Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «A. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1324 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі мүліктік кешен ретінде Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мекемені қабылдап алу-беру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |