Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы»
2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазакстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №7-8, 40-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №18, 106-кұжат; 2005 ж., №11, 43-құжат; №21-22, 86-кұжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №11, 55-кұжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 42-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «2 және 3-тармақтарында» деген сездер «2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кеден органдары тұлғаның (өтініш берушінің) өтініші бойынша осы Кодекстің 48-бабына сәйкес тауар туралы табыс етілген мәліметтер болған кезде тауардың шығарылған елін анықтауға қатысты алдын ала шешім қабылдайды. Тауардың шығарылған елін анықтауға қатысты алдын ала шешімдер артықшылықты және артықшылықты емес режимдерін қолдану кезінде қабылданады. Көрсетілген мәселелер бойынша алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен нысанын кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
3) 307-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«307-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау
Қазақстан Республикасының Кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің және Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімнің кедендік бағалауының жалпы принциптеріне негізделеді.».
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 8-і.
№211-III ҚРЗ