4) егер селекциялық жетiстiктi қызметкер қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаса, автор мен жұмыс берушiнiң арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушiге берiледi.
Атына патент беру сұралып отырған бiрнеше адам болған жағдайда, оларға бiр патент берiледi.
14-бап. Патент иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Егер мұндай пайдалану басқа патент иеленушiлердiң құқықтарын бұзбайтын болса, патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiктi пайдалануға айрықша құқығы болады. Селекциялық жетiстiкке қатысты мынадай iс-әрекетке патент иеленушiнiң рұқсаты керек:
1) өндiру немесе молайту (көбейту);
2) көбейту мақсаты үшiн ұрықты себетiндей деңгейге жеткізу;
3) сатуға ұсыну;
4) сату немесе өткізудiң өзге де түрлерi;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
6) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
7) жоғарыда аталған мақсаттар үшiн сақтау.
2. Патент иеленушiнiң құқығы азаматтық айналымға патент иеленушiнiң рұқсатынсыз енгiзiлген ұрықтар мен асыл тұқымды жануарлардан өндiрiлген өсiмдiк материалы мен тауарлы малға да қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi селекция жетiстiктерiнiң сорты мен тұқымының:
1) егер осы селекциялық жетiстiктердiң өздерi басқа селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн мұра ретiнде иеленбеген болса, селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн елеулi дәрежеде мұра ретiнде иеленетiн;
2) селекциялық жетiстiктен көрiнеу ерекшеленбейтiн;
3) 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) оларды молайту селекциялық жетiстiктi сан мәрте пайдалануды қажет ететiн ұрықтары мен асыл тұқымды материалына қатысты қолданылады.
Селекциялық жетiстiк бастапқысынан айқын ерекшеленген кезде:
1) бастапқы селекциялық жетiстiктiң генотипiн немесе генотиптерiнiң комбинациясын бiлдiретiн негiзгi белгiлердi сақтай отырып, бастапқы селекциялық жетiстiктiң немесе бастапқы селекциялық жетiстiктiң маңызды белгiлерiне өзi ие болып қалатын селекциялық жетiстiктiң неғұрлым маңызды белгiлерiне ие болып қалса;
2) бастапқы сорттан, тұқымнан жеке iрiктеу, индукцияланған немесе өздiгiнен клондалған мутантты iрiктеу, қайыра будандастыру және гендiк инженерия сияқты әдiстердi қолданудан туындаған ауытқуларды қоспағанда, бастапқы селекциялық жетiстiк генотипiне немесе генотиптерiнiң комбинациясына сәйкес келсе селекциялық жетiстiк басқа (бастапқы) селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн елеулi түрде ие болып қалған селекциялық жетiстiк деп танылады.
4. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Патент иеленушi:
1) азаматтық айналымға өндірісте пайдалануға жіберілген сортты, тұқымды енгiзуге;
2) сортты, тұқымды қорғау мақсатында мемлекеттік комиссия белгiлеген ресми сипаттамада көрсетiлген белгiлердiң сақталуы үшiн патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде сортты, тұқымды бiрқалыпты ұстап тұруға;
3) патенттi күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.
15-бап. Патент иеленушiнiң құқықтарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Осы Заңды бұза отырып өсiмдiктер сортын, жануарлар тұқымын пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға патент иеленушiнiң құқықтарын бұзғанына кiнәлi болып саналады.
2. Жеке немесе заңды тұлға, егер:
1) патент иеленушiнiң рұқсатынсыз өтiнiм берiлген сорт, тұқым туралы коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтi ашса;
2) өндiрiлген және сатылған өсiмдiктердiң қорғалатын сорттарына, асыл тұқымды мал тұқымдарына тiркелгендегiсiнен өзгеше атау берсе;
3) өндiрiлген және сатылатын өсiмдiктердiң қорғалатын сорттарына, асыл тұқымды мал тұқымдарына селекциялық жетiстiкпен шатастыратындай дәрежеде ұқсас атау берсе;
4) iс жүзiнде ондай емес өндiрiлген және (немесе) сатылатын тұқымдарға, асыл тұқымды материалға селекциялық жетiстiктiң iс жүзiнде ондай емес атауын берсе;
5) селекциялық жетiстiк туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерi бар құжаттар табыс етсе, патент иесiнiң құқықтарын бұзушы болып саналады.
3. Патент иеленушiнiң құқықтарын бұзған тұлға патент иесiне селекциялық жетiстiктi пайдаланғаны үшiн өтем төлеуге, сондай-ақ заңдарға сәйкес осы Заңды бұзу салдарынан туындаған басқа да шығындардың орнын толтыруға мiндеттi.
4. Айрықша немесе айрықша емес лицензияның иесi патент иеленушiнiң жазбаша рұқсаты бойынша немесе оның сенімхаты бойынша патенттi бұзушыға талап қоя алады.
5. Шығындардың орнын толтыру туралы талап шығын келтiрiлген күннен басталып, патенттiң бұзылу кезеңiне белгiленедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 16-бап толықтырылды
16-бап. Құқықты мұраға қалдыру
Селекциялық жетiстiкке өтiнiм беру және оған патент алу құқығы, селекциялық жетiстiктi пайдалануға, сондай-ақ сыйақы төлеу мен оларды пайдаланудан түскен кiрiске айрықша құқықтар мұра ретiнде немесе құқықтық мұрагерлiк тәртібімен ауысады.
17-бап. Патент иеленушiнiң айрықша құқықтарын бұзу болып танылмайтын iс-әрекет
Селекциялық жетiстiктi пайдалануға қатысты:
1) жеке және коммерциялық емес мақсаттарда жасалатын;
2) сынау мақсатында жасалатын;
3) осы Заңның 14-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, селекциялық жетiстiктердi басқа сорттар мен тұқымдар шығарудың бастапқы материалы ретiнде пайдалану жөніндегі iс-әрекеттер патент иеленушiнiң құқықтарын бұзу болып танылмайды.
2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 17-1 баппен толықтырылды
17-1-бап. Бұрынғыша пайдалану құқығы
1. Селекциялық жетістікке басымдық берілген күнге дейін автордан тәуелсіз жасалған селекциялық жетістікке ұқсас өсімдік сортын немесе жануар тұқымын Қазақстан Республикасының аумағында адал пайдаланған немесе осыған қажетті әзірліктер жасаған тұлғаның осындай пайдалану көлемін кеңейтпей оны өтеусіз пайдалану құқығы (бұрынғыша пайдалану құқығы) сақталады.
Бұрынғыша пайдалану құқығы басқа тұлғаға ұқсас өсімдік сорты немесе жануар тұқымы пайдаланылған немесе осыған қажетті әзірліктер жасалған өндіріспен бірге ғана берілуі мүмкін.
2. Басымдық берілген күннен кейін, бірақ патент беру туралы мәліметтер жарияланған күнге дейін селекциялық жетістікті пайдалануды бастаған тұлға патент иесінің талабы бойынша одан әрі пайдалануды тоқтатуға міндетті. Бірақ, мұндай тұлға патент иесіне осы пайдаланудың нәтижесінде келтірілген шығындарды өтеуге міндетті емес.
5-тарау. Селекциялық жетістікті пайдалану
18-бап. Лицензиялық шарт
1. Патент иеленушi болып табылмайтын кез келген адам селекциялық жетiстiктi патент иеленушiнiң рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негiзiнде пайдалануға құқылы.
2. Лицензиялық шартта лицензиатқа:
1) селекциялық жетiстiктi лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтап пайдалану құқығымен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын (жай, ерекше емес лицензия);
2) селекциялық жетiстiктi лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтап, бiрақ лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз пайдалану құқығын (ерекше лицензия);
3) селекциялық жетiстiктi лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз пайдалану құқығын (толық лицензия) беру көзделуi мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта лицензияның түрi көрсетiлмесе, ол жай, ерекше емес лицензия деп есептеледi.
3. Лицензиаттың басқа тұлғаға (сублицензиатқа) селекциялық жетiстiктi пайдалану құқығына ерекше лицензия беруi туралы шарт (сублицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкін.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, сублицензиаттың iс-әрекетi үшiн лицензиар алдыруда лицензиат жауапты болады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Лицензиялық және сублицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
5. Елдегі төтенше жағдайлар кезiнде немесе мейлiнше қажет болған басқа да жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң селекциялық жетiстiктi патент иеленушiнiң келісімiнсiз, бiрақ оны дереу хабардар етiп және оған сәйкес өтемақысын төлей отырып пайдалануға рұқсат етуге құқығы бар. Өтемақының мөлшерi туралы дауларды сот шешедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
19-бап. Ашық лицензия
Патент иеленушi кез келген тұлғаға селекциялық жетiстiктi пайдалануға лицензия алу құқығын беру туралы уәкiлеттi органға өтiнiш бере алады (ашық лицензия).
Аталған лицензияны алуға тiлек бiлдiрген тұлға патент иеленушiмен төлемдер туралы шарт жасасып, оны мiндеттi түрде уәкiлеттi органда тiркетуге мiндеттi. Шарт жөніндегі дауларды сот қарайды.
Патент иеленушiнiң ашық лицензияға құқық беру туралы өтiнiшi бюллетеньде ашық лицензия туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап үш жыл бойы өз күшiн сақтайды. Аталған мерзiм шегiнде патенттi күшiнде ұстау үшiн төленетiн ақы ашық лицензия туралы мәлiметтер жарияланған жылдан кейiнгi жылдан бастап елу процентке кемiтiледi.
20-бап. Мәжбүрлеу лицензиясы
1. Патент иеленушi селекциялық жетiстiктi пайдаланбаған және ол қолайлы коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасаудан бас тартқан жағдайда, егер селекциялық жетiстiк патент беру туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап үш жыл iшiнде селекциялық жетiстiкке патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн селекциялық жетiстiк үздiксiз пайдаланылмаса, кез келген тұлға өзiне ерекше емес мәжбүрлеу лицензиясын беру туралы сотқа өтiнiш жасай алады. Егер патент иеленушi селекциялық жетiстiктiң пайдаланылмауы дәлелдi себептерге байланысты болмағанын дәлелдемесе, сот аталған лицензияны төлемдердiң мерзiмдерiн, мөлшерi мен тәртібін көрсете отырып бередi. Төлемдердiң мөлшерi лицензияның қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген рыноктық бағасынан төмен белгiленбеуге тиiс.
Кез келген мәжбүрлеу лицензиясы ең алдымен Қазақстан Республикасының iшкi рыногының қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн берiлуге тиiс.
Аталған селекциялық жетістікті пайдалану құқығын мәжбүрлеу лицензиясы берілген тұлға басқа тұлғаға осы селекциялық жетiстiктiк пайдаланылатын кәсiпорынмен бiрге ғана беруi мүмкiн.
Мәжбүрлеу лицензиясын беруге себеп болған мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған жағдайда сот оның күшiн жоюға тиiс.
2. Селекциялық жетiстiктердi бұл орайда қолайлы коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан басқа патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiкке құқығын бұзбай пайдалана алмайтын патент иеленушiнiң өзiне селекциялық жетiстiктi Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға ерекше емес мәжбүрлеу лицензиясын беру туралы сотқа арыз жазып жүгінуге құқығы бар.
Аталған лицензия берiлген жағдайда сот патентi басқа тұлғаға тиесiлi селекциялық жетiстiктiң пайдаланылу шегiн, төлемдердiң мерзiмдерiн, мөлшерi мен тәртібін белгiлеуге тиiс. Бұл орайда төлемдердiң мөлшерi лицензияның қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген рыноктық бағасынан төмен белгiленбеуге тиiс.
Селекциялық жетiстiктi пайдалануға осы тармақ негiзiнде алынған құқық осы селекциялық жетiстiкке патенттi сол құқықтың берiлуiне байланысты берген жағдайда ғана берiлуi мүмкiн.
6-тарау. Патенттің қолданылуын тоқтату
21-бап. Патенттi жарамсыз деп тану
1. Патент бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде, егер:
1) оның мәлiмдеушi берген селекциялық жетiстiктiң бiртектілігi және тұрақтылығы туралы расталмаған деректер негiзiнде берiлгенi;
2) патент берген күнiнде селекциялық жетiстiктiң жаңалық пен ерекшелiк өлшемдерiне сәйкес келмегенi;
3) патентте патент иесi ретiнде аталған адамның патент алуға заңды негiздемелерi болмағаны анықталса, оның берiлуi дау туғызуы және оған қарсылықтар бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша патент беруге қарсы қарсылық уәкiлеттi органға берiледi. Егер қосымша сынақтар өткізу қажет етiлмесе, қарсылықты шағым кеңесi оның түскен күнiнен бастап алты ай мерзiмде қарауға тиiс. Қарсылық берген тұлға патент иесiн қарсылықпен таныстыруға мiндеттi.
Шағым кеңесiнiң шешiмiне қарсылық бiлдiрушi тұлға немесе патент иесi өздерiнiң шешiмдi алған күнiнен бастап алты ай iшiнде сотқа шағым беруі мүмкін.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Патенттiң күшiн жою және оны мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Селекциялық жетiстiкке берiлген патенттiң күшiн уәкiлеттi орган:
1) оны осы Заңның 21-бабына сәйкес заңсыз деп таныған;
2) сорт, тұқым бiртектілік пен тұрақтылық көрсеткiштерiне ендiгi жерде сәйкес келмеген;
3) сорттың, тұқымның аман сақталуын тексеру үшiн сараптама органының өтiнiшi бойынша патент иеленушi қажеттi ақпаратты, ұрықты, асыл тұқым материалдарын және құжаттарды 12 ай iшiнде бермеген немесе осы мақсаттар үшiн жергiлiктi жерлерде сортқа, тұқымға инспекция жүргiзу үшiн жағдайлар болмаған;
4) егер патент иеленушi басқа, неғұрлым лайықты атау ұсынбаса, патент берiлгеннен кейiн селекциялық жетiстiктiң атауы жойылған кездерде жояды.
2. Патенттiң қолданылуы:
1) патент иеленушiнiң бюллетеньде патенттiң қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап уәкiлеттi органға берген өтiнiшi негiзiнде;
2) ақы төлеудiң белгiленген мерзiмi өткен күннен бастап патенттi күшiнде ұстаудың белгiленген мерзiмiнде ақы төленбеген жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
7-тарау. Қорытынды ережелер
23-бап. Осы Заңды қолдануға байланысты дауларды шешу
Сортқа және тұқымдарға берiлген патенттер туралы заңдарды бұзуға байланысты даулар, атап айтқанда:
1) сортқа, тұқымға авторлық туралы;
2) патент иеленушiнi белгiлеу туралы;
3) патент иеленушiнiң пайдалануға ерекше құқығын және басқа мүлiктiк құқықтарын бұзу туралы;
4) селекциялық жетiстiктi пайдалануға лицензиялық шарттарды жасасу және оны орындау туралы;
5) осы Заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы;
6) шартқа сәйкес авторға сыйақы төлеу туралы;
7) патент беру туралы;
8) мәжбүрлеп лицензия беру туралы;
9) патенттен туындайтын құқықтарды қорғауға байланысты басқа да даулар сот тәртібімен қаралады.
24-бап. Селекциялық жетiстiктердi өндiрiсте пайдалану
1. Пайдалануға рұқсат етiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмдерiне сортты, тұқымды шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынақтар жасау нәтижелері бойынша, ал жүзім сорттары, діндік, сәндік, жемістік дақылдары мен ағаш тұқымдары бойынша да белгiленген тәртiппен сарапшылық бағалаулар негiзiнде мемлекеттік комиссиялар енгiзедi.
2. Өткiзiлетiн ұрықтармен және асыл тұқымдық материалмен олардың қандай сортқа, тұқымға жататынын, қайдан шыққанын және сапасын куәландыратын тиiстi құжаттар қоса жүруге тиiс.
Құжат тиiстi аймақта пайдалануға жiберiлетiн сорттың ұрығына, тұқымның асыл тұқымды материалына берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2005.22.11. № 90-III ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Заңдық маңызы бар әрекеттерге ақы төлеу
Сараптама жасау ұйымының және мемлекеттік комиссиялардың осы Заңда көзделген, патенттер беруге, оларды тiркеуге өтiнiмдер қабылдауды қамтитын әрекеттердi жүзеге асырғаны, селекциялық жетiстiктерге сараптама жүргiзгенi және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттер туғызатын өзге де әрекеттер үшiн сараптама жасау ұйымы Заңдарға сәйкес ақы алады.
Уәкілетті органның патент беру, шарттарды тіркеу жөніндегі іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
26-бап. Жарияланымдар
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Бюллетеньде селекциялық жетiстiктi тiркеуге қатысты:
1) селекциялық жетiстiк басымдығының күнiн, өтiнiм берушiнiң атын (атауын), селекциялық жетiстiктiң атауын, егер бас тартпаса, автордың аты-жөнiн көрсете отырып, оңды нәтиже мен алдын ала сараптамадан өткен патент беруге жасалған өтiнiмдер туралы;
2) патент беру туралы өтiнiм бойынша қабылданатын шешiмдер туралы;
3) селекциялық жетiстiктердiң атауындағы өзгерістер туралы;
4) патенттердi жарамсыз және олардың күшi жойылды деп тану туралы;
5) селекциялық жетiстiктердi қорғауға қатысты басқа да мәлiметтер жарияланады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Өтiнiм туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға өтiнiм материалдарымен танысуға құқылы.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
27-бап. Шет елдерде селекциялық жетiстiктердi патенттеу
Өтiнiм берушi Қазақстан Республикасы селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы екi жақты немесе көп жақты халықаралық шарт арқылы байланысы бар басқа мемлекеттiң құзыреттi органына селекциялық жетiстiктi қорғауға алғашқы өтiнiм беруге құқылы.
Өтiнiм берушi өзi алғашқы өтiнiм берген мемлекеттiң құзыретті органы оған қорғау құжатын бергенiн күтпей-ақ басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдарына өтiнiм беруге құқылы.
Селекциялық жетiстiктерге құқықтарды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс қорғауға байланысты шығындарды өтiнiм берушi өтейдi.
28-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың құқықтары
1. Шетелдiктер мен шетелдiк заңды тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы өзге де заң және нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде немесе өзара түсiнiстiк принципiнде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және селекциялық жетiстiктердi құқықтық қорғауға қатысты өзге де актiлерде көзделген құқықтарды, егер осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.
29-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан басқа ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының