Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1216 Қаулысы
Елдегі ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі күрес шараларын одан әрі күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - Жоспар) белгіленген орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жылына екі рет, 1 ақпанға және 1 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
4. Мыналар:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың жауапты орындаушылары болып табылатын орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына бір рет, 5 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстар енгізе алады;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын 30 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті шешімнің жобасын енгізеді деп белгіленсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Қ. Мәсімовке жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1216 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарлама
МАЗМҰНЫ
1. Бағдарламаның паспорты.
2. Кіріспе.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау.
3.1. Қазақстанда АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуына байланысты ахуалға шолу.
3.2. АҚТҚ/ЖҚТБ таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларға шолу.
3.2.1 Азаматтардың конституцияда кепілдік берілген құқықтары мен
бостандықтарын қолдау және халықтың басым топтарын әлеуметтік
қолдау жөніндегі шараларды күшейту.
3.2.2 Халықтың мінез-құлқы қауіпті топтарына қатысты мемлекеттік саясатты жетілдіру.
3.2.3 АҚТҚ/ЖҚТБ проблемаларын шешуге қоғамдық бірлестіктерді
тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру.
3.2.4 Ақпарат ұсынуды және оқытуды жетілдіру.
3.2.5 Халықтың басым топтары үшін медициналық және әлеуметтік
қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету.
3.2.6 АҚТҚ/ЖҚТБ жөніндегі бағдарламаларды басқаруды, үйлестіруді және орындауды жетілдіру.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі.
5.1. Құқықтық қатынастар саясатын жетілдіру, құқықтық және әлеуметтік орта құру.
5.2. Алдын алу бағдарламаларын өмірге енгізу.
5.3. Есірткі енгізудің зиянын азайту стратегиясын іске асыру.
5.4. АҚТҚ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу стратегиясын іске асыру.
5.5. Психоәлеуметтік кеңес беру және АҚТҚ-ға тестілеу жөніндегі
қызмет көрсету бойынша айрықша объектілерді құру және ұстау.
5.6. АҚТҚ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу.
5.7. Байланыстан кейінгі алдын алу.
5.8. АҚТҚ жұқпасы бар адамдардың қайталап ауыруының алдын алу.
5.9. АҚТҚ жұқпасының берілуінің гемотрансфузиялық жолдарының алдын алу.
5.10. АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратындарды вирусқа
қарсы емдеудің халықаралық стандарттарына сәйкес емдеу, күту және
қолдау бағдарламаларын өмірге енгізу.
5.11. АҚТҚ-жұқпасынан зардап шеккен адамдарға арналған әлеуметтік
жобаларды іске асыру.
5.12. Эпидемиологиялық қадағалауды, мониторингті, бағалауды,
жоспарлау мен болжауды жетілдіру.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
9. Ескертпе.
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы
атауы іс-қимыл жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға
арналған бағдарлама
Бағдарламаны "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
iске асыру үшін экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға
негіздеме арналған орта мерзімді жоспары (екіншi
кезең) туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884
қаулысы, "Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының
2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдi
жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
25 тамыздағы № 822 қаулысы
Бағдарламаның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
негізгі министрлігi
әзірлеушісi
Бағдарламаның АҚТҚ-жұқпасын бас сатыға ауысуына жол бермей,
мақсаты оның таралуын шоғырланған сатыда тұрақтандыру.
Бағдарламаның Құқықтық қатынастар саясатын жетілдіру,
міндеттерi құқықтық және әлеуметтік орта құру;
алдын алу бағдарламаларын өмірге енгізу;
есірткі енгізудің зиянын азайту
стратегиясын іске асыру;
АҚТҚ-ның жыныстық берілу жолдарының алдын алу
стратегиясын іске асыру;
Психоәлеуметтік кеңес беру және АҚТҚ-ға тестілеу
жөніндегі қызмет көрсетудің айрықша объектілерін
құру және ұстау;
АҚТҚ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу;
байланыстан кейінгі алдын алу;
адамдардың АҚТҚ-мен қайта ауыруының алдын алу;
АҚТҚ берілуінің гемотрансфузиялық
жолының алдын алу АҚТҚ жұқтырғандар мен
ЖҚТБ-мен ауыратындарды вирусқа қарсы емдеудің
халықаралық қолдау бағдарламаларын өмірге енгізу;
АҚТҚ-жұқпасынан зардап шеккен адамдарға
арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру;
Жауапты іс-шараларды эпидемиологиялық
қадағалауды, мониторингті, бағалауды,
жоспарлауды және болжауды жетілдіру.
Бағдарламаны Бірінші кезең: 2006 - 2008 жылдар
iске асыру Екінші кезең: 2009 - 2010 жылдар
мерзімi
Қаржыландыру бірінші кезең: 2006-2008 жылдар - 3640,05 млн.
көздері мен теңге:
көлемі 2006 жыл - 949,87 млн. теңге
2007 жыл - 1229,96 млн. теңге
2008 жыл - 1460,22 млн. теңге
екінші кезең: 2009 - 2010 жылдар - 3068,88 млн.
теңге:
2009 жыл - 1327,06 млн. теңге
2010 жыл - 1741,82 млн. теңге
Республикалық бюджет - 378,13 млн. теңге:
бірінші кезең: 2006 - 2008 жылдар - 55,48 млн.
теңге:
2007 жыл - РБ - 14,30 млн. теңге
2008 жыл - РБ - 41,18 млн. теңге
екінші кезең: 2009 - 2010 жылдар - 322,65 млн.
теңге:
2009 жыл - РБ - 59,44 млн. теңге
2010 жыл - РБ - 263,21 млн. теңге
РБ-дан нысаналы трансферттер - 2408,13 млн.теңге:
бірінші кезең: 2006 - 2008 жылдар - 600,60 млн.
теңге:
2007 жыл - РБ-дан НТ - 250,60 млн. теңге
2008 жыл - РБ-дан HT - 350,0 млн. теңге
екінші кезең: 2009 - 2010 жылдар - 1807,530 млн.
теңге:
2009 жыл - РБ-дан НТ - 815,50 млн. теңге
2010 жыл - РБ-дан НТ - 992,03 млн. теңге
Халықаралық ұйымдардың гранттары - 3922,67 млн.
теңге:
бірінші кезең: 2006 - 2008 жылдар - 2983,97 млн.
теңге:
2006 жыл - басқа көздер - 949,87 млн. теңге
2007 жыл - басқа көздер - 965,06 млн. теңге
2008 жыл - басқа көздер - 1069,04 млн. теңге
екінші кезең: 2009 - 2010 жылдар - 938,7 млн.теңге:
2009 жыл - басқа көздер - 452,12 млн. теңге
2010 жыл - басқа көздер - 486,58 млн. теңге
Қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған
бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Бағдарламаны АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауыратын адамдардың өлім-жітімi
iске асырудан 2010 жылдың соңына қарай екі есе төмендейтін
күтілетін болады және АҚТҚ/ЖҚТБ індеті таралуы шоғырланған
нәтижелер сатыда тұрақтандырылатын болады әрі 15 нен 49
жас аралығындағы ересектер арасында
АҚТҚ-жұқпасының таралуы 0,5%-дан аспайды. ИЕТ
арасындағы АҚТҚ-жұқпасының таралуы 6%-дан
аспайды; СҚ, ЕЖЕ және бас бостандығынан айырылған
адамдар арасында АҚТҚ жұқпасының таралуы 5%-дан
төмен болады; жыл сайын 15-тен 24-ке дейінгі
жастардың кемінде 85%-ын АҚТҚ жұқпасының берілу
жолдары және оның алдын алу шаралары туралы
ақпаратпен жыл сайын қамтамасыз ету;
превентивті инъекциялық мінез-құлықты халықтың
осал топтарынан адамдардың 50%-ы қабылдайды
(қазіргі уақытта 13,4 %), оның ішінде: 2006 жыл
- 25%, 2007 жыл - 30%, 2008 жыл - 30%, 2009 жыл
- 40%, 2010 жыл - 50%;
алдын алу жыныстық мінез-құлықты халықтың осал
топтарынан адамдардың 50%-ы қабылдайды: 2006 жыл
- 25%, 2007 жыл - 25%, 2008 жыл - 30%, 2009
жыл - 40%, 2010 жыл - 50%;
халықтың осал топтарынан мұқтаж адамдардың
(ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ) ЖЖБЖ-ны емдеуге қол жеткізуін
қамтамасыз ету;
халықты ерікті кеңес алумен және АҚТҚ-ға
тестілеумен қамтуды 10 %-ға жеткізу;
жүктілікті сақтауды шешкен АҚТҚ-позитивті жүктi
әйелдердің кемінде 90 %-ын және АҚТҚ-позитивтi
жүкті әйелдерден туған нәрестелерді емдеумен
қамтамасыз ету (жыл сайын);
барлық мұқтаж адамдар туберкулезді химиялық
алдын алуды қоса алғанда, байланыстан кейінгi
ретровирусқа қарсы алдын алуға, оппортунистік
аурулардың толыққанды алдын алуға қол жеткізе
алады (жыл сайын);
донорлық қанның қауіпсіздігін жүйелі қамтамасыз
ету;
барлық мұқтаж адамдар ретровирусқа қарсы
терапияға қол жеткізе алады (жыл сайын);
ахуалдың өзгеруіне уақтылы ден қою, өткізілетін
іс-шараларды қайта қарау, жаңа мүмкіндіктердi
іздестіру және пайдалану мүмкіндігі (жарты
жылда бір рет).
2. Кіріспе
Бағдарламаны әзірлеу үшін «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысы, «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысы негіздеме болып табылады.
Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 қыркүйектегі № 1207 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны» іске асыру аяқталды, жоғарыда көрсетілген Бағдарламаның іске асырылған іс-шаралары АҚТҚ/ЖҚТБ індетін елде шоғырлану сатысында ұстауға ықпал етті.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 26-шы Арнайы сессиясында қабылданған Міндеттемелер туралы декларацияда күшті саяси басқарумен, мультисекторалды ынтымақтастықпен, алдын алу мен емдеуді жүргізумен қатар, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен тиімді күрес әлсіздікті төмендетуді және адамның құқықтарын сақтауды қамтуы тиіс екені айрықша атап көрсетілген. АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі нәтижелі бағдарламалар, ең алдымен, халықтың қауіпсіз инъекциялық және жыныстық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталуы тиіс, бұл АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралу проблемасын шешуді медициналық проблемалар шеңберінен алысқа шығарады және адамдардың уәждемесі мен мінез-құлқына әсер ететін үкіметтік және үкіметтік емес секторлардың тарапынан күш салуды қажет етеді.
Бағдарламаны қолдау үшін 2004 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде халықаралық донорлардың ресурстары, оның ішінде 22,4 млн. АҚШ доллары ЖҚТБ-мен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қордан (бұдан әрі - ЖТБЖҚ) жұмылдырылды. Бұл грант ЖТБЖҚ мен грантты негізгі алушы ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық арасындағы 2003 жылғы 29 шілдеде қол қойылған Грантты іске асыру туралы келісімнің шеңберінде бөлінген болатын. Бағдарламаны іске асыру үдерісінде Қазақстанға бірқатар халықаралық серіктестер, оның ішінде БҰҰ: ЮНЭЙДС, БҰҰДБ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ жүйесі ұйымдары, АҚШ үкіметінің ұйымдары: ЮСАИД, СДС, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі - ҮЕҰ): PSI, "ЖҚТБ - Шығыс - Батыс қоры", "Copoc - Қазақстан" қоры елеулі көмек көрсетті.
Сонымен бірге індеттің негізгі қозғаушы күші болған есірткі инъекцияларымен қатар, АҚТҚ-ның жыныстық жолмен берілуі жиіледі, 2005 жылы берілудің бұл жолы анықталған жаңадан жұқтырғандардың 1/4-інде белгілі болды. Алғаш белгілі болған АҚТҚ жұқтырғандар арасында 2001 жылғы 19%-дан 2005 жылы 28%-ға дейін әйелдердің үлесі елеулі өскен. Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал қауіпті мінез-құлқымен танылатын халықтың жаңа топтарына араласуға баса назар аударуды қажет етеді. Ең алдымен, бұл еркектермен жыныстық қатынаста болатын еркектер, қамаудағылар, жастар, сондай-ақ қадағалаусыз жасөспірімдер, әскери қызметшілер, жұмыссыздар, көшіп келушілер мен еңбек қызметінің ерекшеліктері тұрақты емес жыныстық серіктермен жыныстық қатынастарға жағдай туғызатын адамдар (жер беті көлігінің қызметкерлері, ұсақ саудамен айналысатын адамдар, жол бойындағы тамақтану пункттерінің қызметкерлері және басқалар) сияқты топтар.
Індетке қарсы тұру бойынша неғұрлым өзекті мәселелердің бірі елдің фармацевтика нарығында қайталама оппортунистік ауруларды емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттар мен дәрілердің кең спектрінің қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі дәрілік саясатты қалыптастыру және АҚТҚ жұқтырған адамдарды емдеуге бейімділігін қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық, екі жақты және халықаралық серіктестердің басым саны, оның ішінде бағдарламалық қызметтің шеңберінде жүзеге асырылатын мониторинг және бағалау жүйесі одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Қолжетімді болған стратегиялық ақпарат індеттің өршуін болжау және алдын алу іс-шараларын жоспарлау үшін бара-бар пайдаланылуы тиіс.
Осы Бағдарламаның іс-шаралары 2010 жылдың аяғына қарай 15-49 жастағы халық арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуын 0,5%-дан аспайтын деңгейде тежеуді және АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін адамдардың өлім-жітімін (ретровирусқа қарсы емдеуді енгізу есебінен) кемінде екі есеге (қазіргі кезде 1000 адамнан 50 болса, 1000 адамнан 25-ке дейін) төмендетуді өзіне мақсат етеді. Бұл ретте инъекциялық есірткіні тұтынушылар арасында АҚТҚ-жұқпасының таралуы 6 %-дан, ал секс-қызметшілер мен еркектермен жыныстық қатынаста болатын еркектердің арасында 5%-дан аспайтын болады.
Келтірілген көрсеткіштерге халықтың нысаналы топтарының қаупі аз жыныстық және инъекциялық мінез-құлқына ақпараттық-білім беру бағдарламалары мен жеке қорғаныш құралдарын беру және ретровирусқа қарсы емдеумен оған мұқтаж АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауыратын адамдардың кемінде 70%-ын қамту жолымен қол жеткізілетін болады.
Індетке қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар мынадай бағыттарда қабылданатын болады:
1) құқықтық қатынастар саясатын жетілдіру, алдын алу және емдік араласулар үшін қолайлы құқықтық және әлеуметтік орта құру;
2) алдын алу бағдарламаларын өмірге енгізу;
3) АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды вирусқа қарсы емдеудің халықаралық стандарттарына сәйкес емдеу, күту және қолдау бағдарламаларын өмірге енгізу;
4) АҚТҚ-жұқпасынан зардап шеккен адамдарға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру;
5) эпидемиологиялық қадағалауды, мониторингті, бағалауды, жоспарлауды және болжауды жетілдіру.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3.1. Қазақстанда АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуына
байланысты ахуалға шолу
Қазіргі кезде ЮНЭЙДС пен ДЦҰ-ның бағалауларына сәйкес жер бетінде 40 миллионға жуық АҚТҚ бар адам өмір сүреді, олардың 90%-ы дамушы елдерде; 25 миллионға жуығы ЖҚТБ-дан қайтыс болған. Сахарадан оңтүстікке қарай африка елдеріндегі індетті қадағалау тәжірибесі 20 жылдың ішінде АҚТҚ-ның таралуы экономикалық белсенді халықтың жаппай қырылуымен және жұмысқа қабілетсіздігімен үй шаруашылықтары табыстарының күрт төмендеуімен, жетімдікпен, ұлттық бюджеттерді АҚТҚ/ЖҚТБ-дан тікелей зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге қайта бөлумен, білімге, ғылымға, қауіпсіздік пен әлеуметтік дамуға зиян келтірумен шарттастырылатын дамудың ауыр дағдарысын туғыза отырып, кемінде 1%-дан 20-30%-ға дейін өсуі мүмкін екенін айғақтап отыр.