5) нарық субъектісінің бір немесе бірнеше мәмілелер нәтижесінде (оның ішінде сенімгерлік басқару туралы шарт, бірлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты) немесе өзге де тәсілмен нарық субъектісінің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайларын анықтауға не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтар алуы;
6) белгілі бір жеке тұлғалардың нарықтың екі және одан да көп субъектілерінің атқарушы органдарында, директорлар кеңесінде (байқаушы кеңестерінде) қатысуы.
Бұл ретте монополияға қарсы органның рұқсатынсыз жасалған экономикалық шоғырлану монополияға қарсы органның талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. Заңға сәйкес монополияға қарсы орган тиісті нарықтарда үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, сондай-ақ тауар нарығының жағдайын, ондағы бәсекелестік деңгейін зерделеу және монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында тауар нарықтарының талдауын жүргізуге міндетті. Сонымен қатар, ол жыл сайын 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметіне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің және монополистік қызметті шектеу жөнінде қабылданған шаралар туралы есеп беруге міндетті.
Заңның жаңа редакциясына сәйкес үлесі тауар нарығында отыз бес және одан астам пайыздарды құрайтын нарық субъектісінің жағдайы үстем (монополиялық) ретінде танылады, егер:
1) тиісті тауар нарығында анағұрлым көп үлеске ие үш нарық субъектісінің үлесінен аспайтын жиынтық үлесі елу және одан астам пайыздарды құраса;
2) тиісті тауар нарығында анағұрлым көп үлеске ие төрт нарық субъектісінің үлесінен аспайтын жиынтық үлесі жетпіс және одан астам пайыздарды құраса;
Бірақ, үлесі тиісті тауар нарығында он бес пайыздан аспайтын нарық субъектісінің жағдайы үстем (монополиялық) ретінде танылмады.
Субъектілер қызметін талдаудың деректерін жиынтықтау қарапайым пайдаланушылардың пакеттерінің көмегімен қолмен енгізіледі. Деректердің жинақталуы мен сақталуы кейіннен оларды мұрағатқа тапсыра отырып, қағаз тасығыштарда жүргізіледі. Тарифтердің өзгеруінің серпінін ретроспективті талдау үшін ақпаратты екінші қайтара сұрауға тура келеді. Қағаз жұмысының үлкен көлемі уәкілетті органның ұсынылған материалдарды жан-жақты қарау мүмкіндігін және ең бастысы қабылданған шешімдердің субъектінің өзіне және оның тұтынушыларының жағдайына әсер ету мүмкіндігін бағалауды шектейді.
Бұған қоса нарық субъектілері қолданыстағы монополияға қарсы заңнамаға сәйкес монополияға қарсы органға ай сайын қаржы-шаруашылық қызмет туралы есепті, ай сайын - кәсіпорынның акциялары (үлестері, пайлары) мен өнімдердің монополиялық түрлері: өндірістің көлемдері, босатылым бағасы және өндірістің табыстылығы бойынша ақпараттарды сату мен беру туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Осы ақпарат сондай-ақ қағаз тасығыштарда ұсынылады, ол кейіннен мұрағатқа тапсырылады. Сондай-ақ Заңға сәйкес монополияға қарсы нарық субъектілері мен олардың бірлестіктерін құруға, қайта ұйымдастыруға, акцияларды (үлестерді, пайларды) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратынын атап өткен жөн.
Қазіргі кезде монополиялық саясатта институционалдық та және жүйелік те проблемалардың бар болуына байланысты бәсекелестік қабілетті дамыту саласында бірқатар шешілмеген мәселелер әлі де бар.
Монополияға қарсы органның институционалдық әлсіздігі осы органның қызметтерін қолда бар монополиялар мен олардың монополиялық билігін тарату немесе қайта ұйымдастыру арқылы бәсекелестік ортаны құрудың негізгі мәселелеріне тоқталуға мүмкіндік бермей, бағаларға бақылау жасаудың екінші тұрлаусыз мәселелеріне шоғырландыруға әкеп соғады. Бүгінде монополияға қарсы орган өзінің қадағалау функцияларын орындауға арналған өз қызметін, бәсекелестікке жол бермеу және жолын кесу жұмыстарын жандандырудың орынына тұтынушылардың жеке шағымдарын қарауға мәжбүр болып отыр.
Бұған қоса монополияға қарсы органның монополияға қарсы заңнаманың талаптарын сақтауды тиімді бақылау және мемлекеттік реттеу реформасына қатысты да, экономикада тұтастай алғанда да бәсекелестікті қорғау мен насихаттау қабілетін төмендететін бірқатар ұйымдастырушылық және заң проблемалары да бар. Ұйымдастырушылық проблемалардың ең бастысы монополияға қарсы орган функцияларының аса кең спекторы болып табылады. Монополияға қарсы органның миссиясы нарықтық қызметті құру мен реттеуге ауқымды белгілі бір жауапкершіліктен бәсекелестікті құру мен қорғауға нақты шоғырлану жағына ауысуы тиіс.
Заңға сәйкес, Монополияға қарсы органның өкілеттігіне «Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзуға жол берген тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыру және нарық субъектілеріне кесімді бағаларды енгізу жатады.
Бұған қоса монополияға қарсы органға маңызды азық-түлік тауарларына, мұнай өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында және бағаның мониторингін жүргізуге, маңызды азық-түлік тауарларына арналған бағаны өзгертуді талдауға тағы басқаларды тапсыратын нормативтік құқықтық кесімдер қабылданады. Мемлекеттің осындай функциялары өзінің маңызын жоғалтқан жоқ, бірақ олар басқа органдармен жүзеге асырылуы тиіс.
Қазіргі сәтте монополияға қарсы органның міндеттері мүлдем ауқымды және өз табиғаты бойынша әр қилы: жеке органдардың ешқайсысы да заңнаманың сақталуын бақылауға, қамтамасыз етуге, халықпен ақпараттық-білім беру жұмысын жасауға жеткілікті көңіл бөлуге және осы жұмыс бағыттарының әрқайсысы бойынша саясатты әзірлеуге жағдайы жоқ. Әр түрлі міндеттер талдаудың әр түрлі түрлері мен ақпараттардың әр түрлі көздерін талап етеді, мемлекеттік органдардың, фирмалардың, азаматтардың әр түрлі топтарымен ынтымақтастықты талап етеді.
Бұған қоса әлемдік тәжірибеден алғанда монополияға қарсы орган атқарушы билік органдарының жоғары сатылы лауазымында тәуелсіз орган болуы тиіс. Жүргізілген талдау көрсеткендей елдердің көпшілігінде монополияға қарсы органдар төрағалары мен орынбасарлары мемлекеттік органдардың бір де біреуінен тәуелсіз мәртебеге ие және белгілі бір мерзімге тағайындалатын, кез келген дербес, тәуелсіз алқалы орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы монополияға қарсы саясат, жосықсыз бәсекемен күрес саласында халықаралық ұйымдармен және шетелдік ведомстволармен белсенді ынтымақтасады.
Халықаралық қызмет Қазақстан экономикасын әлемдік экономикалық кеңістікке ықпалдасуға жәрдемдесуге; жалпы еуропалық экономикалық кеңістігінің тұжырымдамасын қалыптастыру үдерісіне қатысуға; кәсіби халықаралық ұйымдарға қатысу арқылы қазақстандық мүдделерді қорғауға және практикаға алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізуге, Қазақстанның монополияға қарсы органдары мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған.
Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті (бұдан әрі - БЭК) құру шеңберіндегі келіссөздердің белсенді мүшесі болып табылады, оны құру идеясы 2003 жылғы 23 ақпанда айтылған Ресей, Қазақстан, Украина және Белоруссия Президенттерінің бірлескен өтінішінде ресми бекітілген, тараптар бірлескен Жоғары деңгейдегі топты құрды және оның міндетін бекіткен болатын. Оның қорытындысы Ялта қаласында 2003 жылғы 19 қыркүйекте қол қойылған БЭК қалыптастыру туралы Келісім болды.
БЭК қалыптастыру мақсаты қатысушы мемлекеттердің экономикасын тұрақты және тиімді дамыту үшін жағдай жасау және халықтың өмірлік деңгейін арттыру болып табылады. Осы шеңберде монополияға қарсы орган БЭК құру туралы келісімге және Бәсеке саласындағы бірыңғай ережелер туралы келісімге қатысушы мемлекеттерде бәсекелестік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары туралы келісімді әзірлеу, келісу және күшіне енгізу үшін жауаптылық алады.
Осы келісімдердің жобалары бірыңғай бәсекелестік саясатты жылжытуда одан әрі ынтымақтастығы үшін іргелі негіз болып табылады.
Сондай-ақ Қазақстанның монополияға қарсы органы Еуразия экономикалық қоғамдастығының белсенді қатысушысы болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастықтың әрекетке қабілетті арнайы тетігінсіз тиімді бәсекелестік саясаттың болуы мүмкін емес, трансұлттық компаниялар және оның бірлестіктері тиісті елдерден тыс жерлерде жүзеге асырылатын сол іс-әрекеттері ішкі бәсекеге елеулі теріс ықпал етуі мүмкін.
1993 жылғы 24 желтоқсанда Ашхабад қаласында қол қойылған Келісілген монополияға қарсы саясатты жүргізу туралы көп жақты шарт дәл осындай тетік болды. Аталған Шарт шеңберінде ТМД елдерінің аумағында монополистік қызметті және жосықсыз бәсекелестікті шектеудің алдын алу және тоқтатудың құқықтық негіздерін құру жөніндегі тараптардың жалпы қызметтерін үйлестіру, бәсекелестік мәселелері жөнінде ұлттық заңнаманы әзірлеуде және жетілдіруде ықпалдасуы және монополияға қарсы саясат және бәсеке саласында нормативтік-құқықтық, әдістемелік және басқа ақпараттар алмасуда ықпалдасуы негізгі міндеттері болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесі (МСМК) құрылды.
Қазақстанның бәсекелестікті дамыту мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдар жұмысына қатысуының маңызы зор, жеке елдер ішінде ғана емес мемлекетаралық тең экономикалық қатынастарды реттеу құралы ретінде бәсекелестік саясаттың ролін күшейтпейінше, экономиканың тиімділігін арттыру, халықаралық сауданы табысты дамыту және тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың жалпы экономикалық әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес.
Халықаралық сауданың, шетелдік инвестициялаудың жылдам дамуы, ірі трансұлттық қосулардың және трансұлттық корпорацияның (бұдан әрі - ТҮК) қызметтерін кеңейту нәтижесінде жүріп жатқан экономикалық байланысты жаhандандыру кәсіпорындар бәсекелестігін көп жағдайда нарықтық шоғырлану дәрежесіне негізделген барынша халықаралық сипатқа ие болуға еріксіз алып келеді.
Халықаралық бәсекелестікті күшейту ұлттық нарықтар үшін екі жақты рөл атқарады. Бір жағынан, шетел компаниялары үшін, олардың арасында ТҮК маңызды орын алатын ұлттық нарықтарды ашу компаниялардың өзінің құрылымын және өндірісін ұтымды етуге, басқару стратегиялары мен жоспарларын жетілдіруге, озық технологияларды белсенді пайдалануға мәжбүрлейді. Шетел компаниялары үшін ұлттық экономикаға қол жеткізуге жол ашу жалпы алғанда экономикаға қолайлы ықпал ететін осы нарықтардағы бәсекенің жағдайларын жақсартады (немесе бәсеке үшін әлеуеттік жағдайлар жасайды): сатушылардың ортасын кеңейтеді, ассортименттерін көбейтеді, бәсекенің нәтижесінде бағасы төмендейді. Ұлттық нарықтардағы ТҮК қызметі бәсекеге және экономикаға жиі оң ықпал етеді. Нарықта өз тауашасын алуға талпынатын жергілікті компаниялар бәсекелестік артықшылықтар бар салаларда өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Бүгін, Трестерге қарсы заңнама саласындағы құзырет ақпараттар, бәсекелестік нарықтар ойындарының аса жаңа теорияларын түсінуге тең, бәсеке, монополия, монополиялық бәсекелестік және олигополия туралы дәстүрлі экономикалық теорияларды жақсы білуді талап етеді. Бұл теориялар осы салада тиісті саясатты талдау үшін бастапқы тармақ болады.
Сондай-ақ монополияға қарсы органның жиі қайта құрылуы кадрлардың кетуіне және білікті мамандардың тапшылығына алып келетінін атап өту маңызды.
Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің білімі мен кәсіби дайындығы әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкес болуы керек.
Қолданыстағы жеке кәсіпкерлік туралы заңнамада құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлік субъектісінен де, мұндай ақпаратқа ие мемлекеттік органдардан да қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
Сонымен бірге, тәжірибе көрсеткендей экономикалық дамуға байланысты монополияға қарсы заңнама аясындағы бұзушылықтар барлық салаларда мемлекеттің экономикалық дамуына елеулі әсер етеді.
Аталған бұзушылықтардың жолын кесуде басқа мемлекеттік органдардың ақпаратынсыз жәрдемдесу мүмкін емес.
Статистика жөніндегі мемлекеттік органдарды, министрліктерді, салық және құқық қорғау органдарын қоса алғанда басқа мемлекеттік органдардың қарамағындағы ақпараттар монополияға қарсы органға барлық уақытта бірдей ұсыныла бермейді. Бұл ретте, осы ақпарат монополияға қарсы органға тергеу жүргізу және тауар нарықтарын талдау үшін қажет. Барлық мемлекеттік органдардың іскерлік ақпараттардың құпиялылығына қатысты анық құқықтық нормалардың болмауынан нақты нарық субъектісі туралы ақпаратты алу және беру күрделене түседі. Көптеген мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды залалдарды өтеу және осындай ақпараттарды жеткілікті қорғау болып табылатын нақты нормативтік құқықтар туралы жалпы талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықты алады, жариялауға жауаптылығы туралы заңның ережесі ақпарат алмасуға кедергі келтіреді. Бұл проблема бұрыннан бар және Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық кесімдеріне қажетті өзгертулер енгізе отырып шешілуі тиіс.
Сондай-ақ басымдық монополияға қарсы органның жазбаша шешімдеріне қол жетімділігін арттыруға және ресми хабарлама мен ақпарат нақты іс-әрекеттердің фактісі немесе қабылданған шешім туралы деректерден ғана тұрмай, олардың себептері нақты түсіндірілуі тиіс. Бұл жұртшылықтың монополияға қарсы органның «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіруде және қолдануда дұрыс көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бұдан кейін, жұртшылықты және іскер қоғамдастықты монополияға қарсы орган жүргізген талдаудың сапалылығына және оның қызметтерінің себебінің бірдейлігіне сендіру үшін айқындылық талап етіледі. Болмаған жағдайда, шешімдер кездейсоқ болып көрінуі мүмкін немесе монополияға қарсы органның нақты ic-әрекеттерінің себептері инвестицияларды тартуға және экономикалық өсуін ұлғайтуға ықпал етпейтін, сенімді болмау және сенімсіздік білдіру атмосферасын құра отырып, монополияға қарсы органның нақты іс-әрекеттеріне жатпайтын себептері туралы ойлары дұрыс болып көрінуі мүмкін.
Халықпен жүргізілетін ақпараттық-білім беру жұмысы мен бәсекелестікті қорғау жеке функциялар ретінде қаралатынына қарамастан олар тығыз байланыста және бәсекелестікті жалпылама түсіну, мақсаты мен пайдасы жоқ жерде бәсекелестікті тиімді қорғау және насихаттау мүмкін емес. Монополияға қарсы органның қызметі баспа беттерінде жиі жарық көрсе де, бұл жарық көрулер қысқаша үрдісте болады және қолданылған іс-әрекеттер немесе қабылданған шешімдер туралы хабарламамен шектеледі.
Республика бойынша Интернетті тұтынудың төмен көлемдері қалың жұртшылық үшін ақпарат көзі болуда интернет-ресурстың қабілеті шектеулі екендігін білдіреді. Монополияға қарсы орган өзінің "Монополист бюллетені" журналын жариялайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнама және бәсекелестік саясат мәселелері жөніндегі баптар мен талдамалы материалдар қамтылған оның бірінші нөмірі жарық көрді. Бірақ, ақшалай қаражат тапшылығы шығару тиражын айтарлықтай шектейді және бүгінгі күні бюллетень басты түрде монополияға қарсы органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері мен басқа мемлекеттік органдарға таратылады.
Монополияға қарсы орган қызметінің ашықтығы оның тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл ретте өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде монополияға қарсы орган алған коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтер монополияға қарсы заңнамаға сәйкес жариялауға жатпайды. Осыған байланысты монополияға қарсы орган компаниялардың коммерциялық құпияларының құпиялылығын сақтайды.
Бүкіләлемдік экономикалық форумның баяндамаларындағы деректер бойынша әлемдегі 100-ден артық ел соңғы 10 жыл ішіндегі бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіші бойынша АҚШ, Жапония, Германия, Швейцария дәстүрлі озық тұр, ал соңғы уақытта алдыңғы орындарға сондай-ақ Скандинавия елдері мен Азияның жаңа индустриялды елдері шықты. Қазақстан бұл рейтингте жоғарыда көрсетілген елдерден біршама артта қалуда.
Сонымен бірге, Қазақстанда бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторларды, ұлттық бизнес ортасының елдің өзекті бәсекелестік қабілетіне әсер етуін бағалау мақсаты болып табылатын зерттеу жүргізілуде.
Елдің бәсекеге қабілеттілігі Бәсекеге қабілеттілігі туралы өзекті есеп беруде екі индекспен бағаланады:
өсудің бәсекеге қабілеттілігі индексі;
бизнестің бәсекеге қабілеттілігі индексі.
Өсудің бәсекеге қабілеттілігі индексі орта мерзімді және ұзақ мерзімді болашақта экономиканың нық экономикалық өсуіне қол жеткізу мүмкіндігін бағалау үшін пайдаланылады. Бұл индекс экономикалық теорияға сәйкес макроэкономикалық факторларының әсер етуін бағалайды және көптеген елдердің саясаткерлері мен экономистерінің тәжірибесінде экономиканың өсуі үшін өте маңызды болып танылады.
Бизнестің бәсекеге қабілеттілігі индексі ұлттық экономиканың ағымдағы өндіру деңгейін айқындайтын микроэкономикалық факторларда байқалады, сонымен қатар өсудің бәсекеге қабілеттілігі индексінің болашағын көрсететін макроэкономикалық факторды толықтырады. Тұрақты саяси, заңды және қоғамдық институттар, тиімді макроэкономикалық саясат өндіру және ұлттық гүлденуі үшін әлеуетін жасайды, бірақ елдің шынайы байлығы аса тиімді әдістерді пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтерді өндіретін компаниялардың қабілеттілігі микро-деңгейде жасалады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығының тиімді жұмыс істеуіне бағытталған қолайлы шарттарды жасау жолымен еркін бәсекелестікті дамыту осы Бағдарламаның мақсаты болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері мыналар:
экономиканың барлық салаларында бәсекелестік ортаны құру;
субъектілердің монополистік тәртібін және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін болдырмау;
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органның институционалдық қайта құрылуын жүргізу;
қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестік құқықтық халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру;
кәсіпкерліктің еркінділігін және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесін дамыту, бәсекелестік мәдениетін көтеру;
монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетінің тиімділігін дамыту және көтеру;
монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi
5.1. Субъектілердің монополистік тәртібін және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін болдырмау
Бағдарламаны іске асыру және бәсекелестіктің мәнін нақты түсіндіру мақсатында мемлекеттік органдардың өкілеттігіне заңнамалық деңгейде бәсекелестікті ынталандыру және бәсекелестікті шектеулерді жою жөнінде жеке функцияларды енгізу туралы мәселені қарау қажет.
Монополияға қарсы органның мемлекеттік көмек және оның көмек берумен байланысты билік органдарымен үйлесімділігі туралы ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет.
Сондай-ақ, қорғау шаралары қазіргі уақытта сауда саясатының жалпыға бірдей құралы болып табылады, монополияға қарсы орган қорғау шараларының мәселесі жөнінде қабылданатын шешімдерге қатысу үшін қолданыстағы сауда заңнамасының ішіндегі бәсекелестікті кепілдендіру жүйесін құра алады.
Монополияға қарсы орган сыртқы экономикалық саясаттың әділ, ашық сипатын қамтамасыз ету үшін оны қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар оны іске асыруға да қатысуы тиіс. Ішкі нарықты импорттан қорғау шараларын енгізу туралы мәселелерді қарастырған кезде монополияға қарсы органның пікірі ескерілуі тиіс.
Сыртқы экономикалық саясаттың әділ сипатын қамтамасыз ету үшін монополияға қарсы органның қорғау шараларын енгізу туралы шешімдерді әзірлеуге қатысуы қажет.
Бұл жұмыстағы монополияға қарсы органның басты мақсаты ішкі нарықтағы бәсеке шарттарының бұзылуына жол берместен өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделері теңгерімін қамтамасыз ететіндей қорғау шараларын енгізу шарттарын қалыптастыру болып табылады. Қорғау шаралары ұлттық өндірушілерді шетелдік бәсекенің шарттарына оңалту кезеңінде ғана әрекет етуі тиіс және лоббизм құралына айналмауы және жеке кәсіпорындарға арналған шаруашылық жүргізудің жеңілдік шарттарын қалыптастыру үшін база болып табылмауы тиіс.
Монополияға қарсы органның қорғау шараларын енгізу туралы шешімдерді әзірлеуге қатысу қажеттілігі сондай-ақ тұтынушылардың мүдделерін қорғауға негізделген. Тұтынушылар, қорғау шараларын енгізу жағдайында бағаларды арттыру және ассортиментті шектеу нәтижелерінде жоғалтуларға ұшырайды.
ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 413 қаулысымен 5-2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.2. Экономиканың барлық салаларында бәсекелестік ортаны
Құру
Тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытуды айқындаудың монополистерді анықтаудың негізі тауар нарығын талдау болып табылады.
Қазіргі сәтте, республиканың тауар нарықтарының зерттеуін, ондағы бәсекелестік ортаның жағдайын, оның ішінде бәсекелестікті дамыту дәрежесін бағалау; тауар нарықтарының дамуын бағалау және бәсекелестікті арттырудың маркетингтік стратегиясын, сондай-ақ әлеуетті бәсекелестер үшін нарыққа "кіру" және "шығу" тосқауылдарының болуын немесе болмауын, олардың еңсерілу дәрежесін айқындау мақсатында жүргізу қажеттілігі туындап отыр.
Осыларға сүйенетін болсақ, монополияға қарсы орган жүргізген тауар нарықтарының талдаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) республиканың тауар нарықтарын олардағы бәсекелік ортаның жағдайын, бәсекелестікті дамыту дәрежелерін бағалау, сондай-ақ тауар нарықтарының дамуын бағалау және бәсекелестікті арттырудың маркетингтік стратегиясын айқындау мақсатында зерттеу;
2) экономиканың әртүрлі салаларында бәсекелік ортаның жағдайын сипаттайтын индикаторларды әзірлеу;
3) тауар нарықтарының шоғырлануын айқындау, олардағы бәсекелестікті дамытудың тосқауылдарын айқындау;
4) экономиканың әртүрлі салаларындағы бәсекелестікті қорғауға бағытталған құралдарды әзірлеу.
Осы міндеттерге сәйкес монополияға қарсы орган олардың акцияларының (үлестерінің, пайларының) сандық және пайыздық қатынастарын көрсете отырып, нарықта басым жағдайға ие субъектілердің құрылтайшылары туралы; олардың акцияларының (үлестерінің, пайларының) сандық және пайыздық қатынастарын көрсете отырып, акционерлердің (үлесшілердің, пайшылардың) бұдан кейінгі өзгерістері туралы ақпараттарды, нарық субъектілерінде болған қайта ұйымдастыру, тарату туралы деректерді; негізгі өндірістік құралдарының теңгерістік құнынан алғанда тізімдер мен пайызды көрсете отырып, мүлікті иеліктен алу туралы мәліметтерді, сенімді басқармада уақытша пайдалануда (жалға беруде) болуы туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттың ауқымды көлеміне ие болуы тиіс.
Экономиканы монополияға қарсы реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында монополияға қарсы орган белгілі бір тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің бірыңғай электронды базасын жасау және енгізу қажет.
Ақпараттық база республикалық деңгейге жататын болады, бұл ретте монополияға қарсы органды, оның нарықта үстем жағдайға ие аумақтық бөлімшелері мен кәсіпорындарын қамту жоспарланып отыр.
Тұтастай алғанда нарықта үстем жағдайға ие субъектілердің қызметіне мониторинг жүргізу үшін деректердің ақпараттық базасын құру бақылаудың жеделдігін және тарифтік саясатты реттеудің негіздемелігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл кәсіпорындардың пайдаланушылық шығындарын азайтуды қамтамасыз етуі және өз кезегінде мемлекеттің шығындарын азайту есебінен және жеңілдік қызметтерді ұсынудың сомасын азайту есебінен халықтың кірістерін арттыруға ықпал ететін болады.