Медициналық араласулар болмаған кезде және баланы емшек сүтімен тамақтандыру кезінде анадан балаға АҚТҚ-ның берілуінің жоғары қаупі болады, бұл ретте бір АҚТҚ жұқтырған баланы ұстауға жұмсалатын шығын жылына шамамен 10 000 АҚШ долларын құрайтын болады.
Соңғы жылдарда анықталған АҚТҚ жұқтырған жүкті әйелдердің саны 7 есеге ұлғайды, бұл ретте республикада жүкті әйелдерді тестілеумен қамту 60 %-дан аспайды. 2001 - 2005 жылдарда АҚТҚ жұқтырған әйелдердің босануы 8 есеге өскен. Кумулятивтік деректер бойынша 1996 жылдан бастап 352 АҚТҚ жұқтырған әйелде 431 жүктілік тіркелген.
Жүкті әйелдерді қоса алғанда, халық болашақ баланың денсаулығы үшін АҚТҚ-жұқпасының қолайсыз салдарлары туралы аз ақпарат алған, қызметтердің тегіндігі мен қол жетімділігі туралы ақпаратты білмейді, өзінің АҚТҚ-мәртебесін білуге уәжделмеген. Инъекциялық есірткіні пайдалануды практикада қолданып жүрген жүкті әйелдер нашақорлық пен АҚТҚ-жұқпасының салдарынан қосарлы стигматизацияға ұшырайды. АҚТҚ-жұқпасы бар жүктіліктің 70 % жағдайында жұқтыру инъекциялық нашақорлықтың салдарынан болады, осы жерден АҚТҚ жұқтырған әйелдерге - есірткі тұтынушыларға көмек көрсету проблемасы туындайды. Олар көбінесе босануға дейінгі стандарттық көмек саласынан тыс көрсетіледі және денсаулық сақтау жүйесімен алғашқы байланыс босану кезінде ғана болады, олардың үлесі шамамен 30 %. Бұл ретте перзентханалар АҚТҚ-ға жедел-диагностикаға (экспресс-тестілер) арналған сапалы жинақтармен және жоспарлы (зидовудин) және шұғыл химиялық алдын алу (невирапин) және қоздырғышқа қарсы препараттармен қамтамасыз етілмеген, яғни АҚТҚ-ның анадан балаға берілу қаупін азайтудың аз шығынды әрі тиімді ресурстарының бірін пайдаланбайды.
Жүкті әйелдердегі АҚТҚ-жұқпасын жедел-диагностикаға енгізу тексерілген жүкті әйелдер санының көбеюін жыл сайын кемінде 5% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және 2010 жылға қарай 90%-ға жетеді.
Нақты деректерге сәйкес республикада ретровирусқа қарсы алдын алумен 60 %-дан аспайтын АҚТҚ жұқтырған жүкті әйелдер мен балалар қамтылады, бұл ретте қоздырғышқа қарсы дәрілер ЖҚТБ орталықтарында ғана болады, сол уақытта акушерлік мекемелерде әдетте олар болмайды.
Орын алған ахуал жүкті әйелдерді қоса алғанда, ұрпақты болу денсаулығындағы әйелдерді ерікті кеңес берумен және тестілеумен қамтамасыз ете отырып, босандыру мекемелерін ретровирусқа қарсы препараттармен және жедел-тестілермен қамтамасыз ете отырып жүкті әйелдердің кемінде 90 %-ын химиялық алдын алумен қамту мақсатында АҚТҚ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу шараларын ана мен баланың денсаулығын сақтау қызметтеріне ықпалдастыру қажеттілігін көрсетіп отыр.
АҚТҚ-позитивті әйелдерден туған балаларды алдын алу іс-шараларымен қамту да халықаралық стандарттар талап ететін нәресте кезеңінде ретровирусқа қарсы алдын алуды, алмастыратын (жасанды) тамақтандыруды, базалық медициналық көмекті, оппортунистік жұқпаларды химиялық алдын алуды және иммундауды қоса алғанда, жеткіліксіз күйде қалып отыр. 18 айға дейінгі балалардағы АҚТҚ-жұқпасын ерте клиникалық-зертханалық диагностикалау тиісті деңгейде қамтамасыз етілмейді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, АҚТҚ жұқпасының ауруханаішілік таралуын болдырмау мақсатында республикада медициналық ұйымдардағы дезинфекциялау-стерильдеу режимінің сақталуын, дайындалатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігін бақылау, гемотрансфузиялардың негізделген тағайындалуы, клиникалық және эпидемиялық айғақтар бойынша АҚТҚ-ға тексерілу жөніндегі іс-шаралар күшейтілетін болады.
Ерікті кеңес беру мен тестілеуді қоса алғанда, АҚТҚ-ның тіке трансмиссиясының алдын алу бойынша акушер-гинекологтарды, педиатрлар мен медбикелерді даярлаудың жеткіліксіздігі байқалады. Медицина қызметкерлері АҚТҚ-ға психологиялық кеңес беру мен тестілеу негіздерін нашар меңгерген.
Қазіргі кезде АҚТҚ жұқтырғандардың қайталап ауыруынан көп аурушаңдығына және өлім-жітіміне байланысты өзекті мәселе туберкулезді қосқанда, оппортунистік жұқпалардың химиялық алдын алуды уақтылы жүргізу болып табылады. Сотталғандарды қосқанда, AҚTҚ жұқтырғандарда жұқпалы туберкулезбен аурушаңдықтың алдын алуға бағытталған туберкулездің химиялық алдын алу жүргізілмейді, бұл кезде 1 сырқатқа жылына АҚТҚ-жұқпасын ерекше емдеуге шығын ретінде - туберкулездің химиялық алдын алу құнынан 40,1 есе асып түседі.
Сондай-ақ пневмоцистік пневмонияны, токсоплазмозды, бактериалдық жұқпаны қосқанда, басқа да жетекші оппортунистік жұқпалардың да химиялық алдын алуы жүргізілмейді, бұл АҚТҚ жұқтырғандардың аурушаңдығы мен өлім-жітімінің жоғарылауына әкеліп соғады.
Осылайша, АҚТҚ жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға медициналық қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін амбулаториялық-емханалық және стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру қажет.
Байланыстан кейінгі алдын алу (бұдан әрі - БКА) қанмен берілетін қоздырғышты жұқтырудан халықты қорғау жөніндегі шаралардың жалпы жүйесінің бір бөлігі болып табылады. АҚТҚ-ны жұқтыру қаупі, әсіресе егер АҚТҚ-жұқпасының таралуы медициналық мекемелерге келушілер арасында жоғары болса, медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауы кезінде, сондай-ақ жыныстық қатынастар кезінде және басқа жағдайларда АҚТҚ жұқтырудың кәсіби емес қаупіне душар болған адамдарда болады. ДДҰ ұсынымдарына сәйкес БКА-ны емделушінің АҚТҚ-мәртебесін бірден анықтау мүмкін болмаған жағдайда да жүргізген жөн.
БКА республикада АҚТҚ жұқтырғандардың саны ұлғайған кезде және АҚТҚ жұқтырғандарға медициналық көмек көрсету кезінде апатты жағдайларды тіркеу фактілері болғанда ДДҰ ұсынымдары мен ұлттық хаттамалар талап еткендей, жедел және шұғыл көмек пен ірі медициналық ұйымдарда ретровирусқа қарсы препараттардың болмауына байланысты бірлі-жарым жағдайларда жүргізіледі.
Қазақстанның халқы стерильдік бір рет қолданатын шприцтерге, инелер мен презервативтерге жеткілікті жоғары деңгейде қол жеткізе алады, ал нарық еркектердің латексті презервативтеріне едәуір қаныққан болып танылады. Алайда елде сапасы төмен, оның ішінде АҚТҚ-ның берілуінен нашар қорғайтын презервативтер сатылады. Сертификаттау органдары ішкі нарыққа түсетін презервативтердің сапасын бірқатар маңызды өлшемдер бойынша тексермейді. Бұдан басқа, сапа сертификаттары мүлде жоқ бұйымдарды сату орын алған. ЕЖЕ сияқты халықтың жекелеген топтары үшін төзімділігі жоғары презервативтерге қажеттілік ескерілмейді.
Жалпы халықтың жеке қорғаныш құралдарына бара-бар қол жеткізуі халықтың осал топтары өкілдерінің оларды пайдалануына қатысты емес. 2005 жылы ИЕТ-тің 13,4 %-ы ғана АҚТҚ берілуінің алдын алатын инъекциялық және жыныстық мінез-құлықты қабылдаған және сауалнама жүргізілген СҚ жартысынан азында өздерімен бірге презервативтері болған.
Елде АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін адамдар мен олардың отбасы мүшелері, оның ішінде тұрғындары індеттен мейлінше қатты зардап шеккен елді мекендердегілер үшін әлеуметтік жобалар өмірге енгізілмейді. АҚТҚ бар адамдар жұмысқа орналасуда да, тұрғын үй алуда да, біржолғы жәрдемақы алуда да көмекпен қамтамасыз етілмейді. Нәтижесінде халықтың кедей жіктеріне жататын адамдардың осы санатының ауыр тұрмыс жағдайлары елеулі нашарлап отыр.
3.2.6 АҚТҚ/ЖҚТБ - жөніндегі бағдарламаларды
басқаруды, үйлестіруді және орындауды жетілдіру
АҚТҚ/ЖҚТБ жөніндегі бағдарламаларды үйлестіру жүйесі одан әрі жетілдіруді қажет етеді. АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің қызметіне ықпалдастырылған.
YEҰ мен мемлекеттік ұйымдардың қызметін жергілікті атқарушы органдардың жеткіліксіз үйлестіруіне назар аударған жөн. АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін YEҰ-ның рөлін, олардың қызметінің негізгі бағыттарының және халықпен жұмыс істеу сапасына жауапкершілігінің айқын анықтамасы жоқ.
Қазақстанда қазіргі кезде АҚТҚ-жұқпаларын қадағалау мониторингі мен жауапты іс-шараларды бағалаудың өңірдегі жақсы жүйелерінің бірінің болуына қарамастан, бұл жүйе жетілдіруді қажет етеді. Халықтың осал топтарына қол жеткізу шектеулі болғандықтан, бастапқы деректердің көрнекілігі мен сенімділігі әлі де жеткіліксіз.
Қызметті жеткіліксіз үйлестіру Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық ҮЕҰ-ларды қоса алғанда, әртүрлі ведомстволар мен үкіметтік емес секторлардан есептер алуда жаңылысуға әкеледі. Көптеген серіктестер, әсіресе жобалар деңгейінде жұмыс істейтіндер жеке тәсілдерді пайдаланатындықтан, елде іс жүзінде мониторинг пен бағалаудың бірыңғай жүйесі жоқ. Тіпті денсаулық сақтау секторының шегінде бір жағынан тері-венерологиялық қызмет, жұқпалы аурулар қызметі және наркологиялық қызмет, екінші жағынан ЖҚТБ қызметі әр түрлі деректерді пайдаланады. Егер алғашқы үш қызмет анықталған ЖЖБЖ, С гепатиті және нашақорлық жағдайларынан болатын аурушаңдықты есептесе, ЖҚТБ қызметі халықтың шолғыншы топтарындағы эпидемиологиялық қадағалау мейлінше объективті болатын ахуалды тез бағалаудан туындайтын сол жұқпалардың таралуы туралы деректерді алады және оларды пайдаланады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Бағдарламаның мақсаты ЖҚТБ індетінің бас сатыға ауысуына жол бермей, оның таралуын шоғырланған сатыда тұрақтандыру, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін адамдар арасында өлім-жітімді төмендету. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылады:
құқықтық қатынастар саясатын жетілдіру, құқықтық және әлеуметтік орта құру;
алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру;
есірткі енгізудің зиянын азайту стратегиясын іске асыру;
АҚТҚ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу стратегиясын іске асыру;
қызмет көрсететін ерекше объектілер құру және оларды қолдау;
АҚТҚ-нің анадан балаға берілуінің алдын алу;
байланыстан кейінгі алдын алу;
АҚТҚ жұқпасы бар адамдардың қайталап ауыруының алдын алу;
АҚТҚ жұқпасының берілуінің гемотрансфузиялық жолдарының алдын алу;
АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды вирусқа қарсы емдеудің халықаралық стандарттарына сәйкес емдеу, күту және қолдау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру;
АҚТҚ-жұқпасынан зардап шеккен адамдарға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру;
эпидемиологиялық қадағалауды, жауапты іс-шаралардың мониторингін, оларды бағалауды, жоспарлау мен болжауды жетілдіру.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігi
Індеттің қозғаушы күшін талдау АҚБҚ/ЖҚТБ жөніндегі атаулы алдын алу бағдарламаларымен қамтылуы тиіс халықтың мынадай басым топтарын айқындап отыр:
1) АЖӨА
2) ИЕТ;
3) СҚ;
4) ЕЖЕ;
5) бас бостандығынан айырылған адамдар;
6) қадағалаусыз балалар мен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер;
7) 24 жасқа дейінгі жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар;
8) 24 жасқа дейінгі оқитын жастар;
9) 24 жасқа дейінгі Қарулы Күштерде, полицияда және басқа да әскери құрамаларда қызмет өткеріп жүрген жастар;
10) жұмысшы контингент, ең алдымен 24 жасқа дейінгі жастар мен жолбасшы топтардың өкілдері (жер беті көлігінің, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, ұсақ саудамен айналысатын адамдар, еңбекші мигранттар).
Бағдарламаның қойылған мақсатына қол жеткізуге бағытталған міндеттерді іске асыру мынадай бағыттар бойынша қамтамасыз етілетін болады.
5.1. Құқықтық қатынастар саясатын жетілдіру,
құқықтық және әлеуметтік орта құру
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеуге бағытталған әрекеттер тиімділігінің шарты оларды жүзеге асыру үшін бара-бар қолдаушы орта болып табылады. Әлемде АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы іс-қимылдың жеткіліксіз нәтижелілігі індет көбіне шешілуі құқықтық жүйелерде және басқару жүйелерінде көрінетін орын алған стереотиптер мен мәдени-діни дәстүрлерді қайта қарауды жиі талап ететін елеулі мәселелерді қоғам алдына қоятындығымен байланысты екені баршаға мәлім. Осы себепті індетті ауыздықтауға бағытталған араласуларды жан-жақты қолдау стратегиясын іске асыру табысқа жетудің негізгі шарты болып табылады.
Құқықтық қатынастар саясатын жетілдіру, құқықтық және әлеуметтік орта құру үшін мыналар көзделеді:
1) Азаматтық қоғамды жұмылдыру:
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін YEҰ желісін кеңейту, АҚТҚ бар адамдарды, халықтың осал топтары өкілдерін, жастарды жергілікті жерлерде азаматтық бастамаларды қолдау жолымен АҚТҚ/ЖҚТБ-мен күреске көбірек тарту үшін жақсы жағдайлар жасалады, АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша YEҰ-мен диалогқа ықпал ету, оларды Қазақстанның үкіметтік емес секторының қызметіне ықпалдастыру қамтамасыз етілетін болады;
мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес көздерден жұмылдырылатын ресурстардың есебінен АҚТҚ/ЖҚТБ проблемалары бойынша жұмыс істейтін YEҰ қызметі үшін гранттар ұсыну жолымен мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
"тең-теңімен" қағидаты бойынша халықтың әр түрлі контингенттерін кейіннен оқыту үшін, оның ішінде жас көшбасшыларды даярлауға көзделген қаржы қаражатын оңтайлы әрі тиімді жұмсау мақсатында үкіметтік емес сектордың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуы;
АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы іс-қимылға және АЖӨА мен халықтың осал топтары өкілдерін кемсітуден қорғауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы БАҚ-қа орналастыруды қамтамасыз ету;
АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жария канауқандарды, оның ішінде БАҚ-та қолдау;
ағартушылық материалдарын БАҚ-та жарыққа шығаруға қатысып жүрген және АҚТҚ/ЖҚТБ туралы сапалы материалдар жариялап жүрген журналистер үшін гранттар бөлу;
Қазақстанның үкіметтік емес ЖҚТБ-мен жұмыс істейтін ұйымдардың, оның ішінде АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін адамдардың тұрақты жұмыс істейтін форумдарына қолдау көрсету;
АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне қарсы ic-қимыл жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, өмірге енгізу мониторингі мен бағалау саласында ҮЕҰ-ның кадрлық әлеуетін күшейту.
2) Үйлестіруді күшейту:
ұлттық, екі жақты және халықаралық серіктестердің күш-жігерін үйлестіру шеңберін айқындау;
стратегиялық ақпаратты басқаруды күшейту барлық мүдделі тараптардың алған деректерін сапалы жинауды, өңдеуді, пайдалануды қамтамасыз ету, жобалардың жоспарлануы мен орындалуын жақсарту.
3) Кадрлық және институционалдық әлеуетті нығайту:
халықтың осал топтары арасында алдын алу бағдарламаларын өмірге енгізу мен АҚТҚ бар адамдарды қолдау және мұндай мамандарды даярлауды орта кәсіптік білім беру жүйесіне ықпалдастыру үшін әлеуметтік қызметкерлерді даярлау тәртібі туралы мәселені қарау және ұсыныс енгізу.
5.2. Алдын алу бағдарламаларын өмірге енгізу
Шоғырланған індет кезеңінде, АҚТҚ-ның таралуы жалпы көпшілікте әліде шектеулі кезінде алдын алу бағдарламаларын іске асыру АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралу қарқынын тұрақтандырудың кепілі болып табылады. Алдын алуды жүргізу кезінде негізгі назар қазіргі кезде АҚТҚ-жұқпасы неғұрлым көбірек таралатын халықтың топтарына аударылуы тиіс. Халықтың бұл топтарында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралу қарқынының баяулауы олардың өкілдеріне өмірін сақтап қалуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен бірге жалпы көпшілікке АҚТҚ/ЖҚТБ-ның кең экспансиясының алдын алуға жәрдемдеседі.
Алдын алу бағдарламалары мынадай іс-шараларды қамтуы тиіс:
1) халықтың ақпараттық-білім беру материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ақпараттық-білім беру материалдарын, білім алып жатқан жастар мен жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу құралдарын шығару және тарату. Ақпараттық-білім беру материалдарын олар бағытталған қауымның ерекшеліктерін ескере отырып, аудиторияның жасына, жынысына бейімдеу;
2) білім беру бағдарламаларын әзірлеу және АҚТҚ-ның берілуі тұрғысындағы қауіпті әрекеттерден бас тартудың және жеке қорғаныш құралдарын пайдаланудың өмірлік дағдыларын қалыптастыру негізінде АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелеріне жастарды оқытуды қамтамасыз ету;
3) жастар мен халықтың осал топтары үшін алдын алу қызметтерін көрсететін мамандарды оқытуды қамтамасыз ету;
4) АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы іс-қимыл мәселелерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер бірлестіктері және кәсіподақтар арасындағы өңірлік үш жақты келісімдерге енгізу туралы ұсыныстар дайындау.
5.3. Есірткі енгізудің зиянын азайту стратегиясын іске асыру
Барлық ниет білдірген ИЕТ-ке жеке тәуекел және АҚТҚ-ның берілуін болдырмау бойынша оқыту, ақпарат, коммуникация, жеке тәуекел, сондай-ақ АҚТҚ-ға ерікті жасырын тестілеу қызметтері кеңінен насихатталады және ұсынылатын болады.
Барлық ниет білдірген ИЕТ шприцтер мен инелерді ауыстыру бағдарламасымен, инъекциялық жабдықтарды дезинфекциялауға арналған құралдармен қамтамасыз етілетін болады, нашақорлықтың алмастырушы сүйемелдеу терапиясын енгізуді қосқанда, қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, олар үшін ыңғайлы жағдайларда есірткіге тәуелділіктің салдарын жеңілдетуге және жоюға бағытталған ем ұсынылатын болады.
АҚТҚ-жұқпасы бар есірткіге тәуелді 50 адам үшін алмастырушы терапия бойынша пилоттық жоба Қарағанды және Павлодар облыстарында енгізілетін болады.
5.4. АҚТҚ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын
алу стратегиясын іске асыру
Жыныстық қатынас мәдениеті, дәстүрлі отбасылық құндылықтар, жыныстық қатынастың басталуын кейінге қалдыру, жыныстық қатынастарды бір сенімді әріптеспен шектеу, әсіресе жастар арасында кеңінен әрі жүйелі түрде насихатталатын болады.
Презервативтерді пайдалану кеңінен әрі жүйелі түрде насихатталады, сапалы әрі бағасы бойынша қол жетімді бұйымдарға кеңінен қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады. Халықтың әр түрлі топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, ішкі нарықты презервативтердің кең ассортиментімен толтыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Кеңінен насихаттау және барлық ниет білдірген ИЕТ, СҚ және бас бостандығынан айырылған адамдарды сапалы презервативтермен қамтамасыз ету жолға қойылатын болады.
Медициналық көмек ұйымдарының жанынан ЖЖБЖ кезінде халықтың осал топтарының ерекше мүдделері ескеріледі, көмекке жүгіну кезінде ем тағайындау, аз ақпарат алған және (немесе) ұзақ зертханалық талдауларды жүргізуден бас тарту көзделетін болады.
Облыстық, қалалық ЖҚТБ орталықтарының жанындағы достық кабинеттерінде халықтың осал топтарының (ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ) ЖЖБЖ-ны емдеуге тегін құпия әрі жасырын негізде қол жеткізуі қамтамасыз етілетін болады.
Үйлестіруші ұйымдар, мамандандырылған медициналық көмекті ұсынушылар және терапияның сапасы мен микробқа қарсы құралдарға қоздырғыштардың айналғыш штаммаларының әсерін қадағалау орталықтары ретінде тері-венерология диспансерлерінің рөлін сақтау кезінде ЖЖБЖ-ны емдеу мен оның алдын алу ұрпақты болу денсаулығы мен отбасын жоспарлаудың мемлекеттік қызметіне, бастапқы медициналық-санитарлық көмекке ықпалдастырылатын болады.
5.5. Психоәлеуметтік кеңес беру және АҚТҚ-ға
тестілеу жөніндегі қызмет көрсету бойынша айрықша
объектілерді құру және ұстау
Психоәлеуметтік кеңес беру және АҚТҚ-ға тегін тестілеу кабинеттерінің желісі жетілдірілетін болады. Толық жұмыс күні ішінде жұмыс істейтін, даярланған мамандармен жинақталған мұндай кабинеттердің саны 2010 жылға қарай әр өңірде 100 мың тұрғынға кемінде 3-eу болуы тиіс. Психоәлеуметтік кеңес беру және АҚТҚ-ға тестілеу кабинеттері тексерулер жүргізу үшін қан жинауды жүзеге асыруға рұқсаты бар медициналық ұйымдардың базасында орналастырылады.
Республикалық және облыстық ЖҚТБ орталықтары, сондай-ақ Астана, Алматы, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Семей қалаларының ЖҚТБ орталықтары АҚТҚ-жұқпасын диагностикалауды жүзеге асыруға арналған жаңа диагностикалық жабдықтармен (ридер, вошер, инкубатор, дозаторлар) толықтырылатын болады.
Қазіргі бар сенім пункттерінің жұмысы қамтамасыз етілетін болады, сондай-ақ ИЕТ арасында зиянды төмендету бағдарламаларын іске асыру үшін стационарлық және ұтқыр сенім пункттер желісі кеңейтілетін болады. ИБТ-тің сұраныстарын ескере отырып, мұндай пункттер көбінесе медициналық ұйымдардан тыс құрылатын болады. Сенім пункттерінің қызметіне ИЕТ арасында туберкулездің алдын алу және оны ерте анықтау бағдарламалары ықпалдастырылатын болады.
Халықтың осал топтарының (ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ) ЖЖБЖ-ны диагностикалау мен емдеу үшін жұмыс істеп тұрған жасырын кабинеттерді тері-венерология диспансерлеріне және отбасын жоспарлау кабинеттерін ұрпақты болу денсаулығы қызметіне қайта бейіндеу жолымен олар үшін ыңғайлы жағдайларда достық кабинеттері желісі кеңейтілетін болады. Жұмыс істеп тұрған достық кабинеттерінің жұмысына сабақтастық қамтамасыз етіледі және АҚТҚ-жұқпасын жедел-диагностикалау енгізілетін болады.
5.6. АҚТҚ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу
АҚТҚ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу жөніндегі кешенді алдын алу іс-шараларын енгізу мыналарды қоса алғанда, барлық кезеңдерде жалғастырылады:
1) АҚТҚ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
2) ана мен баланың денсаулығын сақтау қызметінің мамандары үшін ерікті кеңес беру мен АҚТҚ-жұқпасына тестілеуді, жыныстық тәрбиені, оқыту, ақпаратты, болашақ ананы АҚТҚ жұқпасынан қорғау құралдарын ұсынуды қоса алғанда, АҚТҚ-ның тікелей жолмен берілуінің алдын алу бойынша семинар-тренингтер өткізуді қамтамасыз ету;
3) ұрпақты болу жасындағы және жүкті әйелдер үшін АҚТҚ жұқпасына экспресс-диагностикалауды қоса алғанда, ерікті кеңес беру мен тестілеуге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) AҚTҚ-ның оң нәтижесі бар әйелдерді жүктілік кезінде және босану кезеңінде ретровирусқа қарсы препараттарды пайдалана отырып, сапалы медикаментоздық алдын алумен қамтамасыз ету;
5) баланың жұқтыру қаупін неғұрлым азайтуды қамтамасыз ету мақсатында босануға рұқсат беру шарттарын ұсыну, АҚТҚ жұқтырған әйелдерге жүктілікті сақтауды немесе тоқтатуды таңдауға құқық беру және қажет болған жағдайда қаламаған жүктілікті тоқтатуға қол жеткізуін қамтамасыз ету;
6) жаңа туған нәрестені ретровирусқа қарсы препараттармен, оппортунистік жұқпалардың химиялық алдын алуды жүргізуге арналған препараттармен, жасанды тамақтандырумен, АҚТҚ-жұқпасының ертерек клиникалық-зертханалық диагностикалаумен қамтамасыз ету.
5.7. Байланыстан кейінгі алдын алу
Халықтың байланыстан кейінгі ретровирусқа қарсы алдын алуға қол жеткізуі жұқтыру ықтималдығы өндірістік қызметтің салдарынан болған адамдарды да, жұқтыру ықтималдығы тұрмыста болған адамдарды да қазіргі заманғы хаттамалардың негізінде қамтамасыз етілетін болады. Байланыстан кейінгі жедел ретровирусқа қарсы алдын алудың басталуы үшін қоздырғышқа қарсы препараттардың жинағы кейіннен ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтарда жинақталған ретровирусқа қарсы құралдарды пайдалана отырып, жедел және шұғыл көмек қызметтерінде және ірі емдеу ұйымдарында шоғырлануы тиіс.
5.8. АҚТҚ-жұқпасы бар адамдардың қайталап ауыруының алдын алу
АҚТҚ-жұқпасын емдеу қағидаттары, қайталап ауырудың қоздырғыштарын жұқтыруды болдырмау үшін режимді сақтау туралы АҚТҚ бар адамдарды оқыту және хабардар ету қамтамасыз етілетін болады.
База жасалады және АҚТҚ бар адамдарда, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарда туберкулездің химиялық алдын алу енгізілетін болады.
5.9. АҚТҚ жұқпасының берілуінің гемотрансфузиялық
жолдарының алдын алу
Қан құюдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғасатын болады, атап айтқанда:
донорларды зертханаға дейінгі кезеңде сапалы ipiктеу;
өтеусіз донорлыққа көшуді насихаттау;
қанды және оның препараттарын құюға көрсетілімдерді шектеу тікелей қан құюды болдырмау;
әрбір қан алған кезде қан алуды, тіндер мен қайта салуға арналған мүшелерді міндетті тестілеу, сондай-ақ кейінге қалдырылған трансплантация және плазмаларды құю;