2) резиденттің шет елде ашылған филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған шетелдік банктердегі шоттарына валюта түсімін аударған жағдайларда талап етілмейді.
3. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспорты, импорты бойынша есеп айырысуды жүзеге асырған кезде уәкілетті банктердегі шоттарға ұлттық және шетелдік валюта түспеген кезде аудару жөніндегі міндеттеме осы Заңға сәйкес:
1) біркелкі қарсы талапты есепке алу арқылы резидент еместің міндеттемелері тоқтатылған;
2) олардың арасында бұрыннан бар бастапқы мiндеттеменi сол тұлғалар арасында өзгеше нысананы немесе өзгеше орындау тәсілiн көздейтiн басқа мiндеттемемен ауыстыру арқылы резидент еместiң мiндеттемелерi тоқтатылған;
3) резидент емеске талап қою құқығы басқа тұлғаға берiлген;
4) резидент еместiң мiндеттемелердi орындамау тәуекелiн сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемi алынған жағдайларда ішінара немесе толық орындалды деп есептеледi.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi резиденттердiң қайтару талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөнiндегі мәмiле паспорттарын ресiмдеудiң бiрыңғай ережесi мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi.
Экспорттаушы (импорттаушы) келісім-шарт жасасқан күнi баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға жасалған келісім-шарттар бойынша мәміле паспорты ресiмделмейдi.
5. Резиденттiң уәкiлеттi банктердегi және (немесе) шетелдiк банктердегi өзiнің шоттарына ұлттық және шетелдiк валютаны аударуын бақылау мақсатында, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) экспортын, импортын көздейтiн келісім-шартта резидент еместердiң мiндеттемелердi орындау мерзiмi мiндеттi түрде көзделуi тиiс.
Резиденттердiң валюталық операцияларын жүргізетiн уәкiлеттi банктер резиденттен шетел валютасын уәкiлетті банктердегi шоттарға аудару мерзiмдерiн нақтылауды және (немесе) дәл белгілеудi талап етуге құқылы.
Мiндеттемелердің орындалу мерзiмдерi өзгерген жағдайда, уәкілеттi және (немесе) шетелдiк банктердегі шоттарға шетел валютасын белгiленген мерзiмде аударуға әсерiн тигiзетiн өзге де мән-жайлар туындаған кезде, резиденттер уәкілеттi банктерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиiстi негiздеменi және растау құжаттарын ұсына отырып, хабарлауға мiндеттi.
6. Осы баптың талаптарының орындалуын және валюталық қаражаттың қайтарылмауының негiздiлiгiн бақылауды салық қызметi органдарымен, кеден және құқық қорғау органдарымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
3-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГІ ПРИНЦИПТЕРI
13-бап. Резиденттер арасындағы валюталық операциялар
Резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады, оған мыналар кiрмейдi:
1) тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болатын операциялар;
2) өздеріне берiлген лицензияға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкiлеттi банктер мен уәкілеттi ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік операцияларға және өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар;
3) валюталық операциялар жүргізу жөнiндегі банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу, сондай-ақ шетел валютасымен банктiк қызмет көрсету көзделетін шарттар бойынша тұрақсыздық айыппұлын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеу;
4) резиденттердiң шетел валютасымен шығарған бағалы қағаздарын және резидент еместердiң шығарған бағалы қағаздарын сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;
5) аударым аккредитивтерiн ақы төлеу нысаны ретінде пайдаланған кезде экспортты (импортты) жүзеге асыруға байланысты комиссия шарттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары;
6) шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру;
7) бөлшек сауданы жүзеге асыруға әрі осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес алынған қолма-қол шетел валютасымен қызмет көрсетуге лицензиясы бар резиденттермен есеп айырысу;
8) қызметкерлердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапарларға жiберуге байланысты шығыстарды төлеу;
9) жеке тұлғалардың ақшаны өтеусiз аударуы немесе валюталық құндылықтарды жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық қызметi қайырымдылық қызметiн жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғаларға өтеусiз беруi;
10) жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалардың пайдасына банк салымдарын енгізуi;
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен көзделген жағдайларда салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердi төлеуге байланысты операциялар.
14-бап. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы
валюталық операциялар
1. Резиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тараптардың келісімi бойынша резидент еместермен ұлттық және (немесе) шетелдік валютамен мәмілелер жасасуға құқылы.
2. Резиденттер резидент еместермен операциялар бойынша шетел валютасымен көрсетiлген вексельдер шығаруға құқылы.
3. Резидент еместер салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, резиденттермен қарыз алу операциялары және осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылған өзге де валюталық операциялар бойынша алынған дивидендтердi, сыйақы мен өзге де кiрiстердi шектеусiз алуға және аударуға құқылы.
4. Егер осы Заңның 20-24-баптарында аталған валюталық операцияларға қатысты валюталық реттеу режимдерi белгiленбесе, резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар хабарлама режимін белгiлеуге құқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртіппен шектеусіз жүзеге асырылады.
Осы Заңда белгiленген валюталық реттеу режимдерi тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылатын резидент еместермен жасалатын валюталық операцияларға қолданылмайды.
15-бап. Резидент еместер арасындағы валюталық
операциялар
1. Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместер арасындағы валюталық операциялар осы Заңның 16-бабында белгіленген талаптарды ескере отырып шектеусiз жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместер арасындағы валюталық операцияларды жүргiзуге шектеулер осы Заңның 32-бабында көзделген жағдайларда ғана енгiзiлуi мүмкін.
16-бап. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық
операциялар бойынша төлемдері және ақша
аударымдары
1. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдерi және ақша аударымдары уәкiлеттi банктердегі шоттар арқылы жүзеге асырылады, оған мыналар кірмейдi:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке тұлғалардың ұлттық валютамен төлемдерi және ақша аударымдары, сондай-ақ олардың пайдасына төлемдер мен ақша аударымдары;
2) осы баптың 3-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың уәкiлеттi банктерде шот ашпай жүзеге асыратын ақша аударымдары;
3) бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қолма-қол шетел валютасымен қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы төлемдер;
4) жеке тұлғалар мен уәкілетті банктердің немесе уәкілетті ұйымдардың арасындағы олардың айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын төлемдер;
5) резидент заңды тұлғалардың резидент емес қызметкерлерге, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың резидент және резидент емес қызметкерлерге шетел валютасымен жалақы төлеуі;
6) заңды тұлғалардың қызметкерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарларға жіберуге байланысты шығыстарды шетел валютасымен төлеуі;
7) өз қызметін Қазақстан Республикасының кеден аумағында әуежайларда, порттарда және халықаралық қатынастар үшін ашылған шекаралық өткелдерде кедендік бақылаумен жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен резидент емес заңды тұлғалар арасындағы төлемдер;
8) резидент заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар арасындағы Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы заңнамасында белгiленген сома шегiнде ұлттық валютадағы төлемдерi;
9) чек, вексель беру (тапсыру) арқылы жасалатын төлемдер;
10) осы Заңда белгiленген тәртіппен ашылған шетелдiк банктердегi шоттар арқылы жүзеге асырылатын төлемдер мен ақша аударымдары;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актісiнде көзделген жағдайларда, резидент еместер резиденттiң мiндеттемелерiн орындау есебіне жүзеге асыратын олардың шетелдiк банктердегi шоттарынан ақша аударымдары.
Резидент және резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операциялар жүргiзген кезде алған қолма-қол шетел валютасы олардың уәкілетті банктердегi шоттарына мiндеттi түрде аударылуға тиiс.
2. Осы Заңда лицензиялау, тiркеу, хабарлама және (немесе) мәміле паспортын ресiмдеу талабы белгiленген Қазақстан Республикасының аумағындағы валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары уәкiлеттi банктерде ашылған шоттар арқылы ғана жүзеге асырылады.
3. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар белгіленген сома шегінде уәкiлеттi банктерде шот ашпай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына өтеусiз ақша аударымдарын (салықтық, лицензиялық төлемдердi, айыппұлдарды, мұрагерлік сома аударымдарын, алименттердi, гранттарды және басқаларын);
2) жеке тұлғаның кәсіпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты емес және осы Заңға сәйкес оған қатысты лицензиялау, тiркеу, хабарлама талабы белгіленбеген өзге де ақша аударымдарын Қазақстан Республикасынан жүзеге асыруға құқылы.
4. Резиденттердiң және резидент еместердiң қолма-қол шетел валютасын пайдалану және шотқа аудару тәртібі, сондай-ақ банк шотын ашпай-ақ ақша аударымдарының сомасы мен оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
17-бап. Шетел валютасымен жасалатын айырбастау
операциялары
1. Уәкiлеттi банктер өздерiне берiлген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берiлген құқыққа сәйкес шетел валютасын Қазақстан Республикасында, сол сияқты шет елде де еркiн сатуы және сатып алуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер тек қана уәкiлеттi банктер, олардың айырбастау пункттерi, сондай-ақ уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген тәртіппен жүргізедi.
18-бап. Валюталық құндылықтарды, қолма-қол ұлттық
валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық
валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және
төлем құжаттарын, резиденттер шығарған
номиналы жоқ бағалы қағаздарды әкелу және
әкету, жiберу
1. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар әкетiлетін қолма-қол шетел валютасының қайдан алынғанын растайтын құжаттарды ұсынбай-ақ баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы.
Резидент және резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасынан баламасы он мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкететін кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына баламасы он мың АҚШ долларынан асатын сомаға олардың қайдан алынғандығының заңды екендігін растайтын құжаттарды табыс етуі қажет.
Әкетiлетiн қолма-қол шетел валютасының қайдан алынғандығының заңды екендiгін растайтын құжаттардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
2. Резидент және резидент емес жеке тұлғалардың баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ұлттық валютаны Қазақстан Республикасына әкелуi және одан әкетуi қолма-қол шетелдiк және (немесе) ұлттық валютаның әкелiнетiн немесе әкетiлетiн бүкіл сомасына кедендік декларация беру арқылы Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде декларациялануға тиiс.
3. Номиналдық құны (номиналы) ұлттық валютамен және шетел валютасымен көрсетiлген төлем құжаттарын (вексельдердi, чектердi, оның iшiнде жол чектерiн) Қазақстан Республикасына әкелу және әкету жазбаша декларациялауға жатпайды және шектеусiз жүзеге асырылады.
4. Валюталық құндылықтарды, қолма-қол ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құжаттарын, сондай-ақ резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды әкелуін және әкетудi кедендiк ресiмдеу тәртібі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
19-бап. Ақпарат және құжаттар ұсыну жөнiндегі мiндеттеме
1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резиденттер, сондай-ақ резидент еместер осы Заңда белгiленген талаптарды орындау мақсатында валюталық реттеу мен бақылау органдарына және валюталық бақылау агенттерiне өздерi жүргiзетiн валюталық операциялар бойынша есептiлiктi, ақпарат пен құжаттарды ұсынуға мiндетті.
2. Резиденттер және резидент еместер уәкілеттi банктердiң сұратуы бойынша олар арқылы жүргiзiлетiн валюталық операциялар жөніндегі төлемдер мен ақша аударымдарының мақсатын көрсетуге, сондай-ақ осы Заңда белгiленген талаптарды орындау мақсатында төлемдер мен ақша аударымдарының көрсетілген мақсаттарын растайтын құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
4-тарау. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ШОТТАР АШУ
20-бап. Экспорт (импорт) бойынша есеп айырысу
1 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
1. Резиденттер тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына ақы төлеу валютасын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспорты күнiнен бастап 180 күн iшiнде немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн жекелеген тауарлар экспорты күнiнен бастап 365 күн iшiнде алуға және уәкiлеттi банктердегi шоттарға аударуға тиiс.
Резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына ақы төлеу ретiнде алған олардың шетелдiк банктердегi шоттарындағы валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізiнде шетелдiк банктерде ашылған шотқа аударуына жол берiледi.
2 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
2. Резидент емеске коммерциялық кредит шарттарымен тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн резиденттің резидент еместiң пайдасына аударған валютасын, резидент емес мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, аудару күнiнен бастап 180 күннен кешiктiрмей резидент алуға және оны уәкiлеттi банктердегi шоттарға аударуға тиiс.
3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, 180 күннен астам мерзiмге берiлген коммерциялық кредиттер бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер тiркеу режимiнде жүзеге асырылады.
4 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
4. Резиденттердің резидент еместерге 180 күннен астам мерзімге берілген коммерциялық кредиттері бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер лицензиялау режимінде жүзеге асырылады.
5 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбеге кіретін тауарлар экспорты кезінде, егер резидент коммерциялық кредитті резидент емеске 365 күннен аспайтын мерзімге берген жағдайда, төлем мерзімін кейінге қалдыру шарттарымен жасалған резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер лицензиялауға жатпайды.
365 күннен аспайтын мерзімге берілген коммерциялық кредиттер бойынша резидент еместің қаражатты қайтаруының немесе міндеттемелерді өзгеше орындауының нақты мерзімі 365 күннен асып кеткен жағдайларда, резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялауға жатады.
6 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы уәкілетті банктердегі шоттарға ұлттық валютаны және шетел валютасын есептеуге немесе резидент негiздеген мерзiмде мiндеттемелердi өзгеше орындауға құқық бередi.
7. 180 күннен астам мерзiмге берiлген коммерциялық кредиттерге қатысты осы бапта белгiленген тәртiп 180 күннен аспайтын мерзiмге берiлген коммерциялық кредиттер бойынша резиденттiң немесе резидент еместiң қаражатты қайтаруының немесе мiндеттемелердi өзгеше орындауының нақты мерзiмi 180 күннен асып кеткен жағдайларда да қолданылады.
8. Уәкiлеттi банктер импорты жүзеге асыруға байланысты резиденттер арасындағы комиссия шарттары бойынша резидент еместердiң пайдасына аккредитивтер аударуды көздейтiн шетел валютасымен аударым аккредитивтерiн резиденттердiң пайдасына ашуға құқылы.
21-бап. Тiкелей инвестициялар
Резидент еместердiң Қазақстан Республикасына және резиденттердiң шет елге тiкелей инвестициялары тiркеу режимiнде жүзеге асырылады.
22-бап. Жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен
және туынды қаржы құралдарымен жасалатын
операциялар
1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, резиденттер бағалы қағаздарды, инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуға, жарғылық капиталға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында салымдар енгізуге байланысты валюталық операциялар туралы, сондай-ақ туынды қаржы құралдарына байланысты операциялар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне хабарлауға мiндеттi.
2 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
2. Резидент еместердiң жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ету мақсатында резиденттердiң резидент еместердiң бағалы қағаздарын, резидент еместердiң инвестициялық қорларының пайларын сатып алуы, резиденттердiң салымдар енгізуi, сондай-ақ резиденттер мен резидент еместер арасындағы туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар лицензиялау режимiнде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың ережелерi банктерге, сақтандыру ұйымдарына, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларына (олар зейнетақы активтерiн инвестициялаған кезде) қолданылмайды.
3 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
3. Бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көрсетiлген валюталық операцияларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз қаражаты есебiнен де, клиенттердің қаражаты есебінен де осындай операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін лицензиялар береді.
Осы тармақтың ережелері бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын банктерге қолданылмайды.
4 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
4. Жеке тұлғалар мен резидент заңды тұлғалардың өздері алған лицензиялар шегінде бағалы қағаздар нарығының қазақстандық кәсіби қатысушылары арқылы жүзеге асыратын осы баптың 2-тармағында көрсетілген валюталық операциялары шектеусіз жүзеге асырылады.
5 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
5. Туынды қаржы құралдарының базалық активіне қатысты құқықтар мен міндеттемелерді іске асыру нәтижесінде жүзеге асырылатын резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар хабарлама режимінде жүзеге асырылады.
Туынды қаржы құралдарының базалық активі болып табылатын тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттемелерді іске асыру нәтижесінде жүзеге асырылатын резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар осы Заңның 12 және 20-баптарында көзделген тәртіппен реттеледі.
6 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
6. Резиденттердің жарғылық капиталға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында резидент еместердің резиденттердің бағалы қағаздарын, резиденттердің инвестициялық қорлардың пайларын қоса сатып алуы, резидент еместердің салымдар енгізуі, сондай-ақ резиденттердің бағалы қағаздарды халықаралық капитал нарықтарына бастапқы орналастыруы, оның ішінде резиденттердің бағалы қағаздарға депозитарлық қолхаттар шығаруы тіркеу режимінде жүзеге асырылады.
7. Осы баптың ережелерi тiкелей инвестицияларға қолданылмайды.
23-бап. Қаржы қарыздары
1. Резиденттердiң резидент еместерге және резидент еместердiң резиденттерге 180 күннен астам мерзiмге берген қаржы қарыздары тiркеу режимiнде жүзеге асырылады.
2. Тiркеу режимi, егер резиденттiң немесе резидент еместiң қаражат қайтарымын немесе мiндеттемелердi өзгеше орындауының нақты мерзiмi 180 күннен асып кеткен жағдайда, 180 күннен аспайтын мерзiмге берiлген қаржы қарыздарына да қолданылады.
24-бап. Капитал қозғалысының басқа да операциялары
1. Капитал қозғалысының басқа операцияларына:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жылжымайтын мүлiкке жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда, жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алу;
2) зияткерлiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықтарды сатып алу;
3) бiрлескен қызметке қатысушының мiндеттемелерiн орындау үшiн ақшаны және өзге де мүлiктi беру жатады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, резиденттердiң жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алуға байланысты төлемдерi, сондай-ақ олардың пайдасына резидент еместердiң төлемдерi хабарлама режимiнде жүзеге асырылады.
3 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
3. Резидент заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алуға байланысты төлемдерi, сондай-ақ олардың пайдасына резидент еместердiң төлемдерi тiркеу режимiнде жүзеге асырылады.
4. Зияткерлiк меншiк объектiлерiне ерекше, құқықты сатып алуға байланысты резиденттердің резидент еместерге төлемдерi, резиденттердiң пайдасына резидент еместердiң төлемдерi, сондай-ақ резиденттердің бiрлескен қызметке қатысушының мiндеттемелерiн орындау үшiн ақшаны және өзге де мүлікті беруi мен алуы тiркеу режимiнде жүзеге асырылады.
25-бап. Резиденттердің шоттары
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, резиденттер шет ел валютасымен уәкілеттi банктерде банк шоттарын шектеусiз ашады.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, резиденттер шетелдiк банкпен шарт жасасқан күннен бастап не шет елден оралған күннен бастап (жеке тұлғалар үшiн) күнтiзбелік отыз күннен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен шетелдiк банктерде шот ашқаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне хабарлауға мiндеттi.
Осы баптың талаптары банктердiң шоттар ашуына қолданылмайды.
3 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
3. Резидент жеке тұлғалардың шетелдiк банктерде шоттар ашуы лицензиялау режимiнде жүзеге асырылады, оған:
1) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының немесе ақшаның iзiн жасыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзiрлеу тобының мүшелерi болып табылатын мемлекеттерде орналасқан шетелдiк банктерде шоттар ашу;
2) жеке тұлғаның өзге мемлекеттердiң аумағында болған уақытта оларда орналасқан шетелдік банктерде шоттар ашуы кiрмейдi. Резидент жеке тұлғалар Қазақстан Республикасына оралғаннан кейiн шетелдiк банктегi шотын жабуға немесе лицензия алуға өтініш беруге міндетті.
4 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
4. Резидент заңды тұлғалардың шетелдік банктерде шоттар ашуы лицензиялау режимінде жүзеге асырылады, оған:
1) банктердің шоттар ашуы;
2) резидент қаржы ұйымдарының бағалы қағаздардың халықаралық нарықтарында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін шетелдік банктерде шоттар ашуы;
3) резидент заңды тұлғалардың сол заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерін ұстауға байланысты шығыстарды қаржыландыру мақсатына арнап, шетелдік банктерде шоттар ашуы;
4) резидент заңды тұлғалардың шетелдік банктерде заңды тұлғаның жарғылық капиталын төлеуі ретінде талап етілетін қаражатты, егер мұндай талап резиденттің қатысуы көзделетін шет мемлекеттің заңнамасында белгіленсе, аударуға арналған шоттар ашуы;
5) резидент заңды тұлғалардың резидент еместерден тартылған қарыздар бойынша резиденттердiң резидент еместер алдындағы мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында шетелдiк банктерге қаражатты аударуға арналған шоттар ашуы кiрмейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында шетелдiк банктегi қаражат қалдығының лимитi және шотты пайдалану шарттары белгiленуi мүмкiн.
5 тармақ 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады
5. Резидент заңды тұлғалардың осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында аталған шоттарды ашуы тіркеу режимiнде жүзеге асырылады.
Осындай шоттарды пайдалану шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленедi.
26-бап. Резидент еместердiң шоттары