«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1349 қаулысымен күші жойылды
Акциздердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің заңсыз өндірісі мен айналымын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. 2007 жылғы 15 сәуірден бастап алкогольдік өнімді жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілсін.
2-2. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау 2007 жылғы 1 маусымға дейін жүргізіледі.«;
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алкоголь өнімін өндірушілер мен импорттаушылар, алкоголь өнімін сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банкроттың мүлкін (активтерін) сататын конкурстық басқарушылар отандық және импорттық өндірістің алкоголь өнімін ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен сатуды 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырады деп белгіленсін.»;
3) 5-тармақта:
1) тармақшада «есепке алу-бақылау таңбаларымен» деген сөздердің алдынан «жаңа үлгідегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2007 жылғы 1 мамырға дейін есепке алу-бақылау таңбаларын дайындайтын ұйымды айқындайтын тендер өткізсін және тендердің жеңімпазымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт жасассын;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымына бақылау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға тендердің жеңімпазынан алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларының бірінші легі алынғанға дейін есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт (келісім) жасассын;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Есепке алу-бақылау таңбаларымен міндетті түрде таңбалауға жататын алкоголь өнімі есепке алу-бақылау таңбаларымен осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбаланады.«;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 наурыздағы
№ 177 қаулысына
Қосымша
Шарап материалдары мен сыраны
қоспағанда, алкоголь өнімін есепке
алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесіне
қосымша
Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбасының нысаны