313 Қаулысымен 421-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
421. Ұлттық валютадағы түсімдер сомасы Ұлттық қордың ҚБШ-ға жіберіледі. Ұлттық қордың ҚБШ-да есепке алынатын ағымдағы жұмыс күні ішіндегі түсімдер сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотына аударуы тиіс. Теңгелік шоттан қаражат келесі ай сайынғы кепілдік берілген трансфертті аудару шеңберінде жүзеге асырылатын алу үшін жеткілікті соманы жинақтағаннан кейін айырбасталады және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотына шетел валютасында түседі.
Бұл ретте қаржы нарықтарының ағымдағы конъюнктурасына байланысты Ұлттық Банктің алты айға дейінгі мерзімге теңгемен Қордың есебінен түсімдерді айырбастауды кейінге қалдыруға құқығы бар.
422. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер сомасын аударуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган күн сайын ҚР ҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасының негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің артық төленген сомасын қайтарған немесе ол есепке алынған жағдайда Ұлттық қордың ҚБШ-ға дебеттік сальдоға рұқсат етіледі.
423. Артық төленген соманы қайтару немесе есепке алу осы Ереженің 68-71-тармақтарына сәйкес ҚР ҰБ-да ашылған шоттардан есептен алмастан уәкілетті органның шоттарында жүзеге асырылады.
424. Шетелдік валютадағы түсімдердің сомасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетелдік валютадағы корреспонденттік шоттарына есептеледі. Қайта айырбасталғаннан кейін теңгемен алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР ҰҚ-ның ҚБШ-ға жіберіледі. ҚР ҰҚ-ның ҚБШ-да ескерілетін ағымдағы жұмыс күні ішіндегі түсімдердің сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган дәл сол жұмыс күні шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің тиісті шотына теңгемен аударуға тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ белгілеген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына есептелетін шетелдік валютаны дәйекті түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшін хабарламалар, өтініштер беру және соманы теңгемен есептеу кестесін сақтайды.
425. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негізінде есепке алу әдісімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан алынған инвестициялық кірістерді есепке алуды жүргізеді. Инвестициялық кірістердің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының шоттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің құрамында көрсетіледі.
426. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 58-қосымшаға сәйкес 2-26-нысан бойынша ай сайын есептіден кейінгі айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударымдар туралы есепті береді.
427. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін өзге түсімдер мен кірістерді заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына аударады.
48-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібi
428. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепілдік берілген трансферт түрінде жұмсау қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге арналған түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілгеннен артық емес көлемде жүзеге асырылады.
429. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің ҚР Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертке қажеттілік көлемін ай сайын болжамдайды.