«Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, жарты жылдың қорытындылары бойынша 10 ақпанға және 20 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын 25 ақпанға қарай жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 17 қаулысымен
бекітілген
Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2006 жыл
МАЗМҰНЫ
Бағдарламаның паспорты
Кіріспе
1.Мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың қазіргі жай-күйi
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
3. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігi
§ 1. Мyгедектіктің алдын алу жүйесін жетілдіру
§ 2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру және
азаматтардың тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін айқындаудың жаңа
технологияларын әзірлеу
§ 3. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту
және оларды әлеуметтік қолдауды күшейту
§ 4. Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және
медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер
аясын кеңейту
§ 4.1. Медициналық оңалту
§ 4.2. Әлеуметтік оңалту
§ 4.3. Кәсіптік оңалту
§ 5. Мүгедектердің жұмыспен қамтылуына және жұмысқа
орналасуына белсенді жәрдемдесу нысандарын дамыту
§ 6. Оңалту мекемелері желісін дамыту, олардың қызмет
нысандары мен әдістерін жетілдіру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту
§ 7. Мүгедектердің техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарға,
протездік-ортопедиялық көмекке қажеттіліктерін қанағаттандыру
деңгейін арттыру
§ 8. Мүгедектердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық
инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету
үшін жағдай жасау
§ 9. Жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен
жауапкершілігін арттыру
§ 10. Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын құру
§ 11. Медициналық-әлеуметтік сараптама, оңалту,
мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оңалту
индустриясы салаларын кадрмен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру
4. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
5. Күтілетін нәтижелер
6. Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Мyгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме "Қазақстан Республикасында мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегi
Заңы;
Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге
қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге
қабілетті экономика үшін, бәсекеге
қабілетті халық үшін" Қазақстан
халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасында
әлеуметтік реформаларды одан әрi
тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегi
іс-шаралар жоспарының 3.2-тармағы
Бағдарламаны әзірлеуге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
жауапты мемлекеттік әлеуметтік қорғау министрлігi
орган
Бағдарламаның мақсаты Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектердi
әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың
өмір сүру сапасын жақсарту
Бағдарламаның Мүгедектіктің алдын алу жүйесін дамыту:
міндеттері медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру
және азаматтардың тыныс-тіршілігінің
шектелу дәрежесін айқындаудың жаңа
технологияларын әзірлеу;
мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру
жүйесін дамыту және оларды әлеуметтік
қолдауды күшейту;
мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру
және медициналық, әлеуметтік және кәсіптік
оңалту жөніндегі қызметтер аясын ұлғайту;
мүгедектерді жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді нысандарын дамыту;
оңалту мекемелерінің жүйесін дамыту,
олардың қызметінің нысандары мен әдістерін
жетілдіру, материалдық-техникалық базасын
нығайту;
мүгедектердің техникалық көмекшi
(компенсаторлық) құралдарға, протездік-
ортопедиялық көмекке қажеттіліктерін
қанағаттандыру деңгейін арттыру;
мүгедектердің әлеуметтік, көлік және
рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне
кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін
жағдай жасау;
жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен
жауапкершілігін арттыру;
мүгедектердің орталықтандырылған
дерекқорын құру;
медициналық-әлеуметтік сараптама, оңалту,
мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудi
ұйымдастыру және оңалту индустриясы
салаларын кадрмен қамтамасыз ету жүйесін
жетілдіру.
Қажетті ресурстар
мен қаржыландыру Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік
көздері бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасы тыйым салмаған
басқа да қаражат бағытталатын болады.
Мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар
23179,0 млн. теңгені, оның ішінде 2006
жылы - 6499,5 млн. теңгені, 2007 жылы -
8093,1 млн. теңгені, 2008 жылы - 8586,5
млн. теңгені; оның ішінде: республикалық
бюджеттен - 5129,7 млн. теңгені, оның
ішінде 2006 жылы - 1483,0 млн. теңгені,
2007 жылы - 1478,3 млн. теңгені, 2008
жылы - 2168,4 млн. теңгені, жергіліктi
бюджеттен - 18049,3 млн. теңгені, оның
ішінде 2006 жылы - 5016,4 млн. теңгені,
2007 жылы - 6614,8 млн. теңгені, 2008
жылы - 6418,1 млн. теңгені құрайды.
Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асырудан:
2008 жылдың аяғына қарай мүгедектердi
оңалту жүйесін жетілдіру және оларды
әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін жыл сайын
арттыру;
мүгедектікке әкеп соқтыратын туа біткен
және тұқым қуалайтын ауруы, даму кемістігi
бар балалардың туу қатерінің дәрежесін
азайту жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз
ету;
медициналық-әлеуметтік сараптаманың
сапасын арттыру;
оңалту ұйымдарының жұмысына қазіргi
заманғы техникалық, ұйымдық, медициналық,
әлеуметтік және кәсіптік технологияларды
енгізу;
мүгедектерге көрсетілетін медициналық,
әлеуметтік, білім беру және өзге де оңалту
қызметтерінің тізбесін кеңейту және сапасын
арттыру;
протездік-ортопедиялық өндірісті басқару
құрылымын оңтайландыру жөнінде шаралар
қабылдау;
мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым
нысандарына және ақпараттық ортаға қол
жеткізуін жақсарту;
жалпы жұмыс орындары санының үш пайызы
мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс
орындарына квота белгілеу және әлеуметтік
жұмыс орындарын құру есебінен мүгедектердің
лайықты еңбекке қол жеткізуін ұлғайту;
оңалту мекемелерінің жүйесін дамыту,
олардың қызметінің нысандары мен әдістерін
жетілдіру, материалдық-техникалық базасын
нығайту;
мемлекеттік органдардың мүгедектердi
әлеуметтік қорғау процесін басқарудағы
әдістемелік, іске асыру және бақылау
функцияларын оңтайландыру;
мүгедектердің орталықтандырылған
дерекқорын құруды және медициналық-
әлеуметтік сараптама мен мүгедектердi
оңалту мекемелерінің, оңалту индустриясы
кәсіпорындарының қызметін ақпараттандыруды
аяқтау;
медициналық-әлеуметтік сараптама және
мүгедектерді медициналық, әлеуметтік оңалту
саласындағы мамандардың кәсіптік деңгейін
арттыру күтіледі.
Іске асыру мерзімі 2006 - 2008 жылдар
Кіріспе
Мүгедектік пен мүгедектерді әлеуметтік қорғау проблемасының көкейкестілігі оның ауқымына байланысты. БҰҰ сарапшыларының деректері бойынша мүгедектердің жалпы әлемдік саны 600,0 млн. адамды немесе халықтың 10% құрайды. Олардың ішінде 385 миллионы еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар болып табылады.
Соңғы 30-ыншы жылдардың ішінде әлемде мүгедектерге қатысты саясатты қалыптастырудың, әртүрлі елдер үкіметтерінің осы әлеуметтік топтың проблемаларын шешу тәсілдерін әзірлеуге қолдау көрсетуінің және мемлекеттік және қоғамдық институттарға мүгедектерге арналған саясатты айқындауда көмек көрсетудің тұрақты үрдістері мен тетіктері қалыптасты.
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстанда да әлеуметтік саясаттың басымдықты бағыттарының бірі болып табылады.
Экономикалық өсу анағұрлым белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге алғышарттар жасады. Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін қайта құру қамтамасыз етілді, стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің желісі ұлғайды, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың көлемі көбейіп, сапасы арттырылды, мүгедектердің инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделді.
Практика көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту проблемаларын тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді. Осыған байланысты, жақын арадағы болашақта мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау үшін осы жаңа Бағдарлама әзірленді.
Бағдарламаны әзірлеу үшін:
"Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы негіздеме болып табылады.
Бағдарлама Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының шеңберінде әзірленді.
1. Мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың
қазіргі жай-күйi
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы барлық санаттағы мүгедектердің саны 413,6 мың адамды немесе барлық халықтың шамамен 3%-ын құрайды.
Алғашқы мүгедектіктің төмендеу үрдісі байқалды.
Алғашқы мүгедектіктің 10 000 адамға шаққандағы серпінді көрсеткіші 1-кестеде берілді.
1-кесте
Көрсеткіштер | жылдар |
2002 | 2003 | 2004 |
Алғаш рет мүгедек деп танылғандар (барлығы) | 46727 | 44658 | 42825 |
Оның ішінде: балалар арасында ересектер арасында | 7734 | 7081 | 7017 |
38993 | 37577 | 35808 |
Алғашқы мүгедектің серпінді көрсеткіші (мүгедектердің барлық санаттары үшін) | 31,2 | 29,9 | 28,4 |
Оның ішінде: балалар арасында ересектер арасында | 17,4 | 16,5 | 15,0 |
36,9 | 35,0 | 34,4 |
Алғашқы мүгедектіктің нозологиялық құрылымы тұрақты. Ересек халықтың арасындағы мүгедектік көбінесе қан айналымы жүйесінің ауруынан (22-23%), қатерлі ісіктерден (17-18%), жарақаттардан (11-12%) және психиканың бұзылуынан (8-9%) туындайды. Мүгедек-балалардың арасында шамамен әрбір бесіншісі туа біткен даму аномалиясынан немесе хромосомалық сырқаттан зардап шегеді, балалардың 20%-да мүгедектік себебі жүйке жүйесінің аурулары болып табылады, ал психиканың бұзылуы 17,3%-ды құрайды.
Ағза функцияларының бұзылуы және мүгедектердің тыныс-тіршілігінің шектелуі дәрежесі туралы топтардың ауырлығы бойынша мүгедектік құрылымы куәландырады. 2000-2004 жылдары мүгедектердің арасында екінші топтағы мүгедектердің үлесі басым - 60%, бірінші топ мүгедектері - 11%, үшінші топтағылар - 29% болды.
2004 жылы барлығы 151191 адам қайта куәландырылды, бұл ретте ішінара оңалту көрсеткіші 8,7%-ды құрады, мүгедектік тобының ауырлау көрсеткіші - 7,0%, толығымен оңалту көрсеткіші - 5,0% болды.