2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерістер енгізу туралы мәселелердi шешедi;
5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;
7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;
10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен 19-бап өзгерді
19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
1. Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттік органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңымен және өзге де заң актілерімен айқындалады.
2-1. Мыналар:
сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
3. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы, мүшелерi және оның аппаратының қызметкерлерi өз өкiлеттiктерiн кәсіби тұрақты негiзде жүзеге асырады.
Сайлау комиссиясының төрағасы сотта және басқа да мемлекеттік органдарда комиссияның мүддесін бiлдіреді, сондай-ақ ол сайлау комиссиясының мүдделерін бiлдiру жөніндегі өкілеттiктi тиiстi сенімхат беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.
4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелерi сайлау өткізу кезеңiнде өздерiнiң келісімiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.
5. Сайлау комиссиясының мүшесi:
1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын хабардар етiледi;
2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге және олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы;
3) күн тәртібіне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;
4) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
5) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерінің төрттен үшiнің даусымен расталған уәкiлеттігі бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп нормаларын сақтауға мiндеттi;
7) өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға мiндеттi;
8) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi;
9) өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн қорғауға құқығы жоқ.
6. Сайлау комиссиясының мүшесi сайлау комиссиясының белгiленген өкілеттiк мерзiмi аяқталғанда, оның қызметi тоқтатылған кезде, сондай-ақ:
1) мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш берген;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
3) тиiстi сайлау комиссиясы құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;
4) соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшiне енген;
5) оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы сот шешімi заңды күшiне енген;
6) қайтыс болған жағдайларда сайлау комиссиясын құрған органның шешiмi бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі өзін ұсынған саяси партия қызметін тоқтатқан жағдайда өз міндеттерінен босатылады.
7. Комиссия мүшесi лауазымдық өкiлеттiгiн бiрнеше мәрте бұзған немесе мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған жағдайда сайлау комиссиясын құратын орган оны лауазымын атқарудан босатады.
8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясын құратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.
9. Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс.
10. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. №44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастыру және олардың әрекеттерiне шағым жасау
1. Сайлау комиссияларының қызметi алқалы негiзде жүзеге асырылады.
2. Алғашқы отырыстарды:
1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын Комиссияның төрағасы комиссия сайланғаннан кейiн он төрт күннiң iшiнде шақырады;
2) төменгi сайлау комиссияларының отырыстарын - тиiстi жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кейiнгi жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шақырады.
3. Сайлау науқанын әзiрлеу мен өткізу кезеңiнде комиссиялардың отырыстары кемiнде екi аптада бiр рет өткiзiледi. Өзге уақытта комиссиялар өздерiнiң отырыстарын қажетiне қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрiнiң бастамашылығымен өткiзiп тұрады.
4. Егер комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан болса, сайлау комиссияларының отырыстары құқықты болады.
Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.
5. Комиссиялардың шешiмдерi, осы Конституциялық заңда белгiленген жағдайлардан басқа кезде олардың мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сайлау комиссиясының оның шешiмiмен келiспейтiн мүшелерi ерекше пiкiрiн айтуға құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткiзiледi және жазбаша түрде комиссия отырысының хаттамасына тiркеледi.
6. Егер осы Конституциялық заңда шағым берудiң өзге мерзiмдерi белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шешiм қабылданған немесе iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасалған күннен бастап он күн iшiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Көрсетілген мерзiмдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешiмiне, немесе iс-әрекеттерiне берiлген арыздар қарауға жатпайды. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына алдын ала жүгіну сотқа жүгінудің мiндеттi шарты болып табылмайды.
Жоғары тұрған сайлау комиссиясына берiлген өтiнiште өтiнiш беру үшiн негіз болған мән-жайлар мiндеттi түрде жазылады және өтiнiш иесi өз талаптарын негiздеген дәлелдемелер көрсетiледi.
Өтiнiштер сайлау комиссиясы мен сотта бiр мезгiлде қаралған кезде, сайлау комиссиясы сот шешiмi күшіне енгенге дейін өтінiштi қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтiнiш туралы және оны қарау нәтижелерi бойынша сот шешiмiнiң заңды күшiне енгенi жөнiнде сайлау комиссиясын хабардар етедi.
Сот сайлау комиссиясы шешiмінiң күшін жойған жағдайда сот шешiмiнiң негiзiнде мәселенiң мәнi бойынша жаңа шешiмдi - шешiмiнің күшi жойылған сайлау комиссиясы немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы қабылдауға мiндеттi. Тиiстi сайлау комиссиялары сот шешімін орындауға мiндеттi.
7. Мемлекеттік органдар, ұйымдар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өз өкiлеттерiн жүзеге асыруға көмек көрсетуге, оларға қажеттi мәлiметтер мен материалдар беруге, сайлау комиссияларының өтiнiшiне үш күн мерзiм iшiнде, ал сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi дереу жауап қайтаруға мiндеттi.
8. Аумақтық, округтiк, учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерi сайлауды әзiрлеу мен өткізу кезеңiнде өз қалауымен сайлау өткізуге бөлiнген қаражаттың есебiнен орташа жалақысы сақтала отырып, комиссияның шешiмi бойынша өндiрiстiк немесе қызмет мiндеттерiн орындаудан босатылуы мүмкiн. Сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбегiне қосымша ақы төлеу сайлау өткізуге бөлiнген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады. Сайлау комиссияларының мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдар мен ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын мүшелерінің сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде негiзгi жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады.
9. Президенттiкке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті өзін-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар, кандидаттардың сенім бiлдiрген адамдары сайлау комиссияларының мүшелерi бола алмайды.
Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тiкелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округінде сайлауды тікелей ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз ететiн сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.
Аталған адамдар тиістi кандидат тiркелген күннен бастап сайлау комиссиясының мүшесі міндетiнен босатылады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық
1. Сайлау комиссияларының қызметi жариялы және ашық түрде жүзеге асырылады.
Сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi сайлау процесiнің барлық сатыларына қатысуға, сондай-ақ сайлау комиссияларынан сайлау процесi туралы кез келген ақпаратты алуға құқылы.
Сенім білдiрiлген адамдардың, байқаушылардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнің осы Конституциялық заңмен берiлген құқығын ешкiм шектей алмайды.
2. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңмен көзделген жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын өз шешiмдерiмен барлық адамдардың еркiн танысуы үшiн жағдай жасайды.
3. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тiзiмдер ұсынған саяси партиялар тиiстi сайлау комиссияларының отырыстары және күн тәртібi туралы алдын ала хабардар етiледі.
4. Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған сайлау учаскесi ашылған сәттен бастап және сайлау учаскесiнде сайлаушылардың дауыстарын санау кезiнде дауыс беру нәтижелерi анықталғанға дейiн бiр мезгiлде әрбiр кандидаттан бiр сенім бiлдiрiлген адам, қызметтiк куәлiгi мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбiр бұқаралық ақпарат құралынан бiр өкiл және Қазақстан Республикасының әрбiр саяси партиясынан, қоғамдық бiрлестiгiнен, коммерциялық емес ұйымынан бiр байқаушы және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.
5. Байқаушының өкiлеттігі, оның тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлау учаскесінің нөмiрi (сайлау комиссиясының атауы), сайлау болатын күн көрсетіліп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиiс. Ол құжат оны берген ұйымның мөрiмен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға байқаушыны тiркеу үшiн көрсетiледi.
6. Сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi:
1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;
2) сайлаушылар тiзiмдерiмен танысуға, дауыс беруге, соның iшiнде, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпараттар алуға;
3) әскери бөлiмдерде, Қазақстан Республикасына тиесілі және сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi шетелдiк мекемелерінiң жанынан құрылған сайлау учаскелерiн қоса алғанда, тиiстi сайлау учаскесiнiң дауыс беруге арналған үй-жайларында дауыс беру және дауыстар санау кезiнде болуға;
4) тасымалданатын сайлау жәшiгiн бақылап жүруге, соның iшiнде оларды тасымалдау кезiнде көлік құралында болуға;
5) сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстар санау және дауыс беру нәтижелерiн ресiмдеу рәсiмiн барлық аталған рәсiмдердi анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететiн жағдайларда байқауға;
6) тиiстi сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерiнiң шешiмдерiне, iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;
7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруiн өткізу кезiнде қатысуға;
8) учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерiн есептеу және жою кезiнде қатысуға;
9) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергi жасамай, фото-, дыбыс- және бейне жазбалар жасауға;
10) дауыс беру өткізiлгеннен кейiн сайлау комиссиясының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
11) сайлау комиссиясы мүшелерiнiң назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиiстi жазбаша өтiнiштер, актiлер табыс етуге және табыс еткенi туралы белгi соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім бiлдiрiлген адамдардың, байқаушылардың талаптары бойынша дауыстарды санау хаттамасына өздерi жасаған актiлердi қоса беруге мiндеттi.
7. Сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi:
1) жеке басы мен өкілеттiгiн куәландыратын құжаттарын өздерiмен алып жүруге;
2) сайлау процесiне, сайлау комиссияларының дауыстарды санау және шешiм қабылдау рәсiмiне араласпауға;
3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергi келтiретiн iс-әрекеттер қолданбауға;
4) сайлау учаскесiнде тиiстi сайлау комиссиясы белгiлеген мінез-құлық ережелерiн сақтау жөніндегі сайлау комиссиясы мүшелерiнiң талаптарын орындауға;
5) өз ескертулерін құжатталған, дұрыс және тексеpугe болатын фактiлермен негіздеуге;
6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын сақтауға;
7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге міндеттi.
8. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеледi. Шет мемлекеттерден келген жеке тұлғаларды Орталық сайлау комиссиясы аккредиттемейдi.
Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға сайлау науқанын өткізу кезеңiнде олардың қызметi үшiн негiз болып табылатын белгiленген үлгiдегi куәлiк бередi. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу дауыс беру күнінен бес күн бұрын аяқталады.
Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекет, халықаралық, ұйым байқаушысының, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары өкілiнiң аккредиттелуiн кері қайтарып алуға құқылы.
9. Байқаушылардың қызметiн қаржылық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету байқаушыларын жiберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
10. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңдарын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы байқаушыны тiркеудiң күшiн жоюға немесе Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекеттiң, халықаралық ұйымның байқаушысын, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары өкiлiнiң аккредиттелуiн керi қайтарып алу туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi
1. Қазақстан Республикасында Парламент Мәжілісiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде аумақтық сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланады.
2. Сайлау округтерi Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы ескерiлiп құрылады. Бұл ретте облыс шегіндегі, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасындағы сайлау округтеріндегі сайлаушылар санының айырмасы осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегі әрбiр депутаттық мандатқа сайлаушылардың орташа санының он бес процентінен аспауға тиiс.
3. Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады.
4. Парламент Мәжілісiнiң және мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттар сақталып, бiр мандаттық аумақтық сайлау округтерi құрылады.
5. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде қалалық және селолық қауымдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады.
22-бап. Сайлау округтерiн құру және олардың
шекараларын қайта қарау
1. Сайлау округтерiн тиiсiнше Орталық және аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
2. Сайлау округтерiнiң тiзiмiн, олардың шекараларын және округтiк сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсетiп, сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей тиiстi сайлау комиссиялары тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
3. Сайлау округтерiнiң тiзiмiне өзгерістер енгізудi, олардың шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн анықтауды тиiстi сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 21-бап өзгертілді
23-бап. Сайлау учаскелерiн құру
1. Аудандар мен қалаларда дауыс берудi өткізу және дауыс санау үшiн тиiстi әкiмдердiң сайлау комиссияларымен келісілген шешiмдерiмен сайлау учаскелерi құрылады. Сайлау учаскелерi сайлаушыларға барынша қолайлық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге жағдаяттар ескерiле отырып, құрылады.
2. Сайлау учаскелерi мынадай жағдаяттар:
1) әрбiр сайлау учаскесiнде үш мыңнан аспайтын сайлаушы болуы;
2) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы ескерiле отырып құрылады.
3) алынып тасталды
3. Қазақстан Республикасына қарайтын әскери бөлiмдерде және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында олардың орналасқан жерi, кеменiң тiркелген порты немесе тұрған жерi бойынша тиiстi сайлау округтерiне кiретiн сайлау учаскелерi құрылады.
Шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң жанынан Республика Сыртқы iстер министрлігі орналасқан аумақтағы сайлау округiне қарайтын сайлау учаскелерi құрылады.
4. Сайлау учаскелерiн құру кеме капитандарының, бөлiмдер немесе әскери құрамалар командирлерiнiң, осы баптың 3-тармағында аталған мекемелер басшыларының тиiстi әкiмдер мен Республиканың Сыртқы iстер министрлігінiң ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Тиiстi әкiмдер учаскелердi құрған кезден бастап жетi күн мерзiм iшiнде, ал жергiлiктi өзiн өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзген кезде үш күн мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларды әрбiр сайлау учаскесiнiң шекарасы жөнiнде хабардар етедi.
4-тарау. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерi
және оларды жасау тәртібі
1. Президенттi, Парламент Мәжілісi мен мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Сенат депутаттарын сайлау кезiнде таңдаушылардың тiзiмдерi жасалады.
2. алынып тасталды
3. Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгізу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.
4. Сайлаушылар тiзiмi әлiпби тәртібімен немесе өзге тәртiппен жасалады. Тiзiмде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (18 жастағылар үшiн - қосымша күнi мен айы) және тұрғылықты мекен-жайы көрсетiледi. Таңдаушылар тiзiмi әлiпби тәртібімен немесе өзге тәртiппен жасалады және тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, таңдаушы депутаты болып табылатын мәслихаттың атауы әрi оның тұрғылықты мекен-жайын қамтиды.
5. Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынған мәліметтердің негізінде жасайды.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi болмайтыны белгiлi болса, оның өзiнiң болатын жерi бойынша жергіліктi атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгізу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес азамат өтiнiш жасаған кезде жергілiктi атқарушы орган азаматты тiркелу орны бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығаруды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгізудi ұйымдастырады.
Әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылардың тiзiмiне тиiстi әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын тиiстi сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырылады.
Басқа құзыреттi органдар мен ұйымдардың деректерiмен алдын ала салыстырылған сайлаушылар туралы мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы орган әр жылдың 1 шiлдесiне және 1 қаңтарына электрондық жеткізушi арқылы және қағазға түсiрiлген күйiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына тапсырады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиiстi сайлау комиссиясына тапсырылған сайлаушылар тiзiмдерiнiң, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердiң дұрыстығы үшiн жауапты болады.
6. Жатақханаларда тұратын күндiзгi бөлiмдерде оқитын студенттер мен аспиранттар сайлаушылар тiзiмiне жатақхананың орналасқан жерi бойынша енгiзiледi.
7. Әскер бөлiмдеріндегі сайлаушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын олардың отбасы мүшелерi мен басқа сайлаушылардың тiзiмi әскер бөлiмдерiнiң командирлерi берген мәлiметтер негiзiнде жасалады.
8. Демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерi аталған мекемелердiң басшылары, тиiстi әкiмдер, өкiлдiктер басшылары мен кеме капитандары берген деректер негiзiнде жасалады.
Уақытша болу орындарында (демалыс үйлерінде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерінде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерi жанынан, Қазақстан Республикасының
иелiгіндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде) құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тізімдері дауыс берiлетiн күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша мiндеттi түрде нақтылануға тиiс.
9. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тiзiмдерiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) мәслихаты хатшысының ұсынуы бойынша жасайды.
10. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiне енгізу
1. Сайлаушылар тiзiмдерiне: