Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 11 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
218-бапта:
баптың тақырыбындағы «Бухгалтерлік есеп ережелерін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта:
«есепке алу немесе есеп беру құжаттарына» деген сөздер «бухгалтерлік құжаттамаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қаржы және басқа есепке алу немесе есеп беру құжаттарын оларды сақтау» деген сөздер «бухгалтерлік құжаттамаларды олардың сақталу» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 30 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 25 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 7 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 3 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 178, 179-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"178-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы
1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:
ірі залал келтірмей, бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару;
бұрмаланған қаржылық есептілік жасау, бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректерді жасыру, сол сияқты ірі залал келтірмей, бухгалтерлік құжаттаманы жою;
1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
жария ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтердің сертификаты жоқ адамды тағайындау түрінде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы, -
айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
179-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы
заңнамасын бұзуы
1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын:
бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтару, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса;
құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика органдарының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының құзыреттеріне сәйкес оларға көрінеу дұрыс емес қаржылық есептілікті табыс ету, қаржылық есептілікті табыс етуден бас тарту, белгіленген мерзімді бұза отырып табыс ету не оны дәлелсіз себеппен табыс етпеу;
бұрмаланған қаржылық есептілік жасау, бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректерді жасыру, сол сияқты бухгалтерлік құжаттаманы жою;
1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының он бесінші абзацы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
жария ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтердің сертификаты жоқ адамды тағайындау түрінде бұзуы, -
шағын кәсіпкерлік субъектісі немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
шағын кәсіпкерлік субъектісі немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) мынадай мазмұндағы 179-1, 179-2-баптармен толықтырылсын:
"179-1-бап. Бухгалтерлік ақпараттың құпиясын жария ету
Коммерциялық құпия болып табылатын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар адамдардың ірі зиян келтірмей, жария етуі - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
179-2-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында
белгіленген аккредиттеу ережелерін бұзу
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген аккредиттеу ережелерін бұзу, -
заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы бапта көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 183-бапта:
тақырыбындағы «бухгалтерлік есеп туралы заңдардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта:
«есептік-бухгалтерлік ақпаратқа» деген сөздер «бухгалтерлік құжаттамаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңдардың және бухгалтерлік есепті жүргізуде немесе тексеру жүргізу кезінде анықталған қаржылық есеп-қисап жасауға қойылатын белгіленген талаптардың» деген сөздер «тексеру жүргізу кезінде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «жиырма айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 216-баптың бірінші бөлігінің жетінші абзацындағы «бухгалтерлік есеп-қисаптар мен баланстарды» деген сөздер «қаржылық есептілікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 381-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Бухгалтерлік баланстарды және есептілікті» деген сөздер «Қаржылық есептілікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 541-баптың бірінші бөлігі «179,» деген цифрлардан кейін «179-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
7) 571-баптың бірінші бөлігі және екінші бөлігінің 2) тармақшасы «178,» деген цифрлардан кейін «179-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
8) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма үшінші, жиырма алтыншы абзацтары және 3) тармақшасы «179,» деген цифрлардан кейін «179-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
3. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 30 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 25 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «ақша құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарына, есептеріне» деген сөздер «бухгалтерлік құжаттамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 51-баптың 2-тармағындағы «Бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша» деген сөздер «Бухгалтерлік есептегі бастапқы есепке алу құжаттарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 65-баптың 3-тармағындағы «бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелерге» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 66-бапта:
1-тармақтағы «бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есептің тіркелімдері» деген сөздер «бухгалтерлік құжаттама» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін» деген сөздер «Бухгалтерлік құжаттаманы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 105-баптағы және 113-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу стандарттарына» деген сөздер алып тасталсын;
6) 140-7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
«, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу стандарттарына» деген сөздер алып тасталсын;
«табыс (тиген залал) ескерілмеген» деген сөздер «пайда (тиген залал) ескерілмеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«айқындалатын таза табыс (залал)» деген сөздер «айқындалатын пайда (залал)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 196-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацындағы «және қалдық» деген сөздер «(ағымдағы) және баланстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 197-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «бухгалтерлік құжаттар» деген сөздер «бастапқы есепке алу құжаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «бухгалтерлік құжаттардың» деген сөздер «бастапқы есепке алу құжаттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 233-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «мен беру балансы» деген сөздер «балансы мен беру актісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 242-баптың 8-тармағының 1) тармақшасындағы «бастапқы құжаттарды» деген сөздер «бастапқы есепке алу құжаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 354-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «қалдық» деген сөздер «баланстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 356-баптың 4-тармағындағы «қалдық» деген сөз «баланстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
4. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 11 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 27 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 243-баптың 2-тармағындағы «заңдарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізу» деген сөздер «заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 308-баптың 4-тармағындағы «есебінің» деген сөз «есеп жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 309-бапта:
5-тармақтың 5) тармақшасының бірінші, тоғызыншы абзацтарындағы, 5-1-тармақтағы, 8-тармақтың 1) тармақшасындағы «өзара тәуелді» деген сөздер «өзара байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «қатысушылардың өзара тәуелділік», «өзара тәуелділік» деген сөздер тиісінше «қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылық», «өзара байланыстылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «қатысушылардың өзара тәуелділігі», «өзара тәуелділік» деген сөздер тиісінше «қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылығы», «тұлғалардың өзара байланыстылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 4) тармақшасындағы «өзара тәуелді», «өзара тәуелді емес» деген сөздер тиісінше «өзара байланысты», «өзара байланысты емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 312-баптың 2-тармағындағы «өзара тәуелді» деген сөздер «өзара байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 341-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кепіл заттың нарықтық құны, ал оның нарықтық құнын анықтау мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес таңдап алынған тәуелсіз бағалаушы анықтаған құны, кеден төлемдерін және салықтар төлеуді қамтамасыз ету мақсатында, кеден төлемдері мен салықтар жөніндегі міндеттемелердің мөлшерінен төмен болмауға тиіс, оларды төлеу, кепіл затты сату шығыстарын қоса алғанда, кепіл затпен қамтамасыз етіледі.";
6) 353-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «бухгалтерлік есебінің» деген сөздер «бухгалтерлік құжаттамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 355-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша» деген сөздер «бухгалтерлік есептегі бастапқы есепке алу құжаттарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 435-баптың 4-тармағындағы «бухгалтерлік есеп пен есептіліктің құжаттарын» деген сөздер «бухгалтерлік құжаттаманы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 464-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «құжаттарды» деген сөзден кейін «, оның ішінде бухгалтерлік құжаттаманы» деген сөздермен, 3) тармақшасы «құжаттар,» деген сөзден кейін «оның ішінде бухгалтерлік құжаттамалар,» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-бапта:
к-1) және к-3) тармақшаларындағы «бухгалтерлік есепке алу стандарттарын», «, бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнаманы,» деген сөздер тиісінше «қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын», «туралы заңнаманы, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
л) тармақшасындағы «бухгалтерлік есептілік стандарттарын» деген сөздер «қаржылық есептілік стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 71-құжат; 2004 ж., № 11-12, 65-құжат; 2006 ж., № 2, 71-құжат; № 15, 95-құжат):
10-баптың 1-тармағындағы «негізгі және айналыс қаражаты, сондай-ақ құны кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген құндылықтар» деген сөздер «құны кәсіпорынның дербес балансында көрсетілетін кәсіпорынның барлық активтері» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
55-бапта:
«кірістер мен шығыстар» деген сөздер «пайда мен залал» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жылдық есебін» деген сөздер «жылдық қаржылық есептілігін» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 91-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2002 ж., № 1, 3-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 143-құжат):
12-баптың бірінші бөлігінде:
төртінші абзацтағы «және заңды» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«заңды тұлғалардан қаржылық есептілік негізінде жасалған дұрыс статистикалық ақпарат алуға;».
9. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 74-баптың 1-тармағындағы «сақтандыру қызметі үшін міндетті бухгалтерлік есеп стандарттарына» деген сөздер «қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жылдық қаржылық есептілікте ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тәуелсіз аудитор растағаннан және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгілеген тізбе, нысан бойынша және мерзімдерде жылдық қаржылық есептілікті жариялайды.«.
10. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат):
1) 75-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақтағы «заңдарымен және бухгалтерлік есептің стандарттарымен» деген сөздер «заңнамасымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 76-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «кірістер мен шығыстар» деген сөздер «пайда мен залал» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат):
38-баптың 1-тармағындағы «активтері құнын», «бухгалтерлік есеп (қаржылық есептілік) стандарттарында» деген сөздер тиісінше «активтерін», «қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының алтыншы және он бесінші абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев