5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы бола алмайды.
6. Инвестициялық қордың мүлкi жетiмсiз болған жағдайда, инвестициялық қордың мүлкiне тиiсiнше басшылық жасалмауына байланысты туындаған берешектi басқарушы компанияның өз мүлкiнен ғана өндiрiп алуға болады.
41-бап. Инвестициялық қордың активтерiн басқару
жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға байланысты
тыйымдар
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Басқарушы компанияның өзi басқаратын инвестициялық қорға қатысты: 1) нәтижесiнде Қазақстан Республикасы заңдарында, инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе ережесінде белгiленген талаптар бұзылатын мәмiлелер жасасуға;
2) инвестициялық қор активтерiн өтеусiз иелiктен шығару жөнiнде инвестициялық шешiмдер қабылдауға;
3) инвестициялық қордың активтерiн өз мiндеттемелерiн немесе үшiншi тұлғалардың осы инвестициялық қордың активтерiн басқару жөніндегі қызметiмен байланысты емес мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн пайдалануға;
4) өзiне тиесiлi активтердi инвестициялық қор активтерiнiң құрамына сатуға (беруге);
5) активтердi кредитке сатуға;
6) инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың ережелерiне сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу не инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алу үшiн қордың ақша нысанындағы активтерi жетiспеген кезде бұл үшiн осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып қарыз ақшаны пайдалану жағдайларын қоспағанда, инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен қайтарылуға тиiстi ақшаны немесе өзге де мүлiктi қарыз шарттарының талаптарымен алуға;
7) сенiмгерлiк басқару шартына, инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың ережелерiне сәйкес шығыстарды өтеу мен сыйақы алу, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, басқарушы компанияның ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу үшiн пайдаланған ақша сомасын өтеу жағдайларын қоспағанда, өзi басқаратын инвестициялық қордың активтерiн сатып алуға;
8) сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде ашық сауда-саттық әдiстерiмен жасалған мәмiлелердi қоспағанда, өзi басқаратын басқа инвестициялық қордың активтерiн инвестициялық қор активтерiнiң құрамына сатып алуға;
9) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда-саттық жүйесiнде ашық сауда-саттық әдiстерiмен жасалған мәмiлелердi қоспағанда, инвестициялық қордың активтерi есебiнен басқарушы компанияның аффилиирлендiрiлген тұлғаларынан инвестициялау объектiлерiн сатып алуға не оларға осы компанияның басқаруындағы инвестициялық қордың активтерiн сатуға;
10) бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногында инвестициялық қор активтерiнiң құрамына осы қордың кастодианы, осы қор пайларын ұстаушылардың тiзiлімiн жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушiсі, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғалары шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға;
11) қамтамасыз етiлмеген мәмiлелер жасасуға ("қысқа сауда-саттық" немесе мұндай мiндеттемелердi қабылдау кезiнде инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiрмейтiн активтер беру жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға;
12) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен инвестициялық қор активтерiн хеджирлеу мақсатында жасалған мәмiлелердi, сондай-ақ базалық актив эмитентiнiң депозитарлық қолхаттарымен және опциондарымен мәмiлелердi қоспағанда, туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасуға құқығы жоқ.
Осы баптың 2-тармағының төртінші бөлігінде көзделген шарттар сақталған жағдайда, осы тармақтың 6) тармақшасының талабы жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн алынған қарыздың кез келген түрi бойынша инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын берешектердiң жиынтық көлемi инвестициялық қордың таза активтерi құнының он процентiнен аспауға тиiс.
Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн қарызға қаражат тарту мерзiмi (ұзарту мерзiмiн қосқанда) үш айдан аспауға тиiс.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға арналған қарыз ақшаны пайдаланғаны үшiн сыйақы төлемдерi басқарушы компанияның өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлік қоры активтерінің есебінен өтелуге жататын қарыздың кез келген түрі бойынша берешектің жиынтық көлемі жылжымайтын мүлік қорының активтері құнының алпыс процентінен аспауға тиіс.
42-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының
мiндеттерi
1. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы:
1) инвестициялық қор активтерiнiң құнын бағалауды, қозғалысын, құрамын және құнын есепке алуды, сондай-ақ пайларды одан әрi орналастырған немесе сатып алған кезде олардың құнын есептеуді жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық пай қоры активтерiн бухгалтерлiк есепке алуды бөлек жүргiзудi және олар бойынша есептiлiк берудi жүзеге асыруға;
3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет кастодианмен салыстырып тексерудi жүзеге асыруға;
4) сенiмгерлiк басқару шартына немесе қордың ережелерiне сәйкес, мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет акционерлік инвестициялық қорға немесе инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушыларға қордың таза активтерiнiң құрамы мен құны, сондай-ақ инвестициялық пай қоры пайының есептiк құны туралы хабарлауға;
5) осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор туралы ақпаратты ашуға мiндеттi.
2. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерiмен мәмiлелер жасасқан кезде соның мүддесi үшiн iс-әрекет ететiн инвестициялық қордың атауын көрсетуге мiндеттi. Аталған талап бұзылған жағдайда басқарушы компания қабылданған мiндеттеменi өз есебiнен орындайды.
3. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн басқарушы компания үш жұмыс күнi iшiнде кастодианмен бiрлесiп инвестициялық пай қорының таза активтерiнiң құнын есептеуге және уәкiлеттi органға пайларды бастапқы орналастырудың нәтижелерi туралы есептi табыс етуге мiндеттi.
6-тарау. Инвестициялық қордың активтерін есепке
алу және сақтау
43-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң сақталуын
қамтамасыз ету
1. Инвестициялық қордың активтерiн кастодиан өз активтерiнен және оның өзге клиенттерiнiң активтерiнен бөлек есепке алады және сақтайды.
2. Инвестициялық қордың активтерiн есепке алу және сақтау мақсатында, сондай-ақ қордың активтерiн сенiмгерлiк басқаруға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу үшiн кастодиан шотты сенiмгерлiк басқаруды қордың басқарушы компаниясының жүзеге асыратынын көрсете отырып, инвестициялық қордың шоттарын ашады (жүргiзедi).
3. Акционердiң немесе пайларды ұстаушының, басқарушы компанияның немесе кастодианның мiндеттемелерi бойынша, оның iшiнде аталған субъектiлер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, инвестициялық қордың активтерiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
Инвестициялық қор акционерлерiнiң немесе пай ұстаушыларының мiндеттемелерi бойынша оларға тиесiлi акциялардан немесе пайлардан өндiрiп алынуы мүмкін.
4. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы немесе кастодианы дәрменсiз немесе банкрот деп танылған немесе жарияланған жағдайда инвестициялық қордың активтерi конкурстық массаға (тарату массасына) қосылмайды.
44-бап. Инвестициялық қор кастодианының мiндеттерi
Кастодиан:
1) инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын орналастыруға және сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;
2) инвестициялық қор активтерiмен жасалатын мәмiлелердi бақылауды жүзеге асыруға және олар Қазақстан Республикасының заңдарында, акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының ережесінде белгiленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, бұл жөнiнде уәкiлеттi органға, басқарушы компанияға және егер бұл акционерлік инвестициялық қор болса, оның атқарушы органына дереу хабарлай отырып, басқарушы компанияның тапсырмасын тосқауылдауға (орындамауға);
3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын есепке алуды, сондай-ақ пайларды кейiнгi орналастыру немесе сатып алу кезiнде олардың құнын есептеудi жүзеге асыруға;
4) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет басқарушы компаниямен салыстырып тексерудi жүзеге асыруға;
5) инвестициялық қордың активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асыруға кастодиандық шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде жаңа кастодианға осы қор бойынша қордың активтерi мен құжаттарын беруге;
6) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының қызметiнде анықталған бұзушылық туралы олар байқалған кезден бастап келесi күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға;
7) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы қайтарып алынған жағдайда ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының жаңа басқарушы компаниясын таңдауға не қор ережесінде белгiленген шарттармен және тәртiппен жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыруды қамтамасыз етуге не инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды жүзеге асыруға мiндеттi.
7-тарау. Инвестициялық қор туралы ақпаратты ашу
45-бап. Инвестициялық қор туралы ақпаратқа
қойылатын талаптар
1. Инвестициялық қор туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға, акционерлік инвестициялық қор жарғысының, инвестициялық декларациясының, акциялар шығару проспектiсiнiң талаптарына және инвестициялық пай қоры ережелерiне сәйкес болуға тиiс.
2. Инвестициялық қор туралы ақпаратта:
1) инвестициялық қордың атауы, оның басқарушы компаниясы лицензиясының атауы, берiлген күнi және нөмiрi, инвестициялық пай қоры ережесінiң тiркелген нөмiрi мен күнi;
2) инвестициялық қор туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға болатын орындар туралы (мекен-жайларын және телефон нөмiрлерiн көрсете отырып) ақпарат;
3) акциялар немесе пайлар құнының өсуi немесе төмендеуi, инвестициялаудың бұрынғы нәтижелерiнiң болашақта табыстарды айқындамайтыны, инвестицияның инвестициялық қорлардағы табыстылығына мемлекеттiң кепiлдiк бермейтiнi туралы нұсқау, сондай-ақ инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алардың алдында акционерлік инвестициялық қордың жарғысымен, оның акциялар шығару проспектiсiмен, инвестициялық пай қорының ережелерiмен танысу қажеттiгі туралы ескерту болуға тиiс.
3. Инвестициялық қор және басқарушы компания туралы ақпарат дәйектемесiз немесе жаңылыстыратын мәлiметтер, сондай-ақ:
1) акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң болашақтағы табыстылығына, соның iшiнде оның бұрынғы нақты қызметi туралы ақпаратқа негiзделген кепiлдiктер;
2) үш жылдан астам уақыт бұрын өтiп кеткен өзге оқиғаға немесе уақыт кезеңiне қатысты басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң нәтижесiне елеулi ықпал ете алатын факторлар туралы мәлiмдеулер;
3) басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң инвестициялық қордың таза активтерiнiң табыстылығы мен құнының нақты есебiне негiзделмеген көрсеткiштерiн салыстырулар;
4) инвестициялардың қауiпсiздiгіне және аталған инвестицияларға байланысты ықтимал табыстар немесе шығындар мөлшерiнiң тұрақтылығына кепiлдiк беретiн болашақ инвестициялар туралы мәлiмдеулер;
5) акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның басқару дағдылары немесе сипаттамалары, сондай-ақ олардың мемлекеттік органдармен, өзге де тұлғалармен байланыстары туралы асырып көрсетiлген немесе расталмаған мәлiмдеулер болмауға тиiс.
4. Акционерлік инвестициялық қор, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұны үшiн, оның iшiнде нақты емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратқаны немесе жариялағаны үшiн, сондай-ақ оны уақтылы таратпағаны немесе жарияламағаны үшiн жауапты болады.
5. Тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылмайды және сыртқы (көрнекi) жарнама құралдары арқылы таратылмайды.
46-бап. Акционерлік инвестициялық қордың немесе
инвестициялық пай қорының басқарушы
компаниясының ақпарат беруi
1. Акционерлік инвестициялық қор, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы және акциялар немесе пайлар иелену және (немесе) сатып алу өтiнiмдерiн қабылдау орындарындағы олардың өкiлдерi әлеуеттi инвесторларға, акционерлерге немесе пай ұстаушыларға:
1) акционерлік инвестициялық қордың жарғысын, инвестициялық декларациясын, акциялар шығару проспектiсiн немесе инвестициялық пай қорының келісілген барлық өзгерістерi мен толықтырулары қамтылған ережесін;
2) инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құны, осы мәлiметтер анықталған соңғы күнгі жағдай бойынша бiр пайдың есептiк құны туралы мәлiметтердi;
3) акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе кастодианының өткен қаржы жылында инвестициялық қордың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi жөніндегі қызметiн тексеру нәтижелерiмен қоса олардың аудиторлық есептерiнен үзiндi;
4) акционерлік инвестициялық қордың, басқарушы компанияның, кастодианның және инвестициялық қордың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өзге де субъектiлердiң кез келген өткен кезең үшiн инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын сыйақылары мен шығыстарының ықтимал және нақты мөлшерi туралы мәлiметтердi;
5) инвестициялық қордың басқарушы компаниясына және кастодианына олардың инвестициялық қордың активтерiн басқаруы, есепке алуы және сақтауы жөніндегі қызметiне байланысты қолданылған санкциялар туралы мәлiметтердi;
6) акционерлік инвестициялық қор, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңдарында, акциялар шығару проспектiсiнде немесе қор ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес таратқан өзге де ақпаратты табыс етуге мiндеттi.
2. Инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын орналастыру мен сатып алу бағасы, бiр пайдың есептiк құнын айқындау әдiсi туралы, осы мәлiметтер айқындалған соңғы күнгi жағдай бойынша қордың таза активтерiнiң құны (соның iшiнде оны сатып алған кездегi бiр акцияға немесе бiр пайға есептегенде) туралы, акцияларды немесе пайларды иеленуге немесе сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудың басталу мен аяқталу мерзiмi, уақыты, акцияларды немесе қордың пайларын орналастыруды, сатып алуды тоқтата тұрған немесе қайта бастаған жағдайлар туралы, акцияларды немесе пайларды орналастырған және сатып алған кездегi өкiлдер туралы ақпарат әлеуеттi инвесторларға, акционерлерге немесе пай ұстаушыларға акционерлік инвестициялық қордың жарғысында, акциялар шығару проспектiсi мен инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының ережелерiнде көрсетiлген жағдайларда, тәртiппен және тәсiлдермен ақпарат беруге тиiс.
3. Акцияларды немесе пайларды орналастыру және (немесе) сатып алу процесiн тоқтата тұру немесе жаңарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мұндай шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде себептерiн көрсете отырып, бұл жөнiнде хабарлама жариялауға (таратуға) мiндеттi.
8-тарау. Қорытынды ережелер
47-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық
Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
48-бап. "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
күшi жойылды деп тану туралы
"Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 57-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |