2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 42-50-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
42, 43, 44, 45, 46, 47 (өте құпия), 48, 49, 50-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
42-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Сыртқы саяси қызметті қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 14747055 мың теңге (он төрт миллиард жеті жүз қырық жеті миллион елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» № 201 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» № 217 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені бекіту туралы» № 1287 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігін орналастыру үшін Қазақстан Республикасының меншігіне Брюссельде ғимарат сатып алу туралы» № 893 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 9 қазандағы «Қазақстан Республикасының меншігіне Вашингтонда (Колумбия округі, АҚШ) жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу туралы» № 1431a қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» № 136 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы «Қазақстан Республикасының меншігіне Лондон қаласында ғимарат сатып алу туралы» № 1222-73қ қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» № 1118 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің мәселелері» № 1024 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту, халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және өңірлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа да мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарды және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдар мен әдістер арқылы қорғауды қамтамасыз ету, Америка Құрама Штаттарында (Вашингтон қаласы), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде (Лондон қаласы) және Бельгия Корольдігінде (Брюссель қаласы) Қазақстан Республикасының меншігіне жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша міндеттемелерді орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Сыртқы саяси қызметті қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | 1. Ел ішінде және шетелдерде Қазақстан Республикасының оң сипаттағы беделін көтеруге бағытталған ақпараттық-насихаттық қызмет бойынша имидждік өнімдi шығару. 2. Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету. 3. Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру. 4. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу. 5. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру. 6. Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық- ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету. 7. Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетін консулдық функцияларды жүзеге асыру. 8. Шет елдерді Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу. 9. Инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының жағымды бейнесін қалыптастыру. 10. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Yкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныстар мен ұсынымдар жасау. 11. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу. 12. Шетелге шыққанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының арнайы рейстер шығыстарын төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін және оның шетелдегі мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету. 2. Америка Құрама Штаттарында (Вашингтон қаласы), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде (Лондон қаласы), Бельгия Корольдігінде (Брюссель қаласы) Қазақстан Республикасының меншігіне жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу үшін алынған несиелерді өтеу бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | 1. Министрлік орталық аппараты және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерін аппараттық және программалар қамтамасыздандыру мәлімдеме жүйесі. 2. Мәлімдеме жүйесін қолдауы, сүйемелдеуі және жетілдіруi | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
6 | | 100 | Органдардың басқа елдердегі аппараттары (елшіліктер, өкілдіктер, дипломатиялық миссиялар) | 1. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және Қазақстан Республикасының халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету. 2. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Yкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныстар мен ұсынымдар жасау. 3. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу. 4. Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдасты ру тұрғысынан қамтамасыз ету. 5. Шет елдерді Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік- экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу. 6. Мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды іске асыру үшін тікелей қаржы ресурстарын, соның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары тарапынан тартуға қатысу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдар мен әдістер арқылы қорғауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру.
Әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметіне талдау жасау және орталық мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
76 адамның мемлекеттік тілді оқып үйренуі, 20 адамның ағылшын тілді оқып үйренуі.
Түпкі нәтиже: шетелге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін, олардың шетелдер аумақтары бойынша кедергісіз жүріп тұруын, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту.
Министрлік штатының 23,7 пайызын мемлекеттік тілге оқытуды, министрлік штатының 6,2 пайызын ағылшын тілін оқытуды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір қызметкерді мемлекеттік тілге оқыту шығыны - 48,6 мың теңге, бір қызметкерді ағылшын тіліне үйрету шығыны - 61,5 мың теңге.
Уақтылығы: министрліктің орталық аппараты және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері бюджетінің орындалуы.
Жыл бойы шарттарға сәйкес қол жеткізіледі.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен жүзеге асырылатын консулдық іс-әрекеттерді жеке және заңды тұлғалардың толық қанағаттануы.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, мемлекеттік кәсіби қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру. Мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілер үлесі - 69 пайызға; ағылшын тілін оқыту курстарын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер үлесі - 70 пайызға.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
43-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 350 703 мың теңге (бір миллиард үш жүз елу миллион жеті жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 маусымдағы «Eңбекшілерді жұмыс орындарындағы ауаның ластануы, шу мен тербеліс салдарынан болатын кәсіби қауіптерден қорғау туралы» Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 1977 жылғы № 148 Конвенциясын бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасын 1997 жылғы 7 шілдедегі «Біріккен Ұлттар Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясын бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы «Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясына қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы «Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкілдерінің және халықаралық қызметкерлердің заңдық мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 24 маусымдағы «Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау және қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияны бекіту туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы «Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенцияға қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының арасындағы ынтымақтастық туралы негізгі келісімді бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы «Лондонда 1990 жылғы 27-29 маусымда жасалған Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетуге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы «Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Бесінші қосымша хаттаманы бекіту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы «Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы «Климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясын бекіту туралы» № 2260 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімді бекіту туралы» № 2344 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы «Энергетикалық Хартияға Шартты және Энергетикалық тиімділік мәселелері мен тиісті экологиялық аспектілер жөніндегі Энергетикалық Хартияға Хаттаманы бекіту туралы» № 2537 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 наурыздағы «Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Киото хаттамасына Қазақстан Республикасының қол қоюы туралы» № 84 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымға мүше болуы туралы» № 973 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 30 қазандағы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны бекіту туралы» № 1214 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны бекіту туралы» № 1503-XII қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі «Дүниежүзілік Метеорологиялық ұйымы конвенциясына қосылу туралы» № 296 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (ИНТЕРПОЛ) кіруіне байланысты іс-шаралар туралы» № 629 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы «Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қамқорымен қабылданған халықаралық конвенцияларға және ИМО туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы № 244 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 25 наурыздағы Халықаралық эпизоотикалық бюроға кіру туралы (ХЭБҚ)» № 26-15/2164 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 сәуірдегі "Метрология және стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға кіру туралы № 26-22/4748 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 мамырдағы «Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ИКАО) демеуімен қабылданған халықаралық конвенцияларға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» № 506 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы «Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдауы және онда көзделген міндеттемелерін орындауды ұйымдастыру жөніндe» № 918 қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1995 жылғы 20 ақпандағы «Қазақстан Республикасы атынан табиғи ортаға әсер ететін әскери немесе кез келген өзге де дұшпандық ниетте құралдар пайдалануға тиым салу туралы Конвенцияға қосылу туралы» № 301-III қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 мамырдағы «Түркісой құрылымы мен оның жұмыс істеу қағидаттары туралы шартты бекіту туралы» № 737 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 қыркүйектегі «Орталық-Азиялық Зерттеулер Халықаралық институтына кіру туралы» № 13253 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 маусымдағы «Е.Х. Қазыханов туралы» № 71 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 наурыздағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасы Өкілетті өкілінің қызметін қаржыландыру мәселелері» № 257 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы «Б.С. Сәрсековтің қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы» № 133 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы тұрақты өкілі мен оның аппараты қызметін қаржыландыру мәселелері» № 322 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлеp Кабинетінің 1993 жылғы 14 қазандағы «Дүниежүзілік туристтік ұйымға кіру туралы» шешімі, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 мамырдағы «Еуропалық экономикалық комиссияға кіру туралы» № 6234 шешімі, 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Байланыс саласындағы аймақтық достастық туралы келісім, 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану туралы келісім, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1992 жылғы 13 наурыздағы «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты өткізу туралы» келісімі, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен БҰҰ арасындағы қатынастар туралы 1992 жылғы 19 тамыздағы келісім, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы 1996 жылғы 24 қыркүйектегі келісім, Орталық/Шығыс Еуропа және Еуразия энергетикасын реттеу органдарының Аймақтық қауымдастығымен 2001 жылғы 15 наурыздағы «Энергетика саласындағы өзара іс-қимыл туралы» келісімі, 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы келісім, 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бюджетін қалыптастыру мен орындау тәртібі туралы келісім, Табиғи апаттарды азайту жөніндегі Азиялық орталыққа кіру туралы шешім (АSDR), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1991 жылғы 21 желтоқсандағы «Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелік туралы шешімі, TМД Мемлекет Басшылары Кеңесінің 1993 жылғы 2 наурыздағы «Мұнай және газ жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесін құру туралы» шешімі, ТМД Мемлекет Басшылары Кеңесінің 1993 жылғы 9 қыркүйектегі «Химия және мұнайхимия саласындағы ынтымақтастық туралы» шешімі, Ислам Конференциясы Ұйымының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы саласындағы ынтымақтастық туралы» шешімі, Ислам Конференциясы Ұйымының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы шешімі, Дүниежүзілік Сауда Ұйымының жыл сайынғы сессиясының 1996 жылғы 26 қаңтардағы «Қазақстан Республикасына бақылаушы мәртебесін беру туралы» шешімі, ТМД Үкімет Басшылары Кеңеске 1996 жылғы 12 сәуірдегі «ТМД Үкіметаралық статистикалық комитеті туралы ереже туралы шешімі, Халықаpалық техникалық комитеттің жыл сайынғы сессиясының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі (МТКПТП-СТІҒ)» шешімі, Орталық Азия Мемлекеттері Басшыларының 1997 жылғы 28 ақпандағы «Халықаралық Аралды құтқару қорының қаражатын қалыптастыру туралы» шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы «ИКҰ жанындағы Статистика, экономика және әлеуметтік зерттеулер мен даярлау жөніндегі орталыққа кіру туралы шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы «ИКҰ жанындағы Ислам технологиялық институтына кіру туралы» шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы «ИКҰ жанындағы сауда дамыту жөніндегі Ислам орталығына кіру туралы» шешімі, 1998 жылғы 17 сәуірдегі Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Атқару комитетінің шешімі, 1998 жылғы 5 тамыздағы Мәдени меншікті зерттеу, сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Халықаралық институттың жыл сайынғы жиналысының шешімі (ІССRОМ), Мемлекетаралық ТМД Экономикалық одағының экономикалық комитетінің 1998 жылғы 11 қыркүйектегі «Жолшылар одағына ТМД мемлекетаралық органы мәртебесін беру туралы» шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің Бас Конференциясының 1999 жылғы 17 маусымдағы «ИКҰ-ға мүше елдердің Парламенттік Одағына кіру туралы» шешімі, ТМД Мемлекеттері Басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 25 қаңтардағы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру Кеңесі туралы шешімі, БАҚ байланыс әкімшілік басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 29 маусымдағы «Байланыс саласының аймақтық қауымдастығының қаржысы туралы ереже туралы» № 2315 шешімі, ТМД Үкіметтері Басшылары Кеңесінің 2001 жылғы 18 мамырдағы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көліктік үйлестіруші кеңесін құру туралы» шешімі, 2005 жылғы 17 наурыздағы Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Хатшылығы (АӨСШК) туралы ережені дайындау бойынша арнайы жұмысшы тобы мәжілісінің шешімі, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 ақпандағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына кіру жөніндегі декларациясы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 ақпандағы «Өнеркәсіптік меншік саласындағы халықаралық шарттар туралы» декларациясы, 2001 жылғы 15 маусымдағы «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын» құру туралы декларациясы, 1991 жылғы 21 желтоқсандағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы» Алматы Декларациясы, 1992 жылғы 12 қаңтардағы ОБСЕ Парламент Ассамблеясы Секретариатының хабарламасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1996 жылғы 11 ақпандағы Ислам Ұйымы Конференциясынан (ИҰК) хабарламасы, 1996 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Халықаралық еңбек ұйымына мүше болуы туралы (XEҰ)» хабарлама, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының 1997 жылғы 1 қаңтардағы «Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіпті дамыту бойынша» хабарламасы, Жоғарғы аудиторлар мекемесінің Халықаралық ұйымы Бас директорының (INTOSAI) 1997 жылғы 2 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы» хабарламасы, Жоғарғы аудиторлар мекемесінің Азиялық ұйымы Бас директорының (ASOSAI) 1997 жылғы 27 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы» хабарламасы, Орталық Азия Халықаралық институты Директоратының (МИЦАИ) 1998 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы» хабарламасы, Көшпенді өркениетті зерттеу жөніндегі Халықаралық институт директорының (МИИКЦ) 1998 жылғы 12 тамыздағы хабарламасы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелігін растау туралы» қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы «БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымдары туралы» қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы «БҰҰ-ның тұрғын халықтар қоры туралы» қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы «БҰҰ-ның балаларға жәрдем беру қоры туралы» қарары, 1994 жылғы 26 сәуірдегі Табиғат және мәдени мұраларды қорғау жөніндегі конвенцияға қол қою, Табиғи апаттарды азайту жөніндегі Азиялық орталықтың (ADRS) Бас конференциясының 1999 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасының мүшелігін растайтын қарары, Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қызметі қаржыландыру туралы» № 43 қаулысы, ЮНЕСКО-ның 1992 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ға мүшелігін растайтын нотасы, 2003 жылғы 28 сәуірдегі «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Органдары жөніндегі ережелер туралы» Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі, 1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД Жарғысы, Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім Тараптарының Yкіметтері арасындағы ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының тұрақты хатшылығын (ТРАСЕКА YAК ТХ) бірлесіп қаржыландыру туралы Келісімінің жобасы.