Акциялар рыногын жандандыру мемлекеттiң қатысуы бар акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тiзiмiне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша қатысуы немесе кредиттік рейтингтi, оның ішінде ұлттық рейтинг шкаласы бойынша рейтинг алу жолымен және осы кәсiпорындардың акцияларын ұйымдасқан рынокта сату арқылы жүзеге асырылады.
5.3.5 Зейнетақы төлемдерi схемасын жетiлдiру
Ұзақ мерзiмдi жеке сақтандыруды дамыту және ЖЗҚ салымшыларын (алушыларын) өмiр бойы зейнетақы аннуитеттерiмен қамтамасыз ету қызметінің негiзгi бағыттары аннуитет шарттарын жасасу арқылы сақтандыру рыногында аннуитет өнiмдерiн беру, оның ішінде еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезiнде жарақат алған және мертiккен қызметкерлерге сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын Мемлекеттік аннуитет компаниясын құруға байланысты болып отыр.
Сондай-ақ зейнетақы және аннуитет салық төлемдерiне салық салуды жетілдіру мәселелерi қаралады.
5.3.6 Активтердi әртараптандыруымен ерекшеленетін
зейнетақы жоспарларын енгізу
Зейнетақы жинақтарының кiрiстiлігін қамтамасыз ету мақсатында бiр-бiрiнен зейнетақы активтерінің портфеліндегі қаржы құралдарының құрамымен салымшылардың әр түрлi топтары үшін кiрiстiлiгiмен және инвестициялық тәуекел деңгейiмен ерекшеленетiн зейнетақы жоспарларын енгізу мәселелерi қаралатын болады.
5.3.7 Зейнетақы активтерінiң бip бөлiгiн шетелдiк басқарушы
компанияларға басқаруға беру
Шетелдiк бағалы қағаздарға инвестициялау тиімдiлiгiнің артуы активтердi басқарушылардың кәсiби деңгейінің жоғарылығына әлемдiк қор рыногында болып жатқан барлық өзгерістердi тұрақты қадағалау мүмкiндiгiне байланысты болып отыр, осыған байланысты зейнетақы активтерiнiң бiр бөлiгiн шетелдiк басқарушы компанияларға басқаруға беру тетiктерi қаралатын болады.
5.4. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң субъектiлерiн
қадағалауды дамыту және оның тиiмділігін арттыру
Жүйенi одан әрi дамыту, зейнетақы қызметінің тиiмдi, әдiл әрi тұрақты нарығына қол жеткізу мақсатында мынадай мәселелер қаралатын болады:
ЗАИБЖАҰ мен ЖЗҚ-да корпоративтi басқару және тәуекелдердi басқару жүйесінің қағидаттарын енгізу;
"Халықты зейнетақы мен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген зейнетақы активтерiн сақтандыру жүйесiн құру, оның нысандары мен құрылу уақыты;
топтастырып қадағалауды жетiлдiру;
жинақтаушы зейнетақы жүйесi субъектiлерiнің автоматтандырылған ақпарат жүйелерiнің қауіпсiздігін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 40 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны iске асыру қолданыстағы қаржыландыру нормалары шегінде тиiстi заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлердi жетілдiру арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкін, сондай-ақ "ЗТЖМО" РМҚК-ны қаржыландыру шеңберiнде тиiсті жылдардың бюджеттерiнде мөлшерi анықталатын 2006 жылы 35,7 млн. теңге, 2007 жылы 182,5 млн. теңге сомаларында республикалық бюджеттiң қаражатын қажет етедi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру мыналарға:
халықтың ЖЗЖ-мен қамтылуын кеңейту;
ЖЗҚ-ның ЗАИБЖАҰ қызметінiң қаржылық сенiмдiлiгiн және ашықтығын арттыруға;
зейнетақы активтерiн инвестициялау үшін қаржы құралдары ұсыныстарын ұлғайтуға;
әртүрлi ЖЗҚ-ының салымшылары арасында зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түсетін кiрiстердi тұрақтандыруға;
ЖЗЖ субъектілерінің қадағалау және реттеу тиiмдiлігін арттыруға жәрдемдеседi.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін инвестициялық мүмкiндiктердiң кеңеюі, өтелгенге дейiн ұсталатын ұзақ мерзiмдi қаржы құралдарының ұлғаюын ескере отырып, орташа өлшемдi номиналды кiрiс 4,5% - 6,5 % құрайтын болады деп күтілуде, жүйе қалыптаса бастаған алғашқы кезде пайда болған қате шоттар саны едәуiр қысқаратын болады, "бір салымшы - бiр қор" қағидаты iске асырылатын болады және ЖЗҚ-ғa төлемдердiң тиімділігі артады.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 40 қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
Рет са- ны | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орын- далуына жауап- тылар | Орын- далу мер- зiмi | Бол- жамды шығын- дар (млн. теңге) | Қаржы- лан- дыру көз- дерi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | "МЗТО" РМҚК база- сында бiрыңғай есепке алу орта- лығын құру жөнiн- дегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу | Қазақ- стан Pecпуб- ликасы Yкіметі қаулы- сының жобасы | Еңбек- минi, Қаржы- минi, ҚҚA (ке- лiсiм бойын- ша) | 2005 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
2 | Агенттердiң мiн- деттi зейнетақы жарналары бойынша берешектерiн азайту | Қазақ- стан Pecпу- бликасы Заңының жобасы және Қазақ- стан Pecпу- бликасы Үкіметі қаулы- сының жобасы | Еңбек- минi, Қаржы- минi | 2005 жылғы 1 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
3 | Инфляция деңгейiн ескере отырып iс жүзiнде салынған жарна мөлшерiн- дегi ең төменгi жинақ мөлшерiнiң мониторингiн жүзеге асыру және "бiр салымшы - бiр қор" принци- пін iске асыру | Қазақ- стан Pecпу- бликасы Үкіметі қаулы- сының жобасы | Еңбек- мині, Қаржы- минi, ҚҚА (келi- сiм бойын- ша) | 2006 жыл 2007 жыл | 35,7 182,5 | Респу- бли- калық бюджет |
4 | Зейнетақы төлем- дерiн алуға құқық алу сәтiнде, са- лымшылардың (алу- шылардың) инфля- ция деңгейiн ес- кере отырып iс жүзiнде салынған мiндеттi зейне- тақы жарналары мөлшеріндегі зей- нетақы жинақта- рының сақталуына кепiлдiктi iске асыру тәртібін айқындау | Қазақ- стан Pecпу- бликасы Заңының жобасы | Еңбек- минi, Қаржы- минi, ҚҚА (ке- лiсiм бойын- ша) | 2005 жылғы 1 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
5 | Барлық ЖЗҚ бойын- ша орташа өлшемдi номиналды кiрiс мәнi шегiнде ең төменгi шектi кiрiстi бекіту және оны зейне- тақы активтерiн дербес басқаратын ЗАБЖҚА мен ЖЗҚ- дың өтеу тәртібі | Қазақ- стан Респу- бликасы Заңының жобасы | ҚҚА (келi- сiм бойын- ша) | 2005 жылғы 1 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
6 | Қаржы құралдарын есепке алу және олар бойынша ЖЗҚ- дың зейнетақы активтерi портфе- ліндегі кiрiс- тердi зейнетақы активтерiн дербес басқаратын ЗАБЖҚА мен ЖЗҚ-ды бағалы қағаздар сатып алуға ынталандыру мақсатында тану әдiстемесiн қайта қарау | Ведомс- тволық норма- тивтiк құқықтық кесiмнiң жобасы | КҚА (келi- сiм бойын- ша), ҚРҰБ (келi- сiм бойын- ша) | 2005 жылғы 1 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
7 | Зейнетақы актив- терiн хеджирлеу операцияларын жасау тәртібін әзiрлеу | Ведомс- тволық норма- тивтiк құқықтық кесімнің жобасы | КҚА (келi- сiм бойын- ша), ҚРҰБ (келi- сiм бойын- ша) | 2005 жылғы 2 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
8 | Мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының болжамды схемасын орта мерзiмдi негізде құрастыру | Ведомс- тволық норма- тивтiк құқықтық кесімнің жобасы | Қаржы- мині, ЭБЖМ | 2005 жылғы 1 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
9 | Мемлекеттiң қа- тысуы бар акцио- нерлiк қоғамдар- дың және олардың еншілес ұйымда- рының тiзбесiн, оларды қосымша капиталдандыру және (немесе) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында олар- дың үлестерiн сату тәртібін айқындау | Ведомс- тволық норма- тивтiк құқықтық кесімнің жобасы | Қаржы- мині, ЭБЖМ, ҚҚА (келi- сiм бойын- ша) | 2005 жылғы 2 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
10 | ЖЗҚ салымшыла- рының таңдап алуы мақсатында актив- терді әртараптан- дыруымен ерекше- ленетiн әртүрлi зейнетақы жоспар- ларын енгізуге арналған iс-шара- лар кешенiн әзiрлеу | Қазақ- стан Респу- бликасы Заңының жобасы | ҚҚА (келi- сiм бойын- ша) | 2007 жылғы 1 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
11 | Зейнетақы актив- терінің бөлiгiн шетелдiк басқару компанияларының басқаруына беру- дiң мақсатқа лайықтығына талдау жүргізу | Үкіметке ұсыныс | ҚҚА (келi- сiм бойын- ша) | 2006 жылғы 2 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
12 | ЖЗЖ халықты қамтуын кеңейту және зейнетақымен қамсыздандырудың ерiкті түрлерiн ынталандыру жөніндегі шара- ларды көздеу | Қазақ- стан Pecпу- бликасы Заңының жобасы және Қазақ- стан Pecпу- бликасы Үкіметі қаулы- сының жобасы | Еңбек- минi, Қаржы- минi, ҚҚА (келi- сiм бойын- ша) | 2005 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
13 | ЗАБЖҚА мен ЖЗҚ-ға корпоративтік басқару принцип- тері мен тәуекел- дердi басқару жүйесiн енгізу | Ведомс- тволық норма- тивтiк құқықтық кесiмнiң жобасы | ҚҚА (келi- сiм бойын- ша) | 2007 жылғы 1 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
14 | Зейнетақы актив- терiн сақтандыру жүйесін құру тетiктерiн қарастыру | Үкiметке ұсыныс | ҚҚА (келi- сiм бойын- ша) | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
15 | Топтастырылған қадағалауды жетiлдiру және терiс пиғылды бәсекенi шектеу | Ведомс- тволық норма- тивтік құқықтық кесiмнiң жобасы | ҚҚА (келi- сiм бойын- ша), ҚРҰБ (келi- сiм бойын- ша) | 2006 жылғы 3 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |
16 | ЖЗҚ-дың автомат- тандырылған ақпа- раттық жүйелері- нің қауіпсіздігін қамтамасыз ету | Ведомс- тволық норма- тивтік құқықтық кесiмнiң жобасы | ҚҚА (келi- сiм бойын- ша), ҚРҰБ (келi- сiм бойын- ша) | 2005 жылғы 1 тоқсан | Талап етіл- мейдi | |