7. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi тiркеу мынадай құжаттар:
1) саяси партияның жоғары органының саяси партияның Республика Әдiлет министрлігінде тiркелгендiгi туралы құжаттың көшiрмесi қоса берiле отырып, партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрме, сондай-ақ оның республикалық мәртебесiн растайтын құжаттар;
2) азаматтардың партиялық тiзiмге енгiзiлуiне келiсетiндiгi туралы арызы;
3) партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адам туралы өмiрбаяндық деректер;
4) алынып тасталды
4-1) партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның және оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгендiгiн растайтын құжат;
6) партиялық тiзiмге енгізілген адамның осы тiзiмдi ұсынған саяси партиядағы мүшелiгін растайтын құжат болған жағдайда жүргiзіледi.
8. Бiр саяси партиядан саяси партиялар арасында бөлiнетiн депутаттық мандаттардың белгiленген санының отыз процентiнен аспайтын адамдар саны енгiзілген бір ғана тiзiм тiркеуге жiберіледi.
9. Орталық сайлау комиссиясы:
1) партиялық тiзiмдердi тiркегеннен кейiн оныншы күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын, партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн(кәсiбiн), жұмыс iстейтiн және тұратын жерiн көрсете отырып, тiркеу туралы хабарлама жариялайды;
2) тiркеу кезiнде партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
саяси партия партиялық тiзiмдi ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажетті құжаттарды табыс етпеген;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдары сайлау алдындағы үгiтті партиялық тiзiмдi тiркегенге дейiн, сайлау күнi не сайлау алдындағы күнi жүргiзген;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдарының, кандидаттың, партиялық тiзiм ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
бүкiл партиялық тiзiмнің жиырма бес проценттен астамын құрайтын адамдар партиялық тiзiмнен шыққан;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған; осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнің күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған партиялық тiзiмдi қалпына келтiруге жол берiлмейдi;
4) мынадай жағдайда:
партиялық тiзiмге енгiзiлген адам Конституцияда және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;
партиялық тiзiмге енгiзілген адам өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
партиялық тiзiмге енгiзiлген адам сайлау алдындағы үгіттi партиялық тiзiм тiркелгенге дейiн не сайлау күнi жүргiзген;
партиялық тiзімге енгiзiлген адамның немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдарының кандидаттың, партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес партиялық тiзiмге енгiзілген адамның және оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкi туралы декларацияда көрсеткен мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған;
сот партиялық тiзiмге енгізілген адамның не оның сенім бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмге енгiзілген адамды осы тiзiмнен алып тастау туралы шешiм қабылдайды.
Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды осы тiзiмнен шығару туралы шешiмге партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия не партиялық тiзiмнен шығарылған адам тиiстi сотқа шағым жасауына болады, оның шешiмi түпкiлiктi шешiм болып табылады.
Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда алып тастау туралы шешiм қабылдауға жол берілмейдi.
10. Тiркеуден бас тарту немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жою жөнiнде жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Бұл орайда Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым бойынша шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiмде шешiм шығарады.
11. Кандидаттар мен партиялық тiзiмдердi тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше белгiленбесе, сайлауға екi ай қалғанда басталады және бiр ай қалғанда аяқталады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 90-бап өзгертілді
90-бап. Кандидатурасын алып тастау, мәжіліс депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Мәжіліс депутаттығына кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс беруге екi күн қалғанға дейінгі кезеңде округтiк сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Саяси партияның жоғары органы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта округтiк сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс бере отырып, Мәжіліс депутаттығына кандидат ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда округтiк сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
3-1. Саяси партиялар партиялық тiзiмдер тiркелгенге дейiнгi кезеңде және одан кейiн, бiрақ дауыс беру күнiне дейiн жетi тәулiктен кешiктiрмей, өздерiнiң партиялық тiзiмдерiн керi қайтарып алуы мүмкiн, бұл жөнiнде Орталық сайлау комиссиясына жазбаша мәлiмдеме және саяси партияның жоғары органы отырысының хаттамасынан көшiрме бередi. Партиялық тiзiмге енгiзiлген адам бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою не партиялық тiзiмге енгiзілген адамды алып тастау туралы шешiм қабылдайды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою оған мәжбүр етпейтiн себептерсiз жүргiзiлген болса, округтiк сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткізуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығындардың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе тиiсiнше оны ұсынған саяси партияның есебiне жатқызуға тиiс.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 91-бап алынып тасталды (бұр. ред. қара)
91-бап.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 92-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
92-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры мыналардан түзiледi:
1) кандидаттың өз қаражаты, оның жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс;
2) кандидатқа өзiн ұсынған саяси партия бөлген қаражат, оның жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс.
3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтары, олардың сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының мың есе мөлшерiнен аспауға тиiс.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 92-1-баппен толықтырылды
92-1-бап. Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi
1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.
2. Саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 93-бап өзгертілді
93-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиiсті сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісiнiң депутаттығына екiден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз қаулысымен сайлаудың мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
2. Бұл жағдайда Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 95-бап өзгертілді
94-бап. Мәжіліс депутаттары сайлауында дауыстарды есептеу
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi. Партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң хаттамалары дереу тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жөнелтiледi.
2. Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижелерi округтiк сайлау комиссиясының мәжілісiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде анықталады. Мәжіліс депутаты сайлауының нәтижелерi туралы округтiк комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қойған хаттама жасалып және ол сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi. Партиялық тiзiмдер бойынша сайлаудың нәтижелерi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негiзiнде Орталық сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасалады.
3. Дауыс санаудың нәтижелерi мен сайлау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 95-бап өзгертілді
95-бап. Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезiнде қайта дауыс беру
1. Егер сайлау бюллетенiне екеуден артық Мәжіліс депутаттығына кандидаттар енгiзiлсе және олардың бiрде-бiреуi сайланбай қалса, округтiк сайлау комиссиясы неғұрлым көп дауыс алған екi кандидат бойынша депутат сайлауы жөнiнде қайта дауыс берудi тағайындайды. Кандидаттардың бipeуi шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетенiне неғұрлым көп дауыс алған келесі кандидат енгiзiледi.
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта дауыс берудi өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
3. алынып тасталды
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 96-бап өзгертілді
96-бап. Мәжіліс депутаттарын қайта сайлау
1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса не екi кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде және бастапқы сайлау өткізу үшiн жасалған сайлаушылар тiзiмi бойынша өткiзiледi.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей немесе тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мерзiмде өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңмен белгiленген тәртiппен өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
3. Қайта сайлау өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
4. алынып тасталды
5. алынып тасталды
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 97-бап өзгертілді
97-бап. Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижелерiн анықтау және жариялау
1. Республиканы тұтас алғанда Мәжіліс депутаттары сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде анықтайды.
2. Мәжіліс депутатының сайлауында:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда сайлаушылар даусының көбiрек санын алған;
3) алынып тасталды
3. Сайлау қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 97-1-баппен толықтырылды; 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 97-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң қорытындыларына қарай бөлу
1. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жетi және одан да көп процентiн алған әрбiр партиялық тiзiм үшiн бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша берiлген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Жетi проценттiк кедергiден өткен саяси партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онға бiртұтас жалпыұлттық округтiң аумағы бойынша бөлiнетiн депутаттық мандаттар санына бөлiнедi. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.
2. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбiр партиялық тiзiм алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлiнедi. Санды бөлу нәтижесiнде алынған тұтас бөлiк партиялық тiзiм құрған тиiстi саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.
3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген iс-әрекеттен кейiн бөлiнбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргiзiледi. Бөлiнбеген мандаттар осы баптың 2-тармағына сәйкес бөлудiң нәтижесiнде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлiгiне (қалдығына) ие болған партиялық тiзiмдерге бiр-бiрден берiледi. Ең көп қалдық тең болған жағдайда басымдық бұрын тiркелген партиялық тiзiмге берiледi.
4. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиiстi партиялық тiзiмге орналастырудың ретiне қатаң сәйкес бөлiнедi.
5. Партиялық тiзiмдердi құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудiң нәтижесiнде сайланған депутат мерзiмiнен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен нақ сол партиялық тiзiм бойынша сайланған келесi кандидатқа берiледi.
Тиiстi партиялық тiзiмде кандидаттар қалмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесi сайлауына дейiн мандат бос қалады.
Саяси партияны тарату не саяси партиядағы мүшелiгiн тоқтату осы партияның партиялық тiзiмi бойынша сайланған Парламент Мәжілісi депутаттарының өкiлеттiгін тоқтату үшiн негiз болып табылады.
Саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш және саяси партияның жоғары органы отырысы хаттамасынан үзiндi көшiрме бере отырып, кандидаттардың партиялық тiзiмдегi кезектілігiн өзгертуге құқылы.
ҚР 06.05.99 ж. № 133-I; 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңдарымен 98-бап өзгертілді
98-бап. Мәжіліс депутаттарын тiркеу
1. Орталық сайлау комиссиясы сайланған Мәжіліс депутаттарын округтiк сайлау комиссиялары хаттамаларының негiзiнде тiркейдi.
2. Орталық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алған болса, Мәжіліс депутаттары сайлауын жарамсыз деп тануы және Мәжіліс депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiнiң қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Мәжіліс депутаттығына кандидаттар сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 99-бап өзгертілді
99-бап. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын және шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткізу
1. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы және шығып қалған депутаттар орнына сайлау осы Конституциялық заңның Мәжіліс депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерiне сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткізу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Мәжіліс депутаттары өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда, шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 100-бап өзгертілді
100-бап. Конституциялық Кеңестiң Мәжіліс депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi қарауы
1. Республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрінің сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн ішінде берiлуi мүмкін ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Мәжіліс депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Мәжіліс депутаттарын тiркеу ұсынысты қарау уақытына тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған сайлау округтерiнде Мәжіліс депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы бұл сайлау округіндегі сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған сайлау округтерiнде екi ай iшiнде қайта сайлау өткізу туралы шешiм қабылдайды.
13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының
сайлауы
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 101-бап өзгертілді
101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау
1. Мыналар:
1) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуы заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда кезектi сайлауды;
2) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқталуы кезектен тыс сайлауды;
3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқталуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутат сайлауын тағайындау үшiн негiз болып табылады.
2. Мәслихат депутаттарының кезектi сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде үш ай бұрын тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда өткiзiлуге тиiс.
3. Өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Сенат шешiмiнiң негiзiнде тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.
4. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасының) сайлау комиссиясы депутаттың мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған күннен бастап үш айдан кешiктiрмей тағайындайды.
5. Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмi жөнiнен Президент сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына тұспа-тұс келмеуге тиiс.
6. Сайлау күнi туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 102-бап өзгертілді
102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар
Мәслихат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 103-бап өзгертілді
103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгiленген тәртiп бойынша тiркелген республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi және өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.
2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктердiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбiр кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргiзедi. Қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бірлестiктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидат етіп ұсынуға құқығы жоқ. Қоғамдық бiрлестік не оның құрылымдық бөлiмшесi әрбiр сайлау округiнде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Mәcлихат депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктiң, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi.
3. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiк жоғарғы органының шешiмi:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
4. Азаматтардың мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртібімен тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.
5. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнде кандидат болып ұсыныла алмайды.
6. Сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне бiр ай қалғанда аяқталады.
7. Егер кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiсті округтiк сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттар ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
8. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.
ҚР 08.05.98 ж. № 222-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 104-бап өзгертілді
104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркеу
1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелердің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәліметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшінде беруге мiндеттi.
2. Қоғамдық бiрлестiктен ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:
1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының, осы қоғамдық бiрлестiктiң әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi тiркеле отырып, тиiстi сайлау округi бойынша кандидат ұсыну жөніндегі отырысы хаттамасының үзiндiсi;
2) азаматтың өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiктен осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
4) алынып тасталды
5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүргiзіледi.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:
1) осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3) алынып тасталды; ҚР 2005.15.04. № 44-III Конституциялық Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған ретте жүзеге асырылады.
4. Тiркеуге мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.
5. Мәслихат депутаттығына кандидаттар тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына табыс етiледi.
6. Округтiк сайлау комиссиясы:
1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi баспасөз құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып тiркеу туралы хабар жариялайды;
2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгітті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім білдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;