Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 224 Қаулысы
(2017.08.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 353 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2016.29.08. № 488 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 274-ө өкімінде:
жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
Мусин Аслан Есболайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекші |
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi |
мына:
«Бішімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі»; |
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Мусина Лилия Сәкенқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |