Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1191 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 22 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1191 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 47, 500-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көзі» деген жолда:
«2008 жылға - 1056,786 млн. теңге» деген сөздер «2008 жылға - 933,912 млн. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2009 жылға - 1057,505 млн. теңге» деген сөздер «2009 жылға - 1097,44 млн. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген жолда «3 бірлігін жаңғыртуға және 9 бірлігін сатып алуға» деген сөздер «8 бірлігін жаңғыртуға және 7 бірлігін сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімде:
«Мемлекеттік эталондық базаны құру» деген 3.1-кіші бөлімде:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергетикада, машина жасауда, құрылыс материалдарын салуда және өндіруде қолданылатын материалдардың жылу өткізгіштігін өлшеуіштер республикада метрологиялық қамтамасыз етілмеген және салыстырып тексеруге шет жаққа шығарылады.»;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Өлшем және Салмақ Халықаралық Бюросының шеңберінде жүргізілетін халықаралық түйінді салыстыруларға қатысу үшін ұзындық бірлігінің мемлекеттік бастапқы эталоны қажет. Сондай-ақ бастапқы эталон ұзындық бірлігінің өзіндік көлемі - метр болуына мүмкіндік береді.»;
«Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі» деген 5-бөлімде:
«Мемлекеттік эталондық базаны дамыту және қамтамасыз ету» деген 5.1-кіші бөлімде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік эталондық базаны дамыту үшін эталондар және эталондық жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік эталондарды жаңғырту үшін жабдықтарды сатып алу қажет.»;
бесінші абзацта «өлшем құралдарын алу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ оларды жете жабдықтау» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
екінші абзацта «2008 жылға 1056,786 млн. теңгені, 2009 жылға 1057,505 млн. теңгені» деген сөздер «2008 жылға - 933,912 млн. теңгені, 2009 жылға - 1097,44 млн. теңгені» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген 7-бөлімде:
үшінші абзацта «3 бірлігін жаңартуға және 9 бірлігін сатып алуға» деген сөздер «8 бірлігін жаңғыртуға және 7 бірлігін сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
2-бағанда:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының эталондық базасының дамуын қамтамасыз ету:
электрлік кедергі бірлігінің эталонын сатып алу;
Холлдың кванттық әсер ету негізінде электрлік кедергі бірлігінің эталонын сатып алу;
жарық күші бірлігінің эталонын сатып алу;
түстің координаты және түстілік координаты бірлігінің эталонын сатып алу;
1000 мм дейінгі ұзындық эталонын сатып алу;
жылу өткізгіштік бірлігінің эталонын сатып алу;
аэрозольдердің дисперсті параметрлері, ұнтақтар және ұнтақ тәрізді материалдар бірліктерінің және аэродисперсті ортадағы бөлшектердің салмақтық концентрациясы бірлігінің эталонын сатып алу;
ұзындықтың; салмақтың; абсолюттік қысымның; тұрақты ток күшінің; ауыспалы ток күшінің; электрлік сыйымдылықтың; уақыт және жиіліктің; Виккерс шкаласы бойынша қаттылықтың мемлекеттік эталондарын жаңғырту үшін жабдықтарды сатып алу»;
реттік нөмірі 2-жолда «өлшем құралдарын алу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ оларды жете жабдықтау» деген сөздермен толықтырылсын;
6-бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда «2009 ж. - 410» деген сөздер «2009 ж. - 485» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолда:
«2008 ж. - 198,193» деген сөздер «2008 ж. - 200,323» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2009 ж. - 198,193» деген сөздер «2009 ж. - 284,351» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда «; 2008 ж. - 33,504; 2009 ж. - 33,504» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 4-жолда:
«2008 ж. - 71,694» деген сөздер «2008 ж. - 65» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2009 ж. - 71,694» деген сөздер «2009 ж. - 58» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолда:
«2008 ж. - 68,531» деген сөздер «2008 ж. - 45» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2009 ж. - 68,531» деген сөздер «2009 ж. - 21» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда «2009 ж. - 7,183» деген сөздер «2009 ж. - 7,589» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолда «; 2008 ж. - 60; 2009 ж. - 60» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 8-жолда «2009 ж. - 12,697» деген сөздер «2009 ж. - 13,236» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9-жолда:
«2008 ж. - 195,703» деген сөздер «2008 ж. - 194,428» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2009 ж. - 195,703» деген сөздер «2009 ж. - 228,264» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Жиыны» деген жолда:
«2008 ж. - 1056,786» деген сөздер «2008 ж. - 933,912» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2009 ж. - 1057,505» деген сөздер «2009 ж. - 1097,44» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |