осы тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтарында көрсетiлген мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын iрi қатысушылар, аффилиирленген тұлғалар, жақын туыстар, бірiншi басшылар немесе тiркелiп отырған заемшылардың мәмiле жасау жөніндегі деректерiне мүдделi тұлғалар бар;
10) заемшылар өзара бір-бірiмен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негiздемелер бойынша байланысса;
11) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
11) заемшылар салынып жатқан объект құрылысына қатысушылар үлесiнiң және қатысушылар үлесiнiң кепiлдiктерiн қосқандағы жылжымайтын мүлiк құрылысы жөніндегі тапсырыс берушiнiң жобасының қатысушылары болып табылады. Осы тармақшада аты аталған заемшылар тобы құрған бір заемшының тәуекел мөлшерi жеке тұлғалардың қатысушылар үлесi кепiлдiктерiнiң және/немесе салынып жатқан объектiнiң құрылысына қатысушылар үлесiнiң - жеке тұлғалардың қатысуымен жасалған топ үшiн осы тармақтың 1)-10) тармақшаларына сәйкес бір заемшының тәуекел мөлшерiнiң жиынтық есебiне қабылданбауы тиiс.
33. Егер мемлекет (уәкiлеттi орган атынан) екi немесе одан да көп заңды тұлғалардың iрi қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшерi жиынтықты түрде алғанда егер басқа iрi қатысушылар болмаса, сондай-ақ бір заемшыға арналған тәуекел мөлшерi ретiнде есептелген жағдай бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағында белгiленген өзге де жағдайлар кездеспеген жағдайда осы топқа арналған тәуекелдiң мөлшерi бір заемшыға арналған тәуекелдiң мөлшерi ретiнде есептелмейдi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 33-1-тармақпен толықтырылды
33-1. Акциялардың мемлекеттік пакеті (қатысу үлестері) «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» акционерлік қоғамының немесе «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының меншігінде болып отырған заңды тұлғалар осы Нұсқаулықтың 32-тармағының талаптарына сәйкес заемшылар тобы болып танылмайды.
34. Бір заемшыға, оның iшiнде банкке арналған тәуекелдiң мөлшерi (Р) мынадай сомамен есептеледi:
1) банктiң балансында ескерiлген банктiң заемшыға қоятын талаптары;
2) осының алдындағы ағымдағы жылғы соңғы бес жыл iшіндегі банктiң балансынан есептен шығарылған банктiң заемшыға қоятын талаптары;
3) банк үшiншi тұлғаның пайдасына немесе заемшы үшiн мiндеттеме қабылдаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе жасалған шарттарында көзделген өзге де негiздемелер бойынша талап етулер;
4) заемшының мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету сомасын шегере отырып, мынадай түрде:
аталған мiндеттеменiң қамтамасыз етуi ретiнде банк өкiлеттiгіне ұсынылған салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кепiлдемелерi;
Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң "А" немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірi ұсынған осыған ұқсас ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар басқа банктердiң кепiлдемелерi.
Бір заемшының тәуекелi есебiне мыналар енгiзiлмейдi: Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке қойылатын талаптар және Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң "BBB" ұзақ мерзiмдi рейтингi немесе халықаралық рейтинг агенттiктерi ретiнде танылған басқа халықаралық рейтинг ұйымдарының бірiнiң осыған ұқсас рейтингi бар банктердiң ашық корреспонденттiк шоттарына қойылатын талаптар.
35. Банктiң меншiктi капиталының мiндеттемелерi бойынша бір заемшы үшiн банк тәуекелiнiң мөлшерiне қатысы мынадан аспауы тиiс:
банкпен айрықша қатынастар бойынша (k3.1) байланыстары бар тұлғалар болып табылатын заемшылар үшiн - 0,10. Банкпен айрықша қатынастар бойынша байланыстары бар заемшылар үшiн тәуекелдердiң жиынтық сомасы банктiң меншiктi капиталының мөлшерiнен аспауы тиiс;
басқа заемшылар үшiн (k3) - 0,25 (оның iшiнде заемшы алдындағы қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменiң бланктiк заемдары бойынша 0,10 астам не заемшыға банктiң ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде талап етуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына, сондай-ақ Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осы деңгейдегi рейтингiнiң Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бір тармағынан төмен болмайтын және Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар резидент еместерiнiң мiндеттемелерi бойынша).
36. Банктiң заемшыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгi жалпы көлемi осы Нұсқаулықпен белгiленген шектеулер шегiнде болса, бірақ соңынан соңғы үш ай iшiнде банктiң меншiктi капиталының деңгейi бес проценттен артық төмендеуiне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай iшiнде заемшыға қойылатын талаптар он процент деп көрсетiлген теңгенiң шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктiң заемшыға қоятын талаптарының өсуiне байланысты бір заемшыға деген тәуекел нормативiнiң барынша жоғары мөлшерi орындалды деп есептеледi.
Аталған жағдайларда банк шектеулерден асып кету фактiсi туралы уәкiлеттi органды дереу хабардар етедi және ағымдағы және одан кейiнгі айларда шектен асып кетудi жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзiмде жойылмаған болса, онда бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшерiнiң нормативi шегiнен асып кету осы аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы деп қарастырылады.
37. Егер банк заемшысы жағдай пайда болған сәтте банкпен айырықша қатынасы бар тұлға болмай, соңынан ондай болып табылған жағдайда, осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екiншi абзацында белгіленгендей, осы заемшының аталған шектен асып кеткен тәуекел мөлшерi мына талаптарға сәйкес келсе, тәртiп бұзу ретiнде қарастырылмайды:
банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етудi ұсыну жөніндегі заемшының қабiлеттiлiгiн растай отырып, осы шектен асып кету туралы немесе норматив мөлшерiн сақтау үшiн қажеттi мөлшерге дейiнгi банк талап етулерінiң бөлiгiн орындайтындығы және уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде осы тәртiп бұзуды жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдағандығы туралы уәкiлеттi органды дереу хабарландырған жағдайда;
Активтердi, шартты мiндеттемелердi жiктеу ережесіне сәйкес заемшының қаржылық жағдайы қанағаттанарлықтан төмен бағаға ие болмаған жағдайда.
38. Осы Нұсқаулықтың 37-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар мiндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретiнде қаралмай, соңынан солай болған жағдайларда қолданылады.
4-тарау. Өтiмдiлiк коэффициентi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 39-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен және лимиттермен сипатталады:
банктің ағымдағы өтімділік коэффициентімен (к4);
банктің қысқа мерзімді өтімділік коэффициентімен (к5);
ағымдағы валюталық өтімділік лимитімен;
қысқа мерзімді валюталық өтімділік лимитімен;
орта мерзімді валюталық өтімділік лимитімен.
Банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті мен қысқа мерзімді өтімділік коэффициентінің ең аз мәнін уәкілетті орган белгілейді.
40. Банктердiң ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi банктердiң талап ету бойынша мiндеттемелерiнiң орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатысы ретiнде есептеледi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
41. Жоғары өтiмдi активтер есебiне мыналар енгiзiледi:
1) қолма-қол ақша;
2) тазартылған қымбат металдар;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;
4) Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-" рейтингінен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар резидент емес банктердегi талап ету бойынша салымдар;
5) Қазақстан Республикасының банктерiне және Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-" рейтингiнен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар резидент емес банктерiне берiлетiн "овернайт" заемдары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 46 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4159 тіркелген) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасында тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін белгілеу туралы» 2004 жылғы 9 ақпандағы № 25 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2740 тіркелген) белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін белгілеу туралы» 2004 жылғы 9 ақпандағы № 25 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2740 тіркелген) белгіленген рейтинг агенттіктері бірінің талап етілетін ең төмен рейтингісі бар шетел эмитенттерінің облигациялары.
Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу шарттарымен сатқан немесе кепілге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше ауыртпалылық түскен бағалы қағаздарды қоспағанда, өтімділігі жоғары активтердің есебіне қосылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42. Банктің ағымдағы және қысқа мерзімді өтімділік коэффициенттерін есептеген кезде талап ету бойынша міндеттемелер мөлшеріне талап ету бойынша барлық міндеттемелер, соның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер қосылады.
Банктің ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді валюталық өтімділік лимиттерін есептеген кезде талап ету бойынша міндеттемелер мөлшеріне талап ету бойынша барлық міндеттемелер, соның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың (банктерден басқа) мерзімді және шартты депозиттерін қоспағанда, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен мерзімді міндеттемелер қосылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43. Банктердің қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар активтердің орташа айлық мөлшерінің талап ету бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары активтер есебіне қосылмайтын осы Нұсқаулықтың 41-тармағының 6)-8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар, егер көрсетілген бағалы қағаздар қамтамасыз ету болып табылған міндеттемелер міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің есебіне қосылған жағдайда, активтердің орташа айлық мөлшерінің есебіне қосылады.
44. Өтiмдiлiк коэффициенттерiн есептеу кезiнде мыналар алынып тасталуы тиiс:
1) бірiншi және екiншi санатты күмәндiлерiнен басқа жiктеу, активтер, шартты мiндеттемелер ережесіне сәйкес жiктелген активтер;
2) кастодиан шарттары негiзiнде сақтауға және сенiмгерлiк басқару туралы шарттар негiзiнде сенiмгерлiк басқаруға банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтары;
3) оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген, заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе уәкiлеттi орган белгiлеген оффшорлық аймақтар тiзбесiне енгiзiлген не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аймақтар тiзбесiне енгiзген немесе аталған оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген заңды тұлғаларға еншiлес ретiнде қатысты болып табылатын ұйымдарға қатысы бар мемлекеттердiң азаматтарына қойылатын талаптар.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 44-1-тармақпен толықтырылды
44-1. Ағымдағы валюталық өтімділік лимиті 0,9-дан кем емес мөлшерде белгіленеді және шетел валютасындағы өтімділігі жоғары активтердің орташа айлық мөлшерінің сол шетел валютасындағы талап ету бойынша міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.
Шетел валютасындағы өтімділігі жоғары активтердің есебіне тазартылған қымбат металдарды қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 41-тармағында көрсетілген активтер қосылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 44-2-тармақпен толықтырылды
44-2. Қысқа мерзімді валюталық өтімділік лимиті 0,8-ден кем емес мөлшерде белгіленеді және үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар шетел валютасындағы активтердің орташа айлық мөлшерінің үш айға дейін қалған өтеу мерзімі бар сол шетел валютасындағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 44-3-тармақпен толықтырылды
44-3. Орта мерзімді валюталық өтімділік 0,6-дан кем емес мөлшерде белгіленеді және бір жылға дейін қалған өтеу мерзімі бар шетел валютасындағы активтердің орташа айлық мөлшерінің бір жылға дейін қалған өтеу мерзімі бар сол шетел валютасындағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне ара қатынасы ретінде есептеледі.
Қысқа мерзімді және орта мерзімді валюталық өтімділік лимиттерін есептеген кезде активтердің мөлшеріне осы Нұсқаулықтың 44-тармағында көрсетілген активтерді қоспағанда, өтеуге дейін тиісті мерзімі бар барлық активтер қосылады.
Осы Нұсқаулықтың 43-тармағында көрсетілген, шетел валютасында өтімділігі жоғары активтер есебіне қосылмайтын бағалы қағаздар, егер көрсетілген бағалы қағаздар қамтамасыз ету болып табылған шетел валютасындағы міндеттемелер шетел валютасындағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің есебіне қосылған жағдайда, шетел валютасындағы активтердің орташа айлық мөлшерінің есебіне қосылады.
Әрбір уақыт аралығындағы активтер мен міндеттемелер сомасының есебіне өткен уақыт аралығының активтер мен міндеттемелер сомасы қосылады.
Ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша айдың бірінші күнгі жағдай бойынша есептеледі, әрі оның өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшері банктің өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшерінің 1% кем емес құрайды.
Банктер 2006 жылғы 1 қазаннан бастап ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді валюталық өтімділік лимиттерін сақтауы тиіс.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 44-4-тармақпен толықтырылды
44-4. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына ара қатынасы ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасына:
Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы талап ету бойынша міндеттемелер, соның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейінгі Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімді міндеттемелер;
жеке және заңды тұлғалардың (банктерден басқа) мерзімді және шартты депозиттерін қоспағанда, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімді міндеттемелер, соның ішінде банктердің мерзімді және шартты депозиттері қосылады.
Банктер 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимитін сақтауы тиіс.
Егер 2006 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимитінің нақты мәні белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда, осы банктерге қатысты мынадай тәртіп айқындалады:
1) 2006 жылдың 1 қазанына көлемі уәкілетті орган 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша әрбір жеке алынған банкке қатысты есептеген нақты мәнінен аспайтын мәнге келтірілуі тиіс;
2) 2006 жылғы 1 қазаннан бастап 2007 жылғы 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлемі уәкілетті орган 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша әрбір жеке алынған банкке қатысты есептеген нақты мәнінен аспауы тиіс;
3) 2007 жылдың 1 шілдесіне көлемі нормативтік мәнге келтірілуі тиіс.
Банктер осы тармақта белгіленген лимиттер асып кету тәртібін сақтаған жағдайда, 2007 жылғы 1 шілдеге дейін пруденциалдық нормативті бұзғаны ретінде танылмайды.
45. Есептi кезең iшiнде банктiң кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өтiп кеткен мiндеттемелерi болған не Қазақстан Республикасының төлем және ақшаны аударым жасау туралы заңнамалық нормаларының бұзылу фактілері болған жағдайында орташа айлық негiзде белгiленген өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қатыссыз өтiмдiлiк нормативтерi орындалмаған деп есептеледi.
46. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-тарау. Ашық валюталық позиция лимиттерi
47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы банктiң талап етулерінiң (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы мiндеттемелерiнiң (талап етулерінiң) шегiнен асып кетуi.
Ұзын валюталық позиция - бұл талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы мiндеттемелерiнiң (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция - бұл мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы талап етулері (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебiне мөлшерi валюталардың айырбас бағамының өзгеруiмен белгiленетiн, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) енгiзiледi.
Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен анықталатын, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның мейлiнше төмен лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.
Әрбір шетелдiк валюта бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.
Жеке шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер тобының) валюталарының есебi кезiнде бірiншi кезекте олар бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегергендегi активтер шоттарындағы әрбір шетелдiк валюта бойынша ашылған шоттардың сальдосы және банктiң мiндеттемесi бойынша шоттары есептеледi. Соңынан ол бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегере отырып, шартты талап етулер шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдiк валюта бойынша шоттар сальдосы анықталады. Мiндеттемелерден (талап етулерден) шетел валютасындағы талап етулер (мiндеттемелер) шегi асып кеткендiгiн көрсеткен сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған қорытынды банктiң шетел валютасындағы ашық позициясының мөлшерiн және түрiн анықтайды.
Банктiң валюталық нетто-позициясы банктiң барлық шетелдiк валюталары бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдiк валюталары бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.
Шетел валютасымен көрсетiлген талап етулер және мiндеттемелер осы талап етулер және мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген) шетел валюталары бөлiгіндегі валюта позициясы есебiне енгiзiледi.
Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргiзу кезiнде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерiн белгiлейдi:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен емес тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 процентiнен аспайтын мөлшердегi "Еуро" валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
2) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 25 процентiнен аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
49. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
50. Ашық валюталық позицияның лимиттерi кез-келген шетел валютасы бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттерi осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 проценттiк тармаққа кемуiмен айқындалады.
Жекелеген шетел валютасы бойынша банк белгiлеген лимиттердiң 0,09 проценттiк шектен асып кетуi ашық валюталық позицияның лимитiнiң бұзылуы болып есептелмейдi.
51. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-тарау. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы
инвестициясының барынша жоғары мөлшерiнiң коэффициентi
және басқа қаржылық емес активтер
52. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы инвестициясының мөлшерiнiң және басқа қаржылық емес активтердiң меншiктi капиталға (k6) қатысы 0,5-тен аспауы тиiс.
53. Негiзгi құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады:
1) жер, үй және ғимарат;
2) салынып жатқан (орнатылып жатқан) негiзгi құрал-жабдықтар;
3) банк жалға алған үйлер бойынша күрделi шығындар;
4) компьютерлiк жабдықтар;
5) көлiк құрал-жабдықтары;
6) жалға беруге арналған негiзгi құрал-жабдықтар;
7) қаржы лизингiне қабылданған негiзгi құрал-жабдықтар;
8) басқа да негiзгi құрал-жабдықтар;
9) банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн және сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;
10) басқа да материалдық қорлар;
11) күрделi салымдар бойынша дебиторлық берешек.
7-тарау. Қорытынды ережелер
54. Банктердiң пруденциалдық нормативтердi сақтауына бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
55. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56. Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда жауап бередi.
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың