2) 12-баптың 1-тармағы "талаптары" деген сөзден кейін ", оның ішінде экологиялық талаптар" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 26-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Әуесқойлық (спорттық аң аулау мен балық аулауды, ғылыми зерттеулерді қоспағанда, жануарлар дүниесін арнайы пайдалануды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес экологиялық рұқсат алу қажет.".
16. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат):
1) 7-баптың 4) тармақшасының оныншы абзацы алып тасталсын;
2) 72-баптың 6-тармағындағы, 73-баптың 2-тармағындағы "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана. Ақорда. 2006 жылғы қаңтардың 9-ы
№ 213-III ҚРЗ