«Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1191 Қаулысы
(2009.22.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 26.3-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1191 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарлама паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3.1 Мемлекеттік эталондық базаны құру
3.2 Мемлекеттік эталондарды сүйемелдеу және оларға қызмет көрсету
3.3 Шет елдердегі жетекші метрологиялық институттарда оқуды және
сынақтан өтуді ұйымдастыру
3.4 Өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттік орталығын құру
3.5 Салыстырып тексеру зертханаларын құру
3.6 Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру және жүргізу
3.7 Халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеу
және білікті қызметкерлер даярлау
3.8 Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу
3.9 Эталон орталығын ұстау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігi
5.1 Мемлекеттік эталондық базаны дамыту және қамтамасыз ету
5.2 Республикаға әкелінетін және қолданылатын өлшем құралдарының
метрологиялық сипаттамасын анықтау тиімділігін арттыру
5.3 Республиканың өлшеу зертханаларының техникалық құзіреттілігін растау
5.4 Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу
5.5 Эталон орталығын ұстау
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 2009.22.01. № 22 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағдарлама паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін
дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006
әзірлеу үшін жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен
негіздеме бекітілген Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы
"Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына кіру
стратегиясы" атты Қазақстан халқына
Жолдауын іске асыру жөніндегi
іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-
2008 жылдарға арналған бағдарламасын
орындаудың желілік кестесінің
26.3-тармағы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006
жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының
2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдi
жоспарының 86-тармағы (екінші кезең);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006
жылғы 30 маусымдағы № 609 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының
индустриялық инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын
іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарының
7.2-тармағы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Индустрия және
негізгі әзірлеуші сауда министрлігi
Бағдарламаның Қазақстан Республикасы азаматтарының
мақсаты құқықтарын және заңды мүдделерін және
экономикасын өлшемнің анық емес
нәтижелерінен қорғау; сондай-ақ саудадағы
техникалық кедергілерді халықаралық
деңгейде өлшеу нәтижелерін мойындауды
қамтамасыз ету жолымен шеттету
Бағдарламаның Экономика салаларының болашақтағы
негізгі міндеттері қажеттіліктерін метрологиялық қамтамасыз
етуге арналған Қазақстан Республикасының
шама бірлігінің ұлттық эталондық
базасының қызметін дамыту және
қамтамасыз ету;
республикаға әкелінетін және
қолданылатын өлшем құралдарының
метрологиялық сипаттамасын анықтау
тиімділігін арттыру;
республиканың өлшеу зертханаларының
техникалық құзіреттілігін растау;
метрология саласында қолданбалы ғылыми
зерттеулер жүргізу;
Эталон орталығын ұстау
Қаржыландыру Республикалық бюджет қаражаты
көзі 2007 жылға - 1056,108 млн. теңге;
2008 жылға - 933,912 млн. теңге;
2009 жылға - 1097,44 млн. теңге
Республикалық бюджеттен қаржыландыру
көлемі тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес
нақтыланады
Бағдарламаны іске Бағдарламаны іске асыру:
асырудан күтілетін эталондар және эталондық жабдықтардың
нәтижелер 8 бірлігін жаңғыртуға және 7 бірлігін сатып алуға;
мемлекеттік эталондарды сүйемелдеу және
қызмет көрсетуге;
мамандарды шет елдердің жетекшi
метрологиялық институттарында оқытуға;
өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттік
орталығын құруға және дамытуға;
салыстырып тексеру зертханаларын құруға
және дамытуға және салыстырып тексеру
жұмыстарын ұйымдастыруға;
заңды тұлғалардың метрологиялық
қызметтері арасындағы өлшем құралдарын
салыстырып тексеру және калибрлеу
нәтижелеріне салыстырулар жүргізуге;
Қазақстан Республикасының аккредиттеу
жүйесін халықаралық талаптармен
үйлестіруге;
нормативті-әдістемелік құжаттарды
әзірлеуге (өлшеуді орындау әдістемесі,
салыстырып тексеру, өлшем құралдарын
калибрлеу, қателікті және өлшем
белгісіздігін бағалау, САД және ҰАД
растығы, қоршаған ортаны қорғау, еңбек
қауіпсіздігі міндеттері бойынша, жаңа
энергия жинақтаушы технологияларды
әзірлеу, эталондарды және эталондық
жабдықтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар);
Эталон орталығындағы барлық технологиялық
жабдықтардың үздіксіз және авариясыз
жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.
Бағдарламаны іске 2007-2009 жылдар
асыру мерзімi
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 26.3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының 86-тармағына (екінші кезең), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 609 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 7.2-тармағына сәйкес әзірленген.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 321 қаулысымен бұрын бекітілген Қазақстан Республикасының шамалар бірліктерінің эталондық базасын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын жалғастырушы болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз етудегі республиканың ғылыми, техникалық және өнеркәсіптік қазіргі заманғы және болашақтағы қажеттілігін талдау негізіндегі Мемлекет Басшысының Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруі бойынша қойған бастапқы және міндеттерін қамтамасыз етуде, жоғары дәлдікті өлшеу техникасын дамытуда осы бағдарламамен халықаралық талаптарға сай қазіргі заман деңгейінде ұлттық эталондық базаны жетілдіру және ұстау, салыстырып тексеру және сынақ базаларын құру, халықаралық талаптарға сай зертханааралық салыстыруларды және өлшеу зертханаларын аккредиттеуді ұйымдастыру және білікті мамандарды дайындауды жүргізу қарастырылады, метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу және Эталон орталығын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2009.22.01. № 22 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3.1. Мемлекеттік эталондық базаны құру
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін шама бірлігінің мемлекеттік эталоны құрайды, оны құруды және ұстауды мемлекет іске асырады.
1999 жылдардағы жай-күйі бойынша 1970-1980 жылдарда құрылған және оңтүстік өңірде шоғырланған қазіргі уақытта бар мемлекеттік эталондар моральдық және техникалық тұрғыдан ескірген және олардың метрологиялық сипаттамалары ел үшін бастапқы өлшем құралдарына қойылатын талаптарға жауап бермейді.
1999-2006 жылдарға арналған ұқсас бағдарламаларды іске асыру пайдаланымға жаңа эталондарды енгізуге, эталондар қатарын жаңғыртуға, өлшенетін шамалардың ауқымын кеңейтуге, өлшемдердің дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік берді.
Экономиканың, сонымен бірге ғылым және техниканың дамуы қолданылатын өлшем құралдары паркінің үнемі жаңарып тұруын ескертеді. Сонымен бірге жаңару дәлдікті жоғарылату және өлшеу ауқымын кеңейту жағында жүреді.
Дегенмен, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне жататын бірқатар бастапқы эталондар, сондай-ақ жұмысшы өлшем құралдары тиісті мемлекеттік эталондардың болмауына байланысты салыстырып тексеруге республикадан (Ресейге, Украинаға) тысқары әкетіледі.
Бұл жағдай отандық өнімнің әлемдік рынокқа шығуын айтарлықтай дәрежеде тежейді, республиканың өзінің бастапқы эталондарын және жұмысшы өлшем құралдарын салыстырып тексеруге мәжбүр елдерге техникалық және экономикалық тәуелділігін туғызады.
Әсіресе бұл метрологиялық қамтамасыз етуі тиісті деңгейде емес отын-энергетикалык кешен, мұнай-газ өндіруші өнеркәсіп, сондай-ақ машина жасау салалары, тамақ өнеркәсібі, телекоммуникациялар сияқты экономикалық қарқынды дамушы салаларына қатысты болады.
Машина жасаудың және аспап жасаудың жекелеген түрлері үшін металл өңдеуге арналған станоктар, сүйреу стандары, мұнай-газ өндіруші жабдықтар және басқалары сияқты өнімдерді ұйымдастыру және шығару оларды әрі қарай дамытудың орындылығына байланысты басымдықты болып табылады. Мұндай өндірістерді жүзеге асыру кезінде геометриялық шамалардың өлшем құралдарының айтарлықтай саны пайдаланылады: сыртқы және ішкі мөлшерді, күрделі жұмысшы тыстардың параметрлерін, түзу сызықтан және жалпақтықтан ауытқуды өлшеу.
Энергетикада, машина жасауда, құрылыс материалдарын салуда және өндіруде қолданылатын материалдардың жылу өткізгіштігін өлшеуіштер республикада метрологиялық қамтамасыз етілмеген және салыстырып тексеруге шет жаққа шығарылады.
Денсаулық сақтауда, қоршаған ортаны қорғау және мониторингте, көлікте жүру қауіпсіздігінде, технологиялық процестерде жарық түсіруді, жарықты және жарық ағынын анықтау аспаптары қолданылады, бірақ, республикада жарық күші бірлігінен көлем берілетін мемлекеттік эталон жоқ.
Электроникада, электрлік техникада, теледидарда, тамақ өнеркәсібінде, фармацевтикада, пайдалы қазбаларды іздеуде қолданылатын көрінетін жарық бөлу спектрофотометрлер, спектральді коэффициенттерді өлшеуіштер, ақтықты өлшеуіштер де метрологиялық қамтамасыз етілмеген.
Жұмыс аймағы ауасының жоғары шаң басуы (өлшенген бөлшектердің жалпы құрамы) және газдалуы халықтың өмірін, денсаулығын және мүлігін қоршаған ортаның қауіпсіздігіне ықпалын тигізетін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың физикалық тобына жатады, оларға өндірістегі жарылыстар, әсіресе көмір өнеркәсібі, құрылыстар жатады. Атмосфералық аэрозольдер көздеріне (шаң, қатты бөлшектер, өлшенген бөлшектер) табиғи (орман өрттері, шаң толқындары), өнеркәсіптік және тұрмыстық факторлар (әсіресе республиканың ірі қалаларындағы өндіріс қалдықтарын шаңдау кезіндегі және қалдықтар қоймаларын, күл үйінділерін, түрлі тұрмыс қалдықтарының полигондарын қолданудағы өнеркәсіп кәсіпорындарының қалдықтары) жатады. Атмосфераның ластануына көп үлесін қосатын кәсіпорындарда бақылау аспаптары қолданылады, оларды метрологиялық қамтамасыз ету үшін аэродисперстік ортадағы бөлшектердің салмақтық концентрациясының бірлігі және аэрозольдер, өлшенген заттар және ұнтақ түріндегі материалдардың дисперстік параметрлер бірлігінің мемлекеттік алғашқы эталоны қажет.
Заңға сәйкес мемлекеттік және жеке есептік операцияларды іске асыру кезінде қолданылатын өлшем құралдары міндетті салыстырып тексеруге жатады. Материалдық бағалықтарды есептеудегі негізгі өлшем құралдары салмақ өлшемдері болып табылады, оларға көлем, ауқымдарды кеңейтуге қажетті жабдықтауларды жүргізу үшін мемлекеттік екінші эталондық салмақтан эталондар тізбегі бойынша беріледі.
Өлшем және Салмақ Халықаралық Бюросының шеңберінде жүргізілетін халықаралық түйінді салыстыруларға қатысу үшін ұзындық бірлігінің мемлекеттік бастапқы эталоны қажет. Сондай-ақ бастапқы эталон ұзындық бірлігінің өзіндік көлемі - метр болуына мүмкіндік береді.
2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Халықаралық Өлшем және Салмақ Бюросының қауымдастырылған мүшесі болды, оның негізгі қызметі өлшемдерді халықаралық үйлестіруді іске асыруда негізгі роль атқаратын халықаралық салыстыруларды жүргізу болып табылады. Салыстыру нәтижелері мемлекеттің өлшеу мүмкіндіктері бойынша деректер базасы түрінде Интернет желісінде жарияланады. Дұрыс нәтижелер сауда операциялары мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты іске асырудағы шет елдік серіктестердің сенімін қамтамасыз етеді.