Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 224 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Супрун Виктор Васильевич | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық, мемлекеттің Mүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап қою-қуыну жұмысы департаментінің директоры, хатшы |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi |
Парсегов Борис Анатольевич | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы |
көрсетілген құрамнан Палымбетов Болат Әбілқасымұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Смайылов Әлихан Асханұлы, Исабеков Тимур Шамсатұлы шығарылсын;
2) «Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Мусин Аслан Есболайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға |
Супрун Виктор Васильевич | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрi |
Омаров Қадыр Тоқтамысұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi |
Сабдалин Абылай Қиялұлы | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрi |
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi |
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Палымбетов Болат Әбілқасымұлы, Ақанов Айқан Ақанұлы, Қуандықов Болатбек Баянұлы, Оразбаев Бірлік Есіркепұлы, Смайылов Әлихан Асханұлы шығарылсын;
3) «Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 274-ө өкімінде:
жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
Мусин Аслан Есболайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекші |
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi |
мына:
«Бішімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі»; |
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Мусина Лилия Сәкенқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |