4) әр түрлі елді мекендерде халықтың жағынан да, құқық қорғау органдарының жағынан да ЕЖЕ-ге қастасу фактілері тіркеліп отыр, бұл аталған топтың одан сайын жасырын болуына ықпал етеді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі кезде ИЕТ-тің бағалау санының 23 %-ға жуығын және ЕЖЕ-нің бағалау санының 1 %-дан аспайтын бөлігін құрайтын халықтың осал топтары өкілдерінің алдын алу бағдарламаларымен төмен қамтылуын көрсетіп отыр.
Жаһандық қор грантының көмегімен елде ақпараттық-білім беру материалдарын шығару туралы мәселе шешілгеніне қарамастан, жастарға ақпаратты жеткізу үшін қазіргі заманғы электрондық құралдар жеткіліксіз пайдаланылады. Құқық бұзуды жасайтын жастардың аса осал топтарын алдын алу бағдарламаларына қол жеткізуін қамтамасыз ету ерекше назар аударуды қажет етеді.
Халықтың нысаналы топтарының ЖЖБЖ-ны емдеуге қол жеткізуі төмен болып отыр. Бұл салада ахуалдың аздаған өзгерістеріне қарамастан, ЖЖБЖ кезінде қызметтерді алу мүмкіндігі әлі күнге дейін көбінесе, ақылы негізде ғана жасырын қызметтер ұсынатын тері-венерологиялық диспансеріне барумен байланысты. Тегін медициналық көмек көрсету шарты ретінде диспансер тіркелуді, есепке қоюды, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген санкциялардың қауіпті байланыстары туралы хабарлауды, ал мерез диагнозы белгіленген жағдайда - стационарлық емдеуден өтуді талап етеді. Медициналық қызметтер алу үшін халықтың осал топтарының өкілдері мен жастар үшін көбіне жеңе алмайтын мұндай жасанды кедергілер әлемде қабылданған және ДДҰ қолдайтын ЖЖБЖ емдеу технологиясымен сыйыспайды.
ЖЖБЖ кезінде қоғамдық қажеттіліктер мен медициналық көмек ұйымдары арасындағы қайшылық ЖЖБЖ-ның жоғары деңгейі көпшіліктің қолдауына әкеледі, бұл АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуы үшін қолайлы орта жасайды.
Жастар мен халықтың осал топтары өкілдерінің сапалы презервативтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат жоқ, сол уақытта нарықтағы бұйымдар айтарлықтай қымбат болса, бір бірліктің бағасы колледждердің оқушылары мен студенттердің бір күндік стипендиясының мөлшеріне тең.
ИЕТ, оның ішінде АҚТҚ жұқтырғандар үшін ұсынылатын көбіне ақылы негізде ғана қол жететін наркологиялық диспансерлерде емделу бұл контингенттің іс жүзінде төлем қабілеті болмағандықтан, аса тартымды болмай отыр. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы (Павлодар қаласы) сияқты жақсы жарақталған бірнеше медициналық ұйымдар он мыңдаған адам мұқтаж героинге тәуелді сырқаттарды емдеу мен оңалтуды қамтамасыз етудің ірі ұлттық міндетін шешпейді. Оның үстіне, тиімділігі қазіргі кезде аса жоғары болмаса да, емдеуге пайдаланылатын жалғыз тәсіл абстиненциядан арылуға бағытталған емдеу болып табылады. Нәтижесінде ИЕТ медициналық және өзге де құрылымдармен байланыстарға уәжделмеген және алдын алу бағдарламаларына қатысудан бас тартады.
Азаматтық қоғам, оның ішінде БАҚ АҚТҚ бар адамдарға және халықтың осал топтарына төзімділік рухына қоғамды тәрбиелеу үшін жұмылдырылмаған. БАҚ-тардағы сөйленетін сөздер көбіне әдепсіз және халықтың осал топтары өкілдерінің жасырын болуына одан әрі ықпал ете отырып, оларға қатысты ашық түрде кемсіту сипатында болады.
3.2.3 АҚТҚ/ЖҚТБ проблемаларын шешуге қоғамдық
бірлестіктерді тарту жөніндегі мемлекеттік
саясатты жетілдіру
АҚТҚ-жұқпасына қарсы іс-қимыл үшін YЕҰ-ның ерекше маңызы қоздырғыштың айналасына тікелей негізгі әсерінен қалыптасатын әрбір адамның жеке мінез-құлқына байланысты оның берілу жолдарымен айқындалады. Әсемдік тәжірибе алдын алу және емдеу бағдарламаларын тиімді іске асыру мақсатында ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ, бас бостандығынан айырылған адамдар сияқты халықтың неғұрлым маргиналды осал топтарына қол жеткізу ҮЕҰ арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екенін дәлелдеп отыр. Сонымен қатар, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктердің саны әлі де жеткіліксіз. Елдің ешбір облыс орталығында, Астана және Алматы қалаларында өзінің қызметімен халықтың барлық басым топтарын қамтитын ЖҚТБ сервистік YEҰ жұмыс істемейді. АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін адамдармен жұмыс істейтін ҮЕҰ санының аздығы және бүкіл әлемде АҚТҚ жұқтырған адамдарға кеңес беруді жүзеге асыру және АҚТҚ бар басқа адамдарға қолдау көрсету үшін бірегей ресурс ретінде танылғанда індетке қарсы іс-қимылда АҚТҚ бар адамдарды тартудың төмен деңгейі ерекше алаңдаушылық туғызады.
2005 жылдың соңында республикада АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін 62 коммерциялық емес қоғамдық ұйым қызмет етті, олардың 36-сы халықтың осал топтарымен, 3-eуі ғана АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір суретін адамдармен жұмыс істеді. Көрсетілген YEҰ-ның көпшілігі үш қауымдастыққа бірікті. YEҰ барлық күшті біріктіруінің маңыздылығынан бұл бірлестіктер көбіне донордың саясаты олардың өміршеңдігін айқындайтындықтан, YEҰ сол және өзге тобын қолдайтын сыртқы донорға бағдарланғанын түсінген жөн.
Қазіргі кезде АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес YЕҰ жобаларын қаржыландыруды тек шетелдік грант берушілер жүзеге асырады. Соңғы жылдары аталған YEҰ-ны кейбір кеңейтуге басты ынта 2004-2008 жылдардағы кезеңде елде берілген ЖҚТБ-мен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қордың гранты болды. Алайда үкіметтік емес ұйымдардың өмір сүру тұрақтылығы мен қызметіне, олардың қызметінің нәтижелеріне қарамастан, кепілдік берілмеді.
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ-нің қаржы түсімдерінің жеке көздері болмағандықтан, бірқатар YEҰ елдің нақты мұқтаждарымен әр кез келісе алмайтын шетелдік донор ұйымдары саясатының өміріне енгізеді. Бұған қоса, YEҰ-ның бірқатары нақты гранттардан құрылған. 2005 жылдан бастап Қазақстанда басым мәселелер бойынша мемлекет тарапынан YEҰ гранттарын алу үшін ашық конкурстар жариялануда. Алайда қабылдау үшін Қазақстан дауыс берген БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясында танылған даму саласындағы сегіз жаһандық мақсаттың бірі АҚТҚ/ЖҚТБ гранттық әлеуметтік тапсырыс арқылы қаржыландыру басымдығына әлі кіргізген жоқ.
Жекелеген мысалдарға қарамастан, мемлекеттік ұйымдар үй-жайлармен, байланыс құралдарымен және мүкәммалмен қамтамасыз ете отырып, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ-ға көмек көрсеткенде көп жағдайларда YEҰ бұл міндеттерді үкіметтік сектордың қатысуынсыз шешуіне тура келеді.
YEҰ-ның адами және материалдық әлеуеті әлі де жеткіліксіз. Мұндай YEҰ-ның көпшілігіне оннан аз мүше бар, АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы тиімді күрес үшін барабар емес дайындалған және елдегі және олар қызмет етіп жатқан өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалға жауапкершілікті бөлетін кәсіби серіктес ұйымдар ретінде әлі де қарай алмайды.
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін, оның ішінде халықтың осал топтары үшін кеңес беруді жүргізетін және инъекцияларды жүргізу тәртібін оқыту, шприцтер мен инелерді стерильдеу, есірткілердің шамадан тыс мөлшерлерін пайдалану кезінде алғашқы көмек көрсету, АҚТҚ/ЖҚТБ-ны емдеудің бейілділігін қалыптастыру сияқты мәселелерді қамтитын ақпараттық-білім беру бағдарламаларын өмірге енгізетін YEҰ-ның ешқайсысында санитарлық-гигиеналық қызметтің қандай да бір түріне лицензия жоқ және көпшілігінде оны алу үшін талаптарға сай емес.
АҚТҚ жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен ауыратындармен және халықтың осал топтарымен жұмыс істейтін әлеуметтік жұмыскерлер Қазақстанның мамандықтар номенклатурасына енгізілмеген, олар YEҰ қызметкерлері ретінде жіктелуі мүмкін. Республикада оларды ешбір білім беру мекемесі даярламайды.
Қазақстанның басқа YEҰ сияқты АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін YEҰ өз міндеттерін іске асыруда үнемі қиындықтарды бастан кешіріп жүр. Көбіне мұның себебі үкіметтік емес секторды кешенді және нысаналы мемлекеттік қолдаудың болмауы болып табылады. Бұдан басқа, мемлекеттік ұйымдар мен YEҰ-ның өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығының тетіктері жеткіліксіз жасалған.
3.2.4 Ақпарат ұсынуды және оқытуды жетілдіру
АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері міндетті оқу жоспарларына ықпалдастырылмаған. АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелерін оқытуды "Салауаттану" пәнінің құрамына оқу жоспарының факультативтік бөлігіне енгізілгеніне қарамастан, 15-24 жастағы жастар арасында (жоғары сынып оқушылары мен студенттерден) АҚТҚ/ЖҚТБ мен оның алдын алудың тәсілдері туралы хабардар болудың деңгейі жоғары (63,5%), 2005 жылғы сауалнамаға сәйкес жастардың 14,7%-ы тұрақты емес серіктестермен жыныстық қатынастар кезінде презервативті пайдаланбаған. Сауалнама жүргізілген әскери қызметшілердің арасында 39,4%-ы ғана АҚТҚ-жұқпасының алдын алу жолдарына және АҚТҚ-ның берілуі туралы қате ұғымдарға қатысты сұрақтарға дұрыс жауап берді, ал сауалнама жүргізілгендердің 41,6%-ы тұрақты емес серіктестермен жыныстық қатынастар кезінде презервативті пайдаланбаған.
АҚТҚ/ЖҚТБ проблемасын оқытуды формалды түрде енгізу жастарда стандартты емес күнделікті жағдайларда шешімдер қабылдау, сыни ойлау, АҚТҚ/ЖҚТБ аспектісінде құрдастарының қысымына қарсы тұру сияқты өмірлік дағдыларды қалыптастыруға оның бағдарлануына әкелмеді. Оқу жастар арасынан, оның ішінде YЕҰ-ның көмегімен формальды емес көшбасшыларды тарта отырып, жастардың субмәдениеті деңгейіндегі араласулармен толықтырылмайды. Нәтижесінде жастарда есірткіні тұтынудың тиімсіздігінің, жыныстық қатынастарды шектеуді қолдаудың, көп некеліліктен және қауіпсіз жыныстық мінез-құлықтан бас тартудың өмірлік ұстанымы қалыптаспай отыр.
БАҚ-та АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері әлі де ағымдық түрде жиі жарыққа шығарылады, аудиторияны үрейлендіретін, АҚТҚ бар адамдарды әлеуметтік тартуға, халықтың осал топтарын төзімсіздікке тікелей немесе жанама шақыратын мақалалар жарияланады. «АҚТҚ/ЖҚТБ - XXI ғасырдың обасы» сияқты көптеген әдепсіз әдеби штамптар, тікелей АҚТҚ/ЖҚТБ-дан зардап шеккен адамдарды оның «жазықты» және «жазықсыз құрбандарына» бөлу жойылмаған. Бұл стигманы күшейтеді және АҚТҚ жұқпасының таралуына ықпал етеді.
3.2.5 Халықтың басым топтары үшін медициналық және
әлеуметтік қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету
АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне қарсы күрес құралдарының бірі АҚТҚ-жұқпасы бар мұқтаж адамдарды бара-бар емдеу болып табылады.
«АҚТҚ-жұқпасы мен ЖҚТБ-ның алдын алу және емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуге, амбулаториялық және стационарлық көмекке құқығы бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламада АҚТҚ бар мұқтаж адамдардың кемінде 80 %-ын қоздырғышқа қарсы емдеумен қамтамасыз ету жоспарланған. Алайда АҚТҚ/ЖҚТБ бұл денсаулық сақтау жүйесіне ғана емес, ең бірінші кезекте мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне байланысты ауру. Ресурстардың шектеулілігінен қаржы қаражаты, бірінші кезекте халықтың басым тобына АҚТҚ-позитивті жүкті әйелдер мен балаларды емдеуге бөлінді.
Емдеудің неғұрлым перспективалы және экономикалық ыңғайлы схемаларын пайдалана отырып, ретровирусқа қарсы терапия (бұдан әрі - АРТ) ұсыну аурудың ағымын жақсартуға, АҚТҚ бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға, өлім-жітімді азайтуға, сөйтіп, байланыстағы адамдар үшін жұқтыру қаупін азайта отырып, АҚТҚ жұқтырғандардың контагиоздығын төмендетуге мүмкіндік береді.
90-шы жылдардан бастап ретровирусқа қарсы емдеуге қол жеткізілген Батыс Еуропа елдерінде АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысымен, ЖҚТБ-мен түсіндірілетін өлім-жітім күрт азайды, АҚТҚ бар адамдардың өмір сүру сапасы жақсарды. АҚШ-та сондай-ақ ЖҚТБ-дан қайтыс болу санының күрт төмендеуі белгіленді. Автралияда ретровирусқа қарсы емдеуге кеңінен қол жеткізілген, соның арқасында оны АҚТҚ бар адамдардың басым бөлігі алады. Осының нәтижесінде ЖҚТБ диагнозын қойғаннан кейін орташа өмір сүру ұзақтығы 1995 жылғы 17 айдан 2001 жылғы 45 айға дейін (АҚТҚ эпидемиологиясы және клиникалық зерттеулер ұлттық орталығы, 2005) өсті.
Бүкіл дүние жүзінде ретровирусқа қарсы емдеу өмір сүрудің 2 миллион жылын құтқарып қалды (ЖҚТБ індетінің дамуы, 2005 жылғы желтоқсан, ЮНЭЙДС).
Мемлекеттің тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді регламенттегеніне қарамастан, оған мұқтаж АҚТҚ бар адамдар қоздырғышқа қарсы ерекше емдеумен және оппортунистік жұқпаларды емдеумен толық көлемде қамтамасыз етілмейді. 2006 жылғы 1 қаңтарға өзіндік емдеумен қамту 2008 жыл бойынша көзделген Жаһандық қордың гранты есебінен жүргізілетін РҚТ-ға мұқтаж тіркелген адамдардың жалпы санының 37%-ын ғана құраған. АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауыратындарды ерекше емдеумен қамтамасыз ету міндетінің басымдығы анықталған АҚТҚ жұқтырғандардың жалпы санының ұлғаюымен қатар, АҚТҚ-жұқпасы клиникалық пайда болған сырқаттардың үлесі 2001 жылғы 26,7%-дан 2006 жылға 35%-ға дейін өсті. Диспансерлік есепте 2006 жылғы 1 қаңтарға ЖҚТБ орталықтарында 3956 АҚТҚ жұқтырғандар тұр, олардың 1440-ында аурудың көріністері бар және тегін медициналық көмекке мұқтаж.
Егер 2001 жылы стационарлық көмекке жүгінген АҚТҚ-жұқпасымен ауырғандардың үлес салмағы 25,7%-ды, ал амбулаториялық емдеуге жүгінгендердің үлес салмағы - 46%-ды құраса, соңғы үш жылда медициналық көмекке жүгіну 1,5 есеге ұлғайған. Елдегі ахуал түзету мекемелеріндегі АҚТҚ жұқтырғандар санының жыл сайын ұлғаюымен күрделеніп отыр, олардың үлесі ағымдағы сәтте шамамен 30%-ды құрайды.
РҚТ тағайындауға лимит беретін фактор оған АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін адамдардың бейілділігі болып табылатыны белгілі. Ахуалдың қиындығы қосымша қосалқы алмастыру ИЕТ үшін болмайтын, бұл олардың емдеуге бейілділігінің шарты болып табылатын басым көпшілігінің инъекциялық есірткі тұтынушылар (75,5%) болғандығынан туындап отыр. Ретровирусқа қарсы препараттарды қабылдау кестесінен ауытқулардың 5%-дан жоғары жиілікте емделушілерде терапияға резистентті қоздырғыш штаммалары қалыптасатыны белгілі. Нәтижесінде кейіннен емдеу олардың өздеріне ғана көмектесуін тоқтатып қоймайды, сонымен бірге мұндай адамдар дәрілерге орнықты басқа адамдарға қоздырғыш штаммасын береді. Есірткіге тәуелді АҚТҚ бар адамдардың емдеуге бейілділігін есептеу, егер олар алмастыратын сүйемелдеу терапиясын алмаса, қажет емес. АҚТҚ бар адамдарды семинарларда, топтық сабақтарда, РҚТ-ға бейілділігі тақырыбы бойынша оқыту, оларды көрнекі ақпараттық және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету талап етіледі.
АҚТҚ бар адамдарды емдеумен нашар қамтудың екінші себебі бағасы бойынша қолайлы ретровирусқа қарсы препараттардың жеткіліксіз спектрі болып табылады. Халықаралық тәжірибе мұндай препараттардың ассортиментін ұлғайту кезінде бір сырқаттың жылдық емдеу курсының орташа құны орташа 30 еседен көп: 10 - 15 мың АҚШ долларынан 300 - 500 АҚШ долларына дейін төмендейді. АҚТҚ/ЖҚТБ-ны емдеу үшін әлемде табысты қолданылатын 20-дан аса ретровирусқа қарсы дәрі атауының және ДДҰ-ның өмірлік маңызды дәрілік формулярының құрамында бар 12-ден аса қоздырғышқа қарсы препарат атауының Қазақстанда тіркелгені 10 ғана негізінен брендтік фармацевтикалық кампаниялар өндірісінің химиялық препараттары және оларды тағайындау бір сырқатқа жылына 7500 АҚШ доллары болады, бұл әлемдік орташа бағадан 10 есе асып түседі, тиісінше олардың жоғары құны барлық мұқтаж сырқаттарды РҚТ-мен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. 10 атаудың үшеуі ғана бағасы бойынша қолжетімді генериялық қоздырғышқа қарсы препараттар (зидовудин, ламивудин және невирапин). Емдеудің тиімділігі үшін брендтік фирмалар өндіретін протеаз ингибаторын қоса алғанда, әр түрлі топтардың және оларға мұқтаж ауқымды контингентке тағайындау үшін бағалы ыңғайлы емес препараттарын қосу талап етіледі. Осының салдарынан Қазақстанда қоздырғышқа қарсы терапияның жоғары тиімді үлгісі іске асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарында есепте тұрған АҚТҚ бар адамдардың арасында қоздырғышқа қарсы емдеуді 540 адам, бұл ретте нашақорлықпен ауыратындар қажет етеді. Едәуір жақын перспективада сырқаттардың саны елеулі ұлғаяды. Республикадағы шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі - ШЭҚ) мен ахуалды жедел бағалау (бұдан әрі - АЖБ) деректері белгілі болған АҚТҚ бар адамдардың жалпы саны нақты жағдайдан 2,4 есе төмендегенін көрсетіп отыр. Бағалау деректері бойынша 2008 жылға қарай РҚТ-ға жалпы есеппен 2000-ға жуық АҚТҚ жұқтырғандар, олардың 1500-і немесе 75%-ы опиоидқа тәуелді сырқаттар мұқтаж болады.
АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ сырқаттарына маңызды кешенді медициналық көмекті құрайтын химиялық алдын алу, диагностика және арасында елде неғұрлым жиі тіркелетін ауру болып табылатын туберкулез, герпетикалық жұқпалар, кандидоз, токсоплазмоз, бактериалдық жұқпалар, пневмоцистік пневмония және жиі диагностикаланбайтын басқа да аурулар бар оппортунистік жұқпаларды (бұдан әрі - ОЖ) емдеу болып табылады. АҚТҚ жұқтырғандардың қоздырғышқа қарсы терапия жоқта оппортунистік жұқпалармен аурушаңдығы жылдан-жылға көбейіп келеді, бұл АҚТҚ жұқтырғандардың өмір сүру сапасының нашарлауына әкеледі, емдік желіге жүктеме өсу үстінде, өлім-жітім көрсеткіші артып келеді, 2006 жылдың басында АҚТҚ бар 1000 адамға 50-ді құрады. АҚТҚ-жұқпасымен ауыратындардың 50%-ға жуығы паллиативтік көмек пен күтім көрсетілместен, үйде, көшеде қайтыс болады.
Халықаралық және елдік көзқарастарға сәйкес АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратындарға көмек бейінді медициналық мекемелерде жүзеге асырылуы тиіс.
Қажеттілікке сәйкес оппортунистік және басқа да қосалқы аурулары бар АҚТҚ жұқтырғандарды мамандандырылған стационарларда емдеу мәселесі шешілмей отыр. Жыл сайын кемінде 30% АҚТҚ жұқтырғандар мамандандырылған көмекті қажет етеді, алайда емдеуге жатқызу деңгейі, мысалы, жұқпалы аурулар стационарларына 5,5 %, наркологиялық диспансерлерге - 6,1%, дерматовенерологиялық диспансерлерге - 0,9%, жалпы бейіндегі медициналық ұйымдарға - 11,2%-ды құрайды. Оппортунистік ауруларды амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде емделушілерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша елеулі қиындықтар бар, препараттардың тізбесі мен олардың болуы көбінесе емдеу хаттамаларына (стандарттарына) сәйкес келмейді, бұл негізгі дәрілік заттардың тізіміне толықтырулар енгізуді қажет етеді.
Қосылған туберкулез бен АҚТҚ жұқпасының салдары осы екі аурудың өзара күшейткіш әсері бар елеулі проблема болып табылады. ЖҚТБ-ны емдейтін әлемдегі барлық ЖҚТБ-мен ауыратындардың үштен бірі үшін индикаторлық ауру туберкулез болып табылады. Республикада АҚТҚ жұқтырғандарда туберкулезді диагностикалау мен емдеудің сапасы зиян шегуде, ал химиялық алдын алу хаттамаларға сәйкес жүргізілмейді, сондықтан, емдеуге бағынатын жұқпа 55 % жағдайда АҚТҚ бар адамдар өлім-жітімінің жетекші факторы болып отыр.
АҚТҚ бар адамдар медициналық көмекке жүгіну кезінде әлі де қиындықтарға жиі кездесіп жүр. Амбулаториялық-емханалық және мамандандаралған мекемелерге жүгінген жерде медициналық ұйымдардың оларға ем ұсынудан негізсіз бас тарту фактілері бар, бұл емдеуге жатқызудың төмен деңгейін айғақтайды.
Халықтың осал топтары өкілдерін бара-бар емдік көмекпен қамтамасыз ету мәселелері толық шешілген жоқ. Есірткіні тұтынудан бас тартуды қалыптастыруға негізделген опиялық нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға көмек кейінгі оңалту шараларынсыз көбіне уланумен шектеледі, бұл көрінеу емдеудің онсыз да жеткіліксіз тиімділігін төмендетеді. Нашақорлықтың алмастыру терапиясында тұратын төменгі шекті емдеу сырқаттарға психотерапиямен үйлестіріліп ұсынылмайды.
АҚТҚ жұқтырғандардың табиғи саны нақты жағдайдан әлдеқайда төмен болатыны баршаға белгілі. Бұл ретте Қазақстанның халқын АҚТҚ-ға ерікті кеңес беруге және тестілеуге қамту әлі де төмен, АҚТҚ жұқпасының алдын алудың жақсы тәсілі әр азаматтың өзінің АҚТҚ-статусын білуге саналы ұмтылуы болып табылады. АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір cүpeтін адамдарды кемсіту және стигманы болдырмақ сондай-ақ, оларды әлеуметтік бейімдеу мақсатында, «АҚТҚ жұқпасы мен ЖҚТБ-ның алдын алу және емдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғы шын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы № 575 бұйрығына сәйкес АҚТҚ-ға тестілеу кезінде еріктілік, құпиялылық және жасырындылық қағидаты көзделді.
АҚТҚ-ға жасырын тестілеудің қол жетімділігін арттыру үшін халыққа психоәлеуметтік кеңес беруді ұсыну үшін республикада нормативтік-құқықтық база жасалды, психоәлеуметтік кеңес беру және жасырын тестілеу кабинеттерін ұйымдастыру жөніндегі шаралар қабылданып жатыр. Дайындалған мамандармен толықтырылған мұндай кабинеттердің саны 2001 жылғы 242-ден 2006 жылғы 1 қаңтарда 557-гe дейін, 2,3 есеге өсті. Сапалы кеңес беру қызметімен жыл сайын 250 мың - 300 мың адам қамтылады, алайда бұл АҚТҚ-ға тестіленген адамдар санының шамамен 30%-ын құрайды және 15-49 жастағы көпшіліктің 3%-ын құрайды. Тестілеумен және кеңес берумен мінез-құлқы қауіпті топтардың адамдарын (ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ) қамту 10-12%-ды құрайды.
Әсіресе ұрпақты болу жасындағы жас әйелдер үшін бұл проблема өзекті болып отыр. Жүкті әйелдер үшін тестілеу тегін жүргізіледі және жүктілік пен босану кезінде көмек көрсететін кез келген медициналық мекемеде жүзеге асырылуы мүмкін. АҚТҚ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу жөніндегі ұлттық деңгейдегі шаралардың күшейтілуіне байланысты жүкті әйелдерге кеңес беру және оларды тестілеу көлемі ұлғайды, алайда жүкті әйелдердің 30 %-ға жуығы әлі де алдын алу іс-шараларымен қамтылған жоқ. Босануға дейінгі мекемелерде АҚТҚ-жұқпасы мәселелері бойынша тестілеуге дейінгі және кейінгі кеңес беру жеткіліксіз жүргізілуде. 2005 жылы әйелдер консультациясына 287 300 әйел келді, олардың 129 706-сына немесе 45,1 %-ына кеңес беру және тестілеу қызметтері көрсетілді. Ерікті кеңес беру және тестілеу бойынша орын алған ахуал жасырын кабинеттер мен психоәлеуметтік кеңес беру кабинеттері желісін кеңейту және емдеу мекемелерінің мамандарын даярлау бойынша одан әрі шараларды қабылдауды қажет етеді.
БҰҰ 2001 жылы қабылдаған АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы күрес ісіне бейілділігі туралы декларацияда әлем өзіне 2010 жылға қарай АҚТҚ жұқтырған нәрестелердің үлесін 50 %-ға дейін кеміту міндетін алған.
Мұндай көрсеткіштерге жету үшін насихаттауды қоса алғанда, бала туу жасындағы әйелдер үшін АҚТҚ-жұқпасының бастапқы алдын алу қызметтерін кеңейту жыныстық тәрбие, болашақ анаға ақпарат, АҚТҚ-жұқпасынан қорғану құралдарын ұсыну, жүкті әйелдер үшін ерікті кеңес беру мен тестілеуге қол жеткізуін қамтамасыз ету АҚТҚ-ның анадан балаға берілуінің ретровирусқа қарсы алдын алу сияқты іс-шаралардың ауқымын шұғыл көбейту қажет.
Елде жаңадан АҚТҚ жағдайларының анықталуы құрылымында АҚТҚ жұқтырған әйелдер санының өсуі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр, АҚТҚ-жұқпасының берілу жолдарының инъекциялық тәсілден жыныстық қатынастар арқылы берілуге алмасуынан олардың үлесі 2000 жылы 19%-ды және 2005 жылы 28%-ды құраған. Республикада кумулятивті тіркелген АҚТҚ жұқтырған әйелдердің саны 2006 жылғы 1 қаңтарда 1363 жағдайды немесе 24,1%-ды құрады. Жүкті әйелдер арасында АҚТҚ-жұқпасының таралу деңгейі 2005 жылы шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау деректері бойынша 0,1%-ды құрады. АҚТҚ-ның тік трансмиссия деңгейі 2002 жылғы 0,1%-дан 2005 жылы 0,9 %-ға дейін жеткен.