Факторлардың қалың қатарын қамту мақсатында көптеген сыни факторларды өлшеуге және жасауға рұқсат беретін жаңа жан-жақты бәсекеге қабілетті индекстер әзірленді. Аталған индекс елдің өндірісі және бәсекеге қабілеттілігінің өсуінде әрқайсысының аса маңыздылығы бар мынадай тоғыз:
институттар;
инфрақұрылымдар;
макроэкономика;
денсаулық сақтау және бастауыш білім;
жоғары білім және оқыту;
нарықтың тиімділігі;
технологиялар;
бизнес жүйесі;
инновациялардың айналасында құрылды.
Бәсекеге қабілеттілік индекстерін айқындау басты функциялардың бірі, ал мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыру шеңберінде Бүкіләлемдік экономикалық форумда жыл сайын жасалатын дәреже туралы әлемдік табельде Қазақстанның ұстанымын жақсарту мемлекеттік органдар қызметтерінің басты міндеттері болуы тиіс.
Мемлекет басшысы өзінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Үкіметі макроэкономикалық саясатының маңызды басымдықтарының бірі ретінде бәсекелестікті қорғау бойынша одан әрі жұмыстың айқындалғанын және елдегі кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне елеулі серпін беруі тиіс бәсекелестік туралы жаңа заңды қабылдаудың қажеттілігі белгіленгенін атап көрсетті.
Өткен жылдары қабылданған монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі дәйекті шаралар субъектілердің теріс монополистік мінез-құлқының алдын алуға ықпал етуге және жаңа компаниялардың және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар арасында салауатты бәсекелестіктің пайда болуына, қазақстандық экономиканың халықаралық қауымдастыққа жоспарлы ықпалдасуына ықпал ететін жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, монополияға қарсы реттеу жүйесі экономиканың дамуы мен қайта құрылуынан қалмауы тиіс, әлемдік сауданың жаһандануын, экономикалық шекаралардың ашықтығын, сондай-ақ бизнес жүргізудің жаңа нысандарының пайда болуын ескеру қажет. Тез өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен жаңа функционалдық қажеттіліктерге бейімделудің қажеттілігі негізінде монополияға қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіру талап етіледі.
Монополистік қызметке қарсы іс-қимыл мен бәсекелестікті қорғау процесінде монополияға қарсы орган экономикалық жағдай қалай өзгерсе, солайша бизнестің жаңа нысандарының пайда болуына, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға жаңа талаптардың қойылуына қарай жаңа проблемалармен үнемі бетпе-бет келеді.
Бәсекелестік туралы жаңа заңды әзірлеу тауар нарықтарында еркін бәсекелестіктің дамуы, бәсекелестікті шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраласу фактілерін, экономика салаларын «жасырын» монополияландыруды болдырмаудың айқын тетіктерін анықтау, монополияға қарсы органның рөлі мен өкілеттіктерін күшейту, оның қызметінің тиімділігін арттыру үшін тартымды және айқын жағдай жасау қажеттілігінен туындайды.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің көпшілігі сол немесе өзге тауар нарығында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту дәрежесін бағалау, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маркетингтік стратегиясын, әлеуетті бәсекелестер үшін нарыққа «кіру»/»шығу» тосқауылдарының болуын (болмауын) және оларды еңсеру шараларын айқындау мақсатында оларға жүргізілген талдаулар бәсекелестік жеткіліксіз дамыған экономиканың салаларын анықтады.
Осылайша, заңнамалық реттеу бәсекелестікке келеңсіз әсер ететін ережелерді жою мақсатында жетілдіру қажет экономиканың негізгі салалары.
Қабылданатын нормативтік құқықтық актілер кәсіпкерлерге бизнесте жаңа мүмкіндіктер аша отырып, бәсекелестікті күшейтуге, экономикалық ресурстарды оңтайлы бөлу арқылы елдің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға, жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерге төмен баға белгілеуге ықпал етуі тиіс.
Нормативтік құқықтық актілерді монополияға қарсы заңнамаға сәйкес келтірудің маңызы зор, экономикалық қатынастарды реттеу құралы ретінде бәсекелестікті дамытпайынша, тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың жалпы экономикалық әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес.
5.3. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органның
институционалдық қайта құрылуын жүргізу, қолданыстағы
монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестік құқықтың халықаралық
стандарттарына сәйкес келтіру
Қолданыстағы монополияға қарсы заңнама монополияға қарсы нақты заңнама тексеруде монополияға қарсы органға сенімді рұқсат беру мен жеткілікті өкілеттікті ұсына алмайтын жағдайда. Монополияға қарсы органның жеке көзқарасы бойынша істі қараудан бас тарту мүмкіндігінің жоқтығы, кейбір нормативтік құқықтық актілердің шашыраңқы тұжырымдамасы бәсекелестіктің жағдайына толығымен әсер етуі ықтимал іспен толтырылған үйлесімде орындалмайтын орасан жұмыс көлемін береді.
Монополияға қарсы орган мемлекеттік биліктің кәсіпкерлері мен органдарының арасындағы, монополистер мен олардың тұтынушыларының арасындағы жеке дауларды, бәсекелестіктің деңгейін арттыра алмайтын және басқа ведомстволар үлкен тиімділікпен және нәтижелілігімен орындалуы мүмкін іс-әрекеттерді шешуге үлкен қаражат жұмсайды. Егер осы ұйымдастырушылық және заң проблемалары шешілмейтін болса, монополияға қарсы органға бәсекелестікті шектеуге түйінді проблемалар туындататын жағдайларда ден қоюдың тиімділігін арттыру және мемлекеттік реттеуден анықталған экономика салаларында туындаған заңнаманың талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу қиынға соғатын болады.
Монополияға қарсы органның тәуелсіздігі туралы талаптар монополияға қарсы орган егер олар монополияға қарсы заңнаманы бұзатын болса, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды бақылауы тиіс екендігі фактісіне негізделеді. Егер монополияға қарсы орган қандай да бір жоғарыда аталған органдардың бағынысында болған жағдайда монополияға қарсы шараларды қолдану сайланбалы болады, бұл өз кезегінде монополияға қарсы органның негізгі міндеттерін бұрмалайды.
Монополияға қарсы органның құқық қорғау органдарымен тең дәрежеде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының монополияға қарсы органға ақпарат бермеу не жалған ақпарат беру жауаптылығын қатайта отырып, мемлекеттік органдардан ақпараттар алу құқығын заңнамалық деңгейде бекіту туралы мәселені пысықтауды талап етеді.
Мемлекеттік органдардан мәртебесі мен тәуелсіздігін күшейту, штаттық санын объективті түрде ұлғайту, материалдық базаны күшейту арқылы монополияға қарсы органның құрылымдық күшеюін (институционалдық шара) жалғастыру қажет.
Бұған қоса монополияға қарсы органның өкілеттігін қайта бөлу үдерісі қажет, бұл ретте тарифтік реттеу функциялары мемлекеттік биліктің бір немесе бірнеше органдарға шығарылатын болады.
Бұған қоса монополияға қарсы органға басқа мемлекеттік органдарға тиесілі емес қосымша функциялар, сондай-ақ монополияға қарсы органмен тарифтік және тарифтік емес реттеулерге қорғау шараларын енгізуге бағытталған мемлекетті органдарды шешімдерін келісу жөніндегі функциялар берілуі тиіс.
5.4. Кәсіпкерліктің еркінділігін және тұтынушылардың
құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесін нығайту, бәсекелестік
мәдениетін көтеру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Қазақстан нарықтарын ашу, сауданы ырықтандыру, ел экономикасына үкіметтің араласуын алып тастау немесе босбелбеулік үдерістері ішкі нарықта халықаралық компаниялардың қызметтерінен теріс салдарлардың пайда болуына тәуекелдің артуымен ұласады, бәсекені асыра пайдаланушылық мүмкіндігі мен бұрмалануы бәсекелестік саясатты жандандыру, заңнаманы нығайту, бәсекені қорғау саласында екі және көп жақты ынтымақтастықты жақсарту және дамыту қажеттігінде негізделген.
Осыған байланысты, Қазақстан Еуропалық Одақ (ЕҚ), БҰҰ-ның сауда және даму мәселелері жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болуы қажет.
5.5. Монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетінің
тиімділігін дамыту және жетілдіру
Монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетін дамыту үшін оның қызметкерлерін белсенді оқыту, монополияға қарсы құқық жөніндегі біліктілігін арттыру курстарынан өткізу қажет. Таяу және алыс шет елдердің монополияға қарсы ведомстволарымен тәжірибе алмасу үшін монополияға қарсы саясат мәселелері жөнінде мүмкін болатын семинарлар, тренингтер жүргізу қажет.
Еңбек ресурстарын дайындау үшін біліктілігі елдің нақты экономикалық қажеттілігіне барабар мамандардың монополияға қарсы органға жоғары деңгейлі дайындықпен келуі үшін қазақстандық жоғары оқу орындарында "Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік саясат" пәнін енгізу туралы мәселені қарау өте маңызды.
Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік саясат саласында жұмыс істейтін кадрлардың дамуына бағытталған негізгі мемлекеттік шаралар ретінде:
1) Қазақстанда бәсекелестік саясатты жүзеге асыратын тиісті сұраныстағы мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында жүйелілік оқытуды ұйымдастыру;
2) менеджменттің біліктілігін арттыру, сондай-ақ қазіргі заманғы әдістемелік қабылдаулар мен қазіргі заманғы техникалық құралдарды, даму институттарының әлеуетін пайдалана отырып интерактивті режимде оқып үйретуді жүргізу;
3) жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орындарынан кейін оқып-үйрететін, оның ішінде шетелдерде қысқа мерзімді курстарды, семинарларды, жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыруға арналған дөңгелек үстелдерді қамтитын кадрларды дайындаудың жүйесін құруды;
4) жоғары кәсіби кадрлар құрамын белсенді тарту және ұстап тұру және оның әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуді болжап отыр.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 5.6 бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.6. Монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы
мен ашықтығын қамтамасыз ету
Бәсеке және монополияға қарсы заңнаманың ережелері түсіндіріле отырып, қалың оқырманға және іскер қоғамдастыққа арналған ақпараттық материалдарды дайындау және тарату бірінші кезектегі басымдықтары болуға тиіс. Бәсекелестікті ынталандыру мен қорғауда және бұзушылықтарды анықтауда бәсекелестік және монополияға қарсы заңдардың ережелерінің пайдалылығын жақсы түсіну азаматтар және іскер қоғамдастықтың монополияға қарсы органның белсенді әріптес болуына мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта өзекті заңдардың және заңға тәуелді кесімдер мәтіндерінен, өз жұмыстары бағыттарының әр қайсысы бойынша оның қызметі туралы ақпараттардан тұратын монополияға қарсы органның өз интернет-ресурсын құру мәселесін қарау қажет.
Жеке меншік интернет-ресурсы қалың жұртшылық үшін монополияға қарсы органның қызметі туралы ақпараттың көзі болады.
Сайтта жарияланатын материалдар бәсекенің мақсаты мен пайдасының түсіндірмесі қалың жұртшылыққа түсінікті, монополияға қарсы заңнаманың мазмұны қарапайым мазмұндалған, сондай-ақ монополияға қарсы органның жұмыс тәртібіне және талаптарына түсінік беретін материалдарды қамтуы тиіс.
интернет-ресурсында бәсекелестікті қорғау және насихаттау үшін мүмкіндік беретін монополияға қарсы орган жүргізетін жеке тауар нарықтарын талдау топтамаларын жариялау пайдалы жаңа кіріспе болады.
Монополияға қарсы орган:
монополияға қарсы орган жүргізетін тексерудің нәтижелері;
монополияға қарсы орган қызметтерінің қорытындылары туралы мерзімдік есептері;
халыққа бәсекелестіктің артықшылықтарын түсіндіру;
баспасөз парақтары және қызметкерлердің сөйлеген сөздері;
монополияға қарсы заңнама және бәсекелестік саясат мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық кесімдерді түсіндіру;
монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің қызметтері туралы ақпарат өз көрінісін бұқаралық ақпараттар құралдарынан (бұдан әpі - БАҚ) және интернет-ресурстан тауып алуға тиіс.
Осы ақпараттардың үнемі БАҚ-та және интернет-ресурста жарық көруі басқа мемлекеттік органдарға, отандық және шетел компанияларына, тауар мен қызметті тұтынушыларға монополияға қарсы органның құқық қолданудың нақты мәселелеріне деген көзқарасын жақсы түсінуде, өз іс-әрекеттерін соған сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
Осыдан, жұмыстың айқын және ашық қағидаттарының артықшылығы мыналарға байланысты:
қоғам және бизнес тарапынан назар аудару, сенім білдіру және қолдау артады;
монополияға қарсы заңнаманы бұзу саны қысқарады;
білікті кадрларды тарту қамтамасыз етіледі;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау үшін мүмкіндік төмендейді;
монополияға қарсы органның қызмет сапасы артады.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осы Бағдарламада көрсетілген шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2007 жылы 117 млн. теңге бөлінеді.
Бұл ретте, республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі тиісті жылдың бюджетін қалыптастыру және нақтылау кезінде белгіленген тәртіппен жыл сайын нақтыланып отырады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық кесімдері әзірленетін және қабылданатын;
монополияға қарсы органның тән емес функцияларын жүйелендіру және беру жөнінде шаралар қолданылатын;
жаңа компаниялардың экономика секторларына кіруі үшін тартымды және ашық шарттарды құру мақсатында монополияға қарсы заңнама реформаланатын;
ішкі бәсекелестікті қарқындандыру жөнінде шаралар кешені әзірленетін болады;
бәсекелестік орта дамытылады және нарықты монополизациялауды болдырмайды;
монополияға қарсы органның қызметінің сапасы көтеріледі;
монополияға қарсы органның 150-гe жуық мамандарының біліктілігі арттырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 413 (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2305 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Орындауға жауапты | Орындау мерзімі | Болжанатын шығыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Дамыған елдер мен Қазақстанның бәсекелестікті қорғау жөніндегі заңнамасына салыстырмалы талдау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | 2007 жылғы 10 шілде | Талап етілмейді | |
2 | Белгілі бір тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің бірыңғай электрондық базасын құру және енгізу туралы мәселені пысықтау | РБК қарауына ұсыныс енгізу | ИСМ | 2007 жылғы 10 шілде | Талап етілмейді | |
3 | Нарыққа кіру және шығу тосқауылдарын және шоғырлану дәрежелерін анықтау мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҚА | 2007 жылғы 10 шілде | 117 млн. теңге | 2007 жылғы республикалық бюджет қаражаты есебінен |
4 | «Мемлекеттік органдар мен монополияға қарсы орган арасында функциялар алмасу, сондай-ақ монополияға қарсы органға басқа да функциялар беру бөлігіндегі бірқатар заңнамалық кесімдерге өзгерістер енгізу туралы» заңды әзірлеу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Yкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу | ВАК-тың шешімі | БҚА | 2008- 2009 жылдар | Талап етілмейді | |
5 | Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы мерзімінде орындамағаны үшін өсімақы есептеу тәртібі бөлігінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заңды әзірлеу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу | ВАК-тың шешімі | БҚА | 2008- 2009 жылдар | Талап етілмейді | |
6 | Мемлекеттік органдармен адал бәсекелестікті қолдау мақсатында тауар, оның ішінде қаржы нарықтарының мониторингі жүйесін ескере отырып, бәсекелестік саясат мәселелері жөнінде өзара іс-әрекет тәртібін әзірлеу | Бірлескен бұйрық | БҚА , СА, Қаржымині, ЭМРМ, ККМ, ЭСЖҚҚКА (келісім бойынша) | 2008 жылғы 10 қаңтар | Талап етілмейді | |
7 | ДСҰ-ға кіруді ескере отырып монополияға қарсы заңнаманы ДСҰ талаптарына кезең-кезеңімен сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу | Бұйрық | БҚА | 2007- 2009 жылдар | Талап етілмейді | |
8 | Монополияға қарсы органды институционалдық қайта құру туралы ұсынысты әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі жұмыс тобының қарауына енгізу | Талдау жазбасы | ИСМ, ЭБЖМ | 2007 жылғы наурыз | Талап етілмейді | |
9 | "Монополияға қарсы орган туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу туралы және заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған перспективалық жоспарына енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу | ВАК-тың шешімі | БҚА, Әділетмині, ЭБЖМ | 2008 жыл | Талап етілмейді | |
10 | Монополияға қарсы органның интернет-ресурсын құру мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | 2007 жылғы 10 шілде | Талап етілмейді | |
11 | Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің біліктілігін арттыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | 2007 жылғы 10 шілде | Талап етілмейді | |
12 | «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» және «Жосықсыз бәсекелестік туралы» заңдарын біріктіретін (біріктірілген заң) Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу және оны заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған перспективалық жоспарына енгізу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Yкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу | ВАК-тың шешімі | БҚА, Әділетмині | 2008 жыл | Талап етілмейді | |
13 | Бәсекелестікті арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында бәсекелестік дамымаған экономиканың бірінші кезектегі салаларын айқындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ, БҚА | 2008-2009 жылдар, 10 қаңтарға және 10 шілдеге | Талап етілмейді | |
| Жиыны: | | | | 117 млн. теңге | Республикалық бюджет |
14 | «Бәсекелестік туралы» Заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу | Заң жобасы | БҚА (жинақтау), ТМРА, ҚҚА, АБА | 2008 жылғы қараша | Талап етілмейді | |
15 | Бәсекелестікті шектейтін ережелерді анықтау мен алып тастау тұрғысынан заңнамаға түгендеу жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҚА (жинақтау), Әділет-мині, ЭБЖМ | 2009 жылғы 15 желтоқсан | Талап етілмейді | |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі;
ЭСЖҚҚКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік);
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі;
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі;
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі.